Әркім азса, қатарымен азады


Скачать/Жүктеу

Елкей хан бір жиылыста отырғанда ешкім сөз бастамапты. Елкей көпшілікке қарап:

— Неге үндемейсіңдер? Бұл жиында сөзді кім бастаушы еді? — депті.

Сонда көпшілік: «Тоқта, Абан би келсе, сол бастайты» — депті. Би тез келе қоймапты. Абан келгенше әңгіме өрбімейді. Бір кезде кешігіңкіреп Абан келіпті. Абан аласа бойлы, ашаң жүзді, ажарсыз қара кісі екен. Елкей бұрын Абанды көрмеген екен. Жұрт: «Абан, Абан» дегенде Абанды қарны қабақтай, шекесі тоқпақтай, көзге толық, көрікті кісі шығар деп ойлаған екен, Абанды көрген соң оны қомсынып, хан былай дейді:

—          Әлгі күн ұзаққа елдің «Абан, Абан» деп дәріптегені осы ма еді? Азған жаушымшық торғайдай шылпиған, үйрек бас немені әлгенше мақтағаны не қылғаны?

Елкей де онша көрнекті ірі кісі емес екен. Сонда Абан Елкейдің бетіне қарап былай депті:

—          Уа, тақсыр! «Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піскегі» деген емес пе? Қарны қабақтай, шекесі тоқпақтай өткендерді, өлген билерді қайдан іздейміз? Әркім азса қатарымен азатын көрінеді ғой, оны өзімізден көрмесек, кімнен көреміз? Бұл — қазық бастан хан, үйрек бастан би шыққан заман ғой!

Елкей сөзден ұтылып, жауап таба алмай қалыпты.

Абан шешен сөйлеген соң, әңгіме қыза бастапты. Бұл жиындағының көпшілігі төрт қараның билері екен. Абанды қорашсынып: «Абанша би, топтан торай шалдырмас табанша би» — депті біреулер.

— Билер, ол не дегендерің? «Әлімнің билері биіктігімен Сырдан жүзіп өтті, Шөмекейдің билері аласалықтан суға кетті» деп кімнен есідіңдер? — депті сонда Абан.

Төрт қараның билері ұтылып, сөз таба алмай қалыпты.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы