Скачать/Жүктеу
Шаруа (фермер) қожалығының:
1) жерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында пайдалана отырып, онда дербес шаруашылық жүргізуге;
2) ауыл шаруашылығы дақылдары мен өзге де екпе-көшеттерді егу мен отырғызуға, жер учаскесін пайдалану нәтижесінде өндіріліп алынған ауыл шаруашылық өнімін және оны сатудан түскен табысты меншіктенуге;
3) жер учаскесінде бар құм, саз, қиыршық тас және басқа да көп кездесетін пайдалы қазбалар, шымтезек, орман алқаптары, жер үсті және жер асты суларын өз шаруашылығының мұқтаждары үшін белгіленген тәртіпте пайдалануға, сондай-ақ жердің өзге де пайдалы қасиеттерін кәдеге жаратуға;
4) жер учаскесі мемлекет мұқтажына алып қойылған (сатып алынған) жағдайда шығындардың толық көлемде өтелуіне;
5) жер учаскесінің нысаналы мақсатына қайшы келмейтін құрылыстар мен ғимараттарды меншік құқығымен тұғызуға;
6) жерді суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстарды жүргізуге, белгіленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы-талаптарға сай келетін тоғандар мен өзге де суаттарды сатуға құқығы бар.
- Уақытша жер пайдалану кезінде осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге шартпен шектеу жасалуы мүмкін.
- Шаруа (фермер) қожалығына бекітіліп берілген жер учаскесінде аң аулауға, балық аулауға, дәрілік шөп, жидек, саңырауқұлақ және басқа да табиғат өнімдерін жинау мен өзге де қызметке осы шаруашылық басшысының келісімімен ғана рұқсат беріледі.
- Шаруа (фермер) қожалығы өз өнімін дербес пайдаланады, оны ішкі және сыртқы рыноктарда сатады.