Скачать/Жүктеу
өнерлi жiгiт өрге озар,
өнерсiз жiгiт жер соғар.
өнерлi өрге жүзедi.
ұста пышаққа жарымас,
Етiкшi етiкке жарымас.
Шебердiң қолы көпке ортақ:
ұста, ұстадан нұсқа.
Алтын ерiң атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Мылтығыңның күмiсiн айтпа,
Тиiсiн айт.
Темiршi – көмiршiге үйiр.
өнердi үйрен де, жирен.
Бояушы, бояушы дегенге
Сақалын бояйды.
Болар iс болады,
Бояуы сiңдi.
өз үйiнде ою оймаған,
Кiсi үйiнде сызу сызады.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пiшер.
Керектi тастың ауырлығы жоқ.
Арба иесi күшпек дер,
Киiз иесi бiлек дер.
Қазаншының еркi өзiнде,
Қайдан құлақ шығарса.
Тауық құсқа ұшу жоқ.
Там үйлерге көшу жоқ.
Жалғаймын деп үзiп алма,
Түзеймiн деп бұзып алма.
Көк темiр көре өлтiрмес.
өнерлiге өлiм жоқ.
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатынан бойдағым жақсы.
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Сұлуынан жылуы.
Аяғы кiшi сүйгенiн киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер.
Тесiк моншақ жерде қалмас.
Киiм пiшсең кең пiш,
Тарылтуың оңай.
ұстамен жақын болсаң,
Iсiң бiтедi.
Олақтан салақ жаман.
Жiгiт адамға жетпiс өнер де аз.
Жаман етiкшi бiз таңдайды.
Жаман ұста жанынан.
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
Етiкшiден құлаш қаш,
Бiзi тиер көзiңе,
Сөзi тиер өзiңе.
Сынық арба көп кешер.
Қара суда қаймақ болмас,
Қас шеберде оймақ болмас.
Бiр мылтықтың аузына
Мың кiсi сыяды.
Жiгiттiң түсiн айтпа
Iсiн айт.
Ағаш кессең қысқа кес,
ұзартуың оңай.
Сабақты ине сәтiмен.
Қолынан келген
Қонышынан басады.
Шықсаң ұзақ сапарға,
Арымас ат – от арба.
Саусағы ұзын – бишi болар,
Құлағы үлкен – күйшi болар.
Өнерлiнiң өрiсi ұзақ.
Жетi рет пiш,
Бiр рет кес.
Пышағыңның күмiсiне қарап,
өтпесiне болайын.
Кемешi келсе,
Қайықшы жолдан шығар.
Ине өткен жерден жiп өтер.
Шақпақ, шақпақты отқа берген
ақымақ.
Бiр кемеге мiнгеннiң жаны бiр.
ұстаздан шәкiрт озар.
Талаптымен таласпа,
Өнер ердiң қанаты.
Ақыл көпке жеткiзер,
өнер көкке жеткiзер.
ұстамен жақын болсаң,
Мүйiз кесерiн аларсың,
Қайықшымен жақын болсаң,
Дауыл күнi кемесiн суға саларсың.
ұрымен жақын болсаң,
ұятқа қаларсың,
Бөрiмен жақын болсаң,
Қораға шабарсың.
Алтынды ерiте бiлмеген iрiтер,
Терiнi илей бiлмеген шiрiтер.
Алтынды ала бiлген,
Бөле де бiледi.
Өнерлiнiң қолы алтын,
Өлеңшiнiң сөзi алтын.
Өнерлi бала сүйкiмдi:
Өнер бiлсең өлмейсiң.
Өнерлiнiң өзегi талмас.
Қалауын тапса қар жанар.
Кедеймiн деп қысылма,
Өнерiң болса қолында
Өнерлiнiң ырысы –
Жарқырап жатар жолында.
Бас тұмақтың үлгiсi.
Жұмыстың көзiн тап,
Қисықтың тезiн тап.
Өтпес пышақ қол кесер.
——
Бiлiктi бiрдi жығар,
Бiлiмдi мыңды жығар.
Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.
Бiлiм таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Күш – бiлiмде.
Қына тасқа бiтедi,
Бiлiм басқа бiтедi.
Көргеннен бiлмегенiң көп.
Бiлгеннен бiлмегенiң көп.
Көрмегенге көсеу таң.
Көргенсiз дегенге ашуланба,
Көрмей бiлмессiң.
Бґрынғыны айтпай,
Соңғы еске түспейдi.
Бiлiмдiге дүние жарық,
Бiлiмсiздiі күнi кәрiп.
Өлiм келсе,
Арыс суын байлар ем.
Бiлiм алып құґрасын,
Еңбек етiп сұрасын.
Адасқанның артындағысы бiледi.
Жаңылғанның жанындағысы бiледi.
өзiң бiр жақсы ғылым болсаң,
Елге мәшқұр мәлiм боларсың.
үйiнде озған, түбiнде озар.
Бiлiм ауысады,
Ырыс жұғысады.
Алғыға қарап пiкiр ет,
Артқыға қарап шүкiр ет.
Бiлгеннен де өтер,
Бiлмегеннен де өтер.
Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.
Туа бiлмейдi, жүре бiлмейдi.
Бiлiмдiден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Қарғыстың ең жаманы:
Өзiң бiлмей, бiлгеннiң тiлiн алма.
Қой асығы демек-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кiшi демек-ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Болат бiз қап түбiнде жатпас.
Көп жасаған бiлмейдi,
Көп көрген бiледi.
Қолдағы бар алтынның қадiрi жоқ.
Айтпас жерде ауызыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.
Ақыл азбайды,
Бiлiм тозбайды.
Екi кеме құйрығын ұстаған.
Суға кетедi.
Екi кеме құйрығын
ұста, жетсе бұйрығың.
Ғалым мен жақын болсаң,
Қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң,
Басың кетер.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кiшiлiктi түйеден үйрен.
Өз бiлмегеннiңдi кiсiден сұра,
Үлкен болмаса кiшiден сұра.
Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.
Бiлгенiң бiр тоғыз,
Бiлмегенiң тоқсан тоғыз.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген естi артық,
Бәйге алмаған жүйрiктен,
Белi жуан бестi артық.
——-
Оқу – бiлiм азығы,
Бiлiм – ырыс қазығы.
Жiгiттiң екi өнерi бар:
Атқанда – жыққан,
ашқанда – оқыған.
Жақындықты ат айырады,
Оқымағанды хат айырады.
Оқу түбi – тоқу.
Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.
Ойна, бiрақ жұмысты да ойла!
Оқығанның бетi жарық,
Оқымағанның бетi көн – шарық.
Оқу – бiлiм бұлағы,
Бiлiм – өмiр шырағы.
Шәр кiтапты оқысаң,
Әр кiтапты оқырсың.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Оқы да бiл,
Ойна да күл.
Тұмсыґтының тамағы,
Шоқу менен табылар,
Өнер-бiлiм дегенiң,
Оқуменен табылар.
Оқусыз бiлiм жоқ, бiлiмсiз күнiң жоқ.