Шаруа (фермер) қожалығының жер пайдалану құқығы


Скачать/Жүктеу

6-бап. Шаруа (фермер) қожалығына жер учаскесін беру

  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге тілек білдірген азаматтарға жер учаскелері тұрақты немесе уақытша тегін жер пайдалану құқығымен ұсынылады (беріледі).
  2. Жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар және ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамнан шыққан азаматтарга шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін осы ұйымдардың жерінен жер учаскелері беріледі, олардың кадастрлық бағасы шаруашылық бойынша орташа деңгейде болуға тиіс.
  3. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған және ауылда (селода) тұрғын үйі бар азаматтардың ауладағы жер учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығы жер пайдалануының құрамына енгізілмейді.
  4. Жер (шартты жер) үлесіне құқығы жоқ азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері арнайы жер қоры мен запастағы жерден беріледі.,

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері елді мекендердің жері – ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер құрамынан да берілуі мүмкін.

  1. Жері бөлінуге жатпайтын ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шыққан азаматтар шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін арнаулы жер қорының жер құрамынан жер учаскесін бірінші кезекте алуға құқылы.
  2. Арнаулы жер қорының, елді мекендердің және запастағы жер учаскесін алудың басым құқығын арнаулы ауыл шаруашылық білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығында практикалық жұмыс тәжірибесі бар және сол ауданда, қалада, ауылда (селода), поселкеде тұратын азаматтар пайдаланады.
  3. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін уақытша тегін жер пайдалануға:

орман қоры жерлері мен запастағы жерлердегі орман шаруашылығы мұқтаждары үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптарынан заңдарда белгіленген тәртіппен және шарттарда;

ақысыз берудің белгіленген нормаларынан тыс жер берілген жағдайда жер учаскелері берілуі мүмкін.

 

7-бап. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскесін беру нормалары

  1. Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты пайдалануға мынадай мөлшерде:

ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кәсіпорындарының) жерлерінен – осы ұйым бойынша отбасының жер (шартты жер) үлесіне құқығы бар әрбір мүшесіне орташа жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде;

арнайы жер қорындағы жерлерден – отбасының қожалық ұйымдастыруға тілек еткен еңбекке қабілетті әрбір мүшесіне орташа аудандық жер (шартты жер) үлесі мөлшерінде ақысыз беріледі.

  1. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін тұрақты пайдалануға болуы мүмкін жер учаскесінің шекті (ең үлкен) мөлшерін жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты облыстық атқарушы орган белгілейді.

Осы учаскелердің шекті мөлшеріне дейін азаматтарға тұрақты пайдалануға ақысыз берілетін нормадан тыс қосымша жер учаскелерін оларды ақы төлеп алуы мүмкін.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы