Скачать/Жүктеу
III Сәлемнің реформалары. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Осман империясы құлаудың аз-ақ алдында тұрды. Билеуші топтар осы дағдарыстан реформа арқылы шықпақ болды. Реформашыларды III Сәлімнің сұлтан ( 1789-1807) қолдады. 1792 -1796 жылдары Сәлім армияны қайта құру туралы үкім шығарды. Әскери қызметтен бас тартушылардың иеліктері қайтарылып алынатын болды. Әскери инженерлік училищелер ашылды, шетелдік нұсқаушылардың көмегімен 23 кеме қатарына соғыс флоты құрылды. Оқ-дәрі зауыты, қару-жарақ қоймасы, киім және аяқ киім тігетін фабрикалар салынды. Батыс Европалық ғылыми трактаттар мен әскери ережелер түрік тіліне аударылды. III Сәлім жүргізген шаралар « жаңа жүйе» деген атқа ие болды.
Көптеген феодалдар мен мұсылман дін басылары реформаға қарсы болды, өйткені олар өздері пайдаланып жүрген жеңілдіктерінен айырылатынын білді. Реформаны ерекше дұшпандықпен қабылдаған янычарлар реформа янычарлар корпустарын жояды днп түсінді. Сондықтан III Cәлімге қарсы феодалдық бүліктер басталды. 1798 жылы Наполеон Бонопарт бастаған француз армиясы Египетке келіп түскенде, Франциямен соғыс болды. Осы соғыстың барысында III Сәлім янычарларға бірқатар жеңіодіктер жасауға мәжбүр болды. Орыс-түрік соғысының барысында (1806 – 1812) III Сәлім 1807 жылы тақтан тайдырылды. Жаңа сұлтан IV Мұстафа барлық реформаға тыйым салды.
Реформаны жақтаушылар Рущук округінің (Болгария) беделі билеушісі Мұстафа паша Байрақтардың төңірегінде топтаса бастады. Оларды «рущук достары» деп атады. 1807 жылы Ресей мен Түркияның арасындағы келісімге қол қойылғанда, III Сәлім таққа қайта отырғызу мақсатымен Байрақтар өз әскерін Стамбулға қарай аттандырды. Бірақ әскерлер Стамбұлға жақындап қалған кезде III Сәлім адам қолынан қаза тапты. Ал Байрақтар Стамбұлға кірген соң IV Мұстафаны тақтан түсіріп, оның ағасы Махмұд II (1808-1839) таққа отырғызды. Байрақтардың өзі ұлы уәзір болып тағайындалды. «рущук достар» маңызды мемлекеттік қызметтерді иемдеді.
Елде реформа қайтадан басталды . Янычарлардың ашық наразылығына қарамастан, Байрақтар батыл іс-қимылдар жүргізді. Бірақ 1808 жылғы Стамбұлдағы янычарлардың бүлігі кезінде Байрақтар қаза тапты. Оның жақтастары өкіметтен аластатылды. Реформа жазушылардың сәтсіздікке ұшырауы кездейсоқтық емес еді. Өйткені Түркияны тек әлеуметтік жағынан түпкілікті қайта құру арқылы ғана өркендетуге болатын .
Бұл Осман империясының аумағында өмір сүруге дейін ұлттық мемлекет құрғанда ғана жүзеге асатын-ды. Ал реформа өмірге бейімсіз Осман империясын сақтауға тырысты.
«Шығыс мәселесінің» тууы. Осман империясының әлсіздігі мен құлдырауын пайдаланып, батысевропалық мемлекеттер оның ұлан-ғайыр аумағын иемденуге ұмтылды. Осман империясының құрамына кіретін аумақтардың үлкен стратегиялық, экономикалық және саяси маңызы болғандықтан, Англия, Франция, Австрия мен Ресей оның иеліктерін жаулап алуға мүдделі болды. Осы державалардың әрқайсысы өзінің бәсекелестеріне саяси немесе экономикалық басымдылығын пайдаланып, Осман империясының аумағын тартып алуға талаптанды. Осылай XVIII ғасырда «Шығыс мәселесі» туындады.
«Шығыс мәселесінің» мазмұны ұлы державалардың агрессивті ұмтылыстары мен ғана шектелген жоқ. Осман империясындағы езілген халықтардың ұлттық тәуелсіздігі мен тәуелсіз мемлекет құру үшін күресі оның маңызды құрамдас бөлігі болды.
Езілген халықтардың ұлт- азаттық қозғалыстарына қарсы сұлтан үкіметінің күресін Англия мен Франция қолдады. Осман империясының аумағын басып алуға ұмтыла отырып, жылдан жылға әлсіреген империяны тұтастай өздеріне бағындыруға ұмтылды.
Ресей керісінше, езілген халықтардың түрік шапқыншылығының қарсы күресі желеу, Балқан түбегіне орнығып, Қара теңіздегі бұғаздарды жаулап алуға ұмтылды. Осман империясы әсіресе сыртқы саясатта өзінің пәрменділігін жоғалтқан кезде, XVIII ғасырдың екінші жартысында
«Шығыс мәселесі» асқындай түсті. Мұның жарқын көрінісі 1768-1774 жылдары орыс-түрік соғысында Осман империясының жеңілуі болып табыады. Соғыстың аяқталуы туралы жасалған Күшік-Қайнар бітімі (1774 жылы) Ресейге Қара теңіздегі кеме қатынасы мен орыскөпестеріне сауда жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қырым Осман империясына тәуелсіз деп жарияланды. Ресей Молдаван және Валахия билеушілерінің үстінен, Түркиядағы православиелік шіркеуге қамқорлық жасауға құқық алды.
II Екатерина «османдық мұрагерлікті» бөлісу және Еуропа аумағынан түріктерді түгелдей қуу мәселесін қойды. Ресейдің қуатының тез өсе бастауынан және оның Балқан мен Жерорта теңізіне шығуынан қорқа бастаған Англия, Франция және басқа да Еуропа мемлекеттері, Осман империяның «тұтастығымен дербестігін» қорғау мақсатын желеу етіп, Ресейдің одан кейінгі тағдыры еуропалықтардың қолына көшті.
1738 жылы Қырымның Ресейге қосылуы 1787-1791 жылдары жаңа орыс- түрік соғысының шығуына себеп болды. А. В. Суворов қолбасшылық еткен орыс әскерлері Рокшана, Рымник, Измайлдың түбінде түріктерге күйрете соққы берді.
1806-1812 жылғы кезекті орыс-түрік соғысында Осман империясы үшін сын кезең туды. Оған сылтау Ресейдің сербтер көтерілісін қолдауы болды. 1811 жылдың күзінде М.Кутузовтың Осман империясының әскерін талқандады. 1812 жылы Бухарест бітімі Осман езгісіндегі Бессарабияны Ресейдің құрамына қосты. Сербияға өзін-өзі басқару мүмкіндігін беруге сұлтан міндеттеме алды.
Батыс еуропалық отаршылдардың империяға енуі мен орыс- түрік соғыстарына байланысты сәтсіздік Осман империясын әрі терең дағдарыс пен құлдырауға ұшыратты.
Европалық державалардың Түркия үшін күресінің күшеюі.
Осман империясындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлт-азаттық күрестерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Наполеонның Ресейге жасаған жорығын пайдаланған Осман империясы сербтерге берілетін автономиялық құқық кепілдігін сақтамай, Бухарест бітімін бұзып, азаттық күресіне қатысушыларды аяусыз жазалады. Бірақ 1815 жылы Сербияда жаңа көтеріліс бұрқ ете түсті . Түрік өкіметі сербтердің ішкі автономиялығын тани отырып , олармен келісімге келуге мәжбүр болды.
1821 жылы Грекияда көтеріліс басталды. Оның қарқыны мен күші Осман империясының жоғары билеушілерін абыржытты. Түрік сұлтаны II Махмұд «кәпірлергеқарсы қасиетті соғыс» жариялады. Елдің барлық жерінде гректердің қырып-жою басталды, астанада 10 мыңнан астам гректер өлтірілді, соның ішінде грек патриархы да болды. Алайда мұндай қатыгез шаралар да көтерілісті тоқтата алмады. Гректердің өтерілісін өз күшімен басуға сұлтан II Махмұттың жағдайы келмегендіктен , ол Египет патшасы Мұхаммед Әлиден көмек сұрады. Еуропалық үлгімен құрылған әскерін беруге келіскен Мұхаммед Әли Сербия мен Крит аралдарын өзіне беруді талап етті. 1824 жылы грек көтерілісін басу үшін түріктер Египеттің әскері мен флотын қолданды. Грек көтерілісшілеріне қарағанда қаруы мен әскерінің саны көп Египет әскері 1827 жылы көтерілістің негізгі ошақтарын басты. Грек патриоттарының тәуелсіздік үшін күресі Еуропаның алдыңғы қатарлы жұртшылығының ынтымақтастығын оятты. Грекияға египет-түрік шабуылының ең ауыр кезеңінде басқа елдердень көптеген еріктілер келді. Дегенмен, Ресей үкіметі мен еуропалық державалар өздерінің сыртқы саясаттағы жоспарын іске асыру үшін грек көтерілісін пайдаланып қалуға тырысты. 1826 жылы желтоқсандықтарды жазалау кезінде жоғалтқан беделін орыс қоғаының алдында қалпына келтіруге ұмтылған I Николай Грекияға толық автономия берілуін талап етті. Ресей Осман империясымен соғысуға ашықтан ашық дайындала бастады.
Ресейдің жеке-дара күрес жүргізуіне Англия жол бермеді. 1826 жылы ағылшын – орыс хаттамасына қол қойылды, бұған Франция қосылды. Бұл державалар сұлтаннан гректерге бағытталған әскери қимылдарды тоқтатуды және оған автономия берілуін талап етті. Грек мәселесінде еуропалық державалардың әрқайсысының өзіндік жоспарлары бар екенін жақсы түсінген II Махмұт, олардың өзара қайшылықтарын пайдалануға тырысып, ультиматумды қабылдамады. 1827 жылы Мұхаммед Әлидің әскері көтерілісшілердің соңғы тірегі-Афиныны алды. Қазан айында Навария қойнауында Еуропа елдерінің флоты египет-түрік флотын талқандады. Египет патшасының әскрі Грекияны тастап, Еліне қайтуға мәжбүр болды. Навариядағы жеңіс Ресейдің одан әрі шапқыншылық жасауына қолайлы жағдай туғызып , 1828 жылдың көктемінде Ресей Осман империясына соғыс жариялады. 1828-29 жылғы орыс-түрік соғысында Осман әскері толық жеңілді. 1829 жылы қыркүйек айында Андрианополь бітіміне қол қойылып, ол бойынша грузин және армян облыстары Ресейге қосылды. Түркияға контрибуция салынды. Шарттың ең маңыздысы-Сербия мен Грекияға автономия берілді. 1830 жылы Грекия тәуелсіз корольдік болып жарияланды.
II Махмұттың реформалары. Грек көтерілісі кезінде нашар қаруланған көтерілісшілерді басуға янычар әскерлерінің шамасы келмеді. Дінбасылардың қолдауына сүйенген II Махмұт 1826 жылы жаңа әскер құруға бұйрық берді. Сұлтанның бұйрығы янычарлар көтерілісін туғызды, бұған 20 мың әскер қатысты. Бұл көтерілісті сұлтан ісләмға қарсы көтеріліс деп жариялап, оларды қатаң жазалады. 7 мыңға жуық янычар өлтірілді, қалғандары империяның шеткері аудандарына жер аударылды. Янычар корпусы осылайша жойып жіберілді.
30 жылдары мемлекеттік және әкімшілік құрылымдар, қаржы, құқық мәдениет саласына қайта құру жүргізілді. Тимар (сипақ) жүйесінің жойылуы зор маңызға ие болды.
Тимар жойылысымен іле-шала әкімшілік реформасы жүргізілді. Империяның бәрі аумақтық белгі бойынша вилайет(губерния) пен санджакка(уездерге) бөлінді, олардың билеушілерін орталық үкімет тағайындайтын болды. Мемлекеттік аппараттың жаңаруынан еуропалық үлгідегі бірқатар министерліктер құрылды. Парижде, Лондонда, Берлинде, Венада елшіліктер ашылды. II Махмұт білім беру саласында да бірқатар істер атқарды. Стамбұлға медициналық, әскери және теңіз инженерлік училищелері ашылды. 1831 жылы түрік тілінде бірінші мемлекеттік газет шығарыла бастады. Жастардың бір тобы Еуропаға оқуға жіберілді. Одан да маңыздырақ рефориалар II Махмұд өлгеннен кейін іске асырылды.
XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Осман имеприясының жағдайы.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде Осман империясының ішкі дағдарысы әлі де шиеленіскен жағдайда еді. Әр түрлі провинцияларда бас көтерулер, наразылық шерулері өсе бастады. Әскерде де толқулар болып тұрды. II Махмұт сұлтан 1826 жылы янычар (жаңашерік) әскерін таратып, оның орнына жаңаша тәрбиеленген қарулы әскер құрмақ болды. Бұған янычарлар көтеріліспен жауап берді. Сұлтан өкіметі көтерілісті күшпен басып янычарларды жазаға тартты, янычарлар корпусын таратты. II Махмұт енді жаңа әскери реформамен қатар, мемлекетті басқару ісіне де өзгерістер енгізді. Елдің аумағы аймақтар мен губернияларға бөлінді. Еуропалық үлгідегі министерліктер құрылды, ондағы қызметкерлер шапандары мен бастарындағы шалма орамалдарын еуропалық киімдермен ауыстырылды. Осман империясында жерге жеке меншік құқығы енгізілді.
Осындай өзгерістерге қарамастан, империяның әлсіреуі жалғаса берді . 1828-1829 жылдары орыс-түрік соғысынан кейін Грекия, Сербия мен Дунай князьдіктері империя шеңберінде өзін-өзі басқару құқығына ие болды. II Махмұттың сәтсіз соғыстарының бірі Мысыр (Египет) патшасы Мұхаммед Әлимен болған соғыс еді. Түрік сұлтанына бағынғысы келмеген Мұхаммед Әлидің әскері сұлтан әскерін талқандап қана қоймай, тіпті Стамбұлғақауіп төндірді. II Махмұт орыс патшасы
I Николайдан Босфор бұғазының азиялық жағалауына орыс әскерлерінің түсірілуін өтінді. 1833 жылы ақпанда орыс әскері бұғазға кірген соң, Мысыр (Египет) билеушісі Мұхаммед Әли кейін шегініп, Стамбұлға бағыттаған әскерін кері қайтарды. Осыдан кейін орыс-түрік келісіміне қол қойылып, келісім бойынша Ресей сұлтанға әскери көмек көрсетуге міндеттенді, ал Түркия Дарданелл бұғазына орыстардан басқа ешбір шетелдіктерді жібермеуге уәде берді.
1839 жылы түрік сұлтаны II Махмұд дүние салып, сұлтан тағына оның ұлы 16 жасар Абдул Меджид отырды. Шетел державалары Мысыр сұлтаны Мұхаммед Әлидің жаңа сұлтанның билігін мойындауға күшпен көндірді және Мысыр әскерін 18 мың адамға дейін қысқартуға, оның әскери флотын империяға беруге мәжбүр етті. Осы талаптарды қабылдағаны үшін шетелдік державалар Мұхаммед Әлиді Мысырдың мұрагер билеушісі ретінде танылды.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде жүргізілген реформалар сұлтан үкіметін нығайта алған жоқ. Империяның құлдырау кезеңі одан әрі жалғасты.
Танзимат реформалары. Оның 1-ші және 2-ші кезеңдері.
20-30 жылдардағы реформалардың кемшілігін Осман империясының билеушілері арасындағы терең ойлы, алыстан болжағыш қайраткерлер жақсы түсінді. Олардың арасындағы еуропалық өмірмен жете таныс, білімді мемлекет қайраткерлері де болды. Сондай көреген қайраткерлердің бірі II Махмұдтың сеніміне ие болған Мұстафа Рашид паша (1800-1858) еді. Ол бірнеше жылдар Англия мен Францияда елшілік қызмет атқарған , содан кейін сыртқы істер министрі қызметінде отырған болатын. Мұстафа Рашидтің жетекшілігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Оның мақсаты сұлтан өкіметін нығайтып, Балқандағы ұлт-азаттық қозғалысты тоқтату және түрік өкіметінің еуропалық державаларға тәуелділігіне тежеу қою, мемлекет құрылысын Батыстың мемлекеттік құрылысына жақындату болды.
Реформа туралы жарлық II Махмұт сұлтан кезінде әзірлене бастап, оны жариялау оның баласы сұлтан Абдул Меджид тұсында іске асты. 1839 жылы қарашада сұлтанның жазғы сарайы Гюльхане алдында «Қасиетті жарлық» — «Гюльхане хатт-и шериф» халыққа жарияланды. Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат – қайта ұйымдастырулар аталған реформалар дәуірін бастап берді. «Гюльхане хатт-и шериф» үш негізгі жаңарту мақсатын жария етті:
1) діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық бағынышты халықтарының өмірін,ар-ұжданын және дүние-мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2) салықтарды дұрыс жинау және әділетті бөлу
3) әскери қызмет мерзімін қысқарту.
Билеуші топтардың үзілді-кесілді қарсыласынан бірқатар шараларды жүзеге асыру мүмкін болған жоқ. Дегенмен біраз игілікті шаралар іске асырылды. Жер туралы, қылмыстық іс және азаматтық іс кодекстері қабылданды. Сұлтан таққа ресми түрде отырған соң, қабылданған заңдарды бұзбауға міндеттеме алды. Ақша реформасы жүргізілді. Қызметкерлердің жалақысына қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында теміржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсіп орындары пайда болды.
1853 жылы басталған Қырым соғысы реформалық әрекеттердің одан ары жалғасуына кедергі жасады. Танзиматтың 1-ші кезеңінде (1839-1853) әкімшілік, мемлекеттік басқару, экономика және мәдениет саласында бірқатар шаралар іске асырылды. Бірақ реформалардың түпкі нәтижесі қала мен ауылдағы халықтың жағдайына елеусіз өзгеріс әкеле алған жоқ. Шетелдіктердің мемлекет ісіне араласуына да шектеу қойылмады.
XIX ғасырдың екінші жартысында сұлтан өкіметі империяны нығайту мақсатында ұлттық қозғалыстарға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Мұсылман емес халықтар – армяндар, болгарлар, гректер, румындар, сербтер яғни империя халқының 40% құрап отырған тұрғындарға мемлекет алдында теңдік құқығы берілді делінді. Бұл жаңа саясаттың негізінде сұлтанның билігіне бағынышты халықтың бәрі османдар деп аталды және олардың бәрі тең құқықты деп жарияланды. 1856 жылы Абдул Меджид манифест шығарды. Онда Осман империясының тарихында алғаш рет барлық азаматтардың теңдігі, мұсылман және мұсылман еместердің заң алдында бірдей екендігі жарияланды. Мемлекет мұсылман емес діни ұйымдардың өмір сүруін заңдастырды. Білім беру саласында бұрынғы мұсылмандық діни бағытынан зайырлы бағытқа бұрылуға қадам жасады. Христиандарды мемлекеттік қызметке алуға рұқсат берілді.
1839 -1870 жылдардағы танзимат реформалары елді жаңартуға, оны артта қалудан сақтауға бағытталды. Жаңа өзгерістер жүргізу арқылы шетелдік тәуелсіздіктен құтылу, елді ауыр дағдарыстан алып шығу, ұлттық қозғалыстарды бәсеңдету жолында жасалған қадам болды. Танзимат реформалары мұсылмандардың, соның ішінде түріктердің де көңілінен шыққан жоқ. Реформа жеке меншік жер иелену құқығын беру арқылы кәсіпкерлік пен сауданың дамуына жол ашты, бірақ оның пайдасын халықтар көрді. Осман империясындағы қалалрдың тұрғындары негізінен мұсылман емес халықтар- гректер, армяндар, еврейлер еді. Түріктер негізінен ауылдық жерде тұрды, сондықтан реформа олар үшін салықтың өсуімен бірге жүрді. Жерге жеке меншіктің енгізілуі шаруаларды жерді мұрагерлікпен пайдалану құқығынан айырылды. Өйткені жерді жеке меншікке шаруа емес, енді сипахилар иемденетін болды. Жаңа жер иесіне шаруаны отырған жерінен қуып шығуға құқық берілді.
Танзимат реформаларына дейін мұсылман емес халықтар қосымша салықтар төлейтін, олар мемлекеттік қызметке алынбайтын .Енді мұсылман емес , діні басқа халықтарды мұсылман түріктері мен теңестіру ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ата-баба дәстүрін аяққа таптау деп түсінген мұсылман халықтарының ашу–ызасын, наразылығын тудырды.
Ал қоғамда реформалық әрекеттерді одан әрі тереңдетуді қоштаған либералдық топ-саудагерлер, кәсіпкерлер еуропалық біліммен тәрбиеленген қызметкерлер мен әскерлер болды. Олар 1865 жылы «Жаңа османдар» дейтін жасырын ұйым құрды. Оның жетекшісі белгілі жазушысы Намык Кемал болды. 1876 жылы бұл ұйымның күшімен либералдар сұлтан Абдул Азизді тақтан түсірді. Сөйтіп, сұлтандық билікке IIАбдул Хамит келді. Ол 1876 жылы желтоқсанда конституцияны екі палаталы парламентті бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялады.
Конституция мемлекеттік тіл- түрік тілі, мемлекеттік дін – ислам діні деп жарияланды. Сұлтанның билігіне заңды шек қоюға әрекет жасау мүмкіндігі туды. Бұны IIАбдул Хамит жақсы пайдаланды. Ол өзінің қол-аяғын шырмаған конституция шеңберінде шектеліп қалғысы келген жоқ. Коституцияны жоюға 1877 -1878 жылдардағы орыс-түрік соғысы сылтау болды. Осы соғыста Осман империясының жеңілуін себеп санаған сұлтан «Жаңа Османдарға» қарсы шығып, парламентті таратуға, конституцияны жоюға кіріседы. 1878 жылы ақпанда сұлтан парламентті таратып, елді жеке өзі билейтінін жария етеді. Конституция сөз жүзінде сақталып қалғандай болды. Бірақ оның бірде-бір бабы іске аспады.
Мұсылман емес халықтардың мұсылмандармен теңестіруге берген уәде жайына қалды. Өкімет ұлттық қозғалыстарды басып жаныштауға көшті. 1894 жылы сұлтан билігіне қарсы шыққан армяндардың бас көтеруін басуға Кіші Азияның шығыс бөлігіне жазалау отряды жіберілді. Жазалаушылар аяусыз әрекет етіп, бүкіл бір аудан тұрғындарын қырып салды. II Абдул Хамит сұлтан (1876-1908) билеген кезең тарихта зюлим (езу, қанау, зұлымдық) деп аталып кетті. «Жаңа османдар» қозғалысы Түркия тарихындағы маңызды кезең болды. Халық ағарту ісін дамыту үшін, феодалдық-абсолюттік билікке шек қою үшін және шетел капиталының елді қанауын тежеу үшін күресе отырып, олар түрік қоғамында саяси саланың қалыптасуына жол ашты. Сонымен қатар олар халық бұқарасынан олардың түпкілікті мүддесінен алыс тұрды. «Османизм» идеясын ұсына отырып, Осман империясының құрамындағы
Барлық халықтарды дініне , тіліне, ұлтына қарамай бір халық деп санауы «Жаңа османдарды» ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы қойды, түрік емес халықтардың қолдауына ие болған жоқ.
XIX ғасырдың соңында Осман империясының құлдырауы және отар елге айналуы. Сұлтан өкіметі билігінің сақталуы елдегі дағдарысты одан ары тереңдете түсті. Осман империясы өнеркәсібі артта қалған, қаржылық дағдарысы тереңдей түскен, Батыс елдеріне тәуелді ел болды. 1879 жылы Осман империясы өзінің батыс еуропа елдерінің алдында қарызын өтей алмайтындығын мойындады. Арнаулы комиссия елдің табыс бюджетін өз қолына алып қарызды төлеттіруге кірісті.
Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. XIXғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния сияқты иеліктерінен айырылды. Балқан түбегінің түрік билігінде қалған сайын тұрғындары өін-өзі билеуге ие болды. Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкерілеп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Франция, Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен Қаћіраны түріктерден тартып алды. XIX ғасырдың соңына қарай Осман империясының солт. Кафрикалық иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция, Сирия мен Ливанда Англия Парсы шығанағы мен Қос өзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австрия-Венгрия әскерлері Босния мен Герцеговинаға енді.
Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы толық күйрейтін болса, Ресей империясының ықпалы күшейіп, Славян мемлекеттерін және Қаратеңіз бұғаздарын өз бақылауына алады деп қауіптенді. Міне, XIXғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы «Шығыс мәселесінің» басты мәні осылайша дамыды.
II Абдул Хамит енді Германия мен тығыз байланыс орнатуға бет бұрды. 1888 жылы билікке II Вильгельмнің келуі Германияны Осман империясы мен жақындатты . Герман императоры өзін «Мұсылмандардың қолдаушысымын» деп мәлімдеді. Неміс офицеріне Осман әскерін қайта құруға тапсырма берілді. Германияның Осман империмясының орныққандағының басты бір мысалы- немістердің Берлин- Стамбұл- Бағдат теміржолын салуы болды. Бұл әскери маңызы зор магистраль болашақта Бағдатты Парсы шығанағымен жалғастырады деп жоспарланды. Бұл Германияның өз әскерлерін Еуропадан Таяу Шығысқа әкелуіне мүмкіндік беретін еді. Сөйтіп, ондағы Англия мен Францияның отарлық иеліктеріне , Ресейге де қауіп төнетін еді.
«Жас түріктер» қозғалысы. XIX ғасырдың соңында реформаторлықтың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-60 жылдары басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді. «Жаңа Османдар» ұйымының мүшелері және белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемал бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуының және оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылғы Стамбұлда «Бірлік және прогресс» (Иттихад ве теракки) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. ¦йымның алға қойған жақын арадағы мақсаты – конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүгізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді . Бұл қозғалыстың өкілдерін жас түріктер деп атады.
XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрген кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шілденің 2-де 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түріктер револлюцияны Осман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді.
Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық биліктеріне көшу империяның шет аймақтарында ұлттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. ¦лттық қозғалыс жетекшілеріме тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады. 1911 жылы Ливиядағы түрік иеліктерін Италия басып алды. Түрікь үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны артқа тұтқан Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа үштік одақ жағында араласты.
Осман империясының XIX ғасырдың аяғындағы сыртқы саясаты.
XIX ғасырдың екінші жартысында империяның шет елдерге тәуелділігі күшейе түсті. Түрік үкіметінің несие қарызы тез өсті. Шетел капиталы елдің қаржысын тұтастай бақылауға алды. Несие бойынша сыртқы қарызды өтеуге мемлекеттік шығынның жартысы жұмсалды. Шенеуніктерге жалақы төлеуге ақша жетпеді. 1878 жылы үкімет Осман империясының қаржы банкротына ұшырағанын мәлімдеді. Англия мен Франция мемлекеттік маңызды кіріс көздеріне өз бақылауларын орнатты.
Осман империясының қаржылық тәуелділігін шетелдер тиімді концессияларына алу үшін пайдаланды. Англия және Франциямен кескілескен күрес барысында Германия маңызды концессиялар алуға қол жеткізді. Ол Бағдад темір жол құрылысы концессиясын алды, өйткені ол ішкі аудандарды байланыстырып, шикізат рыногын жақындатып, арзандатуға қол жеткізетін жол еді. Европалық монополиялардың қарамағына темір жолдан басқа, теңіз көлігі, көмір мен басқа да кен байлықтарын өндіретін орындар ілікті.
Шетел капиталының ықпалы ауылшаруашылығында да байқалды. Франция Түрік үкіметінен түрік темекісін сатып алып өңдеп экспортқа шығаратын монополиялық құқықты сатып алды, өйткені бұл өндіріс елдің ауыл шаруашылығындағы ең маңызды сала болатын.
Банктің қолдауы мен көлік мүмкіндігінің кеңеюі Европалық өнеркәсіп бұйымдарын шеттен әкелуге және шикізатты сыртқа шығаруға жағдай жасалды.
XIX ғасырдың аяғына таман Түркияға әкелінген мақта маталардың жалпы құны 100 есе көбейді. Осыған байланысты жіп иіру және тоқыма өндірісіндегі жұмыс күші 2-4% қысқарды.
Осман империясын дүниежүзілік капиталистік шаруашылыққа тарту одан ары жалғаса берді. 70-80 жылдары елдің ішінде зауыт, фабрика, шахта,порт салу жұмыстары басталды. Европалық өнеркәсіп пен бәсекеге түсе алмайтын немесе экспорттық қайта өңдейтін шаруашылық салалары құрылды.
Фабрика-зауыт өнеркәсібінің пайда болуы сауданың өсуі қыстақтардағы мүлік теңсіздігінің күшеюі буржуазиялық таптардың қалыптастыруға әсерін тигізді. Алайда капитализмнің баяу әсіресе өңделетін жердің 65 % сұлтанға, помещиктерге және дінбасыларына тиесілі қыстақтарда өте баяу жүрді. Сыбағаластық пен мемлекеттік салықтар шаруалар кірісін түгелдей жыртып отырды. Астық шықпай қалса аштық басталатын
1873-1874 жылдары астықтың шықпай қалуынан кіші азияның бірқатар аудандарында халық селдіреп азайып қалды. Шаруалардың басым көпшілігі бір гектардан да аз жерді иемденді. Мұндай шаруашылық табиғи болды және онда тұрпайы еңбек құралдары қолданылды.
Қыстақтардың артта қалуы бүкіл қоғамның дамуына күшті ықпалын тигізді. Қалыптаса бастаған буржуазия негізінен сауда буржуазиясы. Ал өнеркәсіп орындарында түрік емес халықтардың өкілдері гректер, армяндар басым еді.
Жаңа туып келе жатқан пролетариат құрамында да мұсылман емес қауымның өкілдері басым болды. Оның есесіне түріктер қолөнер өндірісінде және саудада басымдық танытты.
XIX ғасырдың аяғында түрік интеллигенциясының саны артты. Дәрігерлер , заңгерлер, шенеуніктер, офицерлер әртүрлі компаниядағы қызметкерлер саны көбейтілді. Олардың идеялық көзқарастарында және қоғамдық іс- әрекеттерінде сол кезеңдегі түрік қоғамындағы болып жатқан өзгерістер анық байқала бастады.
70-жылдағы саяси дағдарыс және 1876 жылғы конституция
XIX ғасырдағы Осман империясының дағдарыс байқалды. Империяның барлық жерінде халықтардың наразылығы өсті. Иммиграцияда жүрген «жаңа османдар» іс-әрекетіжанданды олар конституция енгізу мен реформалар жүргізілуін талап етті. «Жаңа османдар» идеяларын бірқатар либералдық көңіл күйдегі шенеуліктер мен офицерлер қолдады.
Бірақ олар қайтадан қуғын-сүргінге ұшырады. Билеуші топтарда сенімсіздік пен қобалжу туды. ¦лы уәзірлер жиі-жиі ауысып отырды.
Балқандағы ұлт –азаттық көтерілістер күшейе түсті.1875 жылы халық көтерілістері Герцеговина артынан Босния да Болгария да бұрқ ете түсті. Елдегі өсіп келе жатқан наразылықты өзінен бұрып жіберген ұмтылған үкімет мұсылмандық фонатизм отын тұтатып, крестияндарға қарсы айдап салды. Осындай қақтығыстар кезінде Француз және неміс елшілері өлтірілді. Бұл оқиғаны батыс елдері Осман империясына қысым жасау үшін пайдаланды. Олар сұлтаннан Балқан жерінде реформа жүргізуді талап етті.Сұлтан бұған келісті.
Батыс елдерінің жетегінде кету түрік қоғамында наразылық тудырды. Дінбасылар мен помещиктер сұлтандар сыртқы саясаттағы сәтсіздіктері үшін айыпты деп санады. 1876 жылдың мамыр айында Стамбулда саудагерлер қолөнершілер мұсылман елдерінің оқушылары, сопылар қатысқан, құрамында 40 мыңға тарта адам бар үлкен шеру болды. Халықтың жаппай көтерілуінен қауіптенген «жаңа османдар» дінбасылар және феодалдармен одақтасып, сарай төңкерісін жасады. Олар тамыз айында конституция қабылдауға II Әбділ-Хамитті таққа отырғызды.
1987 жылғы желтоқсанда конституция қабылданды. Ол осман империясының конституциялық монархия деп жарияланды. 2 палаталы парламент құрылды . Депутаттар палатасы сайлаушылардың жоғары мүліктік цензіне қарай сайланды. Сенат мүшелерін сұлтан өзі мәңгілікке тағайындады. Құрамында христиандар да бар империяның барлық бодандары османдар деп жарияланды және заң алдында барлығы тең деп есептелді. Мемлекеттік тіл түрік тілі деп жарияланды . Ал діні ислам діні деп жарияланды. Коституция сұлтанның барлық билігін сақтап қалды. Оның жеке басына қол сұғылмайтын болды.
Шектеулі сипатына қарамастан 1876 жылғы түрік конституциясы прогрессивті қүжат болды. Буржуазия еркіндік жариялануы мен парламенттің құрылуы феодалдық –абсолюттік құрылысқа үлкен соққы болып тиді.
1877 жылы көктемде орыс түрік соғысы басталған кезде сұлтан белгісіз мерзімде парламентті таратты. Конституцияны жақтаушылар тұтқынға алынып елден қуылды. «Жаңа осман» көсемдерін жазалау басталды. Конституция өмір сүруін тоқтатты.