Саясат туралы қысқаша мәлімет


Скачать/Жүктеу

Саясаттағы қалжың:

Саясаттағы қалжың — [ағылш. humour - көңіл-күй, таң- қалдырар жай] — маңызды және күлкілі жағдайды біріктіретін құбылыс қарама-қайшылығын бастан кешіру, адамдардың психикасына, эмоциялық күйіне ықпал ету тәсілі. Қалжың тек санаға ғана емес, сонымен бірге адамның мінезі мен темпераментін білдіретін психикалық қабілетіне де қатысы бар. Қалжың — маңызды құбылысты күлкілі және жетілмеген ретінде көре алу.

 Саясаттағы қаскүнемдік:

Саясаттағы қаскүнемдік — нақты саяси мақсаттарға қол жеткізу немесе біреулерге қарсы саяси күштердің біріккен әрекет жасауы үшін бірнеше адамның құпия келісімі. Қаскүнемдік — теріс, бұзушы бағытымен ерекшеленетін саяси интриганың түрі. Қаскүнемдік барлық кезде «қарсы» бағытталады, еш уақытга «қарсы емес» болмайды. Сәтті болу үшін құпия келісімге отырушылар саны аз болып келеді.

Сондықтан «реакциялық күштердің қаскүнемдігі» деген сөз насихаттық-идеологиялық сипатта қолданылады.

Тарихтан танымал қаскүнемдік көбінесе жеке бағытталған сипатта болды, негізінен нақты бір жеке тұлғаларға, билік иелеріне бағытталған. Ал жеке тұлғаларға емес, идеяларға, жалпы жүйеге қарсы қаскүнемдіктер сәтсіз аяқталған.

Мысалы, 1825 ж. патшалық Ресейдегі самодержавие мен крепостнойлық жүйеге қарсы ұйымдастырылған декабристер қаскүнемдігі.

Іс-жүзінде қаскүнемдік — билік және ықпал үшін күрестің тиімді құралдарының бірі. Тарихи алғашқы қаскүнемдік саяси қарсыластардың көзін жоюға, оларды өлтіруге бағытгалған. Бірақ саясаттың демократиялануы мен адамилануына байланысты қаскүнемдік өзінің түпкі мақсаттарын да өзгертті. Енді оппонентті саяси ысыру жеткілікті.

Саясаттағы либидо:

Саясаттағы либидо — [лат. - libido - тілек, тартымдылық] — З.Фрейд психоанализінің негізгі ұғымдарының бірі, энергия, сексуалдық сипаттағы тартымдылық көзі. Психоанализ либидоны адам мінез-құлқының мотиві ретінде қарастырады. З.Фрейд либидоны өмірге ұмтылу синонимі ретінде қарастырды. Либидо — өркениет, соның ішінде саясат негізі. Қазіргі заманғы психоанализдік тұжырымдарда либидо билікке ұмтылудың қозғаушы күші ретінде қарастырылады. Сонда саясаткер ләззаттық қанағаттанбаған, оның орнын саяси билік үшін күреспен толықтыруға тырысатын адам ретінде көрсетіледі.

З.Фрейд бойынша, біз болашақта тиімді саясаты бар жоғары дамыған өркениетке жетеміз, бірақ оны импотент-саясаткерлер басқарады.

 Саясаттағы мақсат:

Саясаттағы мақсат — саяси қызметтің тиімділігін айқындаушы маңызды құрылымдық элемент. Саясатта мақсат — саясат субъектісінің мүддесі мен мұқтаждықтарына сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізу бейнесі. Мақсатнақты саяси қызметтің бастауы емес, оның орталығы. Ол реттеушілік қызметін атқарады. Яғни, саясат субъектілерінің мүдделері мен мұқтаждықтарына сәйкес болашақ әлеуметтік-саяси құбылыстар моделін қалыптастыру. Мақсат үш негізгі бөліктен тұрады: а) саясат субъектілерін қызықтыратын объекті мәні туралы білім; ә) өзінің негізі ретінде саяси мәселе; б) саяси қызмет нәтижесіндегі болашақ туралы түсінік.

 Саясаттағы маргиналдылық:

Саясаттағы маргиналдылық — [лат. marginalis - жақ, шет де¬генді білдіреді] — мемлекеттік шектеулер жеке тұлғалық қарым-қатынас мазмұнын индивидтің қалыптасу ортасы ретінде анықтайтын әлеуметтік өмір түрі. Саяси маргиналдықтың негізі — жалпы үйлесімділік пен жақсы өмір сүру идеясы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік трансформация.

Саяси маргиналдық саяси сана ерекшеліктерімен анықталады. Ол әлеуметтік шындықтан туындайды. Саяси маргиналдық жеке тұлғаның, топтың санасы мен мінез-құлқының әлеуметтік сапасы.

Маргиналдық дегеніміз — жеке тұлға мен топтың мәнін анықтайтын алғашқы әлеуметтік субстраттан бөлінуі, қоғамдық байланыстарын тоқтатуы. Сонымен бірге, принципті түрде ықпалдастық байланыстарды қайта қалпына келтірудің мүмкін еместігі. Маргиналды жеке тұлға-аралық, шектелген адам. Ол әлемдегі өзінің орнын қандай да бір жалған бұқаралық топ, қозғалыстар мүшесі ретінде ғана сезіне алады. Маргиналдар ортақ мүдде немесе мақсатпен бірікпейді. Олар тарихи тамырдың, дәстүрдегі сабақтастықтың жоқтығымен сипатталады. Маргиналдарда қорқыныш, үрей, цинизм сияқты психологиялық сезімдер басым.

Жеке тұлғаларды маргиналға айналдыру құралдары: меншіктен аластату, қатаң мемлекеттік бақылау, жалпы ішкі миграция және қоныс аудару саясаты.

Саясаттағы мінез:

Саясаттағы мінез — жеке тұлғаның, адамдардың әлеуметтік қауымдастығының саяси билікті жүзеге асыруға, өздерінің саяси мүдделерін қорғауға қатысу түрі. Саясаттағы мінездің екі негізгі түрін көрсетуге болады: саяси іс-әрекет және саяси әрекетсіздік.

 Саясаттағы психологиялық қысым:

Саясаттағы психологиялық қысым — үкіметтік органдарға, саяси және әлеуметтік құрылымдарға тікелей немесе жанама ықпал ету әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері формальды немесе формальды емес топтар, ұйымдар, қозғалыстар, т.б. Дж. Магдвик пікірінше, саясаттағы психологиялық қысым субъектілері — «үкімет саясатын, оның негізгі және әкімгершілік аспектілерін әр түрлі ықпал ету түрлерін қолдану арқылы өзгертуге ұмтылатын, әрі үкіметтік билікті қолына алғысы келетін топтар».

Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері тұрақты, белгілі бір құрылымы бар, күтпеген болуы мүмкін. Саясаттағы психологиялық қысымның субъектілері өкілетті және атқарушы билік институттарына ықпал ете алады; олар саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, жергілікті билік органдарымен одақтаса немесе күресе алады.

Политикалық постер:

Саясаттағы романтизм — белгілі бір әлеуметтік үлгіге қол жеткізуге бағытталған саяси түсініктер кешені, ол саяси қызметті сол мақсатқа бағындырады. Саясаттағы романтизм қоғам өмірінің барлық салаларын түбірімен өзгертуге бағытталған төңкерістік идеяларға тән. Төңкерістік романтизм — кез келген төңкерістік идеологияның негізгі элементі, ол ер жүректілік, құрбандықпен байланысты.

Бірақ оның саяси тәжірибедегі өміршеңдігі идеалды жобаны жүзеге асыру қағидасының сақталуымен байланысты. Уақыт өте келе идеалды мақсат пен оған жету әдістерінен көңілі қалуына байланысты романтикалық көңіл-күй құлдыраушылыққа ұшырайды. Романтиктер прагматиктерге орын береді. Саясаттағы романтизм жеке әлеуметтік топтар, әсіресе, жастар санасында ұзағырақ сақталады. Көп жағдайда Саясаттағы романтизм теориядан аспайды. Саясаттағы романтизм нақты принциптерді, мінез-құлық үлгісін, шындықты әсіре қабылдау тәсілін білдіреді. Ол лексика мен символикадан да көрініс табады. Саясаттағы романтизм саяси тірлікті жоққа шығару, сайлау проңедуралары мен парламенттік күрес әдістерінің тиімділігіне күмәнмен қарау тән. Саясаттағы романтизм төңкерістік сипатта болуы міндетті емес, ол демократиялық, гумандық идеалдардан да тұруы мүмкін. Саясаттағы романтизм саяси тәжірибеде адам табиғатының жақсы қасиеттерін пайдалануға бағытталады.

Саясаттағы символдар:

Саясаттағы символдар — [грек, symbolon - белгі дегенді біл¬діреді] — белгі, үлгі көмегімен саяси мазмұнды беру тәсілі. Символдар — көне дәуірден таным және коммуникация жолдары. Саясатта символдар қандай да бір саяси құбылыстарды білдіреді. Саясатта кең тараған символдар ту, жалау, әнұран, елтаңба. Бұл белгілер саяси жүйе, оның тарихы, қазіргі кезеңі мен болашағын толық білдіреді.

Саясаттағы стратегия мен тактика:

Саясаттағы стратегия мен тактика — саяси үрдісті жоспарлау мен басқару деңгейлері. Стратегия қозғалыстың жалпы мақсаты, оған қол жеткізетін қағидаттары мен тәсілдері ретінде қалыптасады. Ол идеологиялық теориялар, манифест, саяси партиялар бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Тактика — стратегиялық үрдісті кезеңдер мен дәуірлерге бөлу. Тактика қадамдары стратегиялық мақсатқа сай келуі керек.

Қызмет мақсаты мен оған жету жолы, құралдары арасында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Саяси тарихта бұл қарама-қайшылықты шешудің бірнеше тәсілдері ұсынылған. Мысалы, Н.Макиавеллидің «мақсат құралды ақтайды», «ең бастысы — мақсат, ал қозғалыс түк те емес» деген сияқты танымал тезистері бар.

 Саясаттағы субъект және объект:

Саясаттағы субъект және объект — саясат субъектілері — іс- әрекет жасаушы адам немесе әлеуметтік топ.

Саясаттың субъектісі:

Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.

 Саясат объектісі:

Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

 Саясаттағы субъективизм:

Саясаттағы субъективизм — табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъектілердің (әсіресе, басшылардың) ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды.

 Саясаттағы тәлкек:

Саясаттағы тәлкек — жоққа шығару немесе күлкі ету, өтірік келісім немесе қолдау түрінде болады. Күнделікті өмірде тәлкек «мазақ ету», «күлкі ету» дегенді білдіреді. Көне дәуірде тәлкек шешендік тәсіл ретінде қолданылған. Осы шешендік түсіндіру XVIII- XIX ғғ. дейін қолданылды.

Тәлкек басқаша айтуға негізделеді. Ақиқат бүркеме сөзбен беріледі. Тәлкекте күлкілі маңызды ретінде жасырылып, ал теріс баға ашық айтылмайды. Тәлкекте объектіге теріс қатынас басым, ал әзілде керісінше маңызды күлкілі ретінде жасырылады және оң қатынас басым. Саясаттағы тәлкектің бір түрі — сарказм, адамды немесе құбылысты аямай, теріс бағалап мазақ ету.

Саясаттағы үлгілеу:

Саясаттағы үлгілеу — таным объектілерін олардың үлгілерінде зерттеу әдісі; шынайы құбылыстар үлгілерін құру мен зерттеу. Саясатта пәндік үлгілеу өте сирек кездеседі. Яғни, зерттеуді шынайы объект қасиеттерін көрсететін үлгіде жүргізу. Белгілік үлгілеуде үлгі рөлін сызбалар, жоспарлар, саяси бағдарламалар атқарады.

Үлгілеу — саяси танымның маңызды жолдарының бірі. Үлгілеудің табысты болуы нәтижелерді зерттеу барысында алынған үлгіден шын түпнұсқага сәйкестендіру. Үлгілеу әр түрлі деңгейлерде болуы мүмкін: жеке көшбасшының мінез-құлқы, нақты топтың мінез-құлқы, ұйым, бұқараның мінез-құлқына дейін қамтылуы мүмкін.

 Саясаттағы физиогномика:

Саясаттағы физиогномика — [грек, physis - табиғат, gnomon - білгір] — адамның сыртқы бейнесі мен оның нақты тұлға түрі арасындағы байланыс туралы ілім. Физиогномика көне дәуірде адамның психологиялық бейімділігі мен денесі туралы түсініктер негізінде пайда болған. Яғни, адамға табиғат және құдаймен берілғен. Аристотель физиогномика шебері болған: «кімнің бойы биік, ол батыл және ер жүрек», «кімнің кіндігі қарынның ортасында емес, бірақ одан әлдеқайда жоғары орналасса, ол ұзақ өмір сүре алмайды және әлсіз

Физиогномика ұзақ жылдар мінез бен темперамент түрін жіктеу алғышартын орындады. Басқа адамдардың сыртқы бейнесін оқи алу — тиімді саясат жүргізудің міндетті құралы.

 Саясатты адамиландыру:

Саясатты адамиландыру — оны ұйымдастыру, мақсаты мен мазмұнынан, сонымен бірге саяси қызмет құралдарынан көрініс табады. Адамиландыру қағидаты — адамды ең басты қазына ретінде қарастыру, әр жеке тұлғаның өмір сүруге құқын, еркін дамуға, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және бақытқа ұмтылуын сыйлау. Адамилық — адамның барлық құқықтарын мойындау. Жеке түлға игілігі кез келген қоғамдық қызметті бағалауда басты негіз болады. Ол адамдарды нәсілі, ұлты, діні бойынша бөлмейді. Қазіргі заманда саясатты ұйымдастырудың адами түрі ретінде азаматтардың бостандығы мен теңдігін, биліктің тұрғындар бақылауында болуына, адамның құқықтары мен ізгіліктерін сыйлауға негізделген демократиялық саяси жүйе қарастырылады.

 Саясат және дін:

Саясат және дін — дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Діни ұйымдар дінге сенушілерді белсенді іс-әрекеттерге тарту арқылы саясатта шынайы күшке айнала алады. Дін саяси өмірге тәжірибелік қызметі арқылы да, әр түрлі діни және әлеуметтік ілімдер арқылы да ықпал ете алады.

Діни ұйымдар, дін басылары мен діни қызметкерлер саясилануда. Яғни, олар қоғамдық өмірге белсене араласып, жастар, әйелдер сияқты топтардың ішкі және сыртқы мәселелерін шешуге атсалысуда.

Көптеген елдерде дәл осы әлеуметтік топтар діндар адамдар тобын құрайды. Зайырлы мемлекеттерде дін мен мемлекет ажыратылған.

Саясат тілі:

Саясат тілі — саяси шындықты білдіру және тіркеу құралы. Саясат тілі — саяси мәдениеттің, оның барлық салалары мен қырларына жол ашатын табиғи кілт. Бұл саяси жетекші мен сайлаушылар арасындағы байланыс құралы. Ол — саяси қоғамды байланыстырушы бөлік, қоғамды қажетті ақпараттық деңгейде ұстау құралы. Саясат тілі — сайлаушылардың санасын алдап-арбаушы маңызды құрал.

Саясат заңдылықтары:

Саясат заңдылықтары — әлеуметтік заңдылықтар ерекшеліктерімен байланысты, ол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен түсініктілігін анықтайды. Саясат заңдылықтары көптеген адамдардың мінез-құлқынан көрінеді, сондықтан саясат заңдары үрдіс ретінде әрекет етеді. Саясат заңдары сыртқы және ішкі факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі.

Сыртқы факторлардың ықпалын көрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика байланысын көрсетуге болады. Ол саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық қатынастар түріне тәуелділіктен көрініс табады, сонымен бірге саясат экономикаға ықпал етеді.

Саяси өмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. Бұл қазіргі әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің өсуімен байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер көбеюде.

Саясат кәсіп ретінде:

Саясат кәсіп ретінде — адам қызметінің бір түрі. Кәсіби саясат бұл жеке түлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Кездейсоқ жағдайдан кәсіби жағдайда саясаткер рөлі әлдеқайда өседі.

Жеке тұлғаның саясатпен кәсіби айналысуының тағы бір аспектісі: саясатпен кәсіби айналысатын адамдар саны аз болуы саясатқа кері әсер етеді. М.Вебер саясатты кәсіп ретінде қарастыра отырып, оларды үш түрге бөлген: «кездейсоқ», «жұмысына қосымша» және «кәсіби». Кәсіби саясаткер — бұл саясат әлеміне жатады, оның кәсіби қызметінің қозғаушы күші саяси шындықты қайта құруға бағытталған тәжірибелік мүдде.

Саясат өнер ретінде:

Саясат өнер ретінде — саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы