Скачать/Жүктеу
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс — әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогрес идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол – адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді. Еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтыстырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың, іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дүйектілі еңгізеді.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, торптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықта, бағалы бағыттар жйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдарымен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бір ыңғай қоғамдаастықтың мүшесі болып сезіну — әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология-сезім тудытартын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекетіне мән-мағына беріп күшейтеді. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін, адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1. Идеологиялық танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік және т.б. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағдар көрсетеді
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.
4. Амортизация қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды