Тарих

Балалығын соғыс оты ұрлаған

Соғыс! Талайға түрпiдей тиетiн, жаныңды жегiдей жейтiн ауыр әрi суық сөз. Табаны күректей 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы. Ерлер майданға аттанып, ана мен бала жылап, қайғы шеккен қасiреттi жылдар.

Талай боздақ жауға қарсы аттанып, өлiмдi емес, келер өмiрдi ойлады. Кiмнiң жас, кәрi екенiне қарамады. Бiрi – жау қолында, ендi бiрi оққа ұшып мерт болды. Жеңiс жолында құрбан болған есiл ерлердiң арасында менiң атам Серiкбай Аяпбергенұлы да бар едi. Атам 1921 жылы Алғабас ауылында дүниеге келген.

Читать полностью »

Барлаушылар

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен

арғы аталарымды мақтан тұтып,

рухтарына бас иіп, түп нағашы атам

Букаев Бисенбайдың ерлігін паш етемін.

Читать полностью »

Ерлігің мәңгі есімде

Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де,

Келе жатты ұрланып соғыс түнде.

Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып,

Жолбарыс боп жалаңдап жол үстінде.

 Сырбай Мәуленов.

Читать полностью »

«Ерлік пен Жеңіс»

Қапыда тұтқиылдан Отанға жау шапты. Өткен ғасырдың 1941-ші жылы маусымның 22-сінде фашистер түн жамылып келді. Бұл елім деген ерлердің сыналатын кезі еді.

Соғыс – қайда болса да сұрапыл қайғы, қасірет, қан, көздің жасы, маңдайдың тері, өлім, қыршынынан қиылған боздақтар, әкесінен айрылған бала, бауырынан айырылған қарындас.

Гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы жасаған соғысы жеңіліспен аяқталды. Өз Отанын қорғауға ұмтылған, елін шын сүйетін ұл-қыздар бұл зұлым ойдың тас-талқанын шығарды. Осы соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық соғысқа аттанды. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарында ерлікпен соғысты. Батыр жерлестеріміз қасық қаны қалғанша дұшпанмен алысты. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты. Батыр ағаларымыз бен аталарымыз ержүректік, ерлік және жоғары жауынгерлік шеберлік көрсетті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақын соғыс майдандарында шайқасты.

Читать полностью »

СОҒЫС ЖАЛМАҒАН БАЛАЛЫҚ

Иә, адамзатқа соғыс үлкен апат әкелдi. Оның зардабы тым қымбатқа түстi. Ананы – баласынан, баланы әкеден айырды. Сүттей ұйыған қаншама отбасының жылуын жұтты бұл сұрапыл соғыс! Ал әке мейiрiмiне  жарымаған, балалығын соғыс жалмаған балалар тағдыры тiптi аянышты.

Бiздiң көшеде Сейiл атты қартаң кiсi тұратын. Өзi кешегi алапат соғыстың кезiндегi 12 жасар бала. Қашан көрсең де жылы жүзiнен мейiрiм төгiлiп тұрады, әрi тың. Мен ол кiсiмен жақын араласып, әңгiмек-дүкен құруды ойлайтынмын. Мiне, бүгiн Сейiл қартты тағы көрдiм. Күндегi жайдары келбетiн мұң шалған, үлкен ой құшағында. Нелiктен мұңайғанын бiлуге асықтым.

Читать полностью »

ФАМИЛИЯСЫ ЖОҚ ҰЛЫ ҚАЗАҚ

Сүйер ұлың болса, сен сүй

Сүйiнерге жарар Ол…

(Абай)

Осыдан 15 жыл бұрын. 1996 жылғы сәуiрдiң екiншi жаңасы.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу туралы» Жарлығында:

1. Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атының жазылуын қазақ тiлiне тән емес аффикстi алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегi мен әкесiнiң атының түбiрлiк негiзi сақталуға тиiс. Бұл ретте әкесiнiң атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздерi қосылып бiрге жазылады», – деп көрсеткен.

Читать полностью »

Олимпиада тарихы

Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) — төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы — Ашылу және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз елін білдіретін Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.

Читать полностью »

16 страниц12345678910...Соңына »



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы