Әлеуметтану, Саясаттану

Жайықтағы жаңа ауыл

Батыс Қазақстан облысы өзге өңірлерден шалғай жатқандықтан бұл аймаққа арнайы ат ізін салатындар сирек. Алайда биыл бүкіл елдің назары осы өңірге бұрылды. Ақжайықтың айналасындағы ауылдарды басқан тасқын су қаланың шеткері аудандарына дейін жеткен еді. Тосыннан келген тасқында халық баспанасы мен малынан айырылып, далада қалды.
Дегенмен дер кезінде көрсетілген көмек пен республиканың әр түкпірінен жеткен жәрдемнің арқасында тұрғындар таршылық көрмей, «бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығара білуімен» бүгінгі күнге жетті. Бүгінде су шайып кеткен ауылдардың орнында сән-салтанатты үйлер сап түзеген. Ауылдың ажары кіріп, бойына қан жүгірген. Апаттан соң айдалада қалғандай күй кешкен халықтың бүгінде жаңа үйге кіріп, жүздері жадыраған. Кешегі қайғының ізі де жоқ. Осынау апаттан зардап шеккен Тасқала, Зеленов аудандарының жай-күйімен танысып, жергілікті халықпен жүздесіп қайту үшін шалғайдағы ауылға аттандық.

Читать полностью »

Нәбижан БӘЙТЕКОВ: Желтоқсанда туғанмын…

Иә, мен сол айда туғанмын. Ай атымен аталған көтерiлiс туралы айтылса, ерiксiз елең ете қаламын. Тұла бойым түршiгедi. Бәлкiм, мен ғана емес, сол бiр ызғарлы күндер қасiретiн көзiмен көрген және өзiн қазақ санайтын әркiм-ақ сөйтетiн шығар…
…Иә, ол кезде Алматы сәулет-құрылыс институтында ұстаздық қызметте жүрген едiм. Бiр күнi тұмауратып қалдым да, жұмыстағылардың ақыл-кеңесiмен, өмiрiмде алғаш рет емханаға бардым. Шишкина деген дәрiгер, аты-жөнi есiмде жоқ, үйде жатып емделу қажеттiгiн айтып, қағазы мен қажеттi дәрмектерiн жазып, Фурманов пен Гоголь көшелерiнiң қиылысындағы орталық дәрiханаға жiбердi. Емханадан шыға берiсте тiркеу бөлiмiндегi екi орыс келiншегiнен жаныма жайсыз тиетiн әңгiме естiп қалдым. «Ресейден Колбин келдi… Билiктен Қонаев кеттi»…

Читать полностью »

Ажарлы Атырау

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапарымен барғаны көпшілікке белгілі. Атыраулықтар Елбасының сол сапарын, кездесуден алған әсерлерін жыр қылып осы күнге дейін айтады. Өйтпегенде ше?! Атырау халқы бүгінгі жеткен жетістігімізді, тәуелсіздігімізді Елбасының салиқалы саясатымен тығыз байланыстырады. Расында, Атырауда Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен қолға алынған халықаралық жобалардың шоғыры жетерлік. Мәселен, Елбасының бастамасымен отандық мұнай-газ өнеркәсібінің өркен жаюына, облыс экономикасының қарыштап дамуына жол салған жобалар қазір қарқынды жұмыс істеуде.

Читать полностью »

Бәсекелестікке қабілетті болудың жобасы

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған «Еуразиялық Одақ: идеядан болашақтың тарихына» деп аталатын мақаласы шықты. Осыған орай Елбасының мақалада көтерген «Еуразиялық Одақ» идеясына байланысты мәдениеттанушы, ғалым Тұрсын Ғабитовтың пікірін ұсынып отырмыз.

Читать полностью »

Тәуелсіз елдер: әріптестік әлеуеті

Өткен дүйсенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барды. Елбасы онда Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесіп, бірқатар мәдени-әлеуметтік және сауда-экономикалық негіздегі мәселелерді талқылады.

Читать полностью »

Мұнай өнімдері тапшылығынан қалай құтылуға болады?

Қазақстанның табиғи көмірсутек қорларына, оның ішінде мұнайға, газға, көмірге бай екендігі белгілі. Осындай табиғи байлықтарды үлкен көлемде өндіретін әлем елдері ішінде біздің еліміз 10-12 орынды иеленеді. Мұнай мен газ елімізде ірі 3 мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ), 4 газ және 8 майда мұнай өңдеу зауыттарында (ГӨЗ) өңделеді. Республикада соңғы жылдары мұнайды өндіру мен өңдеу көлемінің өзгеру динамикасы ұсынылып отыр.

Читать полностью »

Жемқорлықты бірге жеңеміз

Соңғы үш жылда Қазақстан әлемдік жемқорлыққа қарсы рейтингте бірден 45-ші орынға көтеріліп, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жемқорлыққа қарсы әрекет Қазақстанның даму стратегиясының негізгі тетігіне айналды. Себебі, ел Президентінің өзі бірнеше жыл бұрын жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялады. Сондықтан заң, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар осы бағытта жұмыс жасап келеді. Соған қарамастан, басқа елдер сияқты Қазақстанда да жемқорлық ең негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Бұл әлеуметтік індет шетелдік инвесторлар алдында мемлекеттің беделін төмендетіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуын баяулатып, тікелей және жанама түрде экономикалық шығындарға алып келеді.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы