Скачать/Жүктеу
Бүгінгі таңда интернетте ондаған миллион тораптар жұмыс атқарады. Алайда интернетте тораптар қорларының біркелкілік жүйелілігі жоқ. Сондықтан да мұндай мәліметтер кеңістігінде бағыт сілтеу қиынға соғады. Әсіресе керекті мәліметтің компьютердегі электрондық мекен-жайы белгісіз болған жағдайда қиын. Тәжірибе жүзінде интернеттегі барлық тораптар бір-бірімен байланысты, сондықтан да теоретикалық тұрғыдан керекті тораптар табуға мүмкіндік бар, мұның өзін сілтеу көмегімен саяхат жасай жүріп жүзеге асыруға болады. Дегенімен, мұндай іздестіру жұмыстарына бүкіл өмірің де жетпейді.
Қажетті ақпаратты іздестіру үшін, қазіргі заманғы іздестіру машиналарын пайдаланған дұрыс. Өйткені, олар іздестру барысында қажетті ақпараттарды тез, әрі дәл және толық табуға мүмкіндік береді. Әдетте бұл машиналармен жұмыс істеу кезінде белгілі сөзді қолданған дұрыс. Бұл сөз ізделіп отырған ақпараттарды дәлірек бейнелеп көрсетеді немесе іздестіру облысында қиын сөздерді нақтылау үшін белгілі сөзді қолданады. Сұрастырудан кейін іздестіру үшін сіз, интернеттен құжаттарды сілтеу тізімін аласыз. Бұл құжаттарда құпия, белгілі сөздер сақталынған. Ереже бойынша құжаттан табылған текст үзінділерінен сілтеме толықтырылады. Бұл толықтырулар табылған беттер тематикасын тез арада белгілеу үшін жиі-жиі көмек береді. Сілтемеде тышқанды шертіп жіберу, таңдап алынған құжатқа көше беруге болады. Кейде қорытындылар барысында іздестіру машиналары құжаттарға миллиондаған сілтемелерді қайта қайтарып жіберіп жатады. Қажетті құжаттарға доступты жеделдету үшін көптеген машиналар іздестіру нәтижесінде сұрастыру мен сәйкес болуы үшін тізім басындағы беттерде сілтемелер орналасуы қажет. Мысалы, ең басында сілтемелер құжаттарға әсер етуі мүмкін. Өйткені, оларда белгілі сөздер жиі кездеседі немесе олар бір-бірімен жақын орналасса, немесе ең бірінші беттен басталатын болғандықтан бір-бірімен жиі әсерлеседі. Қазіргі кезеңдегі бүкіл әлемдік тор құжаттарында көмекші ақпарат араласып жүреді. Мұның өзі берілген беттерге түсіндірме жасайды. Берілген ақпараттар табылған сілтемелердің орналасуына да өз әсерін тигізуі мүмкін.
Ақпараттарды іздестіру кезінде машина интернеттің ақпараттық қорларына айналмайды. Іздестіру машиналарының қорларында құжаттарға сілтемені күнделікті тілде тәжірибе түрінде сақталынады. Іздестіру машиналарының арнайы бағдарламалары өз ақпарат қоймаларын күнделікті толықтырып отырады. Мұның өзі интернет қорларының өзгергенін, кеңейгенін білдіріп тұрады. Ақпараттар қоймасын толықтыру кезінде сілтемелер көмегімен бәрін танымал бағдарламалар беттерінің тораптары бүкіл әлемдік тораптар құжаттарын тексеріп шығады. Келесі бір тәсіл машиналар қоймасының толықтырылуы қызығушы тұлғалардың жаңа құжаттарға сілтемелердің қосылуы арқаылы көмек береді.
Интернеттің ақпараттық толығуының соншалықты өскендігі көп, тіпті іздестіру машиналары өздерінің мәліметтер қоймасын толтыруға үлгермей де қалып жатты.
Қазіргі таңда неғұрлым толықтырылған қоймалар интернеттің барлық мәліметерінің не бары жиырма пайызын қабылдай алмай жатыр. Іздестіру нәтижелерін жоғарлату үшін бірнеше машиналарды пайдаланған дұрыс.
Іnternet-тің қызмет баптары
Іnternet-тің қызмет баптары – WWW (World Wіde Web) деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни торап, оны WWW немесе Web деп те айта береді. Электрондық почта (E-maіl), Іnternet News (Usenet) – Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP, Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet Relay Chart (ІRC), Telnet т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары – алғашқы үшеуі.
Іnternet торабы — өзара байланыс арналары мен біріктірілген ірі тораптар жиынтығы. Әрбір торап UNІX операциялық жүйесімен жұмыс істейтін бір немесе бірнеше компьютер сервері.
World Wіde Web
Бүгінгі таңда интернеттің барлық сервиздерінің арасында лидерлік орынды World Wіde Web алып отыр, (оны кейде WWW,
W3, Web — бүкіл әлемдік тор деп те атайды) – ауқымды тармақты жүйе, бұл Web – серверлерді немесе Web – торабын (Web Sіte) біріктіреді.
Web – тораптарда сақталынған құжаттарды Web – беттер деп атайды. Қазіргі таңда олар интернеттегі ақпарат қорларының негізгі және біршама жаралған түрі болып саналады.
Web – беттердегі ақпарат гипертекст түрінде ұйымдастырылған. Сіз бұл не нәрсе деп сұраңыз? Пәндік көрсеткіш ретінде қарапайым кітапты мысалға алайық. Оны гипертекст құжаттарының оңайлату ұқсастығы деп есептеуге болады. Қандай бір термин кітаптың қай жерінде анықталып айтылатындығын білу үшін біз пәндік көрсеткіштен аламыз. Содан кейін кітаптан керекті беттерді қарастырамыз. Ал олардан қажетті текст табамыз. Мұның барлығы, қайткенімен де біршама адамды жалықтырып жібереді. Ал енді сіз электрлі кітапты елестеңіз, онда белгілі бір сөздер белгіленген, мысалы, түспен немесе сызықпен делік. Бұл сөзге тышқанмен көрсетсек, біз тез арада кітапқа кіреміз, оның ішінде берілген сұрақтар бойынша толықтырылған ақпарат сақталынады. Мұндай кітап өз алдына гипертекст құжатты келтіреді. Сілтемелерді бұл жағдайда гипертексттік байланыстар (hypertext lіnks) немесе гиперсілтемелер деп аталынады.
Арнайы программаның броузер көмегімен Web – беттерінің гиперсілтемелер ішіндегі қорап толып шыға отырып, пайдаланушы Web – торабының мәліметерін біріншіден екіншіге басқа көлемде шығып қана қоймай, сонымен бірге басқа орындарға да ауысады да жүзеге аса алады. Web – беттері интернетпен өзара байланысты. Сондықтан ақпаратты пайдалануға беру тәсілі World Wіde Web (Дүниежүзілік тор) деген атауға ие болды. Гипертекст түрінде ақпаратқа пайдалануға берген қолданылатын тіл HTML (Hyper Text Markup Language).
Web – бетінде гиперсілтемелермен бірге текстердің басқа видеолық, дыбыстық, графикалық түрдегі ақпаратты ұстай алады. Мұндай ақпаратты Web – бетіне енгізу үшін HTML тілінің функциясын кеңейту қажет. Бұл басқа тілдің және жаңа пайда болуына хабар әкелді. Сізге мынадай тілдер бірнеше рет кезігуі мүмкін: XML (Extensіble Markup Language), XSL (Extensіble Style Language) және 3DML (Three – Dіmensіonal Markup Language). Гипермәтіндік құжаттар тапсыру үшін HTTP (Hyper Text Trasfer Protocol – гипермәтіннің тапсыру хаттамасы) деп аталған хаттама өңделген болатын.