Олимпиада тарихы


Скачать/Жүктеу

Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) — төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы — Ашылу және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз елін білдіретін Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.

Азия ойындарының туындауы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда Он төртінші Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына «Азия Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының федерациясы» формалды құрылып аталды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.

Федерацияның түрленуі

1962 жылы Федерацияда Тайвань мен Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия осы елдерді Федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпсіздікке қауіп туындауына байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы — Бангкокта өткізілді. 1973 жылы АҚШ пен Тайваньның бірнеше елдері мен Израильде Араб ұлттық оппозициясын танумен байланысты дау туындады. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістанмен қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары Федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. Азиялық Олимпиада кеңесі аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес ойындарды 1986 жылдан бері қадағалайды.

Тайвань қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны «Қытай (Тайбэй)» деп атайды. Израиль шығарылып тастап, еуропалық жарыстарға қосылды.

Кеңею

Ойындарға 1994 жылы бірнеше елдердің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын шақырды: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан.

2006 жылы Австралия АОК кіруден бас тартты. 

Қысқы Азия ойындары

Ойын №

Қала, өткізген ел

жыл

Қатысатын елдер саны

Спорт түрлерінің саны

Спортшылар мен ресми тұлғалар саны

1-інші

Саппоро, Жапония

1986

7

7

425

2-нші

Саппоро, Жапония

1990

10

6

414

3-інші

Харбин, Қытай

1996

16

7

660

4-інші

Кангвон, Корея

1999

21

7

799

5-інші

Аомори, Жапония

2003

17

11

641

6-ншы

Чангчун, Қытай

2007

45

10

1100

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны

Ойын №

Қала, өткізген ел

жылы

Алтын

Күміс

Қола

Жиыны

1-інші

Саппоро, Жапония

1986

Қатысқан жоқ

2-нші

Саппоро, Жапония

1990

Қатысқан жоқ

3-інші

Харбин, Қытай

1996

14

9

8

31

4-інші

Кангвон, Корея

1999

10

8

7

25

5-інші

Аомори, Жапония

2003

7

7

6

20

6-ншы

Чангчун, Қытай

2007

6

6

6

18

Қазақстан қысқы Азия ойындарын қабылдайды

Қазақстан — 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел.

2006 жылы 5 қаңтарда Алматы қаласы Ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

2006 жылы 4 наурызда Кувейте президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен әкім Тасмағамбетов мырза бастаған Алматы қаласы мен президенті Досымбетов мырза басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті арасында үш жақты келісім — Ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды.

2007 жылы экономикалық және саяси себептерге байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі АОК-не  7-қысқы Азия Ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды.

2008 жылғы 20 қазанда Балиде президент Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада Кеңесі мен жаңа әкім Тасмағамбетов мырза (бұрынғы Алматы әкімі) бастаған Астана қаласы, жаңа әкім Есімов мырза басқарған Алматы қаласы мен президенті Досмухамбетов мырза басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті, сондай-ақ Туризм мен спорт министрі арасында қосымша келісім бекітіліп қол қойылды. Осы келісімде 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушы қалалары Астана мен Алматы қалалары болып табылатындығы айтылған. Азияның көптеген елдері Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны даярлау және өткізу Қазақстанның қызметтің түрлі салаларында көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі растау болады.

Спорт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен елді халықаралық деңгейде тану жолдарының бірі ретінде анықталған. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап Қазақстан спортшылары Азия ойындарына қатыса бастады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тоқтаусыз алға қарай даму жағдайында осындай көлемді деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру мен ойдағыдай өткізе алатын ірі континентальды державалар қатарына кіре алатындай барлық алғышарттар бар. Оған дайындық еңбекке жарамды тұрғындарды нысандар салуға, қала инфрақұрылымын жақсартуға, халық арасында өмірдің салауатты қалпын насихаттауға, көптеген басқару құрылымдарының қызметін белсендіруге, халықты, оның ішінде студент жастарлы қонақтармен кеңінен араласуына көмектесетін болады. Бұдан басқа Ойындар 2018 жылы қысқы Олимпиада Ойындарын өткізу құқығына даярланып отырған өтінімге елеулі дәлел мен жақсы тәжірибе көзі болады.

2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-шы Қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті К.Қ. Мәсімовтің төрағалық етуімен Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы мақұлданды.

Осы бағдарлама 65 медалдар жинағы ойналатын спорттың 11 түрі бойынша жарыстар өткізуді қарастырады.

Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы спорттың 11 түрімен беріледі: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.

Азия ойындарына шамамен 30 Азия елі қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы