Скачать/Жүктеу
Анықтауыш пен толықтауыштың негізі бір, екуі де объект, екеуін де анықтауыш деуге болар еді. Бірақ, анықтауыш абстракт та, толықтауыштың объект екендігі анық көрініп тұрады. Толықтауыш объектінің объектілігін сақтаған, дегенмен, алғашқы табиғи объект пен мына объектінің айырмасы үлкен.
Мұндағы объект неше түрлі құбылысқа айналып кеткен. Бұл құбылыстың барлығы да қоғамдағы қарым-қатынастың сәулесі. Толықтауыштың мағынасын, маңызын сұрауға қарай айырамыз. Ілік жалғауынан басқа септік жалғауларының тура сұрауы толықтауыштың сұрауы болады: кімге, неге, кімнен, неден, қайдан, кімде, неде, қайда, кімді, нені, несін, кіммен, немен.
Барыс, шығыс, табыс жалғаулары кейде түсіп қалып отырады. Бұлардың барлығын білу үшін сұрау қою керек. Баяндауыш етістіктен келіп тұрса, оған жақын тұрған жалғаулардың түсіп қалуы – қазақ тіліндегі белгілі заң. Мысалы: Мәскеуге барам деудің орнына Мәскеу барам, Кітапты алдым деудің орнына Кітап алдым.
Түсіп қалатын жалғау мен етістіктің екі ортасына басқа бір сөз қыстырылса, түсіп қалған жалғау жасырын түрден көрінеу түрге шығады. Мысалы: Ол Мәскеу барды дегенді Ол Мәскеуге кеше барды десек дұрыс болады.
Шығыс жалғауының толықтауыш болмайтын жеріне мысал: Баланы жасынан тәрбиелеу керек. Кейін келген бала ұялғаннан үйден шыға жөнеліпті. Мұндағы –нан шығыс септігінің жалғауы.
Көмектес жалғауының толықтауыш болмайтын түріне мысал: Оқуға ертемен барамыз. Мұндағы ертемен сөзінің сұрауы – қашан? Олар су үстімен келді. Қалай?
Сонымен қатар, толықтауыш кім туралы, кім жөнінде, не жайында, не тақырыпты деген сұрауларға да жауап беретіндігі байқалады.
Туралы, тақырыпты, жөнінде, жайында деген шылаулар мен есім сөзге жалғас айтылатын сайын шылауы қатысқан сөздер толықтауыш болады. Мысалы: Екеуі совхозды суландыру жайында бірсыпыра кеңесті.
Күрделі толықтауыш дегеніміз – екі толықтауыш сөз қатар айтылудан пайда болады, бұлар кейде бірімен-бірі сатыласып айтылудан да пайда болады.
Күрделі толықтауышқа мысал: Жанаттың айтқан жылы сөзі балалармен қоса ата-аналарын да жылытып тұрды. Ауылдан-ауылға жүріп, жаңа өмірді жырладым. Мұнда толықтауыш – ауылдан-ауылға.
Тұлға жағынан іліктен басқа тура мағынадағы жіктік жалғауларында тұрып, толықтауыш зат есім, затқа айналған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктен жасалады. Толықтауыш дара күйінде де, күрделі күйінде де кездеседі. Дара толықтауышқа мысал:
Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.