Скачать/Жүктеу
Интернет сөзі Бүкіләлемдік компьтерлік желі дегенді білдіреді. Қазіргі уақытта Интернет бірнеше қызметтерді атқарады: электрондық пошта, WWW (бүкіләлемдік өрмек), IRC ( Internet Relay Chat – нақты уақыт режимінде бірнеше адамдардың тікелей бір – бірімен араласуы), IRG (берілген моментте Интернетке қосылған адамның желідегі IR адресін іздеуге арналған қызмет), файлдарлы тасымалдау қызметі (FTP), телеконференция қызметі (USENT).
Интернетке жұмыс жасау үшін мыналар қажет:
© Бүкіләлемдік желі түйіндерінің біреуіне компьютерді қосу;
© IP адресті алу;
© Интернет қызметінің қолдануға болатын программа – клиент қызметінің программалық қамтамасыздандыруын құру және қайтадан күйге келтіру.
Өз түйіндеріне қосуға мүмкіндік беретін және IP – адресін белгілейтін мекемелер Интернет қызметін тасымалдаушылар (сервис — провайдер) деп аталады. Интернетке қосылу белгіленген немесе коммутативті болуы мүмкін. Белгіленген қосылу жаңа немесе дайын физикалық сызықтарының (кабельдік, радиоканал, спутниктік канал) орнын анықтайды. Оны көп көлемді берілгендерді тасымалдауды қажет ететін мекемелер және кәсіпорындар қолданады. Коммутативті біріктіру уақытша болады, арнайы байланыс сызығын қажет етпейді және телефон желісі арқылы жүргізілуі мүмкін. Коммутацияны телефон номерін теру кезіндегі сигнал бойынша АТС орындайды. Интернетке телефон желісі арқылы қосылу үшін ақпараттарды цифрлық түрге алмастыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы — модем керек.
Модемдер сыртқы және ішкі болып екіге болінеді. Бүгінде Интернет білім алудың әртүрлі салаларында әржақты ақпараттардың түпнұсқасы ретінде қолданылады. Құжаттарды беруді басқаратын Интернет қызметін World Wide Web деп атайды. WWW құжаттары Интернетке тұрақты түрде қосылатын компьютерлерде - Web — серверлерде сақталады. Web – серверлерде бөлек құжат емес, өзара байланысқан құжаттардың тобы орналасады. Мұндай топ Web – түйінді (Web- сайт) береді. Дайын материалдардың Web- сайтта орналасуы Web – басылым немесе Web – публикация деп атайды. WWW – дағы жеке құжат Web – парақ деп аталады. Бұл текстен, графикалық иллюстрациялардан мультимедиялық обьектілерден тұратын құжаттардың жиынтығы. Web – парақты құру үшін HTML ( Hypertext Markup language – гипертексті бөлу тілі) тілі қолданылады, яғни құжатқа қойылатын тегтердің көмегімен құжаттың логикалық құрылысын сипаттайды, құжатты форматтауды және обьектілерді қоюды басқарады. WWW айырмашылығынан ерекшеліктері тақырыбы бойынша байланысты, адресі анық түрде көрсетілмеген бір құжаттан басқа құжатқа ауысу жабдығының бар болуы болып табылады . Құжаттар арасындағы байланыс гипертекстік сілтеменің көмегімен жүргізіледі. Гиперсілтеме – бұл басқа да Web – құжаттың адресін ассосациялайтын құжаттың белгіленген фрагменті (текст немесе иллюстрация).
Гиперсілтемені қолдану WWW боынша нақты бір беттердің адресін қолданбай тақырыбы бойынша табуды ұйымдастырады. Интернеттегі құжаттар электрондық формада бейнелеуге арналған. Нақты компьтерде құжатты форматтау және бейнелеу броузер деп аталатын арнайы программаның көмегімен жүргізіледі. Интернет жағынан WWW қызметінің жұмысын серверлік программалық жабдық – Web – серверлер қамтамасыз етеді. Клиент жағынан жұмыс клиент программалары Web – броузерлермен қамтамасыз етіледі. Ең көп қолданылатын броузерлер — Internet Explorer, Netscape Navigator және Opera. Броузерлердің қасиеттері программадан Сервис-Настройка командасымен және Басқару панелі арқылы орындалады.
Интернеттің үш функциясы бар: коммуникациялық, ақпараттық және басқаратын WWW - ақпараттыққа жатады. Іздеу жүйесі арнайы Web түйіндерден тұрады . Қолданушы іздеу жүйесіне іздеуге қажетті Web-парақ туралы берілгендерді хабарлайды, ал іздеу жүйесі сәйкес сұраныс бойынша бетке гиперсілтемелердің тізімін шығарады. Іздеу жүйесінің негізінде жұмыс жасайтын бірнеше модельдер бар, бірақ та іздеу көрсеткіштері мен іздеу каталогтарының орны ерекше зор .Іздеу каталогтары кітапханадағы тақырыптың каталогтар принципі тәрізді құрылған. Каталогқа назар аудара отырып, біз оның негізгі бетінде қысқартылған ең ірі тақырыптың, категориялардың тізімін көреміз. Бұл категория тізіміндегі әрбір жазба –бұл гиперсілтеме. Оған басу берілген тақырып бойынша толықтай іздеу каталогының ақпарат беретін келесі бетін ашады . Тақырыпқа басуды жалғастыра отырып нақты Web парақ тізіміне жетуге дейін болады. Іздеу көрсеткішінің іздеу каталогынан айырмашылығы Web түйіндерді кең көлемде қамтиды және кілттік сөз бойынша іздейді.