Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 101-ші бабы бойынша шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелері


Скачать/Жүктеу

  1. Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес беріледі.

Жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін алуға басым құқықты жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады.

  1. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін шығатын азаматтарға аталған ұйымдардың жерінен кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиіс жер учаскелері беріледі.
  2. Жер учаскелеріне қатысты өздеріне тиесілі құқықтарын, оның ішінде шартты жер үлестеріне құқықтарын шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген азаматтар шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесін немесе пайын, жер учаскесін қоса алғанда, нақтылы бөліп шығаруға (бөлісуге) не өз қалауы бойынша үлесінің немесе пайының құнын төлетіп алуға құқылы.

Шаруашылық серіктестікке қатысушының немесе өндірістік кооператив мүшесінің жарғылық капиталға пайдалануға ғана берген жер учаскесі сыйақысыз нақтылы қалпында қайтарылады.

Қатысушылардың (мүшелердің) құрамынан шығу туралы және жер учаскесін бөліп шығару туралы өтініш ауыл шаруашылығы ұйымына беріледі.

Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін үлес немесе пай есебіне нақтылы бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері шаруашылық серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен немесе тараптардың келісімімен айқындалады.

Құрылтай құжаттарында жер учаскесін бөліп шығару (бөлісу) тәртібі болмаған жағдайда осы баптың 4-тармағының нормалары қолданылады.

  1. Үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылар болып табылатын және шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелері осы Кодекстің 54-бабына сәйкес, үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы бекіткен, үлестік меншіктегі (үлестік жерді пайдаланудағы) жер учаскесін пайдалану тәртібіне сәйкес беріледі.

Жер учаскесін пайдалану тәртібі болмаған кезде үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) мүдделі қатысушы жер үлесі (жер үлестері) есебіне жер учаскесін бөліп шығару ниеті туралы, оның болжамды орнын көрсете отырып, үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қалған қатысушыларды жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Жер учаскесінің орналасқан жері жөніндегі мәселе келісу рәсімдерін жүргізу арқылы не ортақ меншікке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің жалпы жиналысының шешімі негізінде шешілуі мүмкін. Жиналыс хабарланған кезден бастап бір ай ішінде өтуге тиіс және ортақ меншікке (ортақ жерді пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің кемінде 50 %-і қатысқан кезде құқылы болып есептеледі. Шешім жиналысқа қатысқан үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкілдерінің жай көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Жиналысқа қатысқан үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) барлық қатысушылар немесе олардың өкілдері хаттамаға қол қояды.

Егер тиісінше хабарланған күннен бастап бір ай ішінде үлестік меншікке (үлестік жер пайдалануға) қатысушылардан қарсылықтар келіп түспесе, жер учаскесінің орналасқан жері туралы ұсыныс келісілген болып саналады.

  1. Азаматтың жергілікті атқарушы органға берген өтініші және бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері туралы қоса берілген келісілген материалдар оған жер учаскесіне құқық беруге негіз болып табылады.
  2. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесінің құрамына кірмейді.
  3. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қорының жерінен және босалқы жерден беріледі.

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы