Скачать/Жүктеу
Сабақтың мақсаты: Францияда тарих ғылымындағы жаңа бағыттың құрылуын және оның еуропалық тарих ғылымына жасаған ықпалын аңықтау
Тақырыпқа арналған сұрақтар: жеке тұлғалық деректердің тән белгілері мен ерекшеліктері аңықтау.
- Францияның тарих ғылымында жаңа бағыттың құрылуының алғы шарттары
- М.Блоктың шығармашылығы («Апология истории или ремесло историка»)
- Л.Февр және оның «Бои за историю» атты еңбегі
Француз тарихнамасының жалпы позитивистік кейпін өзгертуде Люсьен Февр (1878-1956) және Марк Блок (1886-1944) басты рөл атқарды.Февр Дижонда және Страсбургта профессор болды, содан кейін Коллеж де Франста қазіргі өркениет тарихы кафедрасын басқарды.Оның қызығушылық шеңбері:география, ортағасыр мәдениеті тарихы және тарихи психология болды.Блок Страсбург университетінде жұмыс істеді, содан кейін 1936 жылы Париж университетінде экономика тарихы кафедрасын басқарды.Феврдің негізгі еңбегі:»Мартин Лютер тағдыры»(1928)»Проблема неверия в 16 веке. Религия Рабле» (1942) . Февр тағы да көптеген санды мақалалар, рецензиялары жарық көрді.оның жинақтары:» Тарих үшін күрес» (1962),»Тарихтың тұтастығы үшін» (1962) .М.Блоктың негізгі еңбектері:»Короли чудотворцы»(1924),Франция тарихының аграрлы ерекшелік сипаты»(1931),»Феодальдық қоғам» (1939-1940) 2-кі томдық.
Л. Февер мен М.Блоктың көзқарастарыА.Берра, Э.Дюркгейм және маркисизм әсерімен қалыптасты.Февер мен Блок дәстүрлі позитивистік құбылыстық тарихнаманы өткір сынады.Олар тарих құбылысты суреттеп қана қоймай ,болжамдарды қозғап, мәселе қойып, шешіп және жалпыкөлемдік синтетикалық ғаламдық тарихты жасауға ұмтылып,адамдар өмірін жан-жақты қамтитын әлеуметтік,психологиялық,моральдық,дінилік және эстетикалық, саяси ,экономикалық көзқарасты білдірді.Февр мен Блок әлеуметтік экономикалық қатынасты қоғам тарихында географиялық және демографиялық фактордағы зерттеуге және тарихшыларды пәнаралық синтезге бағыттады.Жаңа зерттеу мәселесі, олар көңіл аударған, қоғамдық психология тарихы,ұжымдық құндылықтар мен көріністерді зерттеу болды, сондықтан Февер мен Блок тарихи ділділікті анықтаған. Олар тарихи фактілер қатарына оқиғалар ғана емес, әлеуметтік- экономикалық даму үрдісі және қоғамдық психология өзгерістірін де кіргізген.Блок пен Февер пайдаланатын деректер шеңберін кеңейтуге шақырыды және жазбаша деректерге сүйеніп, зерттеу мақсатына барлығын қолданып,адамдарға қатысты, адамға қызметке байланыстының болуын көрсетті.Олар тарихи үрдістің барысына ықпал ететін қандайда бір факторды түсіндірмеді, бірақта үнемі маңызды фактор рөліне ұжымдық психология, ділдікті алға қойды.Зерттеу барысы бойында барлығы тарихшының көрсетіп,бейнелеуімен берілгендіктен, осы тұрғыда Блок пен Февер көрсеткендей, тарихи факты тарихшысыз өмір сүрмейді,олардың ашылып, құрылуында тарихшының зерттеу фактысы барын атаған.Бірақ та Блок пен Февер тарихшының танымдық мүмкіндігіне сенеді, және адам мен табиғатты тануға, түсіндіруге болады деген. 1929 жылы Блок пен Февер жаңа жалпы тарихи журнал бағдарламасымен « Анналы экономической и социальной истории » атты журнылдың негізін қалайды.Олар «жаңа тарихи ғылымдар» негізін салып, екінші дүниежүзілік соғастан кейін АҚШ..та «жаңа ғылыми тарих» атауын алды.
«Аналлдар» негізін қалаушылармен қатар француз тарихнамасында әдістер мен тақырыптарды жаңартуда экономикалық тарих мамандығы бойынша:Франсуа Симиан (1873-1935) және Эрнест Лабрусс (1895-1988) Ф. Симиан қоғам өміріне экономикалық циклды кіргізуге ұмтылды: ұзақ үлкен , қысқа, аралық циклдар. Ол циклдардың ауысымдық себептерін ақша массасының кірісі мен шығысынан қарастырды, ақшаның баға өзгерісіне, бағаның ауытқуына, қозғалысына қарады, онда еңбекақы деңгейі анықталды,табыс және басқадай табыстар, баға ауытқушылығы және табыстар, оның талқылауынша, ұжымдық психологияға ықпал етіп, сол арқылы әлеуметтік қатынасқа әсер еткен. Осы бағытта Э.Лабрусс еңбегінде :экономикалық цикл өзінің ырғағымен, тарихи дамуды анықтайды,өйткені бағадағы өзгерістер, әртүрлі әлеуметтік топтар табыстары және әлеуметтік..саяси күрестерге бұрып әкеледі деген ойды дамытқан.Осы көзқарасқа тоқтаған Лабрусс, екі көлемді еңбек жазады: «18 ғасырдағы Франциядағы баға қозғалысы мен табыстары очеркі» (1933 -1936) 2- кі томдық және « Француз экономикасындағы ескі тәртіптің соңында және төңкеріс басындағы дағдарысы»(1944).Лабрусс ауқымды мұрағат материалдары негізінде 1726-1789 жылдары ұзақ уақыт еңбекақының төмендеуі және өмір сүру құнының өсуін анықтады. Ол 18 ғасырда Францияда әлеуметтік қайшылықтардың өршуіне әсер еткен ірдістерді көрсетіп,онда шаруалардан ондық және заттай сеньорлық төлемдердің өскенін, жалдық төлемдер динамикасын көрсетті. Лабрусс мынадай қортындыға келді: 1789жылы төңкеріс басында,ұзақтығы әртүрлі үш экономикалық үрдіс болған «ұзақ толқын» жоғарғы нүктесі, экономиканың өрлеуі және бағаның өсуі, 1730 жылы француз буржуазиясын байытқан; экономикалық конъюнктурдың құлдыраған цикларалық шыңы ,ескі тәртіптің соңғы екі он жылдығына келеді; онда егіннің шықпауы,өткір азық-түлік тапшылығы дағдарысы мен жаппай кедейлердің маусымдық қымбаттаушылығының апаттық шырқауы, 1789 жылы шілде тоқуына жеткізеді. 18 ғасырдағы экономиканың өрлеуі, бағаның өсуі тым ұзақ уақыт ахуалдың дамуына ықпал еткен; мұның өзі буржуазияның өрлеуін қамтамасыз етіп,оның реформатырлықшылдығын тудырды.
Лабрусс өзінің логикасына жақындай келе, әлеуметтік қозғалысты, төңкерістік және саяси дағдарысты сөзсіз экономикалық ауытқушылықты коньюктурамен байланыстырады.Француз төңкерісі онда «ескі типтегі» экономикалық дағдарыстың салдары «қайыршылық дағдарысты» тудырған және нан бағасын қымбаттатқандықтан қозғалыста басты рөлді айқындаған.