ЖОСПАР
1.Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі.
2.Тәуке хан және оның “Жеті жарғысы”.
3. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті.
Читать полностью »
1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті.
Читать полностью »
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Рссейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Читать полностью »
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел болғанымызға, етек-жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға, еліміздің дербес мемлекет ретінде тұғырын тіктегеніне міне, биыл 20 жыл толады.
Осы бір тарихи кезеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-жігер керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат қажет болғаны белгілі. Өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ұлт-азаттық көтеріліске шығып, тоталитарлық жүйенің темір құрсауын сетінеткен қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымыздан өшпек емес. Бұл сөз жоқ, тәуелсіздікке қарай батыл қадам бастап берген оқиға болды.
Читать полностью »
1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының қоғамдық-саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің ақпан революциясынан кейін мемлекеттік құрылысқа қатынасу,ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру,әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты.
Әлихан Бөкейханов,Мұхамметжан Тынышбаев,Мұстафа Шоқайұлы қазақ халқының либералдық-демократиялық топтары ретінде В.Ленин «қос өкіметтілік» деп анықтаған саяси симбиоздың уақытша «тұтастығына» жат адамдар болған жоқ. Негізінен осы үш қайраткер Ақпан революциясы жеңісіне жетісімен қазақ интеллегенциясы өкілдерінен кімдерді жаңа мемлекеттік құрылымдардың қызметіне ұсыну мәселелерін шешуге өз міндеттеріне алдын немесе қазіргі терминалогияны қолдансақ, олар басқару жүйесіндегі кадр мәселесін айқындауға ат салысты. Олардың ұсыныстары бойынша Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының әртүрлі дәрежедегі басқару жүйесінің чиновниктері болып Ахмет Бірімжанов,Ғалиасқар Қуанышев, Балға Құрметов, Білән Малдыбаев, Ахмет Кенесарин, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар Саматов және басқалар тағайындалды.
Читать полностью »
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] — 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі — Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. — Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Читать полностью »
«Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесін Берлин қабырғасының бөлшектеуін санайды. Яғни оның нәтижесі туралы айтуға болады. Бірақ бұл ең қиыны. Мүмкін «қырғи-қабақ» соғысының нәтижесін тарих тиянақтайды. Оның ақиқатты нәтижесі онжылдықтар өткен соң көрінетін болар. Қазір біз объективті емеспіз. Бір жағынан «қырғи-қабақ» соғысы аяқталған жоқ, ол келесі фазаға өтті деп есептейтін адамдар да аз емес, екінші жағынан көпшілігі оның нәтижелерін жаңа қарсыласудың басталуы деп қарастырады. «Қырғи-қабақ» соғысының кемшілігі неде? Бастысы мүмкін оның соғыс шегінде балансы болар. Қарсыласушылар соғысқан жоқ, бірақ оған негізделіп дайындалғаны соншалық, соғыстың әр уақытта басталу мүмкіндігі жоғары еді. Әлемдегі әрбір оқиға жағдайлары жаман, жақсы ретінде қарастырылды. Егер бір жаққа ол пайдалы болса – жақсы, қалғандары жағымсыз. Тұтас адам ұрпақтары деформацияланған психикамен өсті. Ол қоршаған ортаны қабылдаудағы барабарлықсызда көрініс тапты.
Читать полностью »