World Wіde Web құрылымы


Скачать/Жүктеу

WWW  дүниежүзілік тармақталған торабы – бұл Іnternet-тің ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі.  World Wіde Web —  Іnternet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіgator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар  Іnternet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. ”Гипермәтін” мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың

” HTML”  (Hyper Text Markup Language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне  ”сілтеу” бойынша көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар, үшөлшемді нақты бейнелер т.б. орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wіde Web-тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW  торабындағы кез-келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады. Бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.    

World Wіde Web (WWW немесе  Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметер мен олардың бір-бірімен байланысын  ақпараттық “өрмек” деп айтса да болады.

Web-тің әр бетінің басға парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілер бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір топтық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүнинің кез-келген бұрышында орналаса алады. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызға орналасады. Мұнда қашықтағы — қымбат, жақындағы -  арзан деген ұғым жоқ. Олардың бағасы тек мәліметтең көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Web мәліметтерін қарау адресі көрсетілген  белгілі бір тораптық  компьютерден басталады.

Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе  мазмұны тәрізді. Әрбір беттің URL (Unіversal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу ”көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы