Саясаттағы гомеостазис


Скачать/Жүктеу

Саясаттағы гомеостазис – қандай да бір жүйенің қозғалмалы тепе-теңдік жағдайы, ол осы тепе-теңдікті бұзушы ішкі және сыртқы факторларға қарсы әрекет жасау арқылы сақталады. Гомеостазис алғаш физиологияда ағзаның ішкі саласының тұрақтылығы мен оның негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылған.

Бұл идея американдық физиолог У.Кеннонмен «дене даналығы» туралы ілімінде өзінің тұрақтылығын үздіксіз қолдайтын ашық жүйе ретінде дамытылған.

Жүйеге қауіп төндіретін өзгерістер туралы хабарлар алысымен ағза оның тепе-теңдік жағдайын қалыпқа келтіргенше жұмыс жасайтын құрылысты іске қосады. Кейін келе гомеостазис принңипі психологияда, одан кибернетикада, ал 60 жж. саяси және әлеуметтік жүйе теориясында қолданыла бастады.

Саяси ғылымда гомеостазис қағидаты қоғам саяси жүйесінің қызметі мен әлеуметтік-динамикасын талдағанда қолданылады. Сонымен бірге, жүйе бөліктері ретінде қызмет жасаушы кейбір жүйелік ұйымдарды (мемлекет, партия, кәсіподақтар) талдағанда қолданылады. Саяси гомеостазис — саяси жүйенің қозғалыстағы тепе-тендік жағдайы, ол оның биліктік құрылымдары мен оған ықпалдасқан саясат субъектілерінің кез келген ішкі және сыртқы факторларға қарсылық әрекеттерімен сақталады.

Саяси гомеостазис негізін функңионалдық тәуелділік құрайды. Қоғамның саяси жүйесіне қатысты оның биліктік қызметтеріне көңіл бөлінеді. Яғни, ол өзінің дамуы үшін және өзін-өзі сақтауы үшін қандай да әрекет жасайды. Кез келген ашық жүйе сияқты қоғамның саяси жүйесі әлеуметтік ортаға кірісе оты¬рып, өзінің сапалық айқындылығын сақтайды. Саяси гомеостазис ашық жүйенің сыртқы әлеммен өзара қатынасы және саяси жүйенің әлеуметтік ортамен өзара қатынасы сыртқы әлемге икемделуіне екіжақты ықпал етеді: бір жағынан, ішкі өзгерістер, екінші жағынан, жүйелік объектінің ортаға белсенді ықпал етуі, оның өзіне қажетті ресурстарды игеру мен тартуға икемделуі. Осы икемделу қоғам саяси жүйесінің өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыру тетігінің негізін құрайды. Бұл күрделі ұйымдасқан объектінің ықпалдасу, мақсатқа жету сияқты функционалдық қасиеттерін анықтайды. Саяси жүйенің саяси гомеостазис белсенді қызметі дау-жанжалдардың алдын алуға мүмкіндік береді.



Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы