Скачать/Жүктеу
Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері бірыңғай алқап болып беріледі, бұған жекелеген жер учаскелері мен ауыл шаруашылық алқаптары топырақ сапасы бойынша құндылығы жағынан салғастыруға келмейтін (азық дайындау шектеулі болатын, мал жайылымдарын пайдаланудың маусымдылығы айқын білінетін суармалы жер аймағындағы) және тегін жер пайдалануға уақытша берілетін жерлер қосылмайды.
- Шаруа (фермер) қожалығына берілетін жер учаскесі, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, оның мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында болады. Мүліктің тиесілі бөлігі (салымы, үлесі, жарнапұлы) ақшалай өтеледі. Төлеу мен өтемақы жасау тәртібі, мерзімі қожалықтың барлық мүшелерінің өзара уағдаласуы бойынша белгіленеді.
- Тұрақты жер пайдалану құқығына ие шаруа (фермер) қожалығы осы құқыққа: сатуға, сыйға тартуға, қайталама жер пайдалануға тапсыруға, айырбастауға, басқа нысандарда өзгеге беруге, кепілге тапсыруға, мұраға қалдыруға, сондай-ақ осы құқыққа қатысты азаматтық және жер туралы заңдарда тыйым салынбаған өзге де мәмілелерді жасауға мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатынсыз иелік ете алады.
- Тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) мүлкінің құрамына кіреді, онымен ол өз міндеттемелері бойынша жауап береді.