Жарын күткен жауынгер әйел


Скачать/Жүктеу

Нағила Ұлы Отан соғысы бас­талған кезде небәрi 24 жастағы жас келiншек едi. 1941 жылдың күзiнде жары Әуез соғысқа аттанды. Ар­тында қалған төрт жасар ұлы Темiрбек пен анасы Айбаланы Нағилаға аманат еттi. Қиыншылық тек Нағи­ланың басына ғана емес, ауылдағы бар­ша әйел­дiң басына түстi. Олар көз жа­сын көлдетiп, шұ­бырған бала­ларын ертiп, жұ­мысқа жегiлдi. Нағи­ланың құла­ғында жан жолдасы Әуез­дiң: «Ұлым Темiр­бек­тi қанат­тыға қақ­тырмай, тұмсық­тыға шоқ­тырмай өсiргей­сiң», – деген сөзi сайрады да тұрды.

Жарының аманатын орындау үшiн Нағила Темiрбектi жанынан қал­дырмайтын. Бала­сын ба­уы­рына басып, шөп ша­батын. Кеш қарайып, ел ұйқыға жатқанда қолғап, шұлық тоқып, солдат­тарға жiберетiн. Қан майдан ұзаққа созылған сайын, дас­тархан ба­сындағы нан да азая түстi. Қара хаттардың қата­ры көбейiп, әр үйден жоқтау айтыла бастады. Осындай жама­нат хабар Нағилаға да жеттi. Жа­рының соғыста ер­лiкпен қаза тап­қанын ес­тiгенде, сене алмады. Көп ұзамай, Әуездiң iнiсi Асанның да артынан қара қағаз жетiп, На­ғиланы жа­сытып жiбердi. Ағайын-туыс: «Ендi Әуез келмейдi, Темiр­бекке әке болар адам iзде», – деп ақыл қоса бастады. Бiрақ Әуезi үйге кiрiп келiп, Темiрбектi ба­уырына басып, өзiнiң маңдайын иiскейтiндей. Арада жылдар өтiп, соғыс бiттi. Нағиланың бар мақ­саты – баласы Темiрбектi тәрбиелеу болды. Са­уыншы болып, жұмысқа орналас­ты. Ерте тұрып, кеш ұйықтады. Нағиланың еңбегi бағаланып, 1949 жылы Мәскеуге озат са­уын­шы­лармен бiрге са­парлап қайтты.

Ұлы Темiрбек шопан болып, адал еңбек еттi. Нағила болашақ келiнiн ойлап, мазасызданатын. Баласы анасының ойын түсiн­ген­дей, Сайран есiмдi ақы­лына көркi сай ару­мен бас қосты. Сайран келiн На­ғила анасына 14 немере сүй­гiздi. Алайда баласы Темiрбек ерте қайтыс бол­ды. Жа­рынан жастай ай­рылған Нағи­лаға бұл жағ­дай өте ауыр тидi. На­ғила бала­сының iзiн жал­ғар ұрпақ­тарын сү­йенiш еттi. Бүгiнде Нағила – үлкен неме­ресi Же­ңiс­бектiң ша­ңырағының тiре­гi. Све­та есiмдi келiнi үл­кен енесi­нiң әңгiмесiн ұйып тың­дайды. Нағи­ла­ның неме­ресi де, шө­бересi де мек­тепте жақсы оқиды. Биыл Нағила әже 93 жас­қа то­лады. Тек екi көзiнiң көр­мейтiнi бол­маса, жа­уын­гер әже әлi тың. Жа­рын күтуден жа­лықпаған На­ғи­ла әже Ұлы Же­ңiстiң мәңгiлiк болға­нын қа­лайды.

 

Мөлдiр Жолдыбайқызы,

Ы.Алтынсарин атындағы мектептiң 11-сынып оқушысы.

Ырғыз ауданы,

Ақтөбе облысы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы