Скачать/Жүктеу
Көшерiмдi жел бiлсiн,
Қонарымды сай бiлсiн.
Шөлдегi шұқанақ
Суға тоймас.
Қалған көлге бақа айғыр.
Сасқан үйрек артымен сүңгiр.
Шабан үйрек бұрын ұшар.
Құт, құтты болып келсе құт,
Құтсыз болып келсе – жұт.
Сүмбiле туса су суыр.
Үркерлi айдың бәрi қыс.
Жаздың бiр күнi –
Қыстың мың күнiне татыр.
Нөсер алдында нажағай
ойнайды.
Тау мен тасты су бұзар,
Адам затты сөз бұзар.
Туған ай тураған етпен тең.
Қарға қарғаның көзiн
шоқымас.
Қарғаның бiр көзi
оқта болса,
Бiр көзi боқта.
Тау текенiң тауға шықпаса,
Тұяғы қышиды.
Жаман мерген теке атқан,
Жерiне үш барады.
Жаңбыр бiр жауса,
Терек екi жауады.
Қылышын сүйретiп қыс келер.
Шағала келмей – жаз болмас,
Шаңқан болмай – боз болмас.
Сәуiрдегi жауын –
Сауып тұрған сауын.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ болар.
Сәуiр болмай, тәуiр болмас.
Қараша – қауыс,
Кәрi-құртанды тауыс.
Су аққан жерiнен бiр ағар.
Сәуiр болса, күн күркiрер,
Күн күркiресе, көк дүркiрер.
Тау кезеңсiз болмас,
өлке өзенсiз болмас.
Қыстың қамын жаз ойла.
Бөдененiң үйi жоқ,
Қайда барса бытпылдық.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Тоқты тоймас,
Шөмiш кеппес.
Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Жыланды өлтiргеннiң
сауабы бар.
Жұт жетi ағайынды.
Айлалы түлкi алдырмас.
Биiк таудың басына,
Қиялап ұшып қыран да шығады,
Жер бауырлап жылжып,
Жылан да шығады.
Бөрi арығын бiлдiрмес,
Итке сыртын қампайтар.
Бөрi кәрiсiн ұрады.
Мекре балықтың тұмсығы,
Тасқа тимей қайтпайды.
Құланның қасуына,
Мылтықтың басуы.
Балықшының аты
Шөлдеп өледi.
Қаз тойғанына семiрмейдi,
Орғанына семiредi.
Ит жүйрiгiн түлкi сүймес.
Сауысқан шоқығанмен
тоқ болмайды.
Құс жеткен жерiне қонады.
Құс көк сеңгiрге бiр қонады.
Жандыда балық үлкен,
Жансызда қамыс үлкен.
Көп жортқан түлкi –
Терiсiн алдырар.
Балық аулай алмаған,
Суды лайлар.
Балықшының үйiне барсаң,
Қарма жерсiң.
Егiншiнiң үйiне барсаң,
Жарма жерсiң.
Ажалды қарға
бүркiтпен ойнар.
Қасқыр да жолдасына
қас қылмайды.
Киiктi құралай бүлдiрер,
Елдi дүрегей бүлдiрер.
Екi тұйқын жабылса
қаздың соры.
Атқанның құсын
Жатқан байланар.
Жапалаққа күннен
түн жарық.
Құланға ерген,
шиеге аунайды.
Ит алған түлкiде
сын болмас.
Қайырсыз сұңқардан,
Қайырлы тұрымтай артық.
Екi қарға таласса,
Бiр құзғынға жем түсер.
Балық жаны суда.
Қара құс басып жейдi,
Сұңқар шашып жейдi.
Құлан қырда,
Құндыз суда.
Аң таппаған, атынан көредi,
Ата алмаған мылтығынан көредi.
Ажалды киiк адырға қашады.
Қасқырдың күшiгi қанша
асырасаң да,
Тоғайға қарап ұлығанын
қоймайды.
Ай жарық – қоян арық.
Қоян көлеңкесiнен қорқады.
Көкпар тартқандiкi,
Қоян қаққандiкi.
Құлан құдыққа құласа,
Құлағында құрбақа ойнайды.
Бұлбұл құс зымыстан көрмей,
Гүлстан қадiрiн бiлмес.
Қудың аяғына су жұқпас.
Көп суыр iн қазбас,
Үн қазса кең қазбас.
Жыланға түк бiткен сайын
Қалтырауың болады.
Жыланның сүймес асы
Iннiң аузына шығады.
Үйiрлi құлан ақсағын бiлдiрмес.
Қағынан жерiген құлан
Қаңғырып өлер.
Қоянның қарасын көрiп,
Қалжасынан түңiл.
Ителгiнiң қызығына қызсаң,
Қаршығаңды қамшы етерсiң.
Борсық ұрған сайын семiредi.
Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.
Ақ сұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Мезгiлсiз шаңырған
Қораздың басын жұлмақ керек.
Қасқыр жүйрiк – жылыс жоқ,
Түлкi жүйрiк – дыбыс жоқ,
Қоян жүйрiк – тыныс жоқ.
Тар сонардан, кең шиыр.
Бұтаға паналаған торғай
да аман қалады.
Сауысқан тоты боламын деп
Жүрiсiнен жаңылыпты.
Сақ қарға сағағынан iлiнер.
Қыс қыстығын қылмаса,
Жаз жаздығын қылмайды.
Сақырлаған аязда,
Сары қамысты панала.
Баба бүркiт барлап ұшады,
Бала бүркiт парлап ұшады.
Жапалајты тасқа ұрсаң да,
Жапалақ өледi,
Таспен жапалақты ұрсаң да,
Жапалақ өледi.
Жайық басынан жел тұрса,
Жаз да болса қыс болар.
Батар күннiң атар таңы бар.
Түлкi жатарында
Жер таңдамайды…
Тышқан iнiне кiре алмаса,
Құйрығына қалджуыр байлар.
Өлi арыстаннан
Тiрi тышқан артық.
Тышқанның да сауыры бар.
Тышқан көтiн көрiп,
Жаралы болыпты.
Әр айдың аты басја.
Жар құласа жайын өледi.
Қыс қысыларсың,
Жаз жазыларсың.
Жер бауыры жазың.
Жер ырыстың кiндiгi,
Бiлiм ырыстың тiзгiнi.
Құлан қайда семiрсе,
Сол жерге түгiн төгедi.
Бґлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгедi.
Ел қайда қыстаса.
Күлiн сонда төгедi.
Тамшыдан тама берсе,
Дария болар.
Кiмнiң тарысы пiссе
Соның тауығы.
Тауықты тойындыра
алмайсың,
Қызды киiндiре алмайсын.
Мысыққа ойын керек,
Тышқанға өлiм керек.
Мысық жоқта тышқан
Төбеге шығады.
Сұмырай келсе су құрыр.
Жайды айтса,
Жайықтың суы ауыспас.
Көкек өз атын өзi шақырады.
Мезгiл жетсе, мұз да ерiр.
Қыстың алғанынан,
Салғаны қызық.
Бұлт ала, жер шола.
Тауықтың түсiне тары кiредi.