Желілік бағдарламалық жасақтама


Скачать/Жүктеу

Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен мәлімет алмасу үшін арнайы бағдарламалық құралдар қажет.

Негізінде базалық желілік бағдарламалық құралдар операциялық жүйелер құрамына кіреді немесе операциялық жүйе сәйкес бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін. Желілік қамтылған операциялық жүйеге Windows XP мысалға келтіруге болады.

Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады:

-  Егер компьютер ақпараттар мен сервистерді желідегі басқа компьютерлерден алатын болса, онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды.

-   Егер компьютер өзінің ақпараттары мен сервистерін желідегі басқа компьютер-лерге берсе, онда ол компьютер сервер деп аталады.

Сервер түрлі сервистарды ұсынады, соның ішінде ең көп тарағандары төмендегілер:

-  Файлдарды сақтау және беру (файлдық сервер);

-  Принтерге жіберу (баспаға шығару сервері);

-  Факстік хаттарды алу және жіберу (факс-сервер);

-  Электрондық пошта хаттарын алу, сақтау және тасымалдау (пошталық сервер);

-  Сайттарды орналастыру (Web-сервер).

Сервер ұсынған сервистер қызмет (служба) деп аталады. Бір серверде бірнеше қызмет атқарыла алады.

Серверден қажетті сервисті алу үшін серверлік операциялық жүйе құрамындағы қатысты бағдарламаны іске қосу қажет.

Сервер қызметтерімен жұмыс жасау үшін жұмыс станцияларынан клиент деп аталатын бағдарламаны іске қосу керек.

Клиенттік компьютерлерді және қызметтерді ұсынатын серверлері бар жергілікті желілер «клиент-сервер» технологиясы бойынша құрастырылған желілер деп аталады. Егер компьютерлер бірдей құқылы болса, онда бұл функцияның осы желінің барлық компьютерлерімен бірігу мүмкіндігі бар. Бірдей құқылы дербес компьютерден тұратын жергілікті желі бір рангті желі деп аталады.

Windows XP желілік операциялық жүйесі

Желілік мүмкіндіктер Windows XP операциялық жүйесінің құрамына енгізілген, тек баптауды және активтендіруді қажет етеді.

Егер компьютерде қандай да бір қызметтер активті болса, онда оларға желінің басқа компьютерлерінен кіру мүмкіндігін алуға болады.

Операциялық жүйеге файлдарға ену қызметі және баспаға шығару қызметі орнатылған.

Файлдық қызмет

Файлдық қызметтің міндетіне басқа дербес компьютерге оқу, өзгерту және жаңа файлдар құру мүмкіндігін қамтамасыз ету жатады. Бір файлмен көп қолданушы жұмыс жасаған жағдайда, олар бір-біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға файлды тек оқуға, яғни өзгертуге рұқсат берілмейді. Осыған орай файлдық қызмет ену құқығын шектейтін механизмді ұсынады.

Windows XP-де клиенттерге саны шектелмеген кез-келген қаптамаларға (каталогтар) ену мүмкіндігін ұсынуға болады. Сонымен қатар әрбір қаптама бірегей атқа ие және ол ресурс деп аталады.

Әрбір ресурсқа ену режимі анықталған:

· Тек оқу – ақпаратты оқуға болады, бірақ оны өзгертуге болмайды;

·  Толық еркін ену мүмкіндігі – ақпаратты оқуға да, өзгертуге де болады;

·   Парольмен ену мүмкіндігі – берілген ресурспен жұмыс жасау үшін парольді білу қажет.

Баспаға шығару қызметі

Кей жағдайда барлық компьютерлерді жеке принтерлермен қамтамасыз ету қиындыққа түседі. Ондайда желіден арнайы бір компьютер принтерге қосылып, ол желідегі қалған клиенттердің барлық құжаттарын баспаға шығаруды қамтамасыз етеді.

Баспаға шығару клиенті мен сервері Windows операциялық жүйесінде қамтылған және баптауды қажет етеді. Ол үшін сервердегі принтерге ортақ ену мүмкіндігін орнату керек:

·  Пуск менюіндегі Принтеры  и факсы командасын таңдау;

·  Қажетті принтер түрін таңдау;

· Файл менюінен Ортақ ену (Общий доступ) пунктін таңдау және Берілген принтерге ортақ ену мүмкіндігі (Общий доступ к данному принтеру) командасының алдына белгі қою.

Барлық клиенттік компьютерлерде осы принтерге ену үшін оны желілік пронтер түрінде орнату керек. Бұл қарапайым принтерді орнату әдісімен орындалады, тек баптау барысында сәйкес Шебер терезесінде Желілік принтер (Сетевой принтер) батырмасын белгілеу қажет.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы