Скачать/Жүктеу
Интернетке қосылған клиент интернет сервистеріне ие болады. Сервистер арнайы серверлермен қамтамасыз етіледі және ақылы, ақысыз болуы мүмкін. Олардың ішінде ең белгілі: WWW, FTP, электронды почта және жаңалықтар.
WWW – World Wіde Web (Дүниежүзілік тор) – бұл дүниежүзілік ақпараттық жүйе, ақпаратты серверлерде түйінделген документтердің жинағы ретіндегі технололиясын пайдаланады. Әрбір документте текстен басқа, график, дыбыс немесе видеобейнелер болады. ақпарат берудің мұндай формасы мультимедийлі деп аталады. Документ Web – беттерден тұрады, олардың әрқайсысы бірнеше тақырыптарды баяндайды. Компьютердің экранында Web – бетті қарай отырып негізгі тексті, бейнелерді және де түрлі боялған тексті, сызылған сөйлемдерді көруге болады. мұндай объектілер гипертекстік нұсқау деп аталады. Және олар нұсқау мазмұнын ашатын басқа документпен байланысуға арналған. Осындай нұсқауды басқару тетігімен шертіп, Web – беттің экранына басқа документтерден, қарастырып жатқан мәліметтерге байланысты документтер шығаруға болады. мұндай тәсілмен пайдаланушы керек аппаратты алады, программаларды көшіріпалады. Бұл үшін интернет және Web – беттерді көру программасы – броузер (ағылшын сөзі browser шолу, байқап қарау), мысалы Іnternet Explorer немесе Netscape Communіcator қажет. Броузер мен Web – сервердің байланысы НТТР хаттамасының көмегімен қамтамасыз етіледі. Хаттамалар туралы төменде айтылады.
ҒТР сервисі – Fіle Transfer Protocol (файлды тапсыру хаттамасы) торапқа түрлі форматтағы файлды тапсыру мүмкіндігін береді. Бұл қор соңғы кезде негізінен кең тараған. Web – серверлері бар көптеген фирмалар кең тарату бағдарламасын қамтамасыз ететін ҒТР серверлеріне қосымша қосты. Мысалы, егер сіз Іnternet Explorer броузерден жаңа хабар алғыңыз келіп, Web – сервердің Mіcrosoft корпорафиясына жүгінсеңіз, сізді қайтадан ҒТР серверіне қайтарып жібереді, ол жерден өзіңізге қажетті программаны көшіріп алуыңызға болады. еске салар нәрсе ол – дистрибутивті программаларды Web – сервер арқылы көшіріп алуға болады. ҒТР – сервердегі тағы да бір қажетті функция ол – жинақтау, сақтау және файлды кең тарату. Осындай сақтау орнына жазылған әр қолданушы өз копьютеріне неше түрлі жолайлы файлдарды жазып, ашуына болады және де арнайы каталог арқылы ҒТР – сервердің нәтижесінде бірге жұмыс істейтін адамының қолдана алатынындай да ете алады. Файлды өз компьютеріне көшіру процессі тиеу downloadіng деп аталады (загруска). Көп жағдайда скачивание деп те атайды. Өз компьютеріңдегі файлды басқа компьютерге аудару, түсіру (выгрузка) uploaіng деп аталады. ҒТР – сервердің жоғарғы жылдамдығы және файлдың көлемінің мөлшерленбеуінің нәтижесінде бұл сервис өте танымал болып келеді.
ҒТР сервисіне кіру үшін арнайы клиент программа керек. Егер сізге тек периодты көшіру керек болса, онда бұл жағдайда тек браузер ғана қажет, мысалы, Іnternet Explorer немесе Netscape Communіcator. Ал егер сізге FTP сервермен үнемі жұмыс істеу керек болса, онда сізге арнайы клиенттік программаны қолданған жөн, мысалы, Cute ҒТР немесе Ws — ҒТР 32. Интернет торабының корреспонденциясын жіберуде де қолданылады. Бұны электронды почта (E — maіl) деп атайды. Электронды почта арқылы тақырып, сурет, фотосурет, дыбысты жазылуды жіберуге болады. Корреспонденция арнайы почта-серверлерде жиналады және сақталады. Әр абонент торабының өз «почталы жәшігі» болады. бұл арқылы әр қолданушы әр почталы жәшіктің арасында өзіне қолайлы уақытта корреспонденция ала алады немесе жібере алады. Корреспонденция керекті адресті дұрыс табу үшін, әр компьютерде электронды почта адресі болады, мысалы user@fіrma.ru. Егер жұмыс орында осы торапта бірнеше қолданушы қолданса, онда әр адрес қайсысы ауысып кетпеу ішін өз жеке адресі E – maіl болады, мысалы @ символының алдына іnfo @ fіrma.ru. электронды почтамен жұмыс істеу үшін оған арнайы почталы программа немесе почталы клиент болу керек. Олардың ішіндегі ең танымалы – Outlook Express, TheBat, Eudora, Pegasus.
Интернет сервисінің тағы бір түрі – телеконференциялар (usenet) немесе жаңалықтар, ол бойынша торап абоненттерінің әртүрлі сұрақтар талқыланатын топтық дискуссияларға қатысуына мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта торапта осындай топ немесе телеконференциялардың он мыңнан аса түрі бар. Оларға қатысатындар әртүрлі тақырыптарды – тағам жасаудан бастап НЛО — ға дейін талқыланады. Телеконференциялардың ұйымы почталық хабар алмасуға сырттай ұқсайды, бірақ оның айырмашылықтары бар. Бұл жерде хабар нақты пайдаланушыға жіберілмейді, ол дискуссиялық топ – телеконференцияларға жіберіліп, қатысамын деген адамға ашық болады. Телеконференция хабарламаларының торапта таралуын арнайы жаңалықтар сервері орындайды. Ол NNTP – Net News Transport Protocol (тораптық жаңалықтардың транспорттық хаттамасы) деп аталады.
Сервер жаңалықтарының біреуіне қосылып, ол жердегі топтар мен телеконференциялардың тізімін алуға болады. Өзіңізді қызықтырған тақырып бойынша сол топқа немесе автордың өзіне өз пікіріңізді жіберуіңізге болады.
Сервер жаңалықтарымен жұмысты телеконференцияларды оқуға арналған программалар, мысалы Іnternet News қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Outlook Express почталық программасында да осындай мүмкіндіктер бар.