Скачать/Жүктеу
IP-телефония ретінде қолданыла алатын көптеген алуан түрлі бағдарламалар бар. IP-телефония Internet арқылы дауысты жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бұл бағдарламалар ішіндегі ең танымалы Skype (http://www.skype.com.) болып табылады. Skype бағдарламасын орнату компьютер жөнінде қандайда бір артық білімдерді талап етпейді және ең көбі бір минут уақыт алады. Бағдарлама жақсы дыбыс сапасын қамтамасыз етеді. Оның үстіне, Skype мүлде тегін: өздеріне Skype орнатып алған абоненттермен қалағаныңызша сөйлесе беруге болады. Skype бағдарламасын пайдалану алу үшін компьютер мынадай ең аз жүйелік талаптарға сай болуы тиіс:
· Windows 2000 немесе XP амалдық жүйесі;
· 400 MHz процессор;
· 128 MB оперативті жады;
· дискіде 15 MB бос орын;
· дыбыстауыш, құлаққап + микрофон (гарнитура);
· 33.6 Kb/s-тан төмен емес жылдамдықты Internet қосылысы.
Веб-камера бар болса, Skype бағдарламасын бейнеқоңыраулар үшін пайдалануға болады. Skype бағдарламасындағы бейнебайланыс жетесі әңгімеле-сушілерге бір-бірін көріп отыруға мүмкіндік береді. Skype бағдарламасының танымалдығы және оның Internet шектерінен шығуы бағдарламамен жұмыс істеуді барынша қарапайым етуге бағытталған құрылғылардың пайда болуына алып келді.
Қазірдің өзінде арнайы бейімдеуіштер көмегімен Skype терминалы ретінде кәдімгі қалалық телефонды пайдалануға немесе кіретін қоңырауларды ұялы телефонға қабылдап алуға болады Skype бағдарла-масымен сәйкестендірілетін DECT-телефон да пайда болды. Қарапайым да арзан шешім – неғұрлым ыңғайлырақ болуы үшін USB-портқа арнайы IP-телефонды қосуға болады.
Skype желісіне қосылу үшін мына әрекеттерді орындау керек. Сіздің компьютеріңізге Skype орнатылғаннан кейін жұмыс үстелінде бағдарламаның белгішесі пайда болады.