ЖҰМЫРБАЙ ақынның Жәңгір ханға айтқаны


Скачать/Жүктеу

Хан Жәңгірдің заманында Жұмырбай хан алдында жырлайтын ақын екен. Хан оған жылда бір түйе береді екен. Бір жылы тағы да келіп жырлап, енді кетерінде: «Мына ақынға бір түйе әкеліп беріңдер» — дейді хан. Түйешілер бір түйені әкеліп есік алдына байлап қояды. Түйе кәрі екен, Жұмырбай далаға шығып түйені көріп келеді. «Түйенің қасында неғылып жүрсің?» — дейді хан Жұмырбайға. «Түйемен сөйлесіп жүрмін» — дейді Жұмырбай. «Сен не дедің, түйе не деді?» — дейді хан. Сонда Жұмырбай былай депті:

— Мен түйеге: шөп берсем жермісің,

Айдап жіберсем, келермісің?

Бөкей, Сығайдың әкесі

Айшуақты білермісің? — дедім.

— Шөп берсең жермін,

Айдап жіберсең келермін.

Нұрланның әкесі Айшуақ түгіл,

Айшуақтың әкесі Әбілқайырды да білемін,—

деді түйең.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы