Қазіргі кездегі негізгі идеологиялардың түрлері


Скачать/Жүктеу

Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.

Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан  еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.

Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған  либерализм (неолиберализм) деген ат алды.

Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық және аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Өмірде әдет—ғұрып дәстүр негізгі рөл атқарады.

XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды.Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.

Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал  — социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің  социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.

Сонымен қатар социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы