Скачать/Жүктеу
Аз белгілі аудандарды, елдерді және континенттерді зерттеуге орыс теңізшілері және саяхаттанушылары айтарлықтай үлесін қосты. 1639 жылы Тынық мухит жағалаулары игерілді. Сібірді кесіп өткен және Охот теңізіне шыққан алғашқы адам болып Иван Москивтин табылды. 1643-1646 жж. Якутскіден Тынық мухиттық жағалауға қарай саяхаттанған В.Д. Поярков. 1697 ж. В.Т. Атласов Камчатканы ашты, ал 1711ж. орыстар Куриль аралында болған.
1732 жылы Иван Федоровтың экспедициясы Принц Уэльский мысына жақын орналасқан Аляска жағалауына жетті. В. Беринг саяхат жасаған кезде (1725-1743жж.) Алеут, Беринг аралдары, Американың солтүстік-батыс жағалаулары ашылды, Азия мен Америка арасындағы бұғаз арқылы жол салынды, Охот теңізі, Камчатка, Куриль аралы және Жапонияның солтүстік бөлігі сүретке түсірілді. 18 ғасырдың белгілі орыс саяхаттанушыларының аттарының арасында – В. Прочищев, Д.Л. Овцын, Д.Я. Лаптев және Х.П. Лаптев, С.И. Челюскин, С.П. Крашенников. Г.И. орын алады. Шелиховты «Ресей Колумбы» деп атайды.
ХІХ ғасырдың басында негізінен мекендеуге болатын континенттерді ашу процесі аяқталды. Барлық ірі өзендер ағымының бүкіл немесе үлкен бөлігі тексерілді және зерттелінді, картаға үлкен көлдер белгіленді, мекенді территориялар релъефтерінің негізгі белгілері анықталды.
ХІХ және ХХ ғасырларда приполярды кеңістіктер игерілді. Орыс саяхаттанушылары үшін ХІХ ғасырдың басы Н.Ф. Крузенштерн және Ю.Ф. Лисянский (1803-1804жж.) капитандардың басқаруымен жүргізілген алғашқы саяхаттарымен белгілі болды, олар Тынық мухитында жаңа аралдарды ашқан. М.П. Лазарев, Ф.Ф. Беллинсгаузен Австралияны, Полинезияны кесіп өтті және Антарктиданы (1821ж.) ашты. Саяхаттанушы Н.Н. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеяны (19 ғасырдың 70-ші жылдары) терең зерттеді, ал орыс зеттеушілері Орталық Азияны игеруге үлкен үлесін қосты. Олар мұнда Тянь-Шань, Памир және Моңғолия арқылы өтті. Бұл регионды зерттеуде атақты орынды П.П. Семенов-Тяньшаньский және Н.М. Пржевальский алады.
20 ғасырдың басында орыс теңізшілері және саяхаттанушылары құрғақ кеңістіктің алтыдан бір бөлігін игерді.