
Скачать/Жүктеу

Саясаттағы интеллигенция — [лат. intelligenta - түсіну, intelligens - ойлаушы] — еңбек бөлінісі мен қоғамдық үйыммен анықталатын орынды алады. Өндірісті қатынастарының дамуына байланысты интеллигенция рөлі де артып отыр, ол саяси өмірдің маңызды факторына айналуда.
Саясаттағы интеллигенцияны екіге бөліп қарастыруға болады: жоғары деңгейде жіктелген жалдамалы жұмысшы күші және «еркін» ойлаушылар. Жалдамалы жұмысшы күш ретінде интеллигенция бүкіл саяси құрылымды қамтиды. Бұл — қызметкерлер, бюрократия, саяси партиялар мүшесі, идеологтар, элита өкілдерінің бір бөлігі. Сонымен интеллигенцияның бұл бөлігі қарама-қайшылықты жағдайда, себебі олардың сана еркіндігі саяси институттарға енулеріне байланысты корпорация заңдарымен шектеледі.
Интеллигенцияның екінші бөлігі сандық тұрғыдан көп емес, әрі олар идеологиялық міндеттерден еркін. Бұл әлеуметтік топ нақты әлеуметтік-саяси қатынастардан жоғары тұрады. Олардың саяси және әлеуметтік тәжірибені саналы түсінуге толық мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде бұл қоғамға өзін ұйымдастыруда, әлеуметтік сілкіністерді азайтуға көмектеседі.

Скачать/Жүктеу
