Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес


Скачать/Жүктеу

Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңесЖоспар:
Болашақ аудармашыларға кеңес
Хаттамалық ұжымдық жиындардың ортақ сұрақтары
Келісім шартқа қол қою салтанаты
Келісім шартқа қол қою салтанатын өткізуге берілетін кеңестер
Қонақтарды жайғастыру
Стөл басында қалай өзіңді сыпайы, ұстамды, бірақ сол мезетте ыңғайлы ұстауға болады
Киім және бұйым ол халықаралық өмірдің хаттамалық жақтары
Қабылдаулар және оның түрлері жайында бір-екі ауыз
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер

Болашақ аудармашыларға кеңестер

Іскерлік әдеп (этика) аудармашылық істе өте маңызды орын алады. Өйткені бұл мамандық қызмет көрсету саласына қарағанда, ақпаратты берумен тығыз байланысты.Сондай-ақ тағы бір көңіл бөлетін жайт, аудармашы өзі жеткізетін мәліметтің адекватты болуына толықтай жауапкершілік артады. Мына біздердің техникасы дамыған ғасырда жан-жақты болу көбіне сәттіліктің нышаны (немесе сәтсіздік), ал оны иемденуші белгілі бір мақсаттарда, өзіне не басқаларға, пайдаға не шығынға қолдануына үлкен мүмкіндігі бар.

Ереже№1 (Аударманың іскерлік әдептілігінің ең басты ережесі) өзіңе белгілі болған мәләметті жарияламау.

Ереже№2 Өзің қызметтес болатын адамдармен сенімді қарымқатынас орнату.

Ереже№3 Қауіпті жағдайларда ұстамды және салқын қанды болу, әрқашан мейірімді, сыпайы, ұқыпты және баратын жерге сай киініп, сымбатты әрі нақты, уақытынан қалмайтын және ескертімді болу шарт. (айтылатын come il fault, немесе комильфо).

Ереже№4 Мүмкіндігінше өзіңізден қоспауға тырысу (айтылғаннан тыс шықпай) ескертулермен толықтырулар және өз ойыңызды қосудан аулақ болған абзал. Сондай- ақ мүмкіндігінше айтылған ақпаратты толығымен жеткізу керек.

Ереже№5 Бір-бірін жан-жақты түсініп, тығыз қарым- қатынасқа қол жеткізу үшін, керек боған жағдайда аудармашыға таныс қызметтестерге егде ұлттың мінез құлқын, салт- дәстүрін және мәдениетін толықтыра түсініп кетуіне болады.

Ереже№6  Сондай- ақ жұмыс уақытынан тыс, қосымша ақысыз қызметтез адамға шет елден немесе белгілі бір жағдай да шешім таба алмай қысылса, нақты көмек көрсету керек.

Ереже№7 Әр қашан білімде шыңдап, іскерлік шеберлікті дамытып және әр түрлі салада білімді тереңдету шарт. Мүмкіндігінше бір бағытта маманданған абзал (қаржы, экология, құқықтық іс және т.б.)

Ереже№8 Жас және бастауыш аудармашылармен бар біліміңізді және тәжірибеңізді аямай бөліскеніңіз дұрыс.

Ереже№9 Іскерлік әдептілікпен ұжымдық салмақтылықты ұстана отырып, мамандықтың маңыздылығын көтеріп, өз еңбегіңізді төмен бағалауға жол бермеңіз.

Ереже№10 (Қалжындау): Осы берілген ережелердің біреуін бұзып алып, қолға түспеу!

Хаттамалық ұжымдық жиындардың ортақ сұрақтары

- Хаттамалық жиынның дайындылығына кіретін қызметтер:

А) қабылдау өтетін жермен әрлеуді таңдау

Б) шақырылатын адамдардың мекен- жайы мен хабарлау әдісінің (почта, факс, телефон) тізімін күру.

В) қабылдаудың өту жоспарын құру.

Г) шақыру билеттерін тарату (уақытымен)

Д) таңғы және түскі аста дастархан басына жайғастырудың жоспарын құру.

Е) тамақ тізімін құру (меню)

Ж) дастарханның жасалуын және қонақтардың күтілуін бақылау.

З) алдын- ала айтылатын тілектерді аударып, дайындау (қабылдаудағы жайғастырулармен).

 

Кейінгі кезде жиынның қалай өтетінің әр түрлі жолмен таныстыру сәнге шығыпты. Көптеген сұраулардың арқасында, мамандар бүндай таныстырулар керек деп есептейді, бірақ олар мүндай жиындарда аса қызықты және пайдалы деп санамайды. Өйткені таныстыру басқа қабылдауларға қарағанда жауапты жиын емес.

Ал таныстырудың өткізілуі оның қаншалықты әсерлі болатынына байланысты шешілу керек. Егер ол тек жарнамалау әдісі болса онда бас тартқан жөн, бұл ең әсерсіз жарнаманың түрі.

Таныстырудың мақсаты және қызметі

  1. Бұл жиын кімге арналған? Кімді шақырған пайдалы- прессаны, қызметтестерді, жолдастарды немесе кәсіби “даурен құратындарды” ма? өзіңізге осы сұрақты қойып, жауабын табуға тырысыңыз. Ал шешіміңіз дайын болса, астына көз жүгіртіңіз.
  2. Қонақтардың көңіл көтеруі. Кез келген қонақтардың басқа қауым жиналғанша көңілін бөлу үшін таңыстырудың бағдарламасын ойластырып қойған жөн: әңгіме, музыка тағы да басқалары. Музыканың әсерлі болғаны дұрыс. Мысалы: сабырлы, ал ең жақсы әсерді жаздық ансамбль немесе күй сандықтың әуені береді.
  3. Шақырылған қонақтарға сіз олардан не талап ететініңізді хабарлап қойыңыз. Егер таңыстырудың мақсаты болмаса, онда ол бос әуре. Бұл (сөз байласуда келісім шарттың бағасын талқыламау сияқты, ақша бір әдепсіздік деп айтатындай!). Егер келген қонақ сізбен жұмыс істегенің қаласаңыз, бұл жайлы айтып қойғаныңыз абзал. Қонақтар қайтқанда барлық керекті мәліметтері бар құжаттарды, өнімнің жинақтарын, қол мүсіндерін және т.б заттарды алып кетуі керек. Сондай-ақ олар қабылдау мен ұйымдастыру дәрежесі жайлы жақсы әсерлер алуы тиіс.
  4. Ұжымның ролі.

Қызметкерлер мүндай жиында егердің ролін атқарады. Кеуделерінде аты- жөндері жазылған нұсқағыш болу керек, өйткені олар қонақтарды қарсы алып, оларды басқармаға таныстырады. Аудармашылардың таныстырудағы қызметі нақты шарттармен анықталады: оның көрінісімен және шақырылған шет ел азаматтарының ролі – олардың жай көрермен немесе белсенді көрермен екені. Баянамаларды, тілектерді және жоғары дәрежелі адамдардың сұхбаттарын, қонақтар мен қожайындардың әңгімелерін аударуға даяр болыңыз.

  1. 5.     Ішімдіктер мен шайнамалар (закуски).

Мейрамхана қызметіндей тамақты таңдау жағдайын жасамаған дұрыс. Ерег сіздің таңыстыруыңыз дәстүрлі банкет болмаса, онда (тарелка, пышақ және шаңышқы) керек етпейтін тағам жасатқан дұрыс, ең жақсысы қолмен немесе сүлгімен алып жеуге ыңғайлы және даяршылар тасымалдай алатын тағамның болғаны жақсы.

Сусындар: шампан, сыра шарап немесе пунш және алкогольсіз сусындарды да ұмытпаңыз. Егер сіздің шақырған қонақтарыңыз сыйлы болса, онда олар қыдыру үшін емес, сіздің кәсіпорыныңыздың ісіне қызығып келеді.

  1. 6.     Ғимараттың орналасқан жағдайы.

Ғимараттың көлемі шақырылған қонақтардың санына сай келуі керек, ал бос қалған жер құлдыраудың әсерін қалдырады. Дастарханның санын санаулы қылып жасатқан дұрыс, ал керек болып қалған жағдайда тездетіп ұйымдастыра қоюға болады. Ерег келген қонақ саны аз болса, онда артық столты және артық сайманды алып тастауды өтініңіз.

  1. 7.     Жоспарлар.

Ең басты жағдайды жиынның соңына қалдыруды жоспарламаңыз. Ең алғаш басты мақсатты анықтап алыңыз, қызметкерлердің арасында әр кімнің міндетін нақты бөліңіз, барлығын уақытымен жазып алып және осы жасалып отырған “сыр-бор” бәрі не үшін екенін ұмытпаңыз.

  1. Сондай- ақ дайындаған қол мүсіндер қонақтардың барлығына жетуі керек, көбінесе таныстыруға шақырылған адам санынан көп келеді. Бірақ мақтанбаңыз өкінішке орай олар көбісін тегін тамақтанып алу мүмкіндігі қызықтырады.

Егер сіз таныстыру салтанатына шақырылсаңыз:

-шақыру билетін ұқыпты оқып, ештеңені шатастырып алмас үшін, күніне және болатын жеріне көңіл аударыңыз.

-кешікпеңіз: ең жақсы ыңғайлы орын алып басқа қонақтармен араласып және ең басты таныстыруды өткізіп алмас үшін ертерек барған жөн. Ерте келу- ұйымдастырушыларға деген сыйластықты білдіреді.

-жаңа пайдалы таныстықтар және ескі таныстықты жаңартуға тырысыңыз, соған байланысты таныстықты – нұсқағышты көбірек ала жүрген дұрыс.

-келесі күні жазбаша немесе ауызша ұйымдастырушыларға ризашылығыңызды білдіріп, жиынның ұйымдастырылуы жайлы ілтипатыңызды айтуыңызға болады.

Келісім шартқа қол қою салтанаты

Соңғы кезде келісім шартқа отыру көбейді, оның ішінде біріккен жоба ашу, іскерлік қызмет атқару, инвестициялар және тағы да басқа жөнінде. Кей-кезде екі жақтың шешімі бойынша іс қағаздарға қол қою салтанатын өткізіп жатады. Жоғарғы мемлекет аралық жиындардан өзгеше, келісім шартқа қол қою аса үлкен салтанат емес, бірақ оның өзіндік ерекшеліктерімен тәсілдері бар.

Келісім шартқа қол қою салтанатын өткізуге берілетін кеңестер

Қол қою салтанатының жоспарын шақырылатын қонақтан тізімін, “қызметтестер, мемлекеттің өкілдері, шет елдіктер, жоғары дәрежелі қонақтар, пресса тағы да басқалары” жақсылап ойластырып алған жөн.

Қонақтарға алдын-ала уақытын, күнін телефон арқылы хабарлап қойған дұрыс немесе факс арқылы шақыруды алдын –ала жіберген жақсы. Ал бір күн қалғанда ең маңызды және қызық деген қонақтарыңызды ескертіп қойғаныңыз абзал.

Салтанат өтетін ғимарат дайындыңыз (кеңсе, қонақ үй), сонымен қатар екі орындығымен қол қоюға арналған үстел (қалам, іс қағаздар қапшығымен), сөз сөйлейтін сұлба, фирма аты жазылған кестеше, гүлдер. Қол қоятын өкіліттердің аты – жөні жазылған кестешені, техникалық радиофикацияны әзірлеп қойған орынды. Ғимараттың көлемі шақырылған қонақтардың санына сай келуі керек.

Азын аулақ тағам тізімен құрып қойыңыз (шай, кофе, шампан немесе ақ шарап, шағын сэндвич, жеміс- жидек – бұнын барлығы жиынның болатын уақытына, жеріне және жыл мезгіліне байланысты құрылады).

Ертерек (қазақша және ағылшынша) жеркілікті көлемде пресс-релиз әзірлеп қойыңыз.

Ережеге сай қол қою салтанатында кезектез аударма түрі қолданылады.

Жобалы  жоспар

11.00-11.10  Қонақтардың келу уақыты.

11.10-11.20  Қысқаша таныстық.

11.20            Қол қою (суретке түсу)

11.25-12.00 Шампан ұсыну, дәмдену, ортақ сұхбатттасу,газет-журналдарға сұхбат,теледидар,қонақтарды шығарып салу.

Киім үлгісі-кеңселік стиль.

Жиын стилі – жиындық,іскерлік және сымбатты, ал тамаққа келетін болсақ, жеңіл-желпі тағам түрі ыңғайлы ( мысалы “coup de champagne”)

Қонақтарды жайғастыру

Қонақтар орны жоғарғы дәрежелі және төменгі болып бөлінеді, сондықтан жасына , қызметіне және қоғамдағы орнына қарай жайғастыру керек.

Ең бірінші орын- ошақ-басының оң жағы.Екінші орын – отағасының оң жағы. Осы адамдарға жақын орындар сыйлы болып табылады. Ал егер ошақ-басы болмаса, онда бірінші орын отағасының оң жағы, екінші орын сол жағы.

Қонақтарды жайғастырғанда әйел адамды әйел адамның жанына және төмен жаққа отырғызбайды. Төмен жақта тек отағасымен ғана отыра алады.

Ең әуелі отағасының оң және сол жағына әйел адамды жайғастырады, ал ошақ басының жанына ер адамды, ал содан соң жайғасу  кезектесіп әйел адам жанына ер адам және керісінше.

Жайғасу мен жиынға келу-уақытымен болу тиіс.

Ал жайғасусыз жиындарға арналған шақыруда уақыты “18.00-20.00”дейін деп берілсе, сіз өзіңіз қалаған уақытта келіп және қайта аласыз. Басты қонақ қайтқан кезде, басқалары бірден емес, жай-жайлаптарайды.

Жайғастырумен таңғы, түскі,кешкі астар және басқада ұжымдық жиындар орны тілектердің  алмасу ретімен болады. Дастархан басында тілек десерттен кейін, барлығына шампан құйылған кезде беріледі. Ал басқа ұжымдық жиындарда тілектер жиын басталған соң-10-15 минуттан кейін айтыла береді.Ресейде маңызды арнайы жиындарда тілектер басталған бетте айтыла бастайды.

Тілектен соң құйылған шараптың барлығын ішіп алу міндет емес, тек ерінге тигізіп бір жұтқан дұрыс.

Ал арнайы ұжымдық жиында еркектер стакандарын әйел адамның бокалынан жоғары ұстамауы керек, сондай-ақ ондай жерде шарап ішер алдында соғыспайды.

Тілек айтылып жатқан уақытта сөйлесуге, шарап құюға және тамақ жеуге болмайды.

Стөл басында қалай өзіңді сыпайы, ұстамды, бірақ сол мезетте ыңғайлы ұстауға болады

Стөлге тым жақын не тым алыс отырмаңыз. Алдыңыздағы тағамға түңілмей, тік отыруға тырысыңыз.

Сүлгіні жағаңызбен, кеудеңізге салиаңыз, керісінше тізеге жайған дұрыс

Нанды шанышқымен емес, қолмен алыңыз. Тұтас нанды тістемеңіз, нанды үзіп жеген орынды. Сондай-ақ майды бір тілім нанға жақпай, жартысын бөліп алып, сонан соң жағыңыз.

Ешқашан пышақты ауызға апарып және пышұақтан тамақтанбаңыз. Тамақты пышақтың көмегімен шанышқыға салмаңыз. Шанышқыға қанша тамақ алынса, сонша ғана алыңыз.

Аузыңызды тамаққа толтырмаңыз.

Қанатыңызды жамай, жинап, стөлге таянбай отырыңыз.

Стакан немесе бокалды тым жоғары көтермеңіз

Шанышқымен жеуге болатын тамақты қасықпен жемеңіз.

Тарелканы екінші рет тамақ салуға өзіңіз ұсынбаңыз.Бұл даяршының қызметі. (Шамаңыз келгенше екі рет тамақ жемеуге тырысыңыз).

Ауыздағы сүйекті шанышқының көмегімен алған дұрыс, аузыңызға таяп, сосын тарелкаға саласыз. Ал жеміс-жидектің сүйегін, ауыздан қасықтың көмегімен білдіртпей алған сыпайы.

Егер даяршы жақын жерде тұрса, жаныңыздағы адамға бір нәрсені алып беріңізші деп өтінбеңіз.

Сүлгімен немесе басқа тамақ құралдарымен ойнамаңыз. Сондай-ақ сүлгімен бетіңізді сүртпеңіз, тек ауыз маңайын сүртсеңіз болғаны.

Стөл басында көршіңізге теріс қарап отырмаңыз.

Аяғыңызды жан-жаққа жайып, орындыққа жатпаңыз. Әрқашан ұялмай, сабырлы болуға тырысыңыз. Егер пышақ немесе шанышқыны түсіріп алсаңыз, болған жайтқа мән бермей, басқасын сұратыңыз. Егер тамақ уақытында аударсаңыз, онда құрал-жабдықтардың ұшын тарелкаға қойған жөн. Тамақтанып болған соң пышақ пен шанышқыны қатарластыра көлденеңнен тарелкаға қойыңыз. Ұстайтын жағын оңға қаратып “ он минутсыз төрт “қалпында. Сондай-ақ нан, бокал немесе стакан алғыңыз келсе де осылай қойған дұрыс болады. Тамақ құралдарын қойылған бағытымен пайдаланады.Сол жақтан оңға қарай. Егер күмәндансаңыз, онда жаныңызда отырған адамдарға қарап қайталаңыз. Стөл басында тіс тазалағышты пайдаланбаңыз немесе оны қолыңызбен жауып білдіртпей істеңіз. Шай қасықты летр кесеге немесе стаканға салуға болмайды. Шайыңызды және кофеңіздіараластырып болған соң, қасықты тарелкаға қойыңыз. Тамақ ішіп болған соң сүлгіні салмаңыз, оны алып стөлге қойған жөн.

Киім және бұйым ол халықаралық өмірдің хаттамалық жақтары

Хаттамалық жиындарға киіну барысына сай қатаң ережелер бар. Арнайы жиынға киім үлгісіде сай болу керек.

Ауa райына қарамастан аяқ киім әрқашан да таза болуы тиіс, сөмкеңізде кішкене аяқ киім тазалағыш алып жүргеніңіз абзал.

Ер адамдар күнде қырынып жүруі керек (қара шашты адамдар күніне екі рет қырынуы тиіс, егер кешкілік кездесуге қара күрте киетін болса.)

Сондай-ақ кешкі сағат 8-ге дейін болатын мемлекеттік немесе ел басының және министрлер қауымымен болатын қабылдауларға ер адамдар аса ашық түсті емес костьюм киюіне болады. Ал егер тура осы қабылдаулар кешкі 8-ден кейін болса, онда қара немесе қоңырқай түсті костьюмдер киген дұрыс.

Сондай-ақ (мейрамхана, қабылдау бөлмесі, кеңестер, театрдың көрермендер залында, президиумда) арнайы жиындар мен би кезіндекеудешенің түймесі тағулы болуы керек. Кеудешенің соңғы түймесін ешқашан тақпайды. Тек жайлы орындықта немесе стөл басында кеудешенің түймесін ағытуға болады.

Қабылдаудың барлық түріне аса ашық және қара түсті галстуктан басқа әр түрлі түспен ақ көйлек, кию керек. Қара түсті галстук тек арнайы киімге немесе қазалы жағдайда тағылады. Сымбатты костюммен қара түсті, қысқа қонышты, тақалы бәтеңке киген дұрыс. Ал қоңыр түсті костюмге қара бәтеңке жараспайды. Жаз уақытында ақшыл түсті костюммен түрлі түсті аяқ киім киюге болады. Сандал, қалын табанды бәтеңке, макас тек спорттық киімге сай келетін аяқ киімдер. Ал лакталған туфлиді тек смокингпен ғана киеді.

Шұлықтың түсі костюмнің өңінен қаралау болуы керек, аяқ киімге сай. Көкпен- көк, жап-жасыл, қара-сүр түсті шұлықтар барлық сымбатты костюм түрімен киюге келеді. Қолқап, бас киім, шарф, орамал түстері басқада ұсақ — түйек киім бөлшектерімен сай болуы тиіс. Ер адамдарға классикалық арт жағында екі бөлігі бар “ағылшын кеудешесі ұсынылады”. Ол — бөліксіз “итальяндық” және бір бөлікті “американдық” кеудешеге қарағанда, ер адамдарға сымбатты тұрып, сымбатты отыруға ыңғайлы; шалбардың ұзындығы да аса маңызды роль атқарады: алды туфлиге сәл түсінкіреп, ал арт жағы тақасына дейін болуы керек. Тропиктік аймақтардан басқа жерлерде кеудешенің астынан тек ұзын жеңді көйлек киеді, жағасымен жағасына қарағанда манжеттің ролі аса маңызды емес. Көйлек жағасы бір сантимертге кеудеше жағасынан ұзын болуы керек, ал галстук белбеуден не ұзын не қысқа болмауы тиіс. Белбеу желеттің астынан көрінбей, ал желет көйлектен қысқа болмағаны дұрыс. Белбеу- тартқышты алмастырады және керісінше. Шұлық мейрамдық және іскерлік костюмнің түсіне сәйкес таңдалады (әрине ақ емес).

Егер ер адам аяғын айқастырып отырса, онда шұлықтың үстінен аяғының ашылып қалмауын қадағалағаны дұрыс. Аяқты сермеп, тізені құшақтауға болмайды. Сондай-ақ жайылып, басты жастыққа қойып, орындықта теңселіп немесе жайлы орындықтын шетіне және аяқты талтайтып отыруға болмайды.

Әйел адам өзіне сай түсті киім сәнін өзінің дене бітіміне сай жарасымды және талғамын көрсететін таңдау жасауға мүмкіндігі көп.

Ең басты ереже- оның жиынға және уақытқа сай келуі. Мысалы, күндіз қонақты керемет киімде қарсы алу орынсыз. Ондай жайытқа жай қарапайым көйлек немесе костюм киген дұрыс.

Кешкі сегізде немесе одан кеш басталатын қабылдауларға орташа не ұзын әдемі, ашық

кешкі көйлек киеді, ал аяқтарына өздері қалаған биік өкшелі туфли киеді. Кешкі туфлилер түрлі- түсті терілерден, тығыз жібектен, парчадан тігілген болуы мүмкін. Ал сумка кішкентай болуы керек.

Тағы бір айтатын жайт әйел адам отырған кезде күртесін немесе көйлегін көтермейді. Орындықта отырғанда аяқты айқастырып отыра алады, бірақ төмен жұмсақ орындық пен диванда отырғанда аяқты айқастырмаған дұрыс. Тек екі аяқты қосып, бір жаққа ғана қисайтып отырған орынды.

Машинаға отырғанда аяқпен аттап кірмей, бірінші орындықтың шетіне жайғасып алып екі аяқты ішке кіргізу керек, ал шыққан кезде бірінші аяқты түсіпіп барып орыннан көтерілген абзал.

Қабылдаулар және оның түрлері жайында бір-екі ауыз

Қабылдаулар келісім шартқа қол қою, өкілдердің келіп кетуі, ұлттық мейрамдар, шет елдіктермен іс жүргізу және шетел фирмаларының өкілдерін қарсы алу сияқты жиындарға арнап ұйымдастырылады.

Халықаралық тәжірибелерге сай ең құрметті қабылдаулардың түрі ол таңғы және түскі ас. Кейінгі кезде қабылдауда “бір бокал шампан” немесе “ бір бокал шарап” ұсыну кең тарап келеді. “Фуршет”, “Коктейль”, “Түскі ас” және “Кешкі ас” бұлар қабылдаудың басқа түрлері болып саналады. “Бір бокал шампан” немесе “Бір бокал шарап” сағат 12.00 басталып 1,5 сағат арасында созылады.

Негізі көбіне шампан, шарап және шырын ұсынылады, бірақ кейде виски мен арақ ұсынылуы мүмкін. Шайнама (закуска) ұсыну міндет емес, бірақ кішкентай пирожный, бутерброд, орешки ұсынған артық болмайды. Бұндай да дастарханға отырмайды. Ер адамдар кеңселік костьюм, ал әйел адамдар көйлек немесе костьюм киеді. Таңғы ас сағат 12.00 мен 15.00 аралығында болады. Ол бір не екі тамақтан тұрады. Таңғы асқа салқын шайнама, балықтан жасалған, бір еттен жасалған және тәтті тамақ ұсынылады. Ал сорпа ережеге сай ұсынылмайды.

Таңғы астың алдында аперитив ұсынылады (арақ, виски, джин, шарап, шырын). Біздің жақта салқын шайнамаға-арақ, балықтан жасалған тағамға-салқындатылған ақ шарап, еттен жасалған тағамға-қызыл шарап, тәтті тамаққа-салқындатылған шампан, ал кофе мен шайға – коньяк немесе ликер ұсынады. Сондай-ақ таңғы ас уақытында табиғи таза су, ал кейде шырын береді. Таңғы ас-1,5 сағат жалғасады, киім үлгісі жоғарыда айтылғандай-іскерлік.

Ал “Фуршеттің” ұйымдастырылу уақыты 17.00 ден 20.00-ге дейін. Дастарханға салқвн шайнама, кондитерлік тағамдар, жеміс-жидектер, алкогольді ішімдіктер, шырын және табиғи таза су ұсынылады. Сондай-ақ стакан, тарелка оның жанына пышақ, шанышқы, сүлгі қойылады. Кейде қабылдаудың аяғына қарай  ыcтық шайнама, шампан, балмұздақ және кофе ұсынылады.

Қонақтар дастарханға таяп тарелкаларына шайнама салып, басқа адамдарға орын босатады. Киім үлгісі-іскерлік.

“Коктейль” деп аталатын қабылдаудың тағы бір түрі сағат 17.00 ден 20.00-ге дейін. “Фуршеттан” айырмашылығы-дастархан жайылмайды, тамақты даяршылар жүріп таратады. Киім үлгісі-іскерлік.

Жайғасумен даярланған түскі ас хаттамалы жиынның ең құрметті түрі, сағат кешкі 19.00 ден басталып 21.00 дейін жалғасады. Астан кейін кофе, шай және таңғы астағыдай шарап ұсынылады.

Түскі ас 1,5-2 сағат жалғасады, соның ішінде 1 сағат дастархан басында, басқа уақыттың бәрі қонақ бөлмеде өтеді.

Киім түрі-қара костьюм, смокинг немесе фрак (black tie) шақырылуға байланысты, ал әйел адамға-көйлек.

“Буфет-түскі ас”-астың түрлілігі, тамақтану уақытында шайнамалар, ыcтық балықтан, еттен жасалған тағамдар, тәтті тағам-барлығы бір дастарханға ұсынылады. Қонақтар өздері немесе даяршылардың көмегімен тамақтарын салып алып, сол немесе көрші бөлмеде жайылған кішкене стөлге барып жайғасады. Шарапты даяршылар құяды.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Аристов Н.Б. Основы перевода. — М., 1959

2. Бархударов Л.С. Язык и перевод. — М., 1975

3. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский.- М.,1998

4. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. — М., 1980

5. Волкова З.Н. Научно-технический перевод. — М.,  2002

6. Казакова Т.А. Translation Techniques Практические основы перевода.- «Союз», С.-П., 2002

7. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты) — М., 1990

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Комиссаров В.Н. Коралова А.А. Практикум по переводу с английского языка на русский. — М., 1990.

2. Комиссаров В.Н. Общая теория перевода: проблемы переводоведения в освещении зарубежных ученых.-М., 1999

3. Копанев П.Н., Беер Ф. Теория и практика письменного перевода.-Минск, 1986.

4. Латышев Л.К. Перевод: проблема теории, практики и методики преподавания — М., 1986

5. Латышев Л.К. Технология перевода. — М., 1989.

6. Левицкая Т.Р., Фитерман А.М. Проблемы перевода.- М., 1983

7. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода. Минск., 1985


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы