Скачать/Жүктеу
Екi бас, екi басқа
Мұрнының боғы да ас.
Қыстың қамын жаз ойла.
Төреге ерген ер –
тоқымын арқалар.
Сулы жер – нулы жер,
Бұлақты жер – тұрақты жер.
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрныңды май етер.
Жаман адамды асырасаң,
Аузы-мұрныңды қан етер.
Ағын суы бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
Жақсының жаттығы жоқ.
Олақтан салақ жаман.
Тау кезеңсiз болмас,
Өлке өзенсiз болмас.
Әркiмдiкi өзiне,
Ай көрiнер көзiне.
Жақсы әйел,
жаман еркектi түзетедi.
Едiл суы бал болса –
елге жетер.
Тәңiрi асыраған тоқтысын,
Қасқыр жемейдi.
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Заманың түлкi болса,
Тазы боп шал.
Өнер алды қызыл тiл.
Жабайы шөп егiндi аздырар,
Ерiншектiк ердi аздырар.
Ұстамен жақын болсаң,
Iсiң бiтедi.
Сәуiр болса, күн күркiрер,
Күн күркiресе, көк дүркiрер.
Киiм пiшсең кең пiш,
Тарылтуың оңай.
Өз жарыңды жаттай күт,
Жат көрсiн де түңiлсiн.
Бiр бiрiңдi қадiр тұт,
Жұрт үлгi алсын, үңiлсiн.
Қойға қоңырау жараспас.
Тесiк моншақ жерде қалмас.
Егiндiктi күз суар
Күз суарсаң жүз суар.
Аяғы кiшi сүйгенiн киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер.
Жақсының өзi өлгенмен,
Сөзi өлмейдi.
Не ексең, соны орарсың.
Күн батса – қойға соқпақ табылады.
Аюдан корыққан
орманға бармас.
Жасы бiр құрдас емес,
Заманы бiр құрдас.
Су аққан жерiнен бiр ағар.
Тiл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Шегiрткеден қораққан
орманға бармас.
Ата-анадан жар жақын,
Туысқаннан мал жақын.
Сұлуынан жылуы.
Сүтсiз қой маңырауық.
Екпей егiн шықпас,
Үйренбей бiлiм жұқпас.
Өзi жақсы кiсiге,
Бiр кiсiлiк орын бар.
Күрiш арқасымен
Күрмек су iшер.
Қой егiз тапса,
Шөптiң басы айыр туады.
Егiншi жылда арманда,
Балықшы күнде арманда.
Оқпанды жерге егiп салма,
Жанжалды жерге жақын қонба.
Басы қаралының,
Көңiл жаралы.
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Қараша – қауыс,
Кәрi-құртанды тауыс.
Заманына қарай амалы.
Қос жүре түзелер.
Берген алар, еккен орар.
Шебер көптiң апасы,
Шешен көптiң опасы.
Қасқырдың ойлағаны – арамдық,
Қойдың ойлағаны – амандық.
Екi жарты – бiр бүтiн.
Жемiстi ағаштың басы төмен.
Жақсының үйi мен түзi бiрдей.
Тамыр тартқан тарықпас.
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатынан бойдағым жақсы.
Сәуiр болмай, тәуiр болмас.
Еркек қой бұралқы болмас.
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күмiс тас екен.
Ерлi-қатын тату болса
Шырағы жанар,
Ерлi-қатын араз болса
Өмiрден көңлi қалар.
Заманына қарай күлкiсi,
Тауына қарай түлкiсi.
Ексең егiн,
Iшерсiң тегiн.
Жаман қой iсегiнде қартаяды.
Өнерлiге өлiм жоқ.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ болар.
Қыс азығын жаз жыйна.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам тамағынан қалады.
Шебердiң қолы ортақ,
Шешеннiң тiлi ортақ.
Өзiң сүйгендi алғанша
Өзiңдi сүйгендi ал.
Жерiне қарай егiн ек.
Жолына қарай жегiн жек.
Қара құрт жесе, қой семiредi.
Жер тоймай, ел тоймайды.
Көк темiр көре өлтiрмес.
Шебердiң қолы ортақ,
Шешеннiң тiлi ортақ.
Қылышын сүйретiп қыс келер.
Келме кезек, терме тезек.
Жердiң сәнi егiн
Ердiң сәнi бiлiм.
Сұлу сұлу емес
Сүйген сұлу.
Тоқты тоймас,
Шөмiш кеппес.
Егiннiң жайын еккен бiлер,
Арбаның жайын жеккен бiлер.
Асқа талау түссе
Иттiң мұрадын бередi.
Ет етке, сорпа бетке.
Таудың басын көр де,
Түбiне барма,
Жақсының өзiн көр де,
Үйiне барма.
Сәуiрдегi жауын –
Сауып тұрған сауын.
Жалғаймын деп үзiп алма,
Түзеймiн деп бұзып алма.
Диханшы жерiн мақтайды.
Балықшы көлiн мақтайды.
Кәсiпқор кенiн мақтайды.
Көңiлсiзден көзсiз бала туар.
Шағала келмей – жаз болмас,
Шаңқан болмай – боз болмас.
Жаман жасаққа жарамайды,
Желiнсау қосаққа жарамайды.
Жерi байдың – елi бай.
Адамды заманы билейдi.
Ет дегенде – бет бар ма.
Қашып кетсең, шашып кет.
Тауық құсқа ұшу жоқ.
Там үйлерге көшу жоқ.
Ерлi-қатын ұрысар да, керiсер,
Керiсер де келiсер.
Семiз, семiздiң аяғы сегiз.
Арық қой тырысқақ,
Аш адам ұрысқақ.
Жаңбыр бiр жауса,
Терек екi жауады.
Семiздiктi қой көтерер.
Аш тамағым,
Тиыш құлағым.
Жақсы жылынсаң кешер,
Асыл жанысаң өтер.
Заманың қалай болса,
Бөркiңдi солай ки.
Ақсақ қой жатып семiрер.
Ақсақ қой түстен кейiн маңрайды.
Қазаншының еркi өзiнде,
Қайдан құлақ шығарса.
Ерлi-зайып – қос өгiз.
Ақ сауыттың жағасы бар,
жеңi жоқ,
Шын жақсыңың ашуы бар,
кегi жоқ.
Қайғың қара көже болсын.
Жаман мерген теке атқан,
Жерiне үш барады.
Қой көрмеген қой көрсе,
Қуалап жүрiп өлтiрер…
Заманы бiрдiң амалы бiр.
Ала қойды бөле қырыққан,
Жүнге жарымайды.
Қазыға тойсаң,
Қарта әлем сасыйды.
Жақсыда кек жоқ,
Кектiде тек жоқ.
Ерлi-қатынның ортасына
Есi кеткен отырар.
Арба иесi күшпек дер,
Киiз иесi бiлек дер.
Қой үрiккен жағына беттемейдi.
Тау текенiң тауға шықпаса,
Тұяғы қышыйды.
Барар жерiң балған тау,
Ол да бiздiң көрген тау.
Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуiл болма.
Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейдi шарадан;
Ит асырысаң сырттаннан,
Қой бермейдi қорадан.
Жақсы әйел теңi жоқ жолдас,
Түбi жоқ сырлас.
Басқа пәле тiлден.
Қой өрiсi қорадан.
Керектi тастың ауырлығы жоқ.
Балапан басына
Тұрымтай тұсына.
Қарғаның бiр көзi
оқта болса,
Бiр көзi боқта.
Быламық бетiнен суыйды,
Көже түбiнен суыйды.
Сүңгiнiң жарасы бiтер,
Тiл жарасы бiтпес.
Iсек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен.
Жақсының жаны жаннет.
Қарға қарғаның көзiн
шоқымас.
Қой дегенше – қоя қой.
Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.
Қайғысыз қара суға семiредi.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пiшер.
Қойдың сүтi қорғасын,
Қойды соққан оңбаған.
Мақтаған жеткiзер,
Шаққан өлтiрер.
Бал тамған тiлден,
У тамар.
Жақсы адам жолдасынан белгiлi.
Жақсы ат жанға серiк,
Жақсы ит малға серiк.
Екi қошқардың басы
Бiр қазанға сыймас.
Ханның соқыр болса,
Бiр көзiндi қысып жүр.
Сiңбес астың бөгеуi көп.
Туған ай тураған етпен тең.
Қойшы көп болса,
Қой арам өлер.
Өз үйiнде ою оймаған,
Кiсi үйiнде сызу сызады.
Зекетсiздiң малы арам,
Тiлсiздiң дауы арам.
Ас адамның арқауы.
Жақсымын деп мақтанба,
халық айтпай.
Батырмын деп баптанба,
барып қайтпай.
Әр ханның тұсында
бiр сұрқылтай.
Жақсы – ай мен күндей,
Әлiмге бiрдей.
Қойды құртаң бүлдiредi.
Елдi сұлтан бүлдiредi.
Тiл қылыштан өткiр.
Тау мен тасты су бұзар,
Адам затты сөз бұзар.
Тең теңiмен, тезек қабымен.
Ел алғысын алсаң,
Елеулiсi боларсың.
Күн ортақ, ай ортақ,
жақсы ортақ.
Болар iс болады,
Бояуы сiңдi.
Қазы хан қасында,
Қараша жар басында.
Жақсы кiсi картайса да,
Ақылынан танбас.
Жақсы ат қартайса да,
Жүрiсiнен танбас.
Тiл буынсыз, ой түпсiз.
Хан қасында қаразың болса,
Қара жерден кеме жүргiзерсiң.
Ай жарығы әлемге,
Шам жарығы түбiне.
Алдыңғы арба қайда жүрсе,
Соңғы арба сонан жүрер.
Нөсер алдында нажағай
ойнайды.
Бояушы, бояушы дегенге
Сақалын бояйды.
Ат жүйрiгi айырады,
Тiл жүйрiгi қайырады.
Есiмханның ескi жолы,
Қасым ханның қасқа жолы.
Сыпайы тоңбас, қалтырар.
Кiлемге бергiсiз алаша бар,
Ханға бергiсiз қараша бар.
Үркерлi айдың бәрi қыс.
Жақсыны көрмек үшiн.
Тек жүрсең, тоқ жүрерсiң.
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
Бiр кiсi таққа мiнсе,
Қырық кiсi атқа мiнедi.
Алашағым кетсе де,
Айташағым кетпесiн.
Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр.
Өнердi үйрен де, жирен.
Жаздың бiр күнi –
Қыстың мың күнiне татыр.
Өтiрiкшi алдымен өзiн алдар.
Хан қасында қарақшы.
Тiземнен сүрiндiрсең, сүрiндiр,
Тiлiмнен сүрiндiрме.
Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.
Темiршi – көмiршiге үйiр.
Кешке жақын төбе сақтама,
Ашаршылықта төре сақтама.
Су iшкен құдығыңа түкiрме.
Бетiне келер ұятын,
Өзi бiлiп жуса игi.
Сүмбiле туса су суыр.
Мылтығыңның күмiсiн айтпа,
Тиiсiн айт.
Шешеннiң тiлi –
Шебердiң бiзi.
Ханның iсi қараға түсiптi.
Қайтып кiрер есiктi, қатты жаппа.
Су басынан бұзылар,
Балық басынан шiрiр.
Алтын ерiң атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Құт, құтты болып келсе құт,
Құтсыз болып келсе – жұт.
Дария жанынан құдық қазба.
Шебердiң қолы көпке ортақ:
Ұста, ұстадан нұсқа.