Әлеуметтану, Саясаттану

Қазіргі кезеңнің саяси институттары

Саяси партиялар деген не? Партия – латын сөзінен алғанда «бөлік», «бөлісемін» деген мағынада ХІХ ғасырға дейін партия деп үкіметтің және парламенттің құрамында бәсекелес топтарды атаған. Неміс ғалымы Макс Вебер партияның дамуының үш кезеңге бөледі: аристократиялық топ, саяси клуб, бұқаралық партия. Алайда аталған үш кезеңнен өткен ағылшынның екі партиясы ғана болды: либералдар (вига) және консерваторлар (тори). АҚШ-тағы азаттық күресі мен ұлы Француз революциясы қоғамдық өмірді жандандырып, саяси күштерді тарихи аренаға шығарады, ішкі ұйымдық заңдары, айқын бағдарламалары бар саяси партиялар пайда болды. Жұмысшы табы мен еңбекші бұқараның саяси күреске араласуы таптардың күресінің авангарды саяси партиялар жүйесін туғызды.

Читать полностью »

Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар

Саясаттану тарихында түрлі елдерді қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын әлемдік үрдістердің жалпы азаматтық жетістіктері мен мұраларына қомақты үлес қосқан айтулы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімдері ұшырасады. Олардың баршасының күш-жігері өз халқы мен елін өркениетке жеткізіп, мемлекет құрылымын жетілдіру жолына жұмсалағандығын аңғарамыз.

Читать полностью »

Қазақтың халықтық саяси ой-пікірлері

Қазақ – ойшыл, философ халық. Қазақ халқы ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп барып айтатын, сөздің түйініне мән берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не келсе соны сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ, алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек. Ен далада сөйлесетін ешкім таппаған қазақ кейде бір төбенің басына шығып алып, жападан-жалғыз отырып, ертелі-кеш әрілі-берілі бара жатқандарды байқап, ойға шомып, өзімен өзі сырласып, ал әңгімелесетін кісі тап болса қуанып, айтқан сөзіне құлақ құрышын қандырып отырған.

Читать полностью »

Қазақтағы ел басқарудың үлгісі

Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен билер алқасы туралы. Егемен ел болғаны қазақ халқының табиғатынан туындайтын талай тағылымды тұстарды ауызға алып, қайта жаңғыртып, ұлттық үрдіске лайықтап кесіп-пішіп жатқанымыз белгілі. Қазақтың үш ұлы биінің, әрі батыр, әрі би Сырым Датұлының мерейтойларын атап өткенде көптеген ойлар туындаған. Шынында да өз заманында бұл бабаларымыз ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен ретінде танылған еді.

Читать полностью »

Бұқаралық ақпарат құралдары – саяси күрестің субъектісі мен объектісі

Қарулы төңкеріс пен ақпараттық төңкеріс туралы. Үстіміздегі ғасырдың сексеніші жылдарының аяғында дүниежүзілік ең құдіретті елдердің бірі – КСРО ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Бұл адамзат тарихындағы аса ірі өзгерістердің бірі еді. Оны көптеген көзі қарақтылар «ақпаратттық төңкеріс» деп атап жүр. Бұрынғы Француз немесе Ұлы Қазан сияқты ірі төңкерістерге қарағанда «ақпарттық төңкерістің» барысында әрқилы идеялар үшін мыңдаған адамның өмірі құрбан балған жоқ. Бұрын әркім өзінің идеясының дұрыстығын дәлелдеу үшін қарсыласын қарудың күшімен құртатын еді. Соңғы «өркениетті» төңкерістің өзгешелігі де сол, қарсыласымызды ақпараттық кеңістікте дәлелдің, ақыл-ойдың, саясаттың күшімен «құртатын» болдық. Идеялар шайқасы суық қарудан гөрі ақпарат қаруларының көмегімен жүретін болды.

Читать полностью »

Идеология — қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі

Иделогия дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.

Читать полностью »

Ұлы дала атаулары

Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Бұлдырты – аудандағы өзен және елді мекен атауы. Бұлдырты – облыс топожүйесіндегі көне атаулардың бірі. Бұл атау түркі моңғол тіл бірлестігі кезеңінен бері дәл осы күйінде қолданылып келе жатыр. Оны дәлелдейтін деректер VІІ ғасырда қазақ даласы арқылы бұлғарлардың жеріне өткен Араб халифатының елшісі әрі саяхатшысы Ахмет ибн Фадланың еңбегінде келтірілген.
Бұлан. Бұл – аудандағы елді мекен. Бұлан – аша тұяқты, бұғы тектес ірі аңның бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қалдығайты өзенінің бойында бұландар көп болыпты. Тіпті өзен атауындағы «қандағай» сөзі де моңғол тілінде «бұлан» деген ұғымды білдіреді. Кейін бұлан атауы Байбақты руының бір бөлімінің аты ретінде қолданылған. Сонымен қатар бұл елді мекен атауы Байбақты руының ХVІІІ ғасырда өмір сүрген биі Бұлан Қарақұлұлының есіміне де байланысты болуы мүмкін. Бұлан Қарақұлұлы 1783-1797 жылдары С.Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан.
Сырымтөбе. Бұл – осы өңірдегі төбенің атауы. Ел ішінде «осы төбенің басына Сырым батыр шыққан» деген аңыз бар.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы