Скачать/Жүктеу
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар — XX г. екінші жартысында дамыған демократиялық мемлекеттер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жолында екі төңкерісті бастарынан кешірді, соның нәтижесінде бұқаралық білім мен бұқаралық теледидар пайда болды. Саяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, «электронды қауымдастықтың» қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті.
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар
Интернет:
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында — Интернет. Интернет — бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері. Ол XX ғ. 60 жж. АҚШ қорғаныс министрлігіндегі информатика мен компьютер саласындағы зерттеулер жобасының шеңберінде жүргізілген ізденістер нәтижесінде пайда болған.
Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар:
Интернет коммуникаңиясында нәсілдік, жастық, жыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.