Скачать/Жүктеу
E-maіl немесе электрондық почта – нақты абоненттерге торап арқылы хабарлар жіберу жолымен мәлімет алмасу тәісілі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады. Мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады.
Электрондық почтаның белгілі бір адресін анықтау. Мәлімет алушылардан олардың адресін сұрап алу керек. Әйтпесе хабарлама алғанда оның ”Кімнен:” (“ОТ:” (from:)) деген адрес өрісін қарау қажет. Электрондық почтаның адрестері Web парақтарында жиі көрсетіледі. Оған қоса, Іnternet Explorer программасының “People on the Web” деген каталогын пайдалануға да болады.
Электрондық почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма? Иә, болады. Өйткені соңыңызға түскендей тәсілмен мәлімет ұсынудан, мағынасыз үстіне-үсті қайталанып келе беретін хабарламалардан, нақты адрестерден деп келген өтірік мәліметтерден қашық болған дұрыс. Торап арқылы мәліметтермен вирустар ілесіп келуі мүмкін.