Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)


Скачать/Жүктеу

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мәселесі, ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оның жаңа мазмұны мен құрылымы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылған. Аталмыш мәселе тарихи тұрғыда зерттеліп, оның жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылды.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Он жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс».
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар [2].
Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шыңдығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы-ғалым Т. Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: «Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы «ақтаңдақтарға» деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады» [3, 3-б.]. Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды. Соңғы жылдары осы сала бойынша, қол жеткізген ең үлкен жетістік ретінде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының тұрақты арнаға түскендігін айтуға болады. Осы өткен жылдар ішінде осы салаға қатысты Жер, Орман, Су кодекстері, астық, ветеринария, егіншіліктегі міндетті сақтандыру туралы заңда, көптеген заң аясындағы актілер, сондай-ақ жоғарыдағы сөз болып отырған үш жылдық бағдарламадан тыс Ауылдық аумақтарды дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Міне, осы құжаттар негізінде, еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдағы жүрер жолы да айқындалды. Саяси, экономикалық, идеологиялық қатынастармен көп қырлы болып келетін ауыл шаруашылығы экономикасының даму заңдылықтарын қарастырғанда, аграрлық сектордың оның ерекшеліктеріне байланысты, табиғи-биологиялық заңдарға тәуелділігі бұл сала үшін ерекше аграрлық қатынастардың тән екендігін көрсетеді. Қазақстан экономикасы әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық, одан әрі аралас экономикаға өту жолында. Өйткені, нарық экономикалық жүйеден гөрі шаруашылық жүйеге барынша жақын болып табылады. Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан қоғамдық психологияны, еңбек қатынастарын күйретіп, дағдыларын күйретіп, жаңаны қалыптастыруды көздейді. Міне, сондықтанда нарықтық қатынастарға өту жағдайында, аграрлық саладағы шаруашылық жүргізудің және меншіктің көптүрлі формалары – аграрлық нарық қалыптасуының жалпы экономикалық алғы шарты деуге болады. Қоғамымызда түбірімен өзгеріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл шаруашылығы саласындағы реформалар қажеттігі күн талабы болып отыр. Бұл процессте ауыл шаруашылығында қалыптасқан ерекшеліктерді ескеруге үйретеді және бүгінгі таңда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын нақтылап, белгілей түседі. Біздің зерттеу жұмысымыз, міне осыны көздейтіндіктен де өзекті. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетеді. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Демек, ауылдағы аграрлық қатынастардың дамуы, ауылды жандандыру, ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі. Міне, осының бәрі де біздің зерттеуіміздің өзектілігін және ғылыми жұмысымызды терең талдауды талап етеді.
Зерттеудің зерттелу деңгейі. Бүгінде еліміз ауыл бағдарламасында көрсетілгендей, дамыған елдердің аграрлық салада қол жеткізген тәжірбиелерінің саяси-экономикалық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдарына сәйкес, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың ең басты іс-шараларын нақтылау міндетін қойып отыр. Қазақстанның ауыл шаруашылығының тарихына көптеген жұмыстарда үкіметтің жекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер қарастырылған. Мәселен, республиканың аграрлық саласындағы қайта құрулар мен колхоз құрылысының даму тарихына арналған Б. Төлепбаевтың, М. Кенжебаевтың, Г Халидуллин, Р. Исатаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары бар. Онда ауыл шаруашылық өндірісінің даму мәселелері тек 1980 жылдардың аяғына дейінгі кезеңді қамтыған. Зерттеу тақырыбының толық тарихнамасын игеру үшін, жалпы республикадағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік – экономикалық жағдайына көңіл аударғанды жөн көрдік. Қазақстанның аграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардың бірі – деп К.А. Берденова, С.И. Иманбердиеваның “Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана” деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80-жылдар аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы қөзқараспен талдау жасалынған [4]. Бұл жұмыс жаңа тарихи принципі тұрғысында жазылып, 60-80-жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық саласында етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін авторлар ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл — әкімшіл әдіспен ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардың толық біржақты үстемдігіне негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық механизм қажет еместігін айқындап берді. Әйтседе авторлардың зерттеуінде тотолитарлық жүйе кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге және олардың себептерін толық ашу жеткіліксіз деуге болады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, Кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған еңбек. Осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан тарихшылар С.А. Байтілен, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсаринаның, еңбектері үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеуші С.А. Байтілен «Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты; ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990 жылдар)» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясында кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді [5]. Осыған байланысты, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Қ. Байсаринаның «Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы; тарихы және сабақтары (1946-1965 ж.ж) деген тақырыпта жазылған докторлық зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың басты бағыттары, оның қайшылықты тағдыры, өмірге енгізілу әдісі, түрі мен тәжірбиелері сол секілді аграрлық саясаттың ащы сабақтары, қиыншылықтары мен зардаптары зерттелген [6,8-б]. Кеңес үкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар, өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шарауашылық мәселелері, соның ішінде колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселеге объективті баға берген зерттеулер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға ғылыми түрде үлкен үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [7], О. Мұқатова [8], Е.Т. Берлібаев [9]. Аграрлық сектордағы меншік және шаруашылық нысандардың қалыптасып дамуы, олардың тиімділігін арттыру мәселесі сонау ХХ ғасырдың басынан-ақ Н.К. Кондратьев, А.В. Чаянов және тағы басқа әлемге белгілі ғалымдардың еңбектерінде көп мән берілген. Соңғы жылдары осы тақырыпта Қазақстанның бірқатар экономист ғалымдарының, оның ішінде Б. Баймұқанов, Ж. Шарақымбаев, Қ. Шалғымбаева, З. Байтеков [10], А. Қошанов [11] еңбектерінде агробизнесті қалыптастырумен қатар, аграрлық сектордың экономикасын дамыту мәселелері зерттелген. Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі және оның нәтижелерін көрсету барысында экономистер М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х.Е. Ертазин [12] және М.К. Сүлейменов [13] еңбектерін атап өтпеске болмас. Кең көлемдегі материалдар арқылы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын реформалау және нарықтық мәндегі жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары, олардың қызметін мемлекеттік реттеу тегеуріші көрсетіліп, аграрлық азық-түлік нарығы, агробизнестің маркетингтік сфера мәселелері талданған. Дегенмен, республика өңіріндегі аймақтардың табиғи, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты аграрлық қатынастарды қалыптастыру, дамыту, олардың тиімділік мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ауыл шаруашылығына тікелей қатысты шешімін таппаған мәселелердің барын жоққа шығара алмаймыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайына әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып. Реформалау процесінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу түрлерін талдау мен жер қатынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы сөзсіз. Аталған мәселе бойынша іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мәліметтерді айтуға болады. Қазақстанда феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық және шетелдік ғалымдары зерттеген. Жер қатынастарында мемлекеттік бақылау жерді пайдалану мен қорғау саласындағы жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да әрі өзекті мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелер жөнінде пікір білдірген ғалымдар: Ә.С. Бектұрғанов, Ө.С. Стамқұлов, Г.Ә. Стамқұлов, Е. Әбдікәрім жерге мемлекет меншігін және жер пайдаланушылардың құқығын қорғау, жерді табиғат объектісі ретінде қорғау жолдарын әр түрлі бағыттаған. Ауыл, село еңбеккерлерінің өндіріс саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, моделі саласын зерттеу мәселесі назардан тыс қалмады. Айталық, Х. Әбжанов, Ж.Б. Әбілхожин, А.Н. Алексеенко, А.Б. Галиев зерттеулері аграрлық сектордағы село тұрғындарының әлеуметтік, мәдени, демографиялық зерттеулерінде көрсетілген. Қазақстанның ХХ-ғасырдың 80-90 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуынан әлі де зерттелмеген немесе тарихи тағылымда жеткілікті көрініс таппаған нақты-тарихи проблемалардың үлкен көлемін алға тартқан зерттеу жұмыстың бірі бұл – С.З. Баймағамбетовтың «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени құрылысы (1980-2000 жж.) – Тарихи талдау» деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясы. Онда халықты әлеуметтік қорғаудың, әлеуметтік қорғаудың, денсаулық сақтаудың , мәдениет пен білім беруді нақты жай-күйі мен перспективалары талданған [14].
Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылығын нарықтық қатынастарға қалыптастыру және нарықтық қатынастарды орнықтыру мәселелері оның барысындағы қиыншылықтар өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Әйтсе де зерттеулердің басым көпшілігі экономика – ғылыми мәселелері бойынша жарық көрді өйткені, ауыл дағдарысының себептері мен мәнін экономикалық негізінде түсіндірілетіні белгілі. Осыған байланысты, 90 жылдардың басында және қазіргі кезде, “Ауыл шаруашылығының әлеуметтік экономикалық мәселелері жөнінде, экономист зерттеушілер, әлеумет-танушылар көп еңбектер жазып, өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын, сынды қөзқарастарын жазды. Зерттеу жұмысындағы “Қазақстандағы ауылдың дамуы” мәселелер мен келешек мүмкіндіктері деп аталатын есеп – республиканың ауыл аймақтарының 1991 жылғы дамуын тек ауыл шаруашылығының дамуы тұрғысынан емес, ауылдағы адам қатынастарының бүкіл кешені тұрғысынан қарастырған. Мемлекеттік статистика мәліметтері бойынша, ел халқының жартысына жуығы (44 пайыз) ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Ауыл дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің талдауы экономикалық даму қарқындары мен адам дамуы деңгейі арасындағы тығыз өзара байланыс есеп қортындылары тезисті статистикалық көрсеткіштер көрнекі дәлелдейді.
Сонымен қатар зерттеу жұмысында Елбасы Н.А. Назарбаев, академик М. Қозыбаев, ғалым-экономистер М. Расулов, Ғ. Калиев, мемлекет қайраткері: Д.А. Қонаевтың ой толғау еңбектері, естеліктері, талдаулары, ғылыми еңбектері ерекше назар аудартады. Олар өз еңбектерінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында болған саяси әлеуметтік экономикалық өзгерістер, кездескен қиындықтар мен қателіктер, қазіргі таңдағы қиындықтардың басты себептері, проблемалары жан-жақты талданған. Қазақстан ауыл шаруашылығында нарықты экономиканы қалыптастыру және орнықтыру мәселелері әр уақыттарда Премьер-Министр, ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған А. Есімов, Б.Тұрсынбаев, Ж. Кәрібжанов, С. Терещенко тәрізді азаматтардың сөйлеген сөздерінде, олармен журналистер қауымының арнайы сұхбаттары кезінде айтылды. Нарыққа өтпелі кезеңдегі ауыл проблемасын шешу үшін жергілікті табиғи-географиялық, әлеуметтік, демографиялық, экономикалық ерекшеліктерді басты назарға ала отырып, аграрлық саладағы дағдарыс себептерін аталған азаматтар әрине толық ашпаса да, олар негізінен дағдарыстан шығу жолдарын көрсетуге баса назар аудартады. Аграрлық қатынастар, нарықтың даму барысындағы жіберліген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытудың мәселелері т.б. қосымша тарихи зерттеуді талап етеді. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынасы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселеріне арналған еңбектердің маңызы өте зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты – Қазақстан Республикасында аграрлық қатынастардың нарыққа бейімделуін қамтамасыз ететін оның даму мәселелерін, осы ауыл шаруашылығы саласындағы терең өзгерістерді тарихи ғылыми талдау жасау болып табылады. Осыған байланысты, зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды.
- 1985 — 1990 жылдар аралығындағы республика ауыл шаруашылығының алдына тұрған проблемалар және оларды шешу жолдарын көрсету;
-Республикада осы жылдар аралығында жүргізілген Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатының шынайы бағыт-бағдарын, мәні мен сипатын және қайшылықтары мен зардаптарын айқындай түсу;
- Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мәнін ашып, тәжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсету;
-Аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа әлеуметтік экономикалық мазмұнын айқындау.
- Орталықсыздандыру саясаты мен ауылдың аймақтарға жасаған ықпалын көрсету;
- 1985-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуы көрсеткіштері нақты статистикалық мәліметтер негізінде зерттеу;
- Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі және оның нәтижелерін көрсету;
- Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындау;
- Нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастарды жетілдіру бағыттарын қарастыру;
- Қазақстанда «Ауыл жылдары» кезінде жүргізілген аграрлық реформаның проблемаларына талдау жасау;
- Өтпелі кезеңге сәйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігін қарастыру;
- Ауылдың жағдайын, ондағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Қазақстандағы аграрлық қатынастардың даму кезеңдері мен жаңа әлеуметтік мазмұнын айқындалды, аграрлық өндірісіндегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, аграрлық саясат бағыттарына талдау жасалған;
- Өтпелі кезеңге сәйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігі қарастырылған;
- Проблеманы зерттеу барысында соңғы кезге дейін ғылыми айналымға енбеген мұрағат қорларының деректері негізінде ауыл шаруашылық жағдайының мәні мен принциптері жан-жақты зерттелген;
- Ауылдың жағдайы, ондағы әлеуметтік мәселелері қарастырылған. Агроөнеркәсіп мемлекет иелігіне «алу» мен «жекешелендіру» колхоздар өміріндегі алғы шарттары мен қиыншылықтары, колхоз өндірісін басқарудағы орталықсыздандыру саясаты мен оның мазмұнының біртіндеп өзгеруі көрсетілген;
- Аграрлық саладағы дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығының проблемаларын одан әрі теориялық негізі талданған;
- Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін, өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипаты жан-жақты сипатталған;
- Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық және методологиялық тұжырымдама жасалған;
Қорыта келгенде, зерттеуде Қазақстандағы қазіргі кездегі аграрлық қатынастардың жағдайы мен ерекшеліктері негізінде, осы саланың нарыққа өтпелі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бүгінгі тарихи көзқараспен зерделеніп, дәйекті түрде терең талданды.
Зерттеудің қорғауға ұсынылатын тұжырымдары. 1985-2006 жылдар аралығындағы қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастары, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның зерттелу мәселелері жөнінде мынандай тұжырымдар жасалды:
- Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мәнін ашып, тәжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсетілді;
- Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық және методологиялық тұжырымдама жасау арқылы, өзіндік баға берілді;
- Аграрлық қатынастардың мәні ретінде, жердің оның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетуде, заңдық-құқықтық актілерді орынды пайдаланған;
- Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет иелегінен алуда және жекешелендіру саясатын жүргізуде болған жағымсыз жақтары баспасөз материалдарын сараптау арқылы дәлелденді;
- Жер қатынастарының өтпелі кезеңдегі ерекшеліктерін талдау нәтижесінде қазіргі нарықтық қатынастар негізінде жаңа өзіндік тұжырым жасалды;
- Ауылдағы экономикалық және әлеуметтік жағдайдың сауығуына байланысты орталықсыздандыру саясаты және оның ауылдық аймақтарды басқаруға жасаған ықпалы көрсетілді.
Зерттеудің нысаны. Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар даму кезеңдерін мен жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын көрсететін ғылыми еңбектерге талдау жасау. Кеңес мемлекеті мен тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен қазіргі кездегі республиканың ауыл шаруашылығының даму деңгейін салыстыру. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін анықтау.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысы: ХХ ғасырдың 1985 жылдан, яғни Кеңес Одағының ыдырауы қарсаңындағы кезеңнен бастап, 2006 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік–экономикалық дамуы көрсетілген. Зерттеу жұмысы Кеңес мемлекеті мен тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның, яғни 1985 жылдан – 1991 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласының тоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік экономикалық шараларымен, дағдарыстардың болу себебін, оның егіншілік және мал шаруашылығындағы жүргізілген шараларды нәтижесіздіктерін объективті түрде көрсетілген. Осы жылдар аралығында Қазақстандық ауылдардың алдында тұрған проблемалардың елдің қалаларымен салыстырғанда асқан өзектілігін көрсетеді.
Диссертацияда Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму мәселелерін:
-1991 – 1995 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру саясаты жүргізілген кезеңдер.
- 1995 – 1997 жылдар республикадағы экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленіскен кезең.
- 1998 – 2000 жылдар аралығы ауыл жағдайы бұрынғыдан да ауырлап, жергілікті ауыл халқы ауылдан қалаға көшу жиілеп, елді мекендер қаңырап бос қалды.
- 2001 – 2003 жылдар аралығы Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және аграрлық салаға шетел инвестицияларын тартуға негізделген кезең.
- 2003 – 2005 жылдар аралығы «Ауыл жылдары» бағдарламасының орындалу кезеңі.
- 2006 жыл – Қазақстан өте қарқынды дамыған 50 мемлекеттің қатарына еуропалық стандартқа сай келетін, мінсіз де нақты дамыған ауыл шаруашылығы жүйесімен кіруі үшін ең өзекті мәселесі – бұл Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдау кезеңі.
Диссертацияның дерек көздері. Зерттеу жұмысында әртүрлі деректер пайдаланылды, олардың бастылары: мұрағат құжаттары мен мәліметтері, жарияланған статистикалық жинақтар, баспасөз мәліметтері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен еңбектері, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағатының (ҚРОМА), Қазақстан Республикасы Президент мұрағатының (ҚРПМ), Алматы, Ақтөбе қалаларының мұрағат қорларының құжаттары құрайды. Олар зерттеу жұмысында кеңінен пайдаланылды. Негізгі пайдаланылған мұрағаттар – Қазақстан Республикасының Президенттік архиві (708, 709 қорлары), Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (1890, 2199, 2270 қорлар), Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты (725 қор), Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты (72, 85, 510, 579, 725, 1359 қорлар). Зерттеу жұмысында, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері, жылдық қорытындылары, бағдарламалары берілген. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, облыстардың әлеуметтік-экономикалық даму есептеулері, кеңес үкіметі кезеңіндегі ауыл шаруашылық басқармаларының есептеулері, мемлекеттік органдарының құжаттары, мұрағат құжаттары пайдаланылған. Сондай-ақ мерзімді басылымдар деректері, статистикалық органдар құжаттары және ғылыми журналдар мен жинақтар материалдары диссертацияны жазуға қолданылды. Алайда, бір ескерер нәрсе, соңғы 2004-2006 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты мұрағат құжаттары жоқтың қасы. Қолданыс тапқан дерек көздерін мұқият талдауға, ғылыми құндылығын ашуға ерекше мән берілген. Деректерді сұрыптау барысында салыстырмалы әдіс кеңінен қолданылған. «Ауыл жылы» бағдарламасы бойынша көптеген құжаттар, ғылыми мақалалар күнделікті баспасөз беттерінен пайдаланылды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының құқықтық бағытын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Ата Заңы, «Қазақстан – 2030.Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және игілігі» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспары, Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Заңдар: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы , «Жер кодексі», «Астық туралы Заң» «Бидай туралы» «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Мемлекеттік бағдарламалар: 2003-2005 жылдарға арналған «Ауыл мектебі» Мемлекеттік бағдарламасы, БҰҰДБ «Қазақстандағы кедейшілік: себептері мен жою жолдары тәрізді жинақтар басшылыққа алынды.
Зерттеу пәні. Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006).
Зерттеу жұмысының методологиясы. Зерттеу жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін, тарихи зерттеудің логикалық тәсілімен тығыз байланыстылығы тарихилық, объективтілік, сабақтастылық, ғылыми таным принциптері басты назарда болды. Нәтижесінде қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстандағы аграрлық реформаның үрдістерін жан-жақты зерттеу негізінде оның тиімді және тиімсіз жақтары анықталды. Ғылыми танымның нақты тарихи-сараптамалық принципін қолдану арқылы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына талдау жасай отырып, аграрлық қатынастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындауға ұмтылыс жасалды. Аграрлық мәселе жөніндегі Ресей және отандық ғалымдардың еңбектері, заңды нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бойынша статистика жөніндегі Агенттіктің статистикалық көрсеткіштері және интернет жүйесі бойынша алынған ақпараттар мен мерзімді баспасөз, ғылыми басылым деректері зерттеудің теориялық және методологиялық негізін құрады. Зерттеу процесінде негізінен ауыл шаруашылығы саласының тоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік экономикалық шараларымен, дағдарыстардың болу себебі, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалған. Зерттеу барысында тарихи салыстырмалық, диалектикалық, статистикалық, демографиялық талдау және басқа әдістемелер қолданылды.
Зерттеудің қолданбалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында отандық тарих ғылымы тұрғыдан зерттелуіне келетін болсақ, 1985-2006 жылдар аралығындағы Қазақстанның аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалды. Диссертацияда келтірілген мәліметтерді, айтылған сын пікірлер мен көзқарастар және жасалған тұжырымдамалар жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы курсы бойынша, Жер құқығы, әлеумет-тану курстары бойынша оқылатын дәрістер мен өткізілетін семинар сабақтарына кеңінен пайдалануға болады. Аталған зерттеу жұмысының теориялық қағидалары шаруашылық өндірістерінде пайдалануға өз әсерін беретіні анық. Сонымен бірге, диссертация материалдарын жас жеткіншіктер арасында, отаншылдық рухта өткізілетін сұхбаттарда, диспуттарда, қолданудың маңызы зор. Зерттеу жұмысымыздың аграрлық қатынас саласындағы қызметкерлерге әдістемелік көмекші құрал, ал студенттерге оқу құралы ретінде қажеттілігі бар деп тұжырымдаймыз.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат» бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Ғылыми зерттеу жұмысына өзек болған мәселелер ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен тізімдегі басылымдарда, ғылыми конференциялар материалдарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын 3 тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі айқындалып, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы мен негізгі қағидалары, зерттеу пәні, тақырыптың зерттелу деңгейі мен әдеби деректерге сипаттама жасалды.
Диссертацияның «Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы» деп аталатын бірінші тараудың Қенес өкіметінің ауыл шаруашылығы және оның тоқыраудан шығару жолындағы саяси әлеуметтік және экономикалық шараларының нәтижесіздіктеріне, ахуалдарына, осы кезеңдегі аграрлық қатынастардың даму кезеңі мен оның жаңа әлеуметтік-экономикалық мазмұнына талдау жасалады.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы дағдарысы республиканың егемен ел ретінде дамуы барысында (1991 ж.) басталған жоқ. Оның түп тамыры Кеңес Одағы агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) кезіндегі 80-ші жылдарда жатыр. Нақ сол кезде советтану саласындағы көптеген батыстық сарапшылар АӨК-тің құрылымдық дағдарысы ретінде қарастырып, бұл ауылшаруашылық өндірісін толық қожыратып, Кеңестер елінің азық-түлік импортына, негізінен сырттан астық сатып алуға, тәуелділігін күшейтуге әкелетінін болжаған еді.
Кеңес Одағы кезінде КОКП аграрлық саясатының кателіктері мен кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстанның ауыл шаруашылығы сол жүйеде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне көтерілгенін мойындау қажет. Ауыл шаруашылығында қоғамдық меншіктің қалыптасуы оның орнығуында, нығаюында және ауыл шаруашылығы халқының тұрмысын қайта құруда ауыл шаруашылық еңбектің өнімділігін арттыруда маңызды роль атқарды. Алайда, техникасыз егіншілік пен мал шаруашылығының пәлендей алға басуын қамтамасыз ету мүмкін болмас еді. Ауыл адамдарының еңбегі тиісінше бағаланбай, олар қалаларға, басқа аймақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген иесіз қалған кішігірім ауылдар саны шексіз өсіп жатты. КСРО-ның бүкіл экономикасы сияқты, Қазақстанның ауыл шаруашылығында да тоқырау кезеңі кең етек алды. Оның басты себебі, бұл сала өндірісті бұрынғысынша қарадүрсін әкімшілік-әміршілдік жүйе арқылы басқарылды. Интенсивті факторлар жүзеге асырылмады, керісінше экстенсивтік тұғырда шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Ғалымдар мен өнер тапқыштардың егіншілік пен мал шаруашылығындағы ауыр жұмыс процестерін механикаландыруға бағыттылған құнды ұсыныстары өндіріске енгізілмеді. Осы кезеңде аграрлық саланың артта қалуының басты себептері, ол әкімшіл-әміршіл жүйе кезінде жүргізілген реформалар қиратып-бүлдіруші сипатта, орасан зор қаржы талап ететін мазмұнда іс-жүзіне асырылды; басқару жүйесінде өндірісті ұйымдастырудың экономикадан тыс әкімшілік-бюрократиялық тәсілі үстемдік етті. Аграрлық салада жүзеге асырылған жаңаша өзгерістер жоспарлы-әкімшілік қатынастарына сүйеніп, олардың қызметі ұзаққа бармай, шаруашылық есепті бойынша жүргізілген жүйесіз реформалар соңғы қортындысында мемлекеттік меншік пен орталықтан басқаруға негізделген жүйеге төтеп бере алмады. Сондықтан, да басқару тәсілі ретінде, ауыл шаруашылығы саласының экономикалық, саяси зорлық-зомбылық, күш көрсету ұтымсыз болып шықты. Шаруаның жерден, еңбек нәтижесінен аластатылуы экономиканың дамуына кері әсерін тигізді. Әкімшілік басқару жүйесі жағдайындағы аграрлық қатынастардың дамуының бір тармағы бұл ауыл шаруашылығындағы өндірісті интенсивтендіру жұмысы. Оның нәтижесі еңбекшілердің әл-ауқатын өсіруге, өндірістік потенциалды қосымша өсіруге тигізетін жалпы әсері, халық шаруашылығындағы орны мен роліне, материалдық-техникалық базасының сипатына, технологияның, әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктеріне байланысты біршама әр қилылығымен ерекшеленді. Ауыл шаруашылығы саласында ең алдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияның аграрлық саясаты ауыл шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның дамуында елеулі қиыншылықтар туғызды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардың бас кезінде республиканың аграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік жасалды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктің күшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың орнына ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.
Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканың күн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соның арқасында тауар өндірушілердің қаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады, базардың құрылуы және дамуы қиындай түсті.
Осы тарауға қорытынды жасасақ – Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен терең өзгерістер әкелді. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монополизмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылды [15, 156-б.]. Мемлекет ішінде демократия мен жариялық біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы қозғалыстар бола қоймады. Оның үстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала бастады, олар нағыз шығынға ұласты.
Жұмыстың екінші тарауы «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы аграрлық саланың ахуалы» деп аталады. Бұл тарауда тәуелсіздік жылдарындағы республика аграрлық саласының дағдарыс себептері қарастырылып, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында ауыл шаруашылығының проблемаларын одан әрі теориялық негізі, өтпелі дәуірдегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бағдарлмасының кезеңдері, ауылдағы жекешелендіру процессінің қателіктері талданған. Қазақстандағы аграрлық сектор кеңестік теңгермешілік экономикадан нарықтық қатынастарға көше бастаған кезде, өтпелі кезеңге аса күрделі проблемалардың шешімі табылмаған күйде келді. Экономикалық қайта құрулар басталған кезде аграрлық реформаны жүргізудің екі жолы ұсынылды: біріншісі – совхоздарды толық жекешелендіру мен колхоздарды қайта құру, ұжымдар мүшесіне мүлік пайы мен ауылдың әр тұрғынана жер үлесін белгілеу, ұйымдық-құқықтық формалардың қай түрін таңдау еркіндігі, мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенінің экономикасына ешқандай араласпауы, екіншісі – агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын мемлекеттік реттеп отыруды сақтай отырып, колхоз-совхоздарды жайлап, біртіндеп реформалау, өңдеу-ұқсату кәсіпорындарын кооперациялау, Үкімет алғашқы жолды таңдады және аграрлық саясат тек осы бағытта жүргізілді [16,46-б]. Ауыл шаруашылығындағы нарық жағдайы мен оның дамуы елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатқа және жеке проблемаларға байланысты көптеген факторлармен анықталды. Республикада 90 жылдары Ресей жолына сәйкес экономикалық қатынастарды өзгертіп, баға құру жүйесін еркіне жіберіп, мемлекеттің саларалық байланыстарды реттеуден алшақтап кетуі мен әлеуметтік кепілдіктің қысқаруына негізделген нарықтық қатынастар моделі қабылданды. Тәжірибие көрсеткендей, оның жүзеге асырылуы бірқатар кері ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік салдарға алып келді. Нарық және нарықтық қатынастардың мемлекеттік реттеуді керек етпейтін еркін алып сатуға негізделген қарапайым, тұрпайы жүйесі қалыптасты. Іс жүзінде бұл салааралық қатынастың бұзылуына, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп өніміне бағаның күрт төмендеуіне тұрақты түрдегі құлдырауға, өндірістің тиімсіздігіне алып келді. Нарық субъектілері құрылымының қалыптасуына, ескі тәсілдің ықпалының көп болуы және еркін нарықта тек жеке меншік иелері тиімді қызмет ете алды. Көпшілігінде бұл ірі мемлекеттік және ұжымдық кәсіпорындардың, олардың нақты тиімділігін ескермей, жедел қайта ұйымдастыру туралы заң актілерінің қабылдануына, шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың кең етек жаюына, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуде жеке көмекші шаруашылықтың ролін асырып айтуға негіз болды. Нарық жағдайында аграрлық өндіріс тиімділігіне институционалдық өзгерістер ғана емес, ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану дәрежесі мен масштабы, өндірісі потенциалының сапасы, жұмыскерлердің мамандандырылуы және олардың жоғары сапалы нәтижеге жетуге мүдделі болуы септігін тигізді. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтпелі кезең тереңдеген экономикалық дағдарыс, яғни экономиканың барлық салаларында өндірістің құлдырауы, халықтың әл-ауқатының төмендеуі мен әлеуметтік мәселердің күрделенуі жағдайында жүзеге асты. Қазақстандағы аграрлық дағдарыс себептерін зерттеудің жүйелі тәсілі оның сонау қайта құру кезеңіне дейінгі уақыттан бастау алғанын көрсетті. Әлі күнге дейін елімізде азық-түлік мәселесі шешілмегендігі шындық. Реформа басталғалы он жылдың ішінде (1991-2001 ж.ж) егістіктің жалпы көлемі республика бойынша 7,5 млн.гектарға азайды, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемі 13,7 млн.гектарға қысқарған. Ауыл шаруашылығы минситрлігінің мәліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы – 33%, ірі қара малы – 56%,қой және ешкі – 71%,) қысқаруы нәтижесінде, республикамызда ет өндірісі 2,4 есеге, сүт – 1,7 есеге және жұмыртқа 3,4 есеге төмендеген. Ал, астық өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дәрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 6 есе төмендеп, дәнді дақылдардың орта жылдық өнімділігі 1991-1995 жылдары гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары – 8 центнер құраған [17, 54-55-бб.]. 1996 жылдан бастап, жалпы рентабельділік теріс баланс берді, өнім өндіруге кетекеншығын оны сатудан алынған табыстан 20,8% асып кетті, оның ішінде егіншілік – теріс 1,9 %, мал шаруашылығы — теріс 43,7 %. Бес және одан көп жыл пайдаланылып келе жатқан техника 1997 жылдың 1 қантарына 93 % болды. Шет ел бақылаушыларының пікірінше, аграрлық реформада 1992-1994 жылдары консервация жағдайы болды. 1994-1995 жылдары нарықтық өзгерістер аса асығыстықпен жүргізілді, 1996-2000 жылдары экономикалық қайта құрулардың қарқыны қайтадан бәсеңдеді. Бұны бақылаушылар реформа аумалы-төкпелі жүргізілді деп бағалады. Еліміздің аграрлық саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға сүйене отырып, Қазақстандағы аграрлық дағдарыстың негізгі себептеріне: халықшаруашылығы көлемінде агроөнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндірістің терең үйлеспеушілігі, яғни қоғамдық өндірістің және қоғамдық қажеттіліктің сәйкессіздігін, аграрлық экономиканың шығындылық сипаты мен экономикалық тиімділігінің төмендеуі; теңгермешіліктің және өсу резервін, өндірістің шығындылығын жасыруды тудыратын орталықтан табыстарды бөлудің орын алуын, жоғары өнімділікті еңбекке ынталылықтың болмауын айтуға болады. Ал, аграрлық дағдарыстың одан әрі тереңдеуіне – колхоз, совхоздарды тарату нәтижесінде материалды-техникалық базаның бұзылуы, ауылшаруашылығы мен агрокешеннің басқа екі саласы арасындағы экономикалық байланыстың үзілуі және агроөнімге тереңдеген еркін баға диспоритеті, фермерлер мен басқа да меншік формасындағы шаруашылықтардың бастапқы капиталдарының қалыптасуына қажетті шарттардың жоқтығы басты себеп болды. Жалпы алғанда, жекешелендіру кезінде тәжірбиенің жоқтығы салдарынан көптеген ауылдар да қаңырап бос қалды. Мұндай елді мекендердің саны 276-ға жетіпті. Дегенмен, оң нәтижелер де жоқ емес. 4770 нысан –өз қожаларын тапса, 470-ке тарта кеңшарлар жекеге өтті. Осылайша, төгілген саланы қалпына келтіру үшін үш жыл қатарынан ауылға арнаулы заңдылық деп ортақ игілікті бөлу процесі аяқталды.Жекешелендіру саясатының алғашқы кезеңінде-ақ көптеген қателіктер жіберілді, соның арқасында дағдарыстан шыға алмай, ауыл шаруашылығы саласының дамуы нашарлады. Сол жіберген қателіктердің негізгілері мыналар еді:
- Халыққа жария жасалынбады, түсіндірілмеді, көбі білмей қалды. Түсінген басшылар барлығына түсіндіріп айтпады, айтса да өз адамдарына айтты, солар мемлекеттік объектілерді сатып алды.
- Нарық деп халық арасында жар салынды да, нарықтық бағамен барлығын сату керек еді. Сатылған колхоз техникасы, мал, т.б. өте арзанға сатылды.
- Жекешелендірілген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының орнына шаруа (фермер) қожалықтарының құрылғанына қарамастан, олардың көбінде бұрынғы ұжымдық тәсіл мен психология сақталып қалды, ал ол өз кезегінде агроөнеркәсіптік кешенде жеке сектордың болуын қиындатты.
- Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қайта-қайта түрлене беруі де істі дұрыс ұйымдастыруға зиянын тигізді.
Аграрлық реформаны жүргізушілер ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастардың дамуының стратегиялық проблемаларын жаңа нарықтық құрылымдардың қалыптасу заңдылықтарын нашар білуден көптеген қателіктер жіберді. Аграрлық сектордағы өндірістің төмендеуі, экономикалық дағдарыстың болуы осымен байланысты. Кеңестік кезеңнен кейінгі, уақытта пайда болған елдерде, оның ішінде Қазақстан агроөнеркәсіптің өндіріс дамуының, агробизнестің қалыптасуы мен оның жұмыс істеуіндегі қиыншылықтардың объективті шарттар мен субъективті себептер, негізінен алғанда, міне осындай еді. Алдыңғы талдаулар көрсеткеніндей, нарықтық қатынастарға өту және бизнесті, әсіресе агробизнесті дамыту, кейбір мамандар болжағандай, соншалықты жеңіл болмады. Қазіргі экономикалық дағдарыстан өтіп, барлық елдер мен халықтар жүріп өткен нарықтық қатынастардың кең даңғыл жолына түпкілікті жаңғыру мен бизнесті, экономиканың барлық салаларында оның, ішінде ең алдымен агроөнеркәсіптік өндірістегі бизнесті игерудің негізінде түсіне аламыз. Егеменді Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңнің қиыншылықтарынан арылып, бүгін де тұрақты даму жолына түсті. Аграрлық қатынастар теориясы, нарықтың даму барысындағы жіберілген қателіктер, оны түзету жолдары, отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көңіл бөлу, кәсіпорындардың еңбегі ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру жолдары, ауыл шаруашылығында нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты жүргізудің көптеген формаларын дамытудың мәселелері т.б. қосымша зерттеуді талап етеді.
«Қазіргі ауылдың әлеуметтік – экономикалық ахуалы» деп аталатын Ш тарауда қазіргі кездегі ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайы, «ауыл жылы» бағдарламасының орындалуының нәтижелері, Жер кодексі және оның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері баяндалған. Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және өмірлік маңызы зор салаларының бірі. Еліміздің экономикалық өсу қарқыны адамдардың бірінші кезекті материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына көбінесе оның ойдағыдай өркендеуіне байланысты. Қоғамда орын алып отыратын әр түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси байланысты халық саны өсіп, жас-жыныстық құрылым, ұлттық құрам түрлі өзгерістерге ұшырады [18, 12-б.]. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін алғашқы екі жыл ішінде (2004-2005 ж.ж.) ішінде түрлі қаржы көздерінен 126,9 млрд.теңге қаржы, соның ішінде республика бюджетінен 41,5 млрд. теңге бөлінді. Оған қоса бюджеттерден және бюджеттен тыс қаржы көздерінен (қарыз қаражаттары, тікелей инвестициялар, гранттар және басқа қаржы институттарының қаражаты) жалпы сомасы 85,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен ауылдарда 541 білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, 550 ауыз сумен қамту нысандарының 82,8 километр жолдардың құрылысы жүргізілді, 1473 білім беру нысандары, 1191 денсаулық сақтау нысаны, 305 мәдениет ошақтары, 247 сумен қамту нысандары, 608 километр жолдар күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы 2004-2005 жылдары ішінде АЕМ саны 7367-ге, ал халқының саны 7,5 млн. адамға жетті, соның ішінде жоғары даму әлеуеті бар 1583 АЕМ (2520 мың адам) немесе 21,5%, орташа даму әлеуеті бар 5505 АЕМ -74,7%, даму әлеуеті төмен 207 АЕМ – 2,8%, экологиялық жағдайы қолайсыз АЕМ жоқ. 1999-2001 жж. аралығындағы жекелеген жылдары халықтың 80 %-ға дейінгі үлесі жан басына айына 3000 теңгеден төмен кіріс кірген. Ауыл шаруашылығында 2001 жылы бір жұмыскердің орташа айлық атаулы еңбекақысы әйелдерде 5411 теңге, ер адамдарда 7473 теңге болып, әйелдер еңбекақысының мөлшері ер адамдардыкімен салыстырғанда 72,5 % құрады. [19,45-б]. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар және өзгерістер, нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды де талап етті. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірбиелерінен үйрене отырып алға басу үшін, Елбасы 2002 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауында қоғам ауылға аудару керек деп 2003-2005 жылдарды “Ауыл жылдары” деп жариялау жөнінде шешім қабылдады, 2003 жылдан бастап, бұл бағытта көптеген іс-шараларды жүзеге асыру бюджетте көзделген еді. Бұл құжаттың басты тақырыбы – ауыл мәселесіне баса назар аударылды. «Алдағы кезеңді, яғни, 2003-2005 жылдарды ауылды түлетуге арнау үшін көптеген себептер бар, — деді Елбасы. Кез келген революциялық сілкіністер кезінде жанға бататын өзгерістер ауыртпалығының ауылға түсетіні мәлім, әрі мұны тарих та дәлелдеп отыр. Мұны Қазақстан бастан кешті. Сонымен қатар, ауылды көтеруде таза экономикалық себептер де бар. Бүгінгі таңда іске асырылып келген аграрлық реформаның нәтижелерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аграрлық реформа, меншік түрлерін өзгерту, нарық қатынастарын реттеудегі мемлекеттік дәрменсіздігі және оның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жан-жақты болжамдамау, бағдарламау өндіріс тиімділігін арттыру, көлемін ұлғайту сияқты оң өзгерістерге қол жеткізбеді. Бұрынғы ірі шаруашылықтар (кеңшарлар, ұжымдық шаруашылықтар) ұсақ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына ыдыраған, ауылдық мекендерде экономикалық тоқырау әлеуметтік тоқыраумен ұштасқан еді. Бұлар материалдық-техникалық негіздері өте нашар, қол еңбегін көбірек пайдалануға бағытталған, негізінен бүгінгі күн тіршілігімен ғана өмір сүрген ұжымдар. Мал шаруашылығында тиімділікті арттырудың негізгі көздерінің бірі, мал тұқымын асылдандыру ісі де соңғы кезде терең күйзеліске ұшырады. Облыс мамандарының осы аймақ жағдайына бейімдеп шығарған тұқымдары: қазақтың ақбас сиырлары мен еділбай қойлары, тағы да басқа жыл санап азайып, құрып кетті. Аграрлық сала — бүкіл халық шаруашылығы кешенінің бір бөлігі болып табылатындықтан, бүкіл экономикамен, қоғаммен және мемлекеттік құрылымдармен тығыз байланысты, ал оның қалыпты дамуы елдегі саяси тұрақтылық пен ұтымды, қаржы экономикалық жағдайда мүмкін болмақ. Ал, нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, жүзеге асырылған реформалардың кемшілігін өтпелі кезеңннің объективті заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипатын ескермеуге болмайды. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан экономикалық жүйенің ауысуын көздеген реформаны жүзеге асырудың көп жағдайда стихиялы болып, өтпелі процесстердің реттелмеуінен көруге болады. Бұл процесстің нәтижесін қазіргі ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы көрсетіп отыр. Сондықтан да меншік пен шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік көмек беру мен қолдау арқылы Бүкіл дүние жүзілік Сауда Ұйымына бәсекелік қабілетті еркін нарықтық ауыл шаруашылығына негізделген аграрлық қатынастар жүйесін құру, біріншіден, ұзақ өтпелі кезеңге, екіншіден аграрлық қатынастардағы өзгерістердің эволюциялық сипатына негізделеді. Бүгінгі таңда республикада көкейтесті мемлекеттік мәселе ретінде
– ол елге жерді үлестіріп беруде емес, оны тиімді пайдаланулы ынталандыруда, ауыл шаруашылығына күрделі қаржының шын мәніндегі бет бұрысын қамтамасыз ету болып отыр. Осындай жер базасын негізге ала, әлемдік тәжірбиеге сүйене отырып, Үкіметтің жұмыс тобы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік институтын енгізуді көздеген құжаты бұл Жер кодексі еді. Бұл құжат ауыл шаруашылығындағы экономиканың аграрлық секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қолданылып жүрген жер қатынастарын сақтауды және оларды одан әрі жетілдіре түсуді көздейді. Жер пайдаланудың барлық үш түрі сақталатын болады. Олар тұрақты, уақытша жер пайдалану және жерді жеке меншік құқығымен иемдену. Жерді тұрақты пайдалану институтына ешқандай өзгерістер енгізілмеді. Жоғарыда айтқандарымызды қортындылай келе, Елбасының сөзімен қортындылауға болады: «Ауыл жылдарында бұл салаға бүкіл халықтың көңілін аударуды ойлағанда мен жерге жеке меншік енгізу мен ауыл тағдыры ажырағысыз екенін қатты ескергенмін»,- деді. Иә, ауыл өркендеп, көркейе түсуі үшін оның негізгі нысаны – жердің жеке меншікте болғаны жөн деп санаймыз [20, 30-б.].
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысның мазмұнынан туындайтын негізгі ойлар жүйеленіп, ғылыми нәтижелер жасалған. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ауылдағы ең басты сала болып табылатын ауыл шаруашылығының өнімдерін молайту және оның сапасын арттыру, жерді тоздырмай, ұтымды пайдалану, суландыру көздерін реттеу, жердің меншік иесін толық анықтау арқылы несие жүйесін азаматтарға қызмет етуіне қол жеткізу, шаруаларды қажетті мерзімде қаржыландыру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру еліміздің басты міндетіне айналып отыр. Ел болашағы үшін ауылдың маңыздылығын қоғам санасымен сезінсе, биліктің түрлі бұтақтары, жергілікті қауымдастықтар қазақстандық ауылды жандандырудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жолында мақсатты қызмет етсе, осы мақсатқа жету тек уақыт мәселесі ғана болар еді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі //Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2 Козыбаев М.К. История и современность. — Алматы: Ғылым, 1991. –С.254; Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. -М: Наука: 1984. -269 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. -Алма-Ата, 1985. -247 с.;
3 Омарбеков Т. Зобалаң. -Алматы: Санат, 1994. — 272 бет.
4 Берденова К.А., Иманбердиева С.И. Аграрная политика тоталитарного государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана. -Алматы: Ғылым, 1994. -142 с.
5 Байтілен С.А. Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты: ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990): т.ғ.д… авторефераты. –Алматы, 2000. -36 б.
6 Байсарина Қ.Қ. Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары: т.ғ.д. … автореф. – Алматы, 2006. -37 б.
7 Медеуов Т.Ж. Қазақстандағы колхоз құрылысының соңғы кезеңі: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру тәжірбиесі (1981-1991): т.ғ.к. … авторефераты. –Алматы, 1999. — 27 бет.
8 Мұқатова Д. Тоқырау жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы. (1971-1991): т.ғ.к. … авторефераты. — Алматы, 2007. — 27 б.
9 Берлібаев Е.Т. Возникновение межколхозных производственных связей Казахстана ее огрехи в 70-е годы / Некоторые вопросы социально-экономического демографического развития Казахстана. Межвузовский сборник научных трудов. –Алматы: АГУ им. Абая. –1996. –С.18-25.
10 Баймұқанов Т., Шарақымбаев А., Байдильдин Қ., Байтеков З. Қазақстан халықшаруашылығының және шаруашылық жүргізу формаларының дамуы. -Алматы: Ана-тілі, 1998. -112 б.
11 Кошанов А.К. Проблемы рыночных преобразований экономики Казахстана. -Алматы: Казинститут менеджмента, экономики, прогнозирования. 1993. – С. 43.
12 Оспанов М.Т, Аутов Р.Р., Ертазин Х.Е. Теория и практика агробизнеса. -Алматы: СП «Франклин» 1997.-356 с.
13 Сүлейменов М.К. Право и предпринмательство в Республике Казахстан. -Алматы: Жеті Жарғы. 1997. -323 с.
14 Баймагамбетов С.З. Социально-культурное развитие Республики Казахстан (1980- 2000 г.г.) исторический анализ»: Автореф. … д.и.н. -Алматы: 2004. — 36 с.
15 Нурсеит А., Темирбекова Б. Теория рыночной экономики.- Алматы: ОФ-БИС, 2000. -156-157 с.
16 Кемел М. Тәуелсіздік жылдарындағы аграрлық реформа //Заң, 2002. — № 9. — 46-47-б.б.
17 Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение /Под ред. М.Б. Кенжегузина. — Алматы. 1997. –С. 54-55.
18 Галиев А.Б. Социально — демографические процессы в многонациональном Казахстане.(1917-1991): Автореф. … д.и.н. –Алматы, 1994. -36 с.
19 Қазақстан Адам туралы ұлттық есеп. –Алматы: «Pilot-ТС». — 226 б.
20 Тәнекеев С. Ауыл – ұлттың абыройы //Ақиқат, 2003. — № 6. — 30 б.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ

1 Кеңес өкіметі тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын дамытудағы кедергілері // Ізденіс.Тарих сериясы. – 2004. -№4 (2). -211-215–бб.
2 Қазақстандағы ауылдың дамуы: мәселелер мен келешек мүмкіндіктері // ҚазҰУ Хабаршы. Тарих сериясы. — 2004. — №3 (34). -118-121- бб.
3 Жеріне жетпеген жер мәселесі // Қазақ тарихы, 2004. -№ 6. -104-108- бб.
4 Ауыл шаруашылығы саласына мамандар даярлау // Қазақ тарихы, 2005. — №2. — 78-81- бб.
5 Қазақстандағы жер қатынастарының дамуы // ҚазҰУ. Хабаршы. Тарих сериясы. — 2005. — №1(36). -73-75-бб.
6 Қазіргі ауылдың әлеуметтік-экономикалық ахуалы /«Шоқан тағылымы-11» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Тарих және этнология секциясы. — Көкшетау, 2006. — 69-71- бб.
7 Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырудың алғашқы нысандары және Қазақстандағы ерекшеліктері. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Хабаршысы. Тарих сериясы. — 2004. — № 2(10). — 72-76- бб.
8 Ауылды дамытудың жаңа бағыттары / «Экономиканың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми конференция. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті. — Ақтөбе, 2004, 29 қазан. — 245-250-бб.
9 Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынастарының дамуы /«Қазақстанның тәуелсіздігіне 10-жыл: өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті. — Ақтөбе, 2001, 23-24 қараша. — 56-59- бб.
10 Мемлекеттік бағдарлама және ауыл / Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: сипаты, қозғаушы күштері, сабақтары. Жаңа көзқарас. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті. -Ақтөбе -2006, 23-24 маусым. — 239-241- бб.
11 Ауыл шаруашылығы кадрларын даярлау және орналастыру принциптері (ХХ ғасыр, 1975-1985 жж.) / «ХХІ ғасырдағы ұлттық экономиканың даму проблемалары мен тенденциялары» Республикалық ғылыми конференция. -2002, 14-15 қараша. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті. -239-241- бб.
12 Өтпелі кезеңдегі Қазақстандағы жер қатынастарын реттеу / «Қазақстан республикасының егемендігі – ұлттық заңнаманың даму негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. — Ақтөбе, 2006, 19-20 мамыр. Қазақ Гуманитарлық Заң университеті Батыс Қазақстан Заң институты. -72-74- бб.

Р Е З Ю М Е

ИСИБАЕВА ЕЛИЗАВЕТА ИМАНГАЛИЕВНА

«Социально-экономическое развитие аула и аграрные отношения современного Казахстана» ( 1985-2006 гг.).

Диссертация на соискание ученой степени


Скачать/Жүктеу

Комментарии отключены.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы