Билік лигитимділігі


Скачать/Жүктеу

Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. «Легитимділік» термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. «Легитимділік» терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған Франциядағы Бурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды.

«Билік легитимділігі» ұғымын француз революциясы мен оның салдары ерекше өзекті мәселе ретінде қалыптастырғанымен, бұл ұғым қарапайым формада саяси ойлардың бастапқы кезеңдерінде-ақ пайда болған. Адамзат биліктік катынастардың, билік құру мен бағынудың пайда болу кезеңінен бастап неге біреулері билік құрып, үстемдік етеді, ал басқалары — оларға бағынып, қол астында болуы тиіс және билік, оның акциялары бағынушылар үшін қаншалықты қажетті деген сауалдарға жауап іздеумен келеді. Легитимділік туралы мәселе билік үшін бәсекелестік күресте өте күшті қару болды. Өйткені, биліктің ауысуы, биліктік кұрылымдардағы түпкілікті өзгерістер өздерімен бірге белгілі бір аласапыран мен тәртіпсіздікгі ала келді, осының салдары — ұзақка созылған қанды соғыстарға апарып соқтырғандықтан, қоғамның саяси элитасы биліктің алмастырылуын, билік құрушы субъектілерді заңдастырудың әр түрлі әдістерін, осы процестердің астарында белгілі бір қағидалық негіздердің бар екенін келтіре отырып жасақтады. Бұл монархиялық режим жағдайында — биліктің мұраға қалатындығы туралы, республикаларда — биліктің сайлануы туралы заң.

Орта ғасырларда Еуропада зайырлы элита мен діндарлар арасында билік үшін бәсекелестік күрес орын алды. Бұл күресте шіркеу ұзақ уақыт бойы зайырлы биліктің легитимділігін тану кұқығын сақтап калды, яғни шіркеудің беделі мемлекеттік биліктің занды екендігін тануда шешуші мәнге ие болды. Легитимация — ең алдымен, осы биліктің қажеттілігін, оның бағыныштылар үшін игілікті екендігін идеологиялық және құқықтық түрғыдан негіздеу.

Легитимация тек биліктік құрылымдарға, билік субъектісіне ғана емес, сондай-ақ олардың акцияларына, шешімдеріне, қағидаларына да таралады. Билік легитимациясы биліктік ықпал ету кеңістігіне, оның шегіне, шекарасына байланысты. Осы ассоциативті кеңістіктің ішінде билік қажетті деп танылып, ал оның шешімдері орындалуға міндетті деп саналады.

Билік өзінің ықпал ету кеңістігін игеру үшін биліктік ықпал ету күшіне ие болуы керек. Бұл күш билік құрушы субъектінің билік ресурстарын: адамдарды басқару өнері ретіндегі саясатты; саясаттың нақгылық дәрежесін; күш пен құралдардың қажетті арсеналдарын пайдалана білу кабілеттілігін; әдістердің ыңғайлығы мен тиімділігін және т.б. қаншалықты игергендігіне тәуелді.

Биліктік ыкпал ету кеңістігі бір мезгілде ассоциацияның соңғы ажырамас құрылымдық элементі, оның атомы индивид, бағынушы болып табылатын құрылымданған және ассоциативті кеңістік болып табылады. Демократиялық қоғамда — бұл азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие жеке тұлға. Сондықтан да демократиялық қоғамда билік легитимациясы оның құқығын қорғайтын заң шеңберінде жүруі қажет.

Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. Билік легитимділігін тану — бұқаралық сананың феномені, сондықган билікті заңдастыру үшін пайдаланылатын бірқатар идеологиялық қағидалар бар:

Биліктің киелілігі. Биліктің, билік құрушы субъектінің қасиетті, киелі екендігі мен оларды мифологияландыру. Билік құрушыларға харизматикалық қасиеттерді таңу.

Биліктің халықгық сипаты: (билеуші бізге туыс, ол —біздің арамыздан шыққан, ол біздің қажеттіліктеріміз бен мұңымызды жақсы біледі). Легитимация — биліктің тұрақты, үздіксіз іс-әрекеті, оның өзіне деген қамқорлығы. оппозициялық күштер билікті, оның шешімдері мен акцияларын заңсыз деп тану жолында әрекет етеді.

Оппозиция билік кабылдаған зандардың легитимділігін, билік өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізетін биліктік құрылымдардағы өзгерістерді, олардың Конституцияға сәйкестігін, олардың қажеттілігі мен дер уақыттық шара екендігін жоққа шығарады, билік пен оны қолдаушьиар ұсынған аргументтердің дұрыстығын сынға алады. Легитимация да, делегитимация да — билік пен оппозиция арасындағы бәсекелестікте пайдаланылатын күрестің әлеуметтік формасы. Бірақ мұндай күресіің кандайы болмасын Конституция шеңберінде жүзеге асуы керек.

Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әр түрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді. Оппозиция биліктің өрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жокқа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған зандардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады. Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Баска ассоциативтік қауымдастықгардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.

Биліктің түрлері:

Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.Соған байланысты мемлекет монархиялық республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке – дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға  мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін.

Монархиялық өз кезугінде абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парлаентен шектеледі.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президентік, парламенттік және аралас болып үшке бөлінеді.Президенттік басқару, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парлам ент немесе оның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны “парламенттік президент “ дейді.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке  бағынады.    Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, с ауданы реттейді, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

Республиканың үшінші түріне аралас  республика жатады. Мұнда республикалық та, парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі.Үкіметке екі жақты жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады.

Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Ол унитарлық, федеративтік, конфедеративтік болып үшке бөлінеді.

Унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың  бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін  үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығаруғы билік болмайды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы