Скачать/Жүктеу
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады — капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі — әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр — Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.
Халықаралық қатынастардың саяси философиясы — мемлекеттердің сыртқы саясатының, әлемдік саясаттың және халықаралық қатынастардың, қақтығыстардың, соғыс пен бейбітшілік мәселелерінің философиялық қырларын; халықаралық қатынастардың өзара әрекеттесуінің этикалық қырларын; сондай-ақ халықаралық-саяси проңестердің эпистемологиялық және философиялық негіздерін зерттейтін саяси философияның бөлімі. 1970-ж соңында халықаралық қатынастарды зерттеудің орталыгы нормативті мәселелер аясына, яғни, халықаралық сахнадағы этика мен мораль мәселелеріне ойысты. Халықаралық қатынастар философиясы мәселесін зерттеудегі басты бағыт қырғи-қабақ соғыс түсында ядролық тойтарыс мәселесін философиялық үғыну болды. Саяси философтар көбіне «табиғи қүқықтың» қазіргі үрдісін (кейде оны мемлекеттер моралі деп атайды) үсынады.
Саяси теорияда халықаралық қатынастарды зерттеуде Гарвард мектебінің қосқан үлесі зор. Саяси-философиялық зерттеулер мынадай негізгі үш мәселенің айналасына шоғырланды:
- халықаралық қатынастардағы үлттық мүдде және билік рөлі;
- әлемдік саясаттың этика¬лық қырлары;
- жаһандану мәселелері — мәдениаралық ықпалдасу аясында.