Өткен қоғам өмiрiне байланысты мақал-мәтелдер


Скачать/Жүктеу

Заманың түлкi болса,

Тазы боп шал.

Жасы бiр құрдас емес,

Заманы бiр құрдас.

Заманына қарай амалы.

Заманына қарай күлкiсi,

Тауына қарай түлкiсi.

Келме кезек, терме тезек.

Адамды заманы билейдi.

Заманың қалай болса,

Бөркiңдi солай ки.

Заманы бiрдiң амалы бiр.

Барар жерiң Балқан тау,

Ол да бiздiң көрген тау.

Балапан басына

Тұрымтай тұсына.

——-

Хан қарашасыз болмас,

Дау арашасыз болмас.

Ханның соқыр болса,

Бiр көзiндi қысып жүр.

Әр ханның тұсында

бiр сұрқылтай.

Қойды құртаң бүлдiредi.

Елдi сұлтан бүлдiредi.

Қазы хан қасында,

Қараша жар басында.

Хан қасында қаразың болса,

Қара жерден кеме жүргiзерсiң.

Есiмханның ескi жолы,

Қасым ханның қасқа жолы.

Кiлемге бергiсiз алаша бар,

Ханға бергiсiз қараша бар.

Ханның басын хан алар,

Қардың басын қар алар.

Бiр кiсi таққа мiнсе,

Қырық кiсi атқа мiнедi.

Хан қасында қарақшы.

Кешке жақын төбе сақтама,

Ашаршылықта төре сақтама.

Ханның iсi қараға түсiптi.

Хан қарақшы,

Халық сарапшы.

Су басынан бұзылар,

Балық басынан шiрiр.

Төреге ерген ер –

тоқымын арқалар.

Барма қанға,

Өзi келер малға,

Барма биге,

Өзi келер үйге.

Бай қасына барып көр,

Бақыр болмасаң маған кел,

Хан қасына барып көр,

Басың кетпесе маған кел.

Тырнадан жасауыл қойсаң,

Басыңнан қыйқу кетпес.

——-

Заманына қарай заңы,

Тоғайына қарай аңы.

Көн қатса қалпына барады.

Тозбас жасау болмас,

Бас бiлмес асау болмас.

Айран iшкен құтылар,

Шелек жалаған тұтылар.

Жаңылғанға жаза жоқ.

Екi ұштыны, бiр күштi қосар.

Әр елдiң заңы басқа,

Иттерi қара қасқа.

Ақмаққа арнап заң жазылмас.

Тез қасында қыйсық

ағаш жатпас.

Елшiге өлiм жоқ.

Көрiне зорлық басқа қорлық.

——-

Би болмасаң болма,

Би түсетiн үй бол.

Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ.

Би екеу болса, дау төртеу.

Би болған кiсi бақырып

бола ма екен.

Әдiлсiз болса би оңбас,

Әйелсiз болса үй оңбас.

Әулекi би ат үстiнен

билiк айтар.

Әдiл би халық үшiн,

Залым би құлқын үшiн.

Туғанына бұрғаны,

Бидi құдай ұрғаны.

Көп сөйлейдi залым би,

Аз сөйлейдi әдiл би.

Атаңның құлы айтса да,

Әдiлдiкке басынды и.

Сын түзелмей, мiн түзелмес.

Аяз, әлiндi бiл.

Құмырсқа жолынды бiл.

Естiген құлақта жазық жоқ.

Ұсынған басты қылыш

кеспес.

Әркiм өз кездiгiмен

өлшейдi.

Әркiм өз бойына

қарап тон пiшер.

Көштiң байсал тапқаны,

Көк орайға қонғаны.

Даудың байсал тапқаны,

Көлденеңге барғаны.

Бiткен iске сыншы көп,

Пiскен асқа жеушi көп.

Бiр қазаға екi жаза жоқ.

——-

Шөптiң басы жел тұрса

қыймылдайды.

Сезiктi секiредi.

Аққа қара жоқ,

Қараға шара жоқ.

Сыныққа сылтау.

Сақалды қолдан бердiк.

Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке.

Өзi қозып, өзi бiткен дауды

жаным десе болмас па!

Алты ұл туған әйелдi

Ханым десе болмас па.

Куәлi iстi куә табар.

Куәсiз iстi күмән табар.

Арлы арына қараса,

Арсыз жеңдiм дейдi.

Айтысқан соң дау емес пе,

Алысқан соң жау емес пе.

Басқа келген пәледен,

Бастан құлақ садақа.

Барымтаға – қарымта.

Жортуылшының басы,

Жолда қалады.

Бүйректен сыйрақ шығарып.

Тапқан қуанады,

Таныған алады.

Ойын тғбiнен от шығар.

Аузы күйген үрiп iшер.

Алдаған алмай тұрып сенбейдi.

Тасым түссе таңдайымнан.

Пышағынды шынымен бер,

Шынымен берсең қынымен бер.

Атаңды Алатауда бiр

жығып ем (деме).

Тумаған балаға кiндiк шеше.

Жауырды жаба тоқып.

Сау басыңа сақыйна тiлеме.

Мысқылдың түбi – мүшкiл.

Тiлеушiнiң бiр бетi қара,

Бермеушiнiң екi бетi қара.

Беттiң арын белбауға

Түйiп алып.

Ұрыспас келiн болмас,

Керiспес келiн болмас.

Қақпай жатып қоңырауың

сылдырайды.

Керiскеннiң кесiрi,

Келген бақты кетiрер.

Айрылар дос

Ердiң артқы қасын сұрар.

Басқа түссе баспақшыл.

Екi нар сүйкенiссе,

Арасында шыбын өлер.

Есiк алданан жел келгенше,

Үй артынан жау келсiн.

Тыныш құлақ, сау бас,

Бас сауында аулақ қаш.

Бұл не қылған батпан құйрық.

Тегiннен тегiн жатқан құйрық.

Көргендi көптеген жеңедi.

Көрдiм деген көп сөз,

Көрмедiм деген бiр сөз.

Селтеңдеген жiгiттiң,

Серкесiнiң соры.

Қазан түбiнде шемiршек

қалды…

Iстiң ақыры,

Жiгiттiң пақырына қалар.

Жығылған күреске тоймас.

Төбелеске бергiсiз араша бар,

Хан ұлына бергiсiз қараша бар.

Ұзында өшiм, қысқада

кегiм жоқ.

Бiр теңге берiп жырлатып,

Мың теңге берiп қойдыра алмай…

Алты аласы, бес бересiм жоқ.

Кейде iстiң ағы бiлмейдi,

Жiгiттiң бағы бiледi.

Дау қырық жылда бiтсе де,

Қыршын бiттiм дейдi.

Ала жiбiн алмасам,

Даудың менде не iсi бар.

Ел шетiне қонбасам,

Жаудың менде не iсi бар!?

Кер кеткеннiң сақалы –

Кеңiрдегiнен шығады.

——-

Ұрлық, ұрлық түбi қорлық.

Алып алтау, жеп жетеу болмас.

Жортуылшы жолдасынан

күйедi.

Ұры серiгiнен күйедi.

Ұры көтi қуыс.

Ұрыға мал құтаймас.

Бөрiнiң аузы жесе де қан,

Жемесе де қан.

Шығасыға иесi басшы.

Ұрысы күштi болса –

Иесi өлер.

Тоғпағы күштi болса,

Киiз қазық жерге кiрер.

Ұрының қатыны өзiне лайық.

Алдырған анасының

қойнын ашыпты.

Атың шықпаса жер өрте.

Мен ұрлық қылған күнi,

ай жарық болды.

Ұрыны қарақшы ұрады.

Ауыл үйдiң моншағын,

Күндiз ұрлап, түнде тақ.

Арам, арам түбi ренiш,

Адал, адал түбi кенiш.

Атақты ұры аштан өлер.

Жаман ұры жанындағысын

қарақтайды.

Өзi ұры, бiреудi ұры дейдi,

Өзi қары, бiреудi қары дейдi.

Ұры кiсi басқаның

малын жейдi,

Өзiнiң арын жейдi.

Мешкей деген жақсы

атақ емес.

Ұры басынып ұрлар,

Қонақ таңдап қонар.

Ұры өл-өлгенше ақпын

дейдi.

Ұры түн асқанша,

Бөрi қыр асқанша.

——-

Өтiрiктiң құйрығы,

Бiр-ақ тұтам.

Өтiрiк сөз өрге баспас.

Өтiрiк сөз – жанға қас,

Өткiр пышақ – қынға қас.

Өтiрiктi шындай,

Ақсақты тыңдай.

Өтiрiктi шындай,

Ақсақты тыңдай.

Өтiрiктiң өзiне нанба,

Қыйсынына нан.

Жыртық үйдi жел табар,

Өтiрiк сөздi шын табар.

Өтiрiк екеу, шын төртеу.

Өтiрiк деген дұшпан бар,

Отқа сүйреп салады.

Құрыққа сырық жалғап.

Кесек, кесек дау жанжал,

Кер кеткеннiң аулында,

Кесек-кесек аузында.

Кер кеткеннiң аузында.

Қатын өтiрiк айтпайды,

Қағыс естидi.

Ер өтiрiк айтпайды,

Еп өтiрiк айтады.

Мақтаншақтық –

Өтiрiк айтқызады,

Өтiрiк көңiл қайтқызады.

——-

Ұра берсең құдай да өлер.

Бекерден бекер жатқаннан,

Тәңрiм безер.

У iшкен бiр өледi,

Ант iшкен мың өледi.

Баталы құлға бақ қонар.

Аллаңнан – ойбайым жақсы.

Аллаға жағайын десең –

Азаның болсын,

Қазыға жағайын десең –

Қазаның болсын.

Аққа – құдай жақ.

Үмiтсiз шайтан.

Аққа зауал жоқ,

Ақ иiлiп сынбас.

Тойсаң тоба қыл.

Әулие де қасындағысын

қолдайды.

Құдай көгiн билесiн,

Жерiме менiң тимесiн.

Оразаға көшкен ермек.

Сом темiрге балға бар,

Сұмсынғанға Алла бар.

Әулиеден бас жесең,

Тұра бара тас жерсiң.

Кұштiде тәңiрi жоқ.

Мақтаншақтық –

Өтiрiк айтқызады,

Өтiрiк көңiл қайтқызады.

——-

Бекерден бекер жатқаннан,

Тәңрiм безер.

У iшкен бiр өледi,

Ант iшкен мың өледi.

Баталы құлға бақ қонар.

Аллаңнан – ойбайым жақсы.

Аллаға жағайын десең –

Азаның болсын,

Қазыға жағайын десең –

Қазаның болсын.

Аққа – құдай жақ.

Үмiтсiз шайтан.

Аққа зауал жоқ,

Ақ иiлiп сынбас.

Тойсаң тоба қыл.

Әулие де қасындағысын

қолдайды.

Құдай көгiн билесiн,

Жерiме менiң тимесiн.

Оразаға көшкен ермек.

Сом темiрге балға бар,

Сұмсынғанға алла бар.

Әулиеден бас жесең,

Тұра бара тас жерсiң.

Құштiде тәңiрi жоқ.

Алтын көрiп перiште

жолдан тайыпты.

Май – әулие, майсыз

жарылқайтын қай әулие.

Көп кайда болса,

құдай сонда.

——-

Түс түлкiнiң боғы.

Стансыздың түсiне,

Екi қарыс бөз кiрер.

Мен не деймiн,

қобызым не дейдi.

Екi молда бiр кiсi,

Бiр молда жарты кiсi.

Молда бiлгенiн оқыйды,

Қарға көргенiн шоқыйды.

Өлтiретiн молда көп,

Өртейтiн кiтап көп.

Сопы сұмнан шығады.

Ескi мешiтке көкек азаншы,

Есi кеткен елге өсек азаншы.

Қожа құлақтас,

Молда сабақтас.

Қисық арба жол бұзар,

Дүмше молда дiн бұзар.

Жаман сопы тобашыл,

Жаман адам табашыл.

Шала молда шарық айтар.

Ақ сәлделi қожадан,

Ақ жаулықты қатын артық.

Аюға намаз үйреткен таяқ.

Молдаға намаз үйреткен тамақ.

Қар жауды деп қуанба,

Аязы бар.

Қожа келдi деп қуанба,

Ниязы бар.

Өлеңдi жерде

Өгiз семiредi,

Өлiмдi жерде

Молда семiредi.

Қожаң берсе қойныңа тық.

Аңқау елге, арамза молда.

——-

Базары жақын байымас.

Ажарлы мал базарлы.

Базарға бар да бағыңды сына.

Базар – ақшалыға базар,

Ақшасызға назар.

Бармен базар.

Жоқты қайда табар.

Базар бай, алушы кедей.

Астарханда атты кiсi

таң болар.

Базардағы ас,

Бағына қарай пiседi.

Базарға әркiм барар,

Өзiнiң керегiн алар.

Сауда сақал сыйпағанша.

Саудада достық жоқ.

Арзанның жiлiгi татымас.

Қалтасында тиыны жоқ,

Түйенiң тiсiн ашыпты.

Саудагерде иман жоқ,

Арын сатады.

Өтiрiкшiде иман жоқ,

Жанын сатады.

Аталастың саудасы

Айында қайтады.

Талтандасаң талтаңда,

Ашаң болса қалтаңда.

——-

Иттен сүйек қарыздар.

Артық қылам деп тыртық қып.

Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.

Кесiмдi малда өсiм бар.

Қарыздарда иман жоқ.

Қайырсыз пайдадан

Қайырлы залал.

Есеп, есеп бiлмеген есек.

Есепсiз дүние жоқ.

Қарыз қатнасты бұзады.

Қарыз, қарызды беру парыз.

——-

Ақырын байдың түбi –

аштан өлер.

Ерiнбесең ұста боларсың.

Ашаршылықта бай баласы

Бұрын өледi.

Балықтың байлығы

Етек-жеңiң кепкенше.

Сараң бай союға қозы таппай,

Жарлының жалғыз

тоқтысын сұрайды.

Бағың асқан шағыңда –

Құзғың салсаң қаз iлер.

Бағың тайған шағыңда –

Тұйғын салсаң аз iлер.

Көз бiр уыс топыраққа тояды.

Бар-мақтанса табылар,

Жоқ-мақтанса шабылар.

Кен байлық –

Кең байлық.

Ақыл байлық –

Азбас байлық.

Темiр байлық –

Тозбас байлық.

Баймын деп мақтанба,

Жарлылық бар.

Көппiм деп сұқтанба,

Жалғыздық бар.

Кедейлiктен кiсi өлмейдi.

Қиналады жан шiркiн.

Малға жарлылық – жарлылық,

Ақылға жарлылық – сорлылық.

——-

Кедейлiк – кемдiк емес.

Жарлылық сенi қайтейiн,

Жандай досты жат еттiң.

Кәрiлiк сенi қайтейiн,

Сөйлер сөзге мерт еттiң.

Аш атасын тыңдамас.

Жарлының бiр тойғаны –

Шала байығаны.

Қысқа жiп күрмеуге келмес.

Кетпес жарлылық

Басқа қорлық.

Жарлының жалғыз

қозысын қасқыр жейдi.

Шiркiн менiң өз үйiм,

Кең сарайдай боз үйiм.

Қыс киiмiн жаз киiп,

Жарлы қайдан байысын.

Қысы-жазы жұмыс қып,

Жалғыз мая қайтiп қайысын.

Жаман болатын жiгiт,

Шегiншек келер.

Кедей болатын жiгiт,

Ерiншек келер.

Бiреу тойып секiредi,

Бiреу тонып секiредi.

Кедей менен бай

жолдас болмас,

Қасқыр менен қой

жолдас болмас.

Қанша тұлпар десе де,

Мiнiп болмас жалсызды.

Қанша бiлгiш десе де,

Халық сүймес арсызды.

Байлық не дегiзбес,

Жоқтық не жегiзбес.

Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.

Кiмдi қор тұтсаң,

Сонан зар тартарсың.

Құрдас тапған құл азбас,

Жолдас тапқан ер азбас.

Құдағиың құрдасыңдай болсын,

Құдан шын досындай болсын.

Құда болғанша,

Халi-жайын сұрас.

Құда болған соң,

Қолда бармен сыйлас.

Құдандалының малы бiр,

Анық достың жаны бiр.

Құданы құдай қосады,

Үйiрi басқаны ноқта қосады.

Күйеу атымен күл тасы.

Пайғамбар да күйеуiн

сыйлапты.

Бойдақ жiгiт жұрт күйеуi.

Қыз алмаған жiгiттiң

Қырық қызда дәмесi.

Құдашамен құда ойнар,

Қошақанмен бөрi ойнар.

Ағайын туғанның қызығы –

Алыс-берiс,

Құдалықтың қызығы –

Барып-келiс.

Құданың құдасы

Құнан қойдың сорпасы.

Күйеу жүз жылдық,

Құда мың жылдық.

——-

Әр елден келiн келер,

Әртүрлi ырым етер.

Қол ағаш болса да,

Қолға тоқ болсын.

Жерге түскен жетiмдiкi.

Қуыс үйден құр шықпа.

Көрмесе жат,

Көрiспесе ұят.

Бажаны бажа көрсе,

Басы қышыйды.

Көз көрсе, жүз ұялар.

Сорлы ырым етер,

Ырымы қырын кетер.

Той дегенде

Қу бас домалар.

Той өткен соң дағара.

Әшейiнде ауыз жаппас,

Той тоныңды сұрама.

Тойға барсаң тойып бар.

Аты-тоны сай кiсi,

Жиып-тойға барысар.

Ұлы-қызы бар кiсi,

Құдалыққа барысар.

Шақырусыз тойға барғанша,

Таяқ ал да қойға бар.

Шақырған жерден қалма,

Шақырмаған жерге барма.

Тойдың болғанынан,

Боладысы қызық.

Айт-аттынiкi,

Той-тондынiкi.

Тойға барсаң бұрын бар,

Бұрын барсаң орын бар.

Мұнан да жаман күнiмде

Тойға барғамын.

——-

Таныған жерде бой сыйлы,

Танымаған жерде тон сыйлы.

Сыйласқанға не жетсiн,

Сөйлескеннен не кетсiн.

Алмақтың да салмағы бар.

Тiрiде сыйласпаған,

Өлгенде жыласпайды.

Отыз күн оразаның,

Бiр айты бар

Әр қылған жақсылықтың,

Бiр қайты бар.

Еңкейгенге еңкей,

Басың жерге жеткенше,

Шалқайғанға шалқай,

Төбең көкке жеткенше.

Бiреудiң төсiн жесең,

Өзiңнiң ұшаңды сайла.

Танымас, танымасты сыйламас.

Ерулiге – қарулы.

——-

Жаман үйдiң қонағы билейдi.

Иттi қонақ жараспас.

Құтты қонақ келсе,

Қой егiз табады.

Құтсыз қонақ келсе,

Қойға қасқыр шабады.

Қонақ қонбай кетпейдi,

Шақырып қондырғанға

жетпейдi.

Қонаққа «кел» демек бар,

«Кет» демек жоқ.

Келгенше қонақ ұялар,

Келген соң ұй иесi ұялар.

Қонақ қонса ет пiсер,

Ет пiспесе бет пiсер.

Құр аяққа бата жүрмес.

Қонағым, сен ет деме,

Мен кет демейiн.

Қонақ қойдан да жуас,

Май берсең де жей бередi.

Жаяу қонақ тыныш ұйқтар.

Қонағыңның алтынын алма,

Алғысын ал.

Қыдырма, қыдырмаға сыдырма.

Қонақ бiр күн қонса құт,

Екi күн қонса жұт.

Бiр көрген бiлiс,

Екi көрген таныс.

Үй iшi толған жансың,

Бiр бiрiңе мейман жансын.

Шақырғанда бармасаң

Шақырғанға зар боларсың.

Берместiң сылтауы көп.

Сойса қозы өледi,

Соймаса өзi өледi.

Қыдырлы қонақ

қыдырып келер,

Қыдыры артынан

шұбырып келер.

Қонақтан қонақ ұлық.

Бар болса сойғанның жөнi бар,

Бiр қойда он кiсiнiң құны бар.

Қонақ жаман болса,

Үй иесi қыдырады,

Үй иесi жаман болса,

Қонақ қыдырады.

Қонақ келсе есiкке,

Жүгiрiп шық кешiкпе,

Қарсы алмасаң қонақты,

Кесiр болар несiпке.

Қонағым, өз үйiңдi де ойлай отыр.

Қызыл ет кетер,

Қызарған бет қалар.

Бұрынғы қонақ,

Соңғы қонаққа орын берер.

Қонақ қонған жерiне ауыр,

Тас түскен жерiне ауыр.

Берместiң асы пiспес.

Қазаны оттан түспес.

——-

Далаға түнегенше,

Молаға түне.

Көрген жердiң алыстығы жоқ,

Көтерген заттың ауырлығы жоқ.

Көп жүргеннiң сыйрағы көрiнер.

Түздегi май iшедi,

Үйдегi зәр iшедi.

Қатты жүрсең:

«Қазық аяқ» дейдi.

Ақырын жүрсең:

«Мал аяқ» дейдi.

Өзiңнен жолдасың

мықты болсын.

Есiктен келiп,

Төр менiкi деме.

Ылдыйдан келiп,

Өр менiкi деме.

Алыс деп аулыңа

бармаймысың.

Ерте шықсаң, алдыңнан

күн шығады,

Кеш шықсаң алдыңнан

түн шығады.

Үйде оңбаған.

Түзде де оңбайды.

Жолаушының азығы

жолында.

Жолға шықсаң,

жолдасыңды сайлап ал.

Жол азабы – көр азабы.

Ауылдан шыққан күнде,

Байға қонба, сайға қон.

Ай жүрсең де аман жүр.

Көшемiн деп отыныңды

тауыспа.

Аңшының кешiккенiнен сүйiн.

Сенiң атың тұра тұрсын,

Менiң атым жүре тұрсын.

Жолы болар жiгiттiң,

Жеңгесi шығар алдынан.

Жолы болар жiгiтке жолдан

Жолдас қосылар.

Желген жемiсiн бiледi,

Жүрген жүрiсiн бiледi.

Жолға шықсаң,

Жол азығың мол болсын.

Жолаушы ақысы жүрсе бiтедi.

Қасқыр iшiгi бар кiсi,

Жолдасының тоңғанын бiлмес.

Жолға жомарт қонар,

Немесе нәмарт қонар.

Арқан бойы жердiң,

Тұсау бойы төтелiгi бар.

Жолмен жүрсең жортып жүр,

Жортып жүрсең жол өнер.

Жолға шықсаң сайлан,

Бес қаруыңды байлан.

Бақыр қазан қайнаса,

Бәрiмiздiң бағымыз.

——-

Туысы бiрге түртпейдi,

Түбi бiрге кетпейдi.

Сыйласуға жат жақсы,

Жыласуға өз жақсы.

Ауылдасың жақсы болса,

Ағайының не керек.

Алған жарың жақсы болса,

Айтың, тойың не керек.

Жаман жақыннан таныс артық,

Атасы басқа алыс артық.

Туысы бiрдiң –

Уысы бiр.

Ауру емес, жын емес,

Мiнездi қайтiп жазамыз.

Көп ақмақтың ағасы болғанша,

Бiр ақылдың iнiсi бол.

Ағайынның ұрысы,

Торқаның жыртысы.

Ұлық болсаң – кiшiк бол.

Мәртебең биiк болса,

Жұрт алыстан көредi,

Жақының да, жатың да

Сәлем бередi.

Ағайының барда,

Дұшпаным жоқ деме,

Абысының барда,

Күндесiм жоқ деме.

Нағашысымен күрессе,

Жиенi жығылар.

Тураушы да туғаның болсын.

Ағайын бiр өлiде,

Бiр тiрiде керек.

Отбасы ала болса,

Кереге басы сайын пәле болар.

Бiр қолың бiр қолыңды жуады.

Иесiне керек болса,

Қоңсысы өкпелемейдi.

Оң қолыңа сол қолың

Арашашы болсын.

Тумаң бар,

Түысқандай болмайды.

Тұрман бар,

Құйысқандай болмайды.

Туысы жақын жақын емес,

Қонысы жақын жақын.

Жаны ашымастың қасында,

Басың ауырмасын.

Ақ қалпақты көрiнсе,

Атекем менiң демеймiн бе;

Ақ жаулықты көрiнсе,

Енекем менiң демеймiн бе.

Ағайын – ағайынның айнасы.

Атадан алтау туса да,

Басына бiр жалғыздық түсер.

Ағайынның азары болса да,

Безерi болмайды.

Бiрге тумақ болса да,

Бiрге өлмек жоқ.

Ағайынды алтау болса,

Адам тимейдi,

Тура жүрсең

Лебiзiң күймейдi.

Арық деген жаман тай,

Жазға шығып ат болар;

Жамандығы сезiлсе,

Жақын кiсi жат болар.

Ағаның үйi – ақ жайлау.

Жаман ағайын күншiл,

Жақсы ағайын сыншыл.

Iнiсi бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

Қарағай бойы қар жауса да,

Жұтамайды сауысқан.

Қанды қалпақ кисе де,

Қиыспайды туысқан.

Жеткiншектен айрылған,

Жер таянбай тұрмайды.

Көлденең кiсi

Көңiлге қарамайды.

«Сiз», «бiз» деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

Ағайын жақында отырып:

Тiстескен,

Алыста отырып,

Кiсiнескен.

Аға – бор, iнi – тас.

Жартыны жарып жеген

Татулықтың белгiсi.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы