Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары


Скачать/Жүктеу

Жоспар

Кіріспе

І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
1.2 Шетелдік-тәжірбені туризм саласындағы маркетингте қолдану

ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Қазақстанның мәдени — тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми — әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік — экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа
бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, «әдемі» де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу, туризм рыногы мен маркетингтік қызметтің қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайын қарастыру мен Қазақстан туризм саласының даму жолына және оның маркетингпен байланысына қатысты ғылыми көзқарас қалыптастыру. Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық талдау әдістері қолданылды.
Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған. мәселелер, ҚР туристік рыногын зерттеу, оның зерттеу қарқынын анықтау, туристік саланың дамуындағы маркетингтің ролін айқындап, қазіргі жай күйі мен даму болашағын қарастыру.
Зерттеу пәні — туризм саласындағы маркетинг.
Зерртеу объектісі — ҚР туризм рыногы және оның дамуындағы маркетинггік қызметтің атқаратын ролі.
Ғылыми жұмыстың тоериялық және методологиялық негізі осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары және интернет жүйесі болып табылады.
Аталган тақырыпта жүргізілген зерттеу жұмысының жаңалығы. ҚР туризм саласындағы маркетингтің дамуын қазақстандық туристік өнімін халықаралық рынокқа үсыну түрғысынан зерттеу жүргізу.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік мацызы. Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет,
Зерттеу жүмысына байланысты ғылыми жариялымдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және бизнес факультетінің жас ғалымдар мен студенттерінің 58-ші және 59-шы ғыльши-теоретикалық конференциясының материалдарында жарыққа шықты.
Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

І-ТАРАУ. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдiк тәжiрбесi
1.1 Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері

Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.
Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ принциптеріне келесілер жатады:
• Не өткізе аламыз, соны өндіру;
• Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;
• Тиімділік пен пайдалылық принципі;
• Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.
Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.
Қызметтер маркетингінің негізгі міндеті — рынокқа жаңа қызметтерді жылжыту мен ескірген қызметтерді есепке ала отырып, қызметтерді өткізу және өндіру бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бүл міндеттің шешімі келесі маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады:
• Қызметтер рыногын зерттеу және зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;
• Қызметтерге деген тұгынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын анықтау;
• Қызметтерді өткізу және өндірісті жоспарлау;
• Баға саясатын жасау;
• Қызметтер саласындағы кәсiпорынның имиджiн қалыптастыру
Әр түрлі қызметтер түрлерінiң көбіне қарамастан оларды тауардан ерекшелендіретін төрт сипаттамасы бар. Олар: қолға үстап көруге болмайды (материалдық емес сипаты); біртұтастық, яғни өндіріс пен қызметті тұтынудың біртұтастығы; сапалық тұрақсыздығы (сапа бірқалыпты болмайды жэне өзгеріп тұрады); қызметтерді сақтауға, тасымалдауға болмайды.
Қызметтер жоғарыдағы көрсетуі бойынша қызметті өндіруші өзінің маркетингтік қызметінде жетістікке жетудің кілті болып табылатын қызмет және оның түрлері арасындағы бірнеше тәуелділікті ескеруге және анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы қызметтер маркетингінің маңызы қызметтер рыногының ерекшеліктері мен қызметтердің сипаттамаларына негізделеді. Қызметтер рыногының ерекшеліктері екі айрықша аспектіден тұрады: 1) қызмет көрсетілмей тұрып болмайды; 2) көптеген жағдайларда қызметтерді көрсету өндірушінің арнайы білімі мен іскерлігін талап етеді.
Қызмет маркетингінде басты орынды маркетинг кешенін құруға береді. Тауарлық саясатты құруда қызметтер — тауарының 4 деңгейін бөліп қарастырамыз:
1. қызмет — негізгі өнім, яғни тұтынушылардың проблемаларын шешетін әр түрлі қызметтер жиынтығы;
2. қызметтер — қосымша тауарлар, яғни тұтынушыларға негізгi өнімді
қолдану үшін тұтынушыларға қажетті қызметтер;
3. қызметтер — бірге жүретін тауарлар, яғни негізгі тауарларды қолдайды;
4. жалпы айтқанда қызмет тауар ретінде негізгі, қосымша және бірге
жүретін тауарлар.
Жаңа қызметті жасау үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:
1. идеяны сүзіп алу.
2. идеяны таңдау.
3. жаңа қызмет тұжырымдамасын жасау және оны тексеру
4. маркетинг стратегиясын құру
5. бизнес-талдау
6. қызметті жасау
7. сынақ маркетингі
8. коммерциализация
Қызметтерді жобалауда өндірушілер келесі факторларды ескеруі қажет:
• негізінен қызмет көрсететін кәсіпорынның орналасуы тұтынушылардың
орналасуына байланысты анықталады;
• клиенттердің қажеттілігі мен қалауы әдетте тиімділікті ойлаудан бұрын
болуы мүмкін;
• жұмысты календарлық жоспарлау негізінен тұтынушыға байланысты;
• қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындыққа соқтырады;
• жұмысшылар тұтынушылармен тіл табыса алуы керек;
• өндірістік күштер әдетте тұтынушылардың жоғары сұранысы арқылы
есептеледі;
• жұмысшылардың еңбек тиімділігін өлшеу қиын, өйткені төменгі өнімділік
қызметкерлердің жаман жұмысы салдарынан емес, тұтынушылық
сұраныстың болмауынан болуы мүмкін,
• қызмет көрсету аясында істейтін кәсіпорындар бірдей болмайды
(авиакомпниялардан басқасы);
• кейде қызметтер аясында маркетинг пен өндірісті бөлу қиындыққа
соқтырады.
Осы факторлардың арасындағы ең негізгісі қызмет көрсету орнының тұтынушыларға максималды жақын болуы. Қызметтерді жобалауда осы факторларды ескерсе кәсіпорынның қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді.
Рынокқа шығарылған кез- келген қызмет біртіндеп өзінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, рыноктан шығады. Қызметтердің рынокта болу кезеңі қызметтердің өміршеңдік кезеңі деп аталады. өміршеңдік кезеңінің сараланған деңгейіне және талдау толықтығына байланысты оны 4,5 немесе 6 фазаға бөледі. Қызметтің өміршеңдік циклы құрылу, ену, өсу, кемеліне жету, толықтыру және құлдырау фазаларынан тұрады. Құрылу фазасында өндіруші ізденеді, рынокта бұрыннан бар қызметтерден артықшылығы ерекше бір тұтынушыға құндылығы бар жаңа қызметті рынокқа енгізуге дайындалу. Ал енгiзу фазасында осы қызмет туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жарнамалық кампаниялар қолданылады. Өсу фазасында жарнама мен үгіттеу, өтімді ынталандыру акцияларын жүргізу маңызды. Кемелдену фазасында бәсеке күшейеді. Бұл күресте жеңу үшін тұтынушыларға жеңілдіктер жасау, оларды марапаттау және т.б. қолдану орынды. Толықтыру фазасында бәсеке күрделіленгенде маркетингтік шығындары көбейеді, біл өз кезегінде маркетингтік шығындар құрылымында жарнамалардың үлес салмағын көбейтеді. Жарнама көбейіп кеткенде, қызметтерді өткізу көлемі құлдырау фазасына тән пайда бірден төмендеп кетеді. Мұндайда өндіруші келесі шешімдердің біреуін қабылдауға тура келеді:
• қызметті өндіруді доғарып, рынотан кету;
• қызметіне жаңа сипат беріп, рынокқа қайта шығу;
• қызметін басқа рынокта көрсету (1 кесте).

1кесте — Қызметтердің өміршеңдік циклының фазаларына сипаттама
Енгізу Өсу Кемеліне жету Құлдырау
Сұраныс Төменгі деңгейде Жоғарғы қарқынмен өседі Тұрақтанады, төмендеу байқала бастайды Бірден төмендейді
Бәсеке Фирма-монополист Алғашқы бәсекелестер пайда бола бастайды. Бәсеке әлсіз. Күшті және «бағалық күрес» түрінде болады Бәсекелестік күрестерден шығу жолдарын іздестіре бастайды
Маркетинг стратегиясы Дифференциация Дифференциация және төмен шығындар Төмен шығындар Дифферециация
Баға стратегиясы «қаймақты сүзіп алу» саясаты «қаймақты сүзіп алу» саясаты және т.б. бағалық саясат түрлері Жеңілдіктердің икемді жүйесі қолданылады «шығын жетекшісі» саясаты
Пайда Болмайды Өседі Тұрақталады немесе төмендеу байқалады Төмендейді
Өткізу Әлсіз Өсу Тұрақталады Қысқарады
Жарнама ақпараттық Агрессивті Жалпы және интенсивті Ақпараттық

Кейбір ғалымдар бір уақытта рынокта келесі қызметтер тобы болуы керек деген: негізгі — өсу кезеңіндегі және кәсіпорынның негізгі пайда табатын қызметтері, қолдаушы — кемеліне жету кезеңінде сатудан түскен пайданы тұрақтандыратын қызметтер; стратегиялық — кәсіпорынның болашақ пайдасын қамтамасыз ететін қызметтер, тактикалық — өсу және кемеліне жету кезеңінде болатын негізгі тауар топтарын сатуды ынталандыратын қызметтер, Маркетинг саласындағы италияндык ғалым А. Фалио өнім ассортиментінің тиімді қатынасы фирма шығаратын барлық тауардың өсу кезеңінде — 15-25%, кемеліне жету — 50-60%, құлдырау — 30%, енгізу — 5 — 10%, болса, онда өнім сұрыптамасының қатынасы оңтайлы деп санайды.
Фирмалардың сұрыптамалық саясатында рыноктан кететін, құрылып жатқан қызметтер мен өнімдер топтары ескерілуі қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, тауарлар мен қызметтердің негізгі тобын 73-85% рынокта айналыста бар тауарлар мен қызметтер құрайды.
Алғаш рет туризмде маркетинг терминологиясын, принципін, концепциясын қолдануды 1971 жылы Криппендорф ұсынған. Бұрынғы әдебиеттерде туризм қызметінің феномендері және анықтамалары сипатталады. Туризм 1950 жылдан бастап тез дамып келеді. Бұл кезеңде, сатушылар рыногын жасау үшін, туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе қолжетімділік мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған, және бұл жағдай рынокқа бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін қолайсыз болды.
Туризм индустриясы көптеген шағын және орташа кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кездегі маркетингтік құралдарды қолданатын не «ноу-хауы», не тәжірибесі жоқ және осы жұмыстарды атқаруға адам жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жоспарсыз жарнама, өткізуді және рынокты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап жатады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді.
Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді, яғни бәсекеклік күресте жетістікті қаматамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды.
Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.
Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:
• Рынокты зерттеу және болжау;
• Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;
• Тиімді баға саясатын анықтау;
• Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;
• Маркетинг жоспарын өңдеу.
Туристік маркетинг дегеніміз — ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі.
Туристік маркетингтің негізгі қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.
Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:
• Рыноктық сұранысты анықтау;
• Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;
• Өндірістің құрылымын анықтау;
• Тиімді шешімдерді қабылдау;
• Өткізу саясатын жасау.
Кейбір авторлар туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді. Мысалы, швейцариялық маман Е. Крипендорф: «Туристік маркетинг-туристік кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халақаралық жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі түрде өзгерту және координациялау. Мұндай өзгертулердің мақсаты — тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін неғүрлым толығырақ қанағатандару».
Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік маркетинг осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын қызметтерден тұруы керек. Осыған орай туризмдегі маркетингтің ойға сиятын және негізделген анықтамасы келесі деп айтуға болады.
Туристік маркетинг дегеніміз — ұсынылатын қызметтерді, нарықтағы сұранысы бар және оны фирма осы қызметті өндіре отырып, өзіне пайда алатын және бәсекелестерден тиімдірек жасайтын қызметтермен үздіксіз ұқсату жүйесі.
Туристік өнім деп, туристік саяхат кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет, қызметтер мен заттар жиынтығын айтамыз. Туристік өнім үш элементтен тұрады: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар.

1 сурет — Туристік өнімнің қүрылымы
Туристтердің туристік өнімнің әрбір элементі бойынша шығындарының қүрылымы: тур — 50%; қосымша қызметтер — 30%; тауарлар — 20%.
Тур деп, туристік өнімнің біріншілік (міндетті) бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің өнімі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге клиентке біртұтас беріледі.
Тауарлар туристік өнімнің материалды бөлігінен түрады. Олар: туристік карталар мен қала жоспары, буклеттер, кэдесыйлар, туристік құрал-жабдықтар және т.б.
Қосымша туристік — экскурсиялық қызметтер жолдама немесе ваучердің құнына кірмейді. Оларға жататындар: телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастыру, қосымша тамақтану, ойын-сауық және т.б.
Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша шаруашылық қызметтердің басқа түрлерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, туризмде қазіргі кездегі маркетингтің барлық бөлімдері қолданыла алады.
Бірақ туризмнің бір ерекшелігі бар, онда тек қызметті ғана сатпайды, сонымен қатар, тауарларды сатады (мамандардың айтуынша, туризмдегі қызметтердің үлесі — 75%, тауарлардың — 25%).
Еңбектің нақтырақ нәтижесі бар дәстүрлі өндірісте, маркетинг нақтырақ мән алады. Туризмде қызмет нәтижесі болып туристік өнім табылады.
Туристік өнімнің бірнеше ерекшеліктері бар:
Біріншіден, туристік өнімге деген сүраныс бағаға және табысқа байланысты икемді. Бірақ саяси және әлеуметтік факторларға байланысты болып келеді.
Екіншіден, сұраныстың маусымдық ауытқуына байланысты, толықсып кету феномені орын алады. Осының нәтижесінде нақты туристік аумақтар бөлініп шығады.
Үшіншіден, туристік өнімді ұсыну икемсіз өндіріспен ерекшеленеді. Олар тек қызмет көрсету орнында тұтынылады. Қонақ үй, әуежай, демалыс базасы демалыс маусымының соңында басқа жерге ауыстырылуы мүмкін емес.
Төртіншіден, туристік өнім көптеген кәсіпорындармен жасалады. Олардың әрқайсысының бөлек жұмыс жасау тәсілдері жэне әр түрлі коммерциялық мақсаттары болады.
Туристік өнімнің ерекшеліктері туризмдегі маркетингке әсер етеді. Маркетингтің бір анықтамасы жоқ сияқты, туризмдегі маркетинг белгілі бір анықтамасы жоқ. Әлемдік туристік ұйымның (ӘТҰ) турист түсінігіне деген анықтамасына сүйене отырып, француз мамандары Р. Ланкар мен Р. Олльенің туристік маркетинг деп, «қойылған мәселелерді зерттеу, талдау, және шешу үшін жасалатын негізгі тәсілдер мен әдістер жиынтығы. Бұл тәсілдер мен әдістер психологиялық және әлеуметтік факторлар жағынан адамдардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанғаттандыру, туристік ұйымдардың (кәсіпорындар, бюролар мен агенттіктер) жұмыс жасауының қаржылық жағынан неғүрлым рационалды тәсілдерін анықтауға бағытталуы керек».
Әлемдік туристік үйым туристік маркетингтің 3 негізгі қызметтерін бөліп көрсетеді:
• Клиенттермен байланыстарды ұйымдастыру клиенттерді ұсынылып отырған демалыс орны және онда бар сервистік қызметтер мен күтілген пайда олардың қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келетініне айтып, сендіру;
• Даму — өткізу жаңа мүмкіншіліктер алып келетін жаңалықтар еңгізу, сонымен қатар, бүл жаңалықтар әлуетті клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек;
• Бақылау — қызметтерді рынокқа жылжыту бойынша қызметтерін талдауды мақсат етеді.
Манилада өткен туризм жөніндегі дүниежүзілік конференцияда (1980ж.) туризмге толық анықтама берілген. Мұнда туризм тек экономикалық емес, сонымен қатар, әлеуметтік, мэдени, экологиялық және саяси маңызы бар деп айтылды. Осы анықтамаға орай туристік маркетингті осы айтылған факторлардың барлығын ескере отырып дамыту керектігін айта кеткен жөн.
Отандық және шетел практика мен теориясында маркетинг тұжырымдамасын қолданудың бірыңғай көзқарасы жоқ. Егер біз туризмдегі маркетингті жүйе ретінде қарастырсақ, ол белгілі бір құрамдас бөлшектерден тұратыны ұмытпауымыз керек. Оларды бөліп және өзара байланысын қарастырғанда, туристік кәсіпорындағы маркетинг тұжырымдамасын қолданудың негізгі контурларын сызып көрсетуге болады .

2 Сурет — Туристік кәсіпорындағы маркетинг тұжырьшдамасын қолдану
Маркетингтік қызметтің үрдісі рыноктық мүмкіншіліктерді талдаудан басталады. Бұл мәселе маркетингтік зерттеулер кешенін жасау арқылы шешіледі. Оның нәтижесі болып туристік фирма қызметінің перспективаларын анықтауға қажетті нақты ұсыныстар беру.
Маркетингтік мүмкіншіліктерді анықтау туристік фирманың перспективалық рыноктарын таңдауға мүмкіншілік береді. Бұл маркетингтік іс-әрекеттерді, рыноктың барлығына істемей таңдаулы рынок тобына істеуге мүмкіншілік береді. Маркетингтік қызметтің үрдісі рыноктық мүмкіншіліктерді талдаудан басталады. Бүл мәселе маркетингтік зерттеулер кешенін жасау арқылы шешіледі. Оның нәтижесі болып туристік фирма қызметінің перспективаларын анықтауға қажетті нақты ұсыныстар беру.
Маркетингтің негізгi мәселелерінің бірі болып туристік қызметті максималды жоспарға сәйкес жасау. Ол оңтайлы маркетингтік стратегияны таңдау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, маркетинтік қызметтегі белгісіздік пен тәуекелділік деңгейі төмендейді және ресурстардың маңызды бағыттарда шоғырлануы орын алады. Стратегиялар бағдарламаларда нақтыланады.
Маркетингтік стратегияны практикалық қолдану құралдарды таңдаумен байланысты. Сондықтан, маркетингтік қызметте маркетинг кешенін құру маңызды орын алады. Бүл мақсатты рынокқа әсер ету үшін қолданылатын құралдардың жиынтығы. Туристік фирмада сәтті қызмет ететін маркетинг кешенінің негізгі элементтері болып табылады.
Жаңа туристік қызмет түрлері, жаңа компаниялар пайда болуы, олардың өсуі осы аумақта бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі. Осымен қазіргі сервис компанияларының корпоративтік стратегияларын құрушы және жүзеге асырушы құралы ретінде қызметтер маркетингіне жоғары ықылас түсіндіріледі. Салтты түрде кешенді жақындау маркетингтік іс-әрекетті құруды төрт негізгі бағыт бойынша («4Р») өнім, баға, тарату және жылжыту жөнінде шешімдер құрумен байланысты болады. Бірақ мұндай маркетинг құралдарының жинағы қызметтер рыногы ерекшеліктерімен сипатталатын қызмет көрсететін шаруашылық субъектілердің жемісті іскерлігі үшін жеткіліксіз. Алғаш рет мұндай жағдайды Бернард Бумс және Мери битнер батыс маркетологтары атап өтті. Мәселен, маркетингтің «4Р» салтты кешеніне туристік қызметтер үшін персонал, орта және үрдіс сияқты 3 элементті қосты. Оларды ескерусіз қызметтер көрсететін фирма ұзақ мерзімді жеміс бәсекелестік артықшылықтарға ие бола алмайды.
Тауар. Туризм индустриясында туристік өнімді өңдеудің жүйелік бағдарламалары бар ірі корпорациялар айналысады.
Жаңа өнімді өңдеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Ең алдымен туристік компания туристік өнімді өңдеудің стратегиясын қалыптастырады, өз кезегінде өнімді жаңарту, яғни өнім құру үшін ресурстарды тарату, өнімдерді модификациялау, талап етілген өнім түрін бекіту.
Стратегияны анықтаганнан кейін идеяны сүзіп алу басталады. Көптеген фирмалар морфологиялық талдау, іздеу матрицасын, миға шабуыл және т.б.құралдарды қолданады. Содан кейін идеялар тұжырымдамаларға айналады.
Келесі кезең туристік фирмалардың өнімдерін өңдеу — бүл бизнес -талдау, яғни алғашқы және екінші ретті сатулар болжамданады, бағалар мен мен алынатын пайжа жоспарланады. Кейін өнімді алдын — ала сынау жүргізіледі. Бұл кезең қымбат және көп уақытты талап етеді.
Егер жаңа туристік өнім стратегиялық жоспарада қолдау тапса, фирмалардың қызметінде жаңа туристік өнімді коммерцияландыру кезеңі келеді, яғни рынокқа енгізу. Кейбір туристік коипаниялар венчурлік кәсіпорындарды тартып, жаңа өнімнің бөлімшелерін құрады немесе жаңа өнім бойынша менеджерлер ұстайды.
Идеяны сүзіп алу, рынокқа шығару және туристік өнімдерді орналастыру үшін көп уақыт керек.
Жаңа өнімді жоспарлаудың негізгі бөлігі, яғни туризм индустриясында маркетинг стратегиясын құру сауда маркаларын қонақ үй торлары, әуе компаниялары және туристік оператор белсенді түрде қүрады. Ірі компаниялар әр түрлі сауда маркаларына байланысты әр түрлі рынок сегменттерінде қызмет етеді.
Туристік қызметтер аумағындағы тауар саясатының өзгешелігі жоғарыда айтып өткендей, қызметтердің материалдық өнімдерден келесі жалпы белгілі ерекшеліктерімен түсіндіріледі: сезілмеушілігі, өндірушіден бөлінбеуі, сапа тұрақсыздығы және сақтау қабілетсіздігі. Қызметтер сапасы бойынша жылдамдық, білгірлік, әдептілік, қамқоршылық, тауарлар жекеленуі сияқты параметрлерге сәйкес ерекшеленеді.
Тұтынушы күтуі туристік қызметтің құрылуы, персоналдың қаншалықты дайындығы, ынталандырылуы мен бақылануына тәуелді ақталады. Қызметтің жекелей ұсынылуына қарай оның жүзеге асырылуы ұйымдағы көптеген адамдардың жұмыстарына тәуелді болады. Сол себепті туристік қызмет көрсететін компанияның өз деңгейінде мәдениетін құру арқылы персоналдың тұтынушымен жекелей қатынасында сапалы қызметтер көрсетуі мен талап етілетін стандарттарға сәйкес келуін ынталандыру айрықша маңызды.
Кез-келген қызмет түрін тұтыну оның өндірісімен бірге жүреді. Осы бір уақыттылық туристік қызмет көрсететін компанияның нақты тұтынушы сұранысына қызметтерді максималды жақындату жолымен тұтынушының қажеттіліктерін неғұрлым кең қанағаттандыруға ықпал етеді. Тұтынушыға жекелей туристік қызмет көрсету бойынша мәселе сапа мен шығындарды бақылау аумағында операциялық менеджерлер үшін ірі қиындықтар туғызумен түсіндіріледі. Егер туристік қызмет стандартталмаған болса, онда оған стандарттарды белгілеу қиынға түсіп, ізінше стандарттарға сәйкес келуін қадағалау ауыр болады. Осы сипатта операциялық менеджерлер жаңа тауарларды құруға қарағанда жаңа қызметтерді құру кезінде көбірек роль атқарады, себебі маркетинг бойынша менеджерлерге қарағанда тұтынушылармен олардың қатынастары жақын болуына орай тұтынушыға дейін қызметті жеткізу механикасын жақсы меңгеріп, осы үрдісті қызметкерлер өз орындарында атқара алу мүмкіндігін анықтауға қабілетті.
Туристік кәсіпорынның тауар саясатында маркетинг қызметінің нақты әсері шығарылатын өнім көптүрлілігі және номенклатурасының кез-келген өзгерісі мен оның көркемделуі және көрсетілетін қызметтердің маркетингпен келісімді жүруі арқылы рәсімдерде көрініс алып, кәсіпорынның маркетингтік басқару принциптеріне өтуінің негізгі, индикаторы болып табылады.
Тауарларға қарағанда қызметтердің айрықша ерекшеліктерінің болуына қарамастан олардың өткізу саясаттары тығыз байланысты.
Өткізу. Маркетинг кешенінің келесі кұрамдасы туристік қызметтің қозғалысының негізгі мақсаты өнімді тауарға айналдарып, өндіруші және соңғы тұтынушы арасындағы қашықтықты жою.
Туризм индустриясында компания қызмет аясына байланысты әлуетті сатып алушыларды тартудың әртүрлі әдістерін қолданады.
Туризм индустриясында күшті бәсекелестік ортада көптеген туристік компаниялар әр түрлі тарату формаларын қолданады немесе тікелей өз аймағында сатады. Туристік өнімді өткізуде үлкен көмекті туроператорлар шығарған брошюраларды белсенді таратын туристік агенттіктер көрсетеді.
Туроператорлар жаңа туристік қызмет пакетін жасап, оларды түпкі тұтынушыларға сатпас бұрын, агенттік белгілі бір бағамен сатады. Осы агенттік торапқа тур оператормен келісім шартұа отырған барлық туристік агенттіктер кіреді.
Агенттік тораптың барлық мүшелеріне тур фирманың үсынатын толық пакеті жіберіледі (каталогтар және лардың электорндық нүсқалары, бағалық ұсыныстар, ақпараттык бюллетньдер және т.б.). агенттер барлық қажетті акпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.
Маркетингтік бөлімнің кызметкерлері агенттік тораптардың жұмысы туралы есеп жүргізіп отыруы қажет.
Агенттік тораптың қызметін ынталандыру мақсатында бонустар жүйесі қолданылады. әрбір жіберілген турист үшін ұпай жинап отырады. Анықталған ұпайлар саны бонустық жүйеде бірінші, екніші немесе үшінші орныдар алуға мүмкіндік береді. Бұл коммисиондық марапаттаудың өсуіне әкеледі. Сонымен туристік индустрияда маркетинг стратегисының ұзақ мерзімді жоспарыда туристік өнімді өңдеумен және оны нысаналы рынокқа шығарумен баайланысты.
Маркетинг кешенінің келесі құрамдасына баға және баға құру жатады.
Туристік қызметер рыногында баға кұру процессі күрделі процесс. Қызметтердің сезілмейтіндік қасиеті осы аумақта баға құруды күрделендіре түседі.
Баға саясатында туристік фирмалар көбінесе екі жақындауды қолданады. Құралдар негізінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарға негiзделген баға белгілеу; ал басқа қызметтер түрлері үшін сұраныс немесе бәсекелестік негізінде баға кұру қолданылады.
Туристік фирма баға құрудың белгілі бір саясатын ұстана отырып, сату көлеміне де, және түсетін пайдаға да әсер етеді. Баға көлеміне ішікі факторлар (кәсіпорын мен маркетинг мақсаттары, маркетинг кешенінің стратегиялары, шығындар, баға құруды ұйымдастыру) және сыртқы факторлар (рынок түрі; турөнімнің бағасы мен құндылығы арсындағы байланыс; бәсекелестік; экономикалық жағдай; делдалдардың мүмкін болатын реакциясы).
Баға құру саясатына әсер ететін туркәсіпорынның мақсаттары; рынокта көп уақыт әрекет ету, пайданы көбейту, рыноктық үлесін ұлғайту, турөнімнің сапасы жағынан жетекшілікке ие болу. Баға құруға әсер ететін негізгі жакторлар — шығындар, тұгынушылар көзқарасы, бәсекелестер бағалары. Бағаны анықтаудың ең оңай тәсілі, ол шығындарға негіздеп баға құру. Баға құрудың дұрыс тәсілі-қажеттіліктерді анықтау және турөнімнің бағасы мен тұтынушының құндылығының ара-қатынасын анықтау. Баға құрудағы саясатқа сондай-ақ бәсекелестер бағасы мен олардың бағаның өзгеруіне қатысты мүмкін болатын реакциясы. Сондықтан, бәсекелестердің бағасын зерттеу-баға құру кезіндегі негізгі элемент болып табылады.
Баға құруға әсер ететін төрт факторды атап өтуге болады:
1. шығындар кұрылымы (баға турфирманың шығындарынан үлкен болуы
керек);
2. бағаның бәсеке қабілеттілігі;
3. түтынушылар төлеуге дайын бағалар (сұраныстың икемділігі);
4. туристік кәсіпорынның мақсаттары:

1) пайданы максималдау;
2) инвестицияға қаражатты қайтаруды максималдау;
3) өмір сүргіштік (туризм индустриясының маусымдық сипаты және
бәсекенің жоғраы деңгейі);
4) сату көлемін үлғайту).
Бағаның өзгеруі сату көлеміне үлкен әсер етеді. Әдетте, төмен баға клиенттерді қызықтырады, бірақ үлкен бағаның әсері осындай болуы мүмкін, Зерттеулер көрсеткендей, тұгынушылар қымбат қызметтердің сапасы жоғары деп сенеді. өйткені, тұтынушылар сапаны тексеріп көре алмайды.
Баға құру стратегиясы туркәсіпорынның перспективті мақсаттары мен оның жалпы даму бағыттарымен үштас болуы керек. Бұларға: максималда пайда табу, өздерінің тұрақты клиенттер шеңберін құру, бәсекелестерді жеңу жатуы мүмкін.
«Қаймақтарын сүзіп алу» стратегиясы турөнімге жоғары баға орнатумен байланысты. Бүл жаңа турөнім жасағанда және бәсекелетер жоқ кезінде тиімді. Төмен бағалар стратегиясы бәсекелестерді жеңу үшін орынды.
Рынокқа жаңадан кіру кезіндегі стратегия бастапқыда төмен баға орнатып, кейін оны біртіндеп көтеруге негізделген. Мұндай стратегия турөнімнің кең ауқымда таралуы үшін қолданылуы мүмкін.
Бәсекелер бағасы стратегиясы, яғни өзінің турөніміне бәсекелестер бағасымен бірдей деңгейде орнату. Бүл рынокта балама тауарларды ұсынатын туркәсіпорындар бар кезде қолданылады.
Дамыған мемлекеттерде мемлекетке келетін туристер балансын сақтау үшін баға төмендейді. Туристік қызметтердің бағасы мен сұранысына келесілер әсер етеді:
• Баратын мемлекеттегі саяси тұрақтылық;
• Халықаралық өзгерістер (саяси және экономикалық);
• Туристердің өздерінің мемлекетіндегі өзгерістер.
Жылжыту немесе маркетингтік коммуникациялар жүйесі — бұл турөнімнің сатылу көлемін ұлғайту және сұранысты қалыптастыру үшін бағытталған шаралар кешені.
Турөнімді сәтті жылжыту үшін әлуетті тұтынушылар мен сауда делдалдарымен тұрақты да, тиімді байланыс орнатылу керек. бұл байланыстың мақсаты-қалыптасқан көзқарастарды өзгертетін және болашақтағы әрекетке әсер ету үшін тауар немесе қызмет туралы пікір туғызу.
Маркетингтік кешен төрт компоненттен тұратын жүйе ретінде сипатталады: ақпарат тарататын коммуникатор; ақпаратты қабылдайтын мақсатты адитория; ақпараттың өзі; коммуникациялық жүйе.
Туристік тауарды жылжыту үшін қолданылатын 3 негізгі құрал бар (3 -сурет).

3 сурет — Жылжытудың негізгі құралдары
Керекті нәтижеге жету коммуникациялық арнаның біреуін қолданып, мүмкін емес. Өнімді жылжыту бағдарламасында әр түрлі тәсілдер қолданылуы керек.
Жарнама, әрине, туристік тауарлар мен қызметтерді сату мен өткізудің маңызды элементі. Көп турфирмалар жарнаманы сатуды жылжыту үшін қолданады. Сатудан түскен пайданың 5% жарнамаға жұмсалады.
Жарнаманың көптеген анықтамалары бар, бірақ барлығында ортақ сипат бар:
1. жарнама-тура емес байланыс құралы;
2. жарнама-жаппай байланыс құралы; адамдардың үлкен санына арналған.
3. жарнама персоналды сатумен тығыз байланысты.
4. Мақсаты-тұтынушының назарын аударып, тауарды тікелей емес жылжытатын агентіне айналдыру.
Жарнаманың мақсаты-тұтынушының назарын аудару, қызығушылығын туғызу, ақпарат беру. Жарнама құралдарын 6 суретте көруге болады.
Туристік фирма мұндай әдістерде өткізуді ынталандыру үшін қолданады. Мысалы: бірыңғай топтар (студенттер, зейнеткерлер) үшін өлі сезондарда авиабилеттер, қонақ үй нөмірлері арзанырақ. Сонымен қатар, кәдесый беру, акциялар жасау.
Қоғаммен байланыстар- ол фирманың коммуникациялық қызметінің бір бөлігі. Мақсаты-фирмаға деген көзқарасты жақсарту. Турөнімді жылжытудағы қоғаммен байланыстардың басты тәсілдері: басылымдардағы ақпарат, пресс-конференциялар, жәрмеңкелерге және т.б. қатысу (8 сурет). көрсету орнын тұгынушыларға жақындату табылады. Жоғарыда аталып кеткен маркетинг кешенінің персонал, орта және процесс сияқты қосымша құрамдастары туристік фирманың қызмет көрсету стандартының негізі болып табылады. Әрбір қызмет түрлері өндіріс, тұтыну, қолдану және белгіленуіне қарай өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады. Сол себепті жекелей қызмет түрі маркетингін, оның өзгешелігін есепке ала отырып қарастыру маңызды мәселе.

1.2 Шетелдiк- тәжiрбенi туризм саласындағы маркетингте қолданылуы.

Батыстағы экономикалық ғылымдарда қалыптасқан маркетингтің түсініктерін және қағидаларын салыстырмалы талдау арқылы барлық отандық кәсіпорындарға катысты, жекелей республикамыздың кәсіпорындарында маркетинг жүйесінің даму тұжырымдамаларын қүру кезінде келесі ойлар қолданылған:
• кәсіпорындарда маркетинг жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үшін қажетті
экономикалық шарттарды құру;
• маркетингтің анықталған функциялар кешені ретінде,кәсіпорынды
басқарудың орта деңгейінде жүзеге асырылуы және басқару функциясы
ретінде болуы сияқты екі жақты табиғатын табиғатын есепке алу;
• маркетингтің функционалдық құрамдастарын кешенді қолдану;
• тауар және баға саясаты, өткізу мен тауарды рынокқа жылжыту, рынокты
зерттеу және маркетинг қызметін басқарумен толықтырылған;
• маркетинг қызметін құрылымдық ұйымдастырып, маркетинг және басқа да
кәсіпорынның функцияларының интеграциялануға бағытталуы;
• басқарудың маркетингтік қағидаларына өту кезінде кәсіпорынның басқару
жүйесінің өзгеруі
Қазіргі заманғы туристік индустиря даму кезеңінін ерекшелігін білу үшін оның пайда болуы мен дамуын қарастыру қажет.
Осы замаңғы туризм -бір жағынан жаңа құбылыс, себебі ол тек Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін ғана көпшілік сипат алды, бір жағына оның тарихи түп-тамыры терең, өйткені адамзатқа туризм ерте заманнан танымал.
Туризм дамуының тарихы 4 кезеңнен түрады:
1 кезең. Ежелгі заманда саяхаттың уәждері: сауда, білім алу, емделу, қажылық болды. Ежелгі Грецияда спорттық сапарлар болған. Орта ғасырларды саяхаттың дiни факторы күшейе түсті-мүсылман және христиан қасиеттеріне табыну басталды. Ренессанс және ағарту кезеңі діни уәждерді әлсіздендіріп, сапарлардың жеке сипаты мен ағартушылық бағытын күшейте түсті.
19 ғ. ортасына дейін саяхаттың ерекшелігі жылжу құралдарының қарапайымдылығы болды. Саяхаттың мақсаты болған жоқ, саяхаттың сауда, білім алу, емделу, қажылық мақсатында қажетті шарты болды.
18-19 ғ. Европа елдеріндегі мануфактура өндірісі мен кәсіпорындарындағы төңкерістері қоғамның экономикалық өмірін түпкілікті өзгертті.
2-кезең-таңдаулы тур және көпшілік туризмнің пайда болуы. Туризм дамуына транспорт дамуындағы төңкерістік өзгерістер ықпалын тигізді. 1807 ж. Фултон пароход; 1814 ж. Стефенс паровоз ойлап табуы, пошта байланысынң жетілуі, Европадағы жол тораптарының кеңеюімен жалғасты.
Ғылыми техникалық прогресс және еңбеккерлердің әлеуметтік күресі және қоғамның жұмыс қалын жақсартуы жұмыс уақытының кемуін қамтамасыз етті.
1873 ж. Германияда төленетін демалыс енгізілді. Трансорт тасымалдауының сапасы мен сенімділігінің артуы мен арзандауы жұмыс жұмыс уақытының қысқаруы, саяхатшылар санының өсуіне әкелді. Осыған байланысты уақытша келушілерге қызмет көрсетуге маманданған алғашқы кәсіпорындар пайда болды.
19 ғ. 2-жартысында демалыс индустриясы өз өндіріс аумағын кеңейтті; қонақ-үй шаруашылық кәсіпорындарында бірінші саяхат бюролары қосылды. Олардың мақсаты туристік сапарларды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға өткізу. Германияда бірінші саяхат бюросы-«Райзебюро штангенн» 1863 ж. Бреслауда қалыптасты.
3-кезең-көпшілік туризмнің қалыптаса бастауы. Бірінші Дүниежүзілік соғыс және экономикалық дағдарыс, Екінші дүниежүзілік соғыс туризм дамуына кері әсер етті. Көпшілiк туризмнің дамуының 2 мысалын қарастырайық. 1935 ж. Швейцариядағы қазіргі заманда ірі туризм қызметтерін өндірушілердің бірі «Отельпланн» фирмасы құрылды. Оның құрушысы Г. Дуггайвер идеялары: «кішкентай адамның туризмге тарту тоқырайға ұшыраған қонақ үй шаруашылығына бағаланбас көмек береді, арзан көпшілік тур сапарлар фирманың негізгі өнімі болып табылады».
4 кезең: Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм нақты көпшілік сипатта болды: өз институты, өндірістік циклы, өндірісті ұйымдастыру мен басқару әдістері бар күшті демалыс индустриясы қалыптасты.
1950-60 ж. Батыс Европа елдері үшін -туристік фирмалардың мотельдер, қонақ үйлер тұрғызылуының белсенді кезеңі болды. Қай елде болмасын туризм өсімталдығы елдің қандай бөлігі жылына ең болмағанда 1 рет туристік сапарға баратынын көрсетеді, егер туризм өсімталдығы 50%-дан асса, көпшілік туризм қалыптасқан деге болады.
Ресейде қонақ үй индустриясының дамуның болашағы туралы жыл сайын Ресейден Турцияға туристер арқылы 7 млрд. АҚШ долларына жуық, Грецияда — 5 млрд. АҚШ долларына жуық кетеді.Бүл инвестициялық ақша қаражаттары қазіргі қонақ үй — мейманханалық бизнес және туризм инфрақұрылымын құруға мүмкірдік береді.
Ресейдегі қызметтер рыногындағы жағдайды талдау Мәскеу қаласында — 22% , Санкт-Петербургте — 15%, Владивостокта -8-9%, т.б. қалаларда 10-нан 40%-ке дейін қонақ-үйлердің толығу деңгейін көрсетеді. Бұл қонақ-үйлердің төменгі тартымдылығын көрсетеді, сонымен қатар Мәскеу қаласындағы қонақ-үйлердің бағасы АҚШ-лен салыстырғанда 2-3 есе жоғары болып табылады. Дәл осы жағдай туризмде де. Ішкі туризм дамымай жатыр, керісінше сыртқы туризм жоғарғы қарқынмен дамуда.
Бәсекеге қабілетті турөнімді құру, оны ішкі және халықаралық рынокқа жылжыту стратегиясымен ешкім айналыспайды. Туристтік фирмалар (Ресейде 7000-ға жуық) турагенттер функциясын орындайды және шетелге ақша қаражатының кетуіне алып (20 млрд. АҚШ долларына жуық) келетін импорттық турөнімдерді өткізеді.
Осыған байланысты туризм индустриясын дамытудың мемлекттік мақсаты бағдарламасы қажет. Іс-жүзіндегі 2005 жылға дейінгі туризмді дамытудың Федеральді бағдарламасы оның қаржылық несие-ақша жоспарымен туризм инфрақұрылым ретінде мейманханалық қонақ-үй бизнесінің дамуымен сәйкестендірілмеген. Сондықтан салынған капиталдың қайтарылымдығының жоғарғы нәтижесіне жету үшін толыгымен бәсекеге қабілетті турөнім жасау керек.
2001 жылы августе Украина елінің тәуелсіздік алып еркін мемлекет болып құрылуы, экономикалық және саяси жүйелерінің реформалары, Украинаны рыноктық қатынастағы ел деп тануы, объективті әлемдік заңдылықтары — туризмді дамытуға байланысты мемлекеттің ішкі саясатының өзгеруіне негіз болды және Украинаны Халықаралық туристік қызметтер рыногында таныды.
«Туризм туралы» (1995 жылы) Украинаның Заңына сәйкес мемлекет туризмді үлттық мәдениет пен экономиканың проиритетті бағыты деп белгіледі және туризмдік іс-әрекет үшін игілікті жағдайлар жасады.
1997 жылы Украина Әлемдік Туристік Ұйымға (ӘТҰ) мүше болып кірді, ал 1999 жылы Сантьяго (Чили) қаласында өткен ӘТҰ Бас ассамблеясында басқарушы орган — Атқарушы советке сайланып, тағайындалды.• 1999 жылы — «Қонақ-үй, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін сертификаттау туралы» Украина ГОСТ стандартының қаулысы.
Заң базасы туризм саласында кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негізін қамтамасыз етеді.
Рыноктық қатынастар жағдайында қызметтер рыногында ұлттық турөнімді жылжытудың белсенді әдістері маңызды аспект болып табылады. Бүгінде осы елде туристік Украина және оның жеке аймақтары туралы электрондық тарату, баспа өнімдері арқылы жарнама жасауда. Украиналық туристік ақпараттар жүйесінде интернет-сайт құрылды, Украинаның туристік мүмкіндіктері, «Туристік Киев» атты Украинаның туристік атласы туралы ақпараты бар алғашқы диск жасалды.
ӘТҰ бас секретары Ф.Франжкалми Украинада (2000жыл, қазан) туризмді дамыту мәселелері туралы Парламент тыңдауына қатысып, «Украина еліне 20 жыл ішінде келетін туристер ағымының үш есе өсуін көруге болады» деген.
Халықаралық туризм күннен күнге өсуде. 1970-1998 жж бойы халықаралық туристер саны 165 млн.-нан 137 млн. адамға, 3,9 есе, ал туризмнен түскен табыс 17 млрд. АҚШ долларынан 441 млрд. АҚШ долларына дейін, немесе 26 есе өсті.
Төменде көрсетілген елдердің халықаралық туризмді дамытуда негізгі үлестері бар: Франция, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Германия, Польша, Австрия, Ресей, Венгрия, Португалия, Греция, Швейцария, Нидерланды, Турция, Тайланд, Украина, Бельгия, Ирландия.
Осы елдер ішінен АҚШ пен Франциядағы туризмнің дамуын қарастырайық. 1999 жылы АҚШ-та туристердің келуі — 46,983 млн. адамды, ал табысы — 73 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы жылы да АҚШ туристердің келу саны бойынша 3-ші орында, ал табысы бойынша — бірінші орында болды.
Елде туризм 1960 жылдан бастап дамып келе жатыр. 1961 жылы АҚШ-та туристік бюро құрылды. Бұл ұйым елдегі туризмді дамытуда жауапты болды. 1981 жылы бұл ұйымның атын АҚШ-тағы саяхаттар мен туризм Ұйымы (СТҰ) деп өзгертті. СТҰ осы сфераға қатысты барлық жобаларды жинайтын комитет жұмыстарын және мемлекеттік деңгейде туризм саясатын басқарды. СТҰ өз елінің өнімі арқылы халықаралық рынокқа шығуға ұмтылды. СТҰ көптеген штаттарында ішкі туризмді дамытуда көптеген келіспеушіліктер болады, оны болдырмау үшін елдің экономика және сауда министрлігі оларды бюджетпен бөледі. Штаттағы бюджет көлемі 4-тен 14 млн. АҚШ долларын құрайды. Ұйыммемлекеттік болса да, ал жеке сектордағы кәсіпорындардың жобаларын бақылап отырады.
Үйымның Парижде, Лондонда, Амстердамда, Миланда, Сиднейде, Франкфуртта, Токиода, Мехикода және Торонтода 9 офисі бар.
АҚШ-тың туристік офистері жоқ елдерде бұл қызметті коммерция және сыртқы қызмет министрлігі жүзеге асырады.
АҚШ СТҰ негізгі бюджетті Федеральді несиелер арқылы қаржыландырады. Мысалы, 1993 жылы бюджет 2 млн. доллар қүраса, онда Федеральді несиелер — 17,5 млн. құрайды, ал қалған ақшалар жеке сектордан алынады.
Бюджет шығындары төмендегідей бөлінеді, %:
• офис шығындары (елдегі) — 10,5;
• шетелдегі офис шығындары — 42,3;
• ақпарат пен әріптестік шыгындары — 23,7;
• маркетинг жэне рынокты зерттеу — 16,8;
• жеке сектор қызметінің шығындары — 12,5;
• ақпараттық материалдарды құру шығындары (фильмдер, фотосуреттер,
брошюралар, презентацияларға дайындық) — 3,5;
• т.б.-0,7.
Шығындарды талдау барысында шетел офистеріне кеткен шығындардың көп екенін көрдік. Себебі, АҚШ елге келетін туристерге аса көңіл бөледі.
2002 жылы Франция елге келетін туристердің саны бойынша әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды.
Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін жетті, негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрды, бас офисі Парижде болды. 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысты, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған.
Бұл үйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді. Ұйым бюджеті төмендегідей бөлінетін мемлекеттік ақша салымдарынан тұрады, %:
• ақпаратты жинау және тарату — 22;
• жарнама-30;
• коммерциялық әріптестік — 34;
• маркетинг және рынокты зерттеу — 8;
• т.б.-6.
АҚШ және Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді.
Бірақ бұл елдердегітуризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.
АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді.
Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз (2000 жыл мәліметі бойынша).
АҚШ және Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзарабайланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бүдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер АКДІ және Франция елдеоінің тәжірибесіне сүйену керек.
Ал туристік саланы дамыту үшін төмендегідей факторларға көңіл бөлу керек:
• дамушы елдерге елдің туризмін дамытуға ықпал ететін министрліктермен және комитеттермен жұмыс істейтін ұйымды құру керек;
• елдің және оның аймақтарының туристік ұйымдастыру ұйымдарының жұмысын күшейту
• туризм өнімінің түрлерін көбейту, оның сапасын жақсарту, сонымен қатар жарнаманы күшейту, туристік өнімдер жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысу;
• туристер көп келетін жерлерге ұйымның офисін құру. Бұл офистер елге келетін туристердің ағымын көбейту мақсатында шаралар, жоспарлар жасауы керек;
• дамушы елдерге ішкі туризмді дамыту қажет;
• туристік ұйымға маркетингтік зерттеу, жарнаманы ұйымдастыру, туризм туралы ақпаратты дайындау жауапкершілігін арттыру керек;
• жеке секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға туризм ұйымы олардың дамуы үшін экономикалық қолдау көрсетуі керек.
2001 жылды Қырғызстан Республикасының Президенті А. Акаев Туризмді дамыту және қолдау жылы деп атауының нақты алғышарттары бар. Қырғызстан Республикасының Орта Азия елдеріндегі туристік тұрғыдан ең қызықты республика болып табылады.
Бірақ елдің туризм потенциалы халықаралық стандарт тараптары республиканың туристік кешеніне сәйкес келмеуінен экономикалық ресурстарды қолдана алмай отыр.
1998 жылы Қырғызстанға 16,3 мың шетел туристері келді, оның табысы 7,2 млн. АҚШ долларын құрады. Осы уақытта Бермуд аралына орташа 630 мың туристер келіп, оның табысы жыл сайын 470 млн. АҚШ долларын құраған. АҚШ-тың жалпы территориясының көлемі — 53 км.кв Сингапур (612 км. кв) 1 жыл ішінде 3 млн. шетел туристеріне қызмет көрсетіп үлгерді.
Бүл жоғарыдағы цифрлар арқылы Қырғызстанның өз территориясы жағынан (198,5 млн. мың км.кв.) мүмкіндігі болса да өз туристік артықшылықтарын қолдана алмай тұрғанын көруге болады.
Қырғызстанда туризм нақты инвестицияның болмауынан, қонақ-үй сервисінің төмен дамуынан, білікті мамандардың тапшылығынан онша дамымай отыр.
Республикада үлкен рекреациондық ресурстар бар. Оның территориясында 14 курорттық рекреациондық зона, 10 таулы туристік және альпинистік зоналар бар. Тарихи-мәдени археологиялық музейлерге, тарихи ескерткіштерге бай ел.
Сондықтан да Қырғызстан туризм индустриясын дамыту үшін өте қолайлы жер болып саналады.
Бұл елде туризмнің дамымауының бірқатар себептері :
• халықаралық стандарт талаптарына елдің туристік кешенінің сәйкес келмеуі;
• жергілікті қонақ-үй базасының болмауы;
• сервистің төменгі деңгейі;
• маркетинг қызметінің жеткіліксіздігі;
• туристік-рекреациондық объектілердің және тағы да басқа моральдық және
физикалық ескіруі;
• қаржы қаражатының жетіспеуі.
Қырғызстан экономикасына инвестицияны тарату үшін біріккен туристік фирмаларды құру арқылы Халықаралық станлартқа сай жоғарғы сапалы сервисті үйымдастыру арқылы қосымша жұмыс орнын құрып туристер санын көбейту керек. Ол үшін төмендегілер қажет:
• туристік кешенді дамытуда шетел және отандық инвестицияны тарту үшін
жеңілдік беру;
• жоғарғы эффектілі жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы
орындардың фотосуреттері, видеофильмдер, буклеттер мен брошюралар
және т.б.);
• инвестиция ағымын көбейту үшін ақпараттық қамсыздандырудың кең
бағдарламасын құру;
• туризмнің МТБ және оның инфрақұрылымының қамтамасыз ету;
• халықаралық станларт деңгейіне деійн қызмет көрсетусапасын жоғарылату,
туристердің мүдделерін қорғау мақсатымен Халықаралық туристік қызметін
лицензиялау және сертификаттау жүйесін жетілдіру;
• телекоммуникация торын, байланыс қызметтерін дамыту;
• виза жүйесін жақсарту және жетілдіру.
Туристік секторды тікелей инвестицияны тарту, қаржылық салымдар мен өкімет қолдауы арқылы дамыту Қырғызстан үшін экономикалық дамуындағы маңызды факторы екенін білеміз. 2001 жылы Қырғызстан Республикасында «Туризм жылы» деп аталынды. Туризмді дамытудағы бұл бағдарламаның қонақ үй индустриясына қатысты стратегиялық бағыттары келесідей:
• 10-50 орынды мотелдерді соғу;
• әр түрлі класты жаңа қонақ үйлерді соғу және бар кұрылысты жөндеуден
өткізу;
• кемпинг, жанұялық және пансионаттар қүру;
• қонақ үй персоналын дайындау және оқыту;
• орынды бронерлеуде компьютерлік торға ену.
Туризмді дамыту тек туристік ғана емес, сонымен қатар, бірнеше басқа да бизнес түрлерін дамытудың кепілі
Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, біздің облыс үшін туризмнің болашағы зор, сол себептен туристік бизнесті дамыту мен шетелдік туристерді тартудың жоспарлары жасалуда.

ІІ-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
2.1 Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы

Туризм Қазақстанда рыноктық қатынастарды қалыптастыруда көптеген аспектілердің жетекшісі болып табылады. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты саласына айналуы мүмкін. Жургізіліп отырған реформалар мен өзгерістердің методологиялық жоспарында туризм аясының ең тиімді және мақсатты бағытты саясатын таңдау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта туристік бизнестің дамуына, динамикадағы жеке сегменттердің қалыптасуына ретроспективті және ситуациялық талдау жасау керек.
Әлемдік экономикада туризмнің рөлі күннен күнге өсуде. Жоғарғы табысты, ірі және динамикалық сала болып отыр, ол өз кезегінде тек мұнай өндіру мен өңдеу саласынан ғана табыстылық деңгейінен артта қалады. ДТҰ жылма-жыл стсатистикалық жинақ шығарып отырады. Өкініштісі, осы жинаққа Қырғызстан еніп, Қазақстан енбей қалған. Ендеше, осындай көкейтесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдындағы ел беделін де дұрыс пайдалану қажет. Туризм қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың маркетингтік кешенін жолдау толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың актуалдылығын аңғаруға болады.
Республикамыз бойынша туризм, демалу және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн га жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда 168,6 мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың га, Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік Қазақстанда 513,4 мың га.
Қазақстанда туризмді дамытудың маңызды алғышарттарының қатарына күзетілетін табиғи объектілер және аң шаруашылықтары жатады. Бүгінгі таңда Республикамызда 7 мемлекеттік қорық бар, әрине, олар КСРО кезінде құрылғанболатын. Сондықтан да осындай көлемдегі қорығы бар жерлер Республикамызда туризмді дамытуға негіз береді деп есептеледі. Ақсу Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары 803,4 мың га жерді алып жатыр, 2 табиғи парк (Баянауыл және Қарқаралы), 64 мемлекеттік аңшылық-шаруашылық фаунаны қорғайтын тапсырыс орындарының ауданы 6,1 млн га, 1,8 млн га созылып жатқан 19 мемлекеттік аң шаруашылықтары, 23,9 млн га жерге орналасқан 400-ден астам спорттық-аңшылық шаруашылықтары.сы аталған территориялардың барлығы Республикамыздағы туризмді дамытудың бірінші кезектегі қорлары деп қарастырылады. Қазақстанда туристік қызметке жүргізілген талдау әрбір кезеңдегі туризм дамуын жүйелендіруге және оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді.2004 жылы азаматтар саны, соның ішінде Қазақстан Республикасына келген шет елдік туристер саны 2507 адамнан жоғары болды, яғни шет елдік туристердің әлмдік ағымының 0,006%-ын құрады. Оларды қабылдаудан және қызмет көрсетуден түскен табыс 3 млрд. 312 млн. 924 мың теңге болды. Жалпы Қазақстанның турқызметтер экспортының көлемі халықаралық туризмнің 2,9 % үлесін алады және Қазақстанның ұлттық табысындағы туристік қызметтен түскен табыстың үлесі 2004 жылы 0,05 % құрады. Берілген мәліметтерден елдің туристік бизнесінде жағымсыз беталыс байқалатынын көруге болады, ол барлық туристік қызметтер түріне сұраныстың төмендуімен байланысты.
Қазіргі таңда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сияқты көрші мемлекеттер Қазақстанды туристік көрсеткіштер бойынша артта қалдыруда.
Қырғызстан мен Өзбекстанның артықшылықтары туризм бұл елдерде басымды мемлекеттік саясат болып табылады. Бюджеттен тікелей субсидиялар, өкілетті органдардың жоғары мәртебесі, салық салудағы жеңілдіктер.Сонымен қатар туризмді дамытудың басты жолы – жарнама.
Туристер үшін Қазақстанда 700 саяхат бағыттары ұсынылады. Сонымен қатар, 32876 орны бар әр түрлі категориядағы 372 қонақ үйлер жұмыс істейді. Алматыда 4950 орны бар 25 қонақ үй бар.
Туристік қызметтердің баламалы рыногын көрші елдер ұсынып отыр, мұндағы Қазақстан Республикасындағы келесі факторлар нәтижесінде ұтылып отыр әсер етеді (1сурет).
Біріншіден, шетел азаматтары үшін визаның қымбаттылығы және келу визаларын тіркеу процедурасы.
Екіншіден, турфирмалардан алынатын жоғары салық қойылымдары.
Үшіншіден, кедендік процедуралардың күрделілігі.
Төртіншіден, теңізге шығатын жолдың жоқтығы және елдің туризм объектісінің территориялық алшақтығы.
Бесіншіден, Үкімет басындағылардың экономикалық дағдарысты себеп қылып ақша қаражаттарын туризмге салмауы. Шетел азаматтары үшін виза мәселесін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасының Шетел іс Министрлігі, туризм және спорт агенттігі, Ішкі Істер Министрлігі бірігіп, виза процедурасын жеңілдету бойынша эксперимент жүргізу туралы шешім қабылдады. Эксперимент Астана және Алматы қалаларының әуежайларында жүргізіледі.
4-сурет. Қазақстандағы туризмді дамытуға әсер ететін негізгі экономикалық факторлар.

Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екені бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, әлеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қолданудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс-әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрсету міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінің құралдарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.
Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты және климаты; 3) келушілерге тұрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) спорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Сондай-ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар: 1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Визасыз кіріп-шығуға болатын елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды; 2) Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда. Егер турист кез-келген аймақта туристік сапармен жүрген кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады; 3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі; 4) көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай болмауы (тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.); 3) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады.
Қазақстан туризм саласына SWOT талдау жүргізетін болсақ, МЖМ алаңы – яғни, Қазақстан матрицада көрсетілген мықты жақтарын қолданып, туып отырған мүмкіндіктерді жіберіп алмауы тиіс. ҚР туристік ел ретіндегі басқа елдерге қарағандағы бәсекелестік артықшылығы геосаяси жағынан өте ыңғайлы жерде орналасуы, туристік рекреациялық зоналардың, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлігі, саяси тұрақтылығы, ілгері экономикалық дамуы, территориясында тарихи ескерткіштердің мол болуы және Ұлы Жібек Жолының бойымен орналасуы болып табылады. Аталып кеткен мықты жақтар Қазақстанда туризм саласының үлкен потенциалы бар екеніне көзімізді жеткізеді және соның әсерінен еліміздің алдында бірқатар мүмкіндіктер туғызады. Олар SWOT матрицасында келтірілген. Енді біздің мақсатымыз аталған мықты жақтарды пайдаланып, туып отырған мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қол жеткізетін стратегия бойынша туризм саласын дамыту. Яғни, дамыту дегеніміз саланың алдында тұрған бірқатар мәселелер тізбегін шешу. Бұл мәселелер біздің әлсіз жақтарымыз болып табылады. Олар да SWOT матрицасында өзінің орнын тапты және ӘЖМ алаңында мүмкіндіктермен қиылысады. Осы алаңның мағынасы – мүмкіндіктерге қол жеткізу үшін әлсіз жақтарды жою керек. Сол мақсатта жүзеге асатын стратегиямен жұмыс істеуіміз қажет.
Сонымен қатар, туристік саланы мүлдем артқа қарай шегіндіріп тастай алатын бірқатар қауіптер де төніп тұр. Олар қатарына экология нашарлауы, саяси тұрақсыздық, экономикалық тұрақсыздық жатады. Аталған қауіптердің алдын алу үшін біз өзіміздің мықты жақтарымызды қолданып, олардың мүлдем көзін жоятын стратегия бойынша қызметті жүзеге асыру қажет. Бұл жағдай SWOT матрицасының МЖҚ алаңында туып отыр.
Туристік саланың төмен деңгейде болуының себептері мен оған төніп отырған қауіптері ӘЖҚ алаңында қиылысуда. Бұл алаңда біздің алдымызда тұрған мәселе — әлсіз жақтардан құтылу және қауіптерді әр қашанда қадағалау, өмірде өз көрінісін табуына жол бермеу. Сонда мықты жақтар әсерінен пайда болып отырған мүмкіндіктер жүзеге аысп, елімізге үлкен пайдасын әкелер еді.

Кесте 2 – SWOT матрицасы.
Мүмкіндіктер
1. Туризмге тікелей немесе жанама қатысы бар барлық кәсіпорындарды дамыту;
2. Халықты жұмыспен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті дамыту;
3. Еліміздің беделін әлемдік қауымдастық алдында көтеру;
4. Келу туризмін кеңейту арқылы шетел валютасының Қазақстанға келуіне қол жеткізу;
Қызмет көрсету саласын кеңейту. Қауіптер
1. Экологияның нашарлауы;
2. Саяси тұрақсыздық;
3. Экономикалық тұрақсыздық.
Мықты жақтар
1. Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;
2. Туристік рекреациялық зоналарының, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі;
3. Саяси тұрақтылық пен экономикалық дау;
4. Қазақстан территориясында тарихи ескерткіштердің көп болуы;
5. Қазақстанның Ұлы Жібек Жолы бойында орналасуы. МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР – МЖМ МЫҚТЫ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР – МЖҚ
Әлсіз жақтар
1. Әлсіз инфрақұрылым;
2. Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы;
3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкес деңгейде болмауы;
4. Туризм саласында Қазақстан мамандарының тәжірибесінің аздығы. ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР — ӘЖМ ӘЛСІЗ ЖАҚТАР МЕН ҚАУІПТЕР — ӘЖҚ

Туристік кластер ядросы қызмет жабдықтаушылар болып табылады, басқа сөзбен айтқанда бұл шетел туристерін Қазақстанға шоғырландыру қызметтерін ұсынатын туристік агенттіктер. Қонақ үйлер, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар да туристік бизнестің өте маңызды құраушылары болып табылады және туристік агенттіктермен ұсынылатын қызмет пекеттеріне енгізіледі.
Қызықтыру орындары туристік кластер картасының өте маңызды орнын алады, себебі олар тек туристер таңдауын ғана емес, сонымен қатар әр бір елдің ерекшеліктерін де көрсетеді.
Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы өзгеше мәдениетінде (тарихи туризм), көркем жабайы табиғатында және спорттық туризм мен экстремалды туризм сияқты белсенді демалыс түрлерімен айналысуға мүмкіндіктің бар болуында жатыр.
Келушілер де туристік кластердің маңызды бөлігі, туристік кластер картасы тапсырыс берушінің қалауына байланысты өзгеріп отырады.
Туристік қызметтердің жанама жабдықтаушылары мейрамханалар мен туристердің қауіпсіздігімен айналысатын мекемелер. Қазіргі таңда аталған сектордың туристік агенттіктермен байланысы қажетті деңгейдк емес.
Туристік кластер дамуының қажетті құраушысының бірі білім беру мекемелері, салалық ассоцияциялар және мемлекеттік мекемелер. Білім беру мекемелері туристік кластерге қажет мамандары даярлаумен шұғғылданады.
Туризм индустриясын дамыту мақсатында біртұтас мемлекеттік саясат жасалған. Білім беру, мәдеениет және денсаулық сақтау министрлігінің туризм және спорт комитеті Республиканың заң базасына сүйеніп, 2030 жылға дейін саланың дамуының стратегиялық бағдарламасын және «Жібек жолының тарихи орталықтарын өркендету» мемлекеттік бағдарламасын жасады. Екі бағдарлама да Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысымен үкімет қаулысымен бекітілген. Қазақстандағы Жібек жолы бөлігін өркендету мақсатында «Жібек жолы – Қазақстан Ұлттық компания» АҚ құрылды.
Елбасымыздың жолдауында ең бірінші мәселе болып туризм мәселесі қойылды. Бұл стратегияда туризмнің даму жолдары мен көздерін қарастырып, оның іске асуын қадағалау керектігі жазылады.
Қазақстан өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнімі өмір сүру шеңберінде енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде маркетинг шараларын өте белсенді түрде қолдану керек, дәлірек айтсақ, туристік өнімі жайлы әлуетті туристерді ақпараттандыру деңгейін көтеру керек, яғни Қазақстан туризм үшін өте қолайлы жер деген ойды тұтынушылар санасында жайғастырып, туристік өнімнің имиджін құруымыз қажет. Ішкі туризмнің тұтынушылары болып табылатын республикамыздың азаматтарының да қазақстандық туристік өнім жайлы ақпараттану деңгейі жоғары емес. Қазіргі таңда алыс шетелге шығуға мүмкіндігі жоқ, бірақ көршілес елдерге туристік сапармен баруға жағдайлары келетін хлық үлесі елеулі болып отыр. Осы тұтынушылардың өзіміздің туристік өнімізге қызығушылықтарын арттырып, тартып алуымызға қазіргі таңда өте қолайлы жағдай туып отыр. Көршілес мемлекеттерде саяси жағдайдың тұрақсыздығы біздің ішкі туризм көрсеткіштеріне оң әсерін тигізе алады. Сондықтан, қазіргі уақытта туристік ел ішінде белсенді түрде дәріптеуіміз қажет.болады. БАҚ — ң мониторингы арқылы бәсекелестердің жарнамалық кампаниялары туралы, олардың жарнамасының тәсілдері мен ауқымы қандай дәрежеде екенін білуге болады. Сонымен қатар, БАҚ — да туристік фирмалардың рейтингі басылады. Олар түпкілікті, жиналып, зерттеледі.
Сонымен қатар шетелдік партнерлар ақпатар көзі болуы мүмкін. Олар бәсекелестер жіберген туристік лектерілңкөлемі кандай екенін және олар қандай қаладан келгендігі, қандай қосымша қызметтермен пайдаланғандағы жайлы ақпарат беруі мүмкін.
Бәсекелестер туралы ақпарат жиналып, талданып есеп түрінде туристік фирма басшылығына беріледі. Өйткені, туристік фирмалардың мақсаты бәсекелестерге қарағанда жақсырақ жұмыс жасау болып табылады, олар бәсекелестерінің кемшіліктерін табу арқылы өзінің жүмысында оларды болдырмауға тырысуы қажет. Бәсекелестерге қатысты тур фирмалардың белгілі бір стратегия, бағалық саясат және маркетинг кешенінің бір қүралы қолданылады.
Агенттік тораппен жұмыс жасау маркетинг бөлімінің маңызды мәселесі болып табылады. Агеттік торапқа турфирмамен келісім шартқа отырған барлық турагенттіктер, жеке кәсіпкерлер және ұйымдар кіреді. Маркетинг бөлімінің агенттік торапқа жауап беретін қызметкерлері агенттер туралы көрсеткіштер базасын жүргізуі тиіс.
Агенттік торатың мүшелеріне турфирманың ұсынатын қызметтерінің пакеттері жіберіледі (каталогтар, брошюралар және олардың электрондық түрі т.б.). Агенттер барлық керекті ақпаратпен қамтылуы тиіс.
Сонымен қатар, маркетинг бөлімінің қызметкерлері агенттердің жұмысы нәтижелері туралы есеп жүргізіп отыруы тиіс.
Агенттік тораптың мүшелерінің жұмысын ынталандыру мақсатында бонустар жүйесі енгізілуі тиіс. әрбір жіберілген турист белгілі бір ұпай әкеледі. Үпайлардың белгілі бір мөлшері бонусиық жүйенің бірінші, екінші және үшінші орындарға шығуға мүмкіндік береді. Бүл коммисиондық марапаттаудың 3 деңгейін қарастыруға мүмкіндік береді. Төменгі деңгейдегі коммисиялық марапаттау 5 — 7 %, ең жоғары деңгейде — 10 — 12 %. Бонустарды санау және коммисиондық марапаттау мөлшерін орнату маркетингтік бөлімнің қызметіне кіруі керек.
Турөнімді жылжытудың негізгі қүралының бірі болып, халықаралъқ көрмелер мен кездесілерге қатысу болып табылады. Олар турөнімге ғана емес және турфирмаға назар аударуға мүмкіндік береді. Маркетингтік бөлімнің мұндағы қызметі болып жатқан, болашақта болатын кәсіби көрмелер туралы ақпарат жинау болып табылады. Осыған байланысты екі стратегиялық бағыт орнатылады — біреуі әлуетті агенттерді бірге жүмыс істеуге тарту («риsһ») және екіншісі тұтынушыларға бағытталған («рull»). Кәсіби көрермендер көрменің үшін бірінші күн арналады.
Көрмеге турфирманың өнімін көрсететін жарнамалық материал дайындалады. Көрмеге дайындалу кезінде шетел тілдерінде визиттық карточкаларды қажетті көлемде дайындайы қажет. Ең негізгісі жарнамалық стендті жасауы қажет.
Туристік көрмелерге қатысудың екі мақсаты бар: 1) партнерлік байланыстарды және агенттік тораты кеңейту; 2) өзінің өнімдеріне түпкілікті тұтынушыларды тарту.
Стендте жұмыс істеу үшіе турфирма ең көзге түсімді, эрі пысық қызметкерлерін қояды. Олар шетел тілдерін білуі қажет. Стенд — турфирманың қызметі жайлы толық мәлімет беретін витрина.
Тур операторлармен жұмыс істеуге агенттерді тартудың тағы бір
құралы презентацияларды ұйымдастыру. Презентация кәсіби көрме жүмыс
істеп жатқан күндері, аумақтардағы жаңа филиалдардың ашылуына
байланысты немесе туристік мерзімнің ашылуымен байланысты
ұйымдастырылады. Презентацияны ұйымдастырумен маркетинг бөлімі айналысады. Презентация салтанатты түрде мейрамханаларда, клубтарда жүргізіледі.
Ұйымдарга демеушілк көмек, Турфирмалар әр түрлі қоғамдық шараларда демеуші ролін атқаруы болады. Маркетинг бөлім елде, қалада қандай шаралар өтіп жатқандығын іздестіріп, ол жерлерге қатысу туралы шешім қабылдайды. Негізі қоғамдық өмірде мағызы бар және БАҚ — да үлкен резонанс алатын оқиғаларға демушілік жасайды.
Оперативті маркетшг. Турфирманың маркетингтік бөлімі агенттік торап арқылы және Интернет жүйесі арқылы жүргізілетін барлық сатулардың мониторингін жүргізеді. Сатулардың жүргізілуінің бағытын бақылау мақсатында есеп беру бланктары жасалады.
Жарнамалық қызмет. Турфирманың жарнамалық қызметін жүргізудің негізгі бағыттары болып жарнамалық стратегияны және медиажоспар жасау, медиажоспардың орындалуын бақылау, БАҚ — да жарнаманы ұйымдастыру, каталогтар жасау, пресс — конференцияларды жүргізу және т.б. жарнамалық әрекеттер.
Шетелде турөнімнің жарнамасымен тек турфирмалар ғана емес, сонымен қатар, федералды және жергілІкті құрылымдар, қонақ үйлер, театрлар, музейлер, тематикалық парктер, мейрамханалар және басқалар. Мысалы, Голландидағы қызғалдақтардың өскендері жайлы БАҚ — ғы күшті жарнама рақылы білуге болады. Аты әйгілі Кекенхоф өзінің ғажайып гүлдері бар брошюраларын элемнің түпкір — түпкіріне жібереді. Бұл брошюраларда парктың тарихы туралы, қандй көлікпен ол жерге жетуге болатындығы жэне бағаларының қандай екендігі туралы толық ақпарат бар. Қазіргі кездегі турфирманың қызметі рыноктық ортада жүргізіледі. Сұраныс пен ұсыныс қаңдары, еркін бәсекелестік турфирманы рыноктық ойынға бас ұруға әкеледі. Маркетинг фирмаішілік және сыртқы орта шындығымен байланыстыратын механизм болып табылады. Ол рыноктың конънктурасы, рыноктағы бәсекелестер, туристік лектерің бағыттары, туристік өнімнің өзгеруі, тұтынушылардың талғамы мен көзқарасының өзгерісі жайлы ақпапарт береді .
Туристік аймақтың тартымдылығын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады: 1) аймақтың қолайлығы; 2) табиғаты жэне климаты; 3) келушілерге түрғылықты халықтың қатынасы; 4) аймақтың инфрақұрылымы; 5) бөлшек сауда жағдайы; 6) баға деңгейі; 7) сорттық және білім беру мүмкіншіліктері; 8) мәдени және әлеуметтік сипаттар.
Сондай — ақ, туристердің ағымының төмендеуіне әсер ететін басқа да мәселелер бар:
1) виза мәселелерімен байланысты қиыншылықтар. Визасыз кіріп — шығуға
болатын елдер елдер бар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімнің жеңілдеуі
өте маңызды.
2) Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Ноt Lіпе» құру ісімен
айналысуда. Егер турист кез — келген аймақта туристік сапармен жүрген
кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде
ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бүл әрине мәселенің ұшығуының алдын
алады.
3) тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі
4) көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай
болмауы (түру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т.б.)
5) салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді
жіберу немесе қабылдаумен айналыстынына өарамастан туристік қызметке
қосымша қүн салығы салынады.
6) Туризм саласы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей тек шетелдік туристерді қабылдайтын туристік фирмалар ғана ел экономикасына пайда әкеледі.

2.2. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетің талдау.

Қазіргі уақыт немесе кеңейтілген маокетинг категориясында кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара әрекет ету жүйесі ретінде қарастыра отырып, осы ортада кәсіпорынның тұрақты жағдайын қолдауға бағытталған зерттеу процесіне негізделе отырып, кәсіпорындарда маркетинг жүйесінің қалыптасуы сипаты зерттеледі.
Рыноктың қатынастарға өту кезіндегі маркетингті ұйымдастыру процесіне сыртқы ортаның өзгерістері, соның ішінде заң шығару базасының жетілдірілуі айтарлықтай ықпал етеді. Сыртқы ортаның қалыптасқан факторлары жағдайын талдау отандық кәсіпорындарда маркетинг жүйесін ұйымдастыруды қаржыландырудың жетімсіздігін объективті анықтайды. Бұл осы іскерлікте тәжірибе тапшылығымен қатар нарық шарттарында білікті жұмысты қамтамасыз ету үшін қажет маркетинг жүйесінің ресурстың әлуетті элементтерінің барлық түрлерінің (кадрлық, қаржылық, техникалық, әдістемелік және т. б.) жеткіліксіздігіне әкеледі.

5сурет – Кәсіпорындарда маркетинг жүйесін ұйымдастырудың негізгі объективті проблемалары.
Осы көрсетілген суретте өтпелі кезенде маркетинг жүйесін ұйымдастырудың объективті проблемаларын анықтайтын факторлар келтірілген. Қазақстан кәсіпорындарында маркетинг жүйесін ұйымдастырудың мәселелерін шешу үшін салалық өзгешеліктерді есепке алу маңызды болғандықтан қоғамдағы жетекші салалардың кәсіпорындарындағы маркетинг ерекшеліктері болып табылды.
«SANAT» компаниясы тур пакеттерін шығарушы және туристік қызметті іске асырушы болып табылады. Көрсетілетін қызмет түріне келетін болсақ, ол шетелдерге туристерді жіберу және шетел туристерін қабылдау, сәйкесінше оларға туристік қызмет көрсету рыногында – 7 жыл. Ол өзін ішкі және халықаралық туризм облыстарында өзін — өзі жақсы жақтарынан көрсетті. Негізгі өнімі Қазақстан территориясы мен Қиыр және Таяау шетелдерге турларды ұйымдастыру және визалық көмек көрсету болып табылады.
ЖШС-ң қызметінің заңды негізгі, Жарғы және құрылтай құжаттары болып табылады, онда қоғамның құжаттары, ЖШС-ң құрылтайшыларының құқықтары мен міндеттері көрсетілген. ЖШС-ң құрылтайшылары компанияның міндеттері бойынша жарғылық қорға салған өздеренің салымарынмен жауап береді.
Егер де туристік фирманың туристік жылдамасы қалай есептейтіні қарастырсақ, оған мысал ретінде Туркиядағы бірнеше отельге 10 күндік демалыста туристер үшін турпутевка бағасын қымбаттатын – авиа билет. Себебі, Қазақстанның авиа компанияларының қойылымдары өте жоғары. Мысалы, Москва – Анталия рейсі туристер үшін барып келу 110 доллар, ал Алматы – Анталия рейсі – 350 доллар, демек рейстер үшін туржолдама бағасы арзан түседі.
«SANAT» компаниясы орташа мөлшердегі компания болғандықтан, ол үшін ұсынылатын маркетинг бөлімшесі қызметкерлері саны 5-7 адам. Олардың арасында фукциялар келесідей бөлінеді:
• бөлім басшысы – бөлімді жалпы басқару; маркетингтік іскерлік стратегиясын құру;
• бөлім басшысының орынбасары – қызмет рыногын оқу, дәстүрлі және жаңа қызметтеріне сұранысты анықтау;
• сыртқы және ішкі ортаны бақылайтын маркетолог, яғни болып жатқан өзгерістердің маркетинг стратегиясына әсерін анықтап, оған тузетулер енгізуі керек;
• туристік өнімдерге сұранысты қанағаттандару үшін қажет өндірістік ресурстарды анықтау бойынша маркетолог;
• балаларды құру бойынша маркетолог;
• басқа ұйымдармен қатынас, жарнама және қызмет сапасы бойынша маркетолог.
Қызметтің бәсекелік қабілеттігі – бұл рынокта жемістілікті анықтайтын қызметтің (тауарды) тұтынушылық және құндық сипаттамалар жиынтығы. Бұл көп фукционалды түсінік, күрделі категория, рынок шарттарында тауарға сәйкес сипатталып, тұтынушылар талаптары тек сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамалары ғана емес, сонымен өткізудің экономикалық және коммерциялық шарттары бойынша анықталады.
«SANAT» компаниясы рынокта табысты әрекет ету үшін қызметтің бәсеке қабілеттілігін анықтап, нәтижесінде туристік қызмет топтарын 3 топқа бөледі:
1. бәсекеге қабілетті туристік қызмет;
2. бәсекеге қабілеттік деңгейіне жеткізуді талап ететін туристік қызметтер;
3. өндірістен шығаруға жататын туристік қызмет.
Рынокқа қызметті жылжыту жүйесінің негізгі құрамдастары – жарнама, жекелей сатулар, сатуды ынталандыру, қоғаммен байланыстар екенін 1.2. тарауда қарастырдық.
Жарнаманы жоспарлау оңтайлы түрде, яғни ең аз шығынмен қалаул нәтижеге жету – рынокқа белсенді әсер ету, өндірушіден тұтынушыға (туристке) қызметтің жылжуын жеделдетуге ықпал ету мүмкіндігін береді. Осыдан басқа, жоспарлау бір мәртебелік акциялардан жете ойланылған, ортақ идеямен байланысқан, бір мақсаттары бар шараларға, яғни жарнама кампаниясына өтуге жағдай туғызады.
«SANAT» компаниясындағы жарнамалық кампанияның мақсаты – берілген өнімнің рынокта жылжуы, отандық туристік фирмалардың арасында жетекші орында болу.
Белгілі мақсатқа арналған мақсатты аудиторияны таңдау: туристік қызметті сегменттеу рыногы туристік қызметтерді тұтынушылардың төрт деңгейі қолайлырақ екендігін көрсетеді.
Бірінші деңгей – тұтынушылар;
Екінші деңгей – ұйымдар – тұтынушылар;
Үшінші деңгей – жергілікті кәсіпорындар – турагенттер басшылары;
Төртінші деңгей – шетел кәсіпорындары — турагенттер басшылары.
Фирманың маркетингтік бюджеті 20000 АҚШ долларын қамтиды. Жарнамалық кампанияның құны – 11350 АҚШ доллары (10 кесте). Таяу шетелдерде өнімнің құны 100 АҚШ долларынан басталады.
Жарнамалық кампанияның құрылымына келетін болсақ, рынокқа шығу мен жарнамалық кампанияларды рационалдау үшін жарнамалық кампанияларды жүргізу бойынша бөлім құру керек.
Жарнамалық кампанияларды жүргізу бөлімі жарнамалық кампанияны басқару және қадағалау бойынша орталық топтан тұрады (өзіне шығындарды калькуляциялаумен айналыстатын әріптестерін қосады).

3-кесте – Фирманың маркетингтік бюджеті
Құны Қажеті Шығыны
Көрмеге қатысу Көрмедегі 1шаршы м. Аудан – 2000 долл. Тауардың имиджін жасау -500 долл., дизайн – 500долл. 10 шаршы метр 2000долл.
500долл.
500долл.
Теледидардағы
роликтер
1 мин.- 10000 долл. 5 секундтан 2 ролик тематикалық бағдарлама. 1000долл.
Радио ролик 1 мин.- 1000долл. 10секундтан 6 ролик 1000долл.
Журналдағы жарнама Жарнама ¼ бет – 500 долл. 4 жарнама 1/8 беттен 1000долл.
Газеттегі жарнама Жарнама ½ бет – 600 долл. 8 жарнама ½ беттен 4800долл.
Басылған қағаздар 1 беті – ¼ долл. 1000 бет 250 долл.
Компьтерлік тор Бетті құру – 2000 долл.(тіркеу) +100 долл.
(дизайн) 1 Web бет 300долл.

Нәтижесі: 11350

Ал жарнамалық кампанияны жүргізу уақыты 2005 жылдың қантар- мамыр айлары. Бұл уақытты таңдау, осы маусымдарда ең көп туристік көрмелер болатынымен негізделген.
Өнімнің кеңінен бағытталған түрлеріне берілген өнімге демографиялық мүдделері міндетті түрде ескеру қажет.
Жарнамалық кампаниялар жүзеге асыруды өткізу бөліміне беру керек. Қоғамдық жаналықтарды электронды құрылымдар арқылы қолдану туралы жарнамалық агенттіктерге жүгіну жақсы. Берілген жарнамалық агенттер жарнаманы теледидар мен радиоға жібереді, шағын компаниялар тауар туралы бағдарлама түсіре алады.
Сайтта құру мен дизайнын жасау дизайнерлік компьютер фирмаларына жүктеледі.

Қорытынды
Әрбір туристік фирмаға қандай елге саяхаттарды ұйымдастыру, қандай түрімен және қызметтердің қандай түрімен туристік пакетті толықтыру керектігін өзі шешуге тұра келеді. Стратегиялық шешімдер қабылдағанда туристік фирмаларға рыноктың қажеттіліктері мен түріне сүйенеді. Тұтынушылардың қажеттіліктерін білу ең маңызды мәселе екенін бәріне түсінікті. Осының мақсатында туристік фирмалар маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары болып рыноктың сыйымдылығы мен конъюнктурасы, тұтынушылары, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, өнім табылады. Туристік кәсіпорын маркетингі көптеген факторлар әсеріне байланысты (экономикалық, табиғи, элеуметтік – мәдени және т.б.). Кәсіпорын маркетингі практикасындағы факторлар мен оларды қоладанудағы күрделі өзгерістерді қарастыру керек. Мысалға, қазіргі кезде көптеген елдер бос уақытын спорт пен демалысқа кетіруге тырысады, туристік фирма іс — әрекетіне бейімделуге және туризм сферасындағы т.б. даму беталысын көрстеу міндеті болып табылатын туристік маркетингті дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Мысалы, Қазақстан Республикасында негізінен спорт, жүзу, аң аулау саласына бағытталған. Ғылым мен техниканың дамуы туристік қызметтің массалық өндірісінң құралдарын жетілдіруге мүмкіндік берерді. Туризм индустриясындағы туристік маркетингке компьютерлік техниканы енгізу керек.
Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімдердің қызметтері келесідей болуы тиіс:
1. Бәсекелестерді зерттеу;
2. Агенттік тораппен жүмыс істеу;
3. Арнайы көрмелер мен кездесулерге қатысу;
4. Презентацияларды ұйымдастыру;
5. Ұйымдарға демеушілік көмек көрсету;
6. Оперативті маркетинг;
7. Жарнамалық әрекет.
Бәсекелестерді зерттеу мақсатында маркетингтік бөлімнің қызметкерлері тұрақты негізде БАҚ — на мониторинг, өзінің агенттерінен және кәсіби көрмелерде ақпарат, бәсекелестердің қызметімен байланысты мәліметтер жинауы қажет. Бәсекелестердің каталогтары, және ондағы тарифтер зерттелуі тиіс. Бұл каталогтардан олардың тарифтері қандай, олар қандай отельдер ұсынады, туристік пакет қандай қызметтерден тұратынын білуге

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Академия рынка: маркетинг/пер. с фр. (Дайан А., Букерель Ф., Ланкар Р.
др.); науч.ред. Худакормов А.Г. — М.: Экономика, 1993. — 572 бет.
2. Багиев Г.Л., Тарасевич В.М. Маркетинг. СПб: СПБУЭФ, 1996. — 74 б.
3. Бейжанова А.Т. Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы
маркетингтің дамуы. // Вестник КазНУ: серия экономическая. — 2004. — № 4
-с. 52-53.
4. Голубков Е.П. Маркетинпстратегии, планы, структуры. — М.: Дело, 1995. -
192с.
5. Жих Е.М., Панкрухин А.П., Соловьев В.А. Маркетинг: как завоевать
рынок? — Л.: Лениздат, 1991.- 250 с.
6. Шеденов У.К., Ильясов Д.Қ. Теория маркетинга и менеджмента в сфере
услуг. Алматы: Қазақ университеті, 2002. — 150 с.
7. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы. Алматы: Қазақ
университеті, 2002. — 222 б.
8. Борисова Ю.Н Маркетинг в туризме. М.: Рос. Межд. Академия туризма,
1996.-56 с.
9. Котлер Ф. Маркетинг: Гостеприимство и туризм. Учебник для вузов/ пер. с
анг. под ред. Р.Б.Ноздревой. — М.: ЮНИТИ, 1998. — 787 с.
10. Дурович А.П. Маркетинг в туризме. Минск: НПЖ «Финансы, учет,
аудит», 1998. — 199 с.
11. Основы менеджмента туризма / под ред. Квартального В.А. М.: Финансы и
статистика, 2001. — 125 с.
12. Введение в бизнес туроперейтинга / под ред. Айгистовой О.В. М.: Рос.
Межд. туризма, 1997. — 64 с.
13.Алтынбаева Б.А. Рынок туристических услуг. Учебное пособие: Основы
рыночной инфраструктуры. — Алматы: Экономика, 1997. — 125 бет. 14.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма: учебное пособие. — Минск: БГЭУ,
1999.-144 с.
15.Юрик Р.А. Маркетинг как необходимый инструмент управления
турфирмой. // Маркетинг в Росии и за рубежом. — 2004. — № 2 — с. 109-118. 16.Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері. — Алматы: Қазақ
университеті, 2000. — 111 бет.
17.Маркетинг. Учебник под ред. Романова А.Н. М.: Банки и биржы,
ЮНИТИ, 1995.-560 с.
18.Сапрунова В.Б. Туризм: Эволюция. Структура. Маркетинг. — М.: Ось, 1997.
-89с.
19.Экономика современного туримза / под ред. Карповой. М.: Финансы и
статистика, 1998. — 225 с.
20.Котлер Ф. Маркетинг негіздері: ағыл. ауд. — Алматы: «Жазушы», 2000. -
550 бет.
21.Пузикова Е.П., Честпиков В.А. Международный туристический бизнес. М.:
1997.-35 с.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы