Скачать/Жүктеу
Жапонияның 50 жж саяси өмірінің ереркшеліктері. 1949 жылдың шілде−тамыз айларында Жапонияда жапондықтарды үш инцидент қатты алаңдатты. Олардың барлығы темір жол мәселелеріне байланысты жапондықтардың әлеуметтік табының әркелкіленуіне байланысты болды. Біріншісі денесі теміржол желісінде табылған мемлекеттік Симояма темір жолының президентінің өлімі болды. Екіншісі Токио қаласының Митака станциясында жүргізушісі жоқ электрі пойыз адамдарға бағытталды. Және соңғысы Мацукава станциясына жақын жерде пойыз апаты болды. Барлық жағдайларда кінә профодақ белсенділері, коммунистерге тағылды. Есида тергеу жүргізбей жатып−ақ коммунистер қоғамдық тәртіпсіздік орнатып жатыр деген мәлімдеме жасады. Симояма президентінің өлімі ісі аяқталмай жабылып қалды. Митака станциясындағы келісілген бұзақылық деп аталған іс сот үкімімен қайтарылды. «Мацукава» ісі алғашында қозғалып, кейіннен кінәсіз деп жабылып тасталды. Осы аталғандардың барлығы компартия қызметіне үлкен зардап әкелді және халық алдында беделін түсірді. 1948 жылдың басында−ақ коммунистік партия ұлттық демократияландыру бағытын ұстанды және Жапонияның толықтай тәуелсізденуіне ұмтылды. Кейіннен 1950 жылы қаңтарда халықаралық коммунистік үнқағаз «Коминформда» антиамерикандық бағыт ұстанатын компартия мақаласы жарияланды. Мақалада екіжақты бейбіт келісімнің болуы, Жапонияның толықтай еркін ел болуы, сонымен қатар елден американдық әскерлердің шығарылуын талап ететін жағдайлар қарастырылды. Соның ішінде коммунистік партия жетекшілерінің бірі Носака Сандзоның «оккупация режимінде бола отырып Жапонияны социализм бағытына бет бұрғызу» деген мақаласы қатты сынға ұшырады. Осының әсерінен Жапонияда коммунистер туралы біршама кері ойлар қалыптасты. Коммунистер елде бұзақылықтарды және қате ойларды қалыптастыратын топ болып есептелді. 1950 жылдың маусымында коммунистік саяси қызметтен жиырма төрт саясаткер аластатылды. Біраз уақыт өткен соң «Акахата» деп аталатын коммунистік үнқағаздың он жеті қызметкері жұмыстарынан босатылды. Корей соғысы басталған соң Макартур штабы үнқағазды мүлдем жауып тастады. Шілде айынан бастап барлық мемлекеттік қызметтерден аластатылған коомунистердің жасырын, заңдастырылмаған қызметі басталды. «Қызылдарды тазарту» мақсатында Жапонияда шілде айынан қарашаға дейін он екі мың адам жұмыссыз қалды. Осындай әрекеттерден кейін 1951 жылы компартия басшылары Қытайға және Ресейге барып кеңестер алып қайтты. Сталинмен де кездесу болды. Дегенмен айтарлықтай іскери жоспар берілмеді. Бірақ жапондықтар Қытайдағы «халық соғысын» қолданғысы келді. Сонымен қатар бірнеше төңкерістер ұйымдастыру жоспарда болды. Бірақ мұның барлығы тек тек жоспар болып қала берді. Былайша айтқанда коммунистьік паритяның құлауына себеп болған оның саяси радикалды қызығушылықтарының халық қызығушылықтарымен сәйкес келмеуі және тым ультра−солшылдық партия беделінің ақырғы құлауына алып келді.
Жалпы демократия ұғымы батыс елдері мен азиялық мемлекеттер үшін бірдей мағынаны білдірмейтінін ұмытпаған жөн. Жеке қарастырсақ, Жапонияда саяси дәстүрлер, этика−құқықтық ерекшелік және халықтың социомәдени қырлары әсер еткен ерекше бір модель қалыптасты. Жапонияда демократияның дұрыс қызмет атқаруына барлық заңды негіздер мен институттар болғанымен, оның тарихын қарастырмау мүмкін емес. Жапония өзге азиялық мемлекеттер сияқты саяси құрылымды батыс елдерінен үлгі ретінде алғанымен, тәжірибе жүзінде олардың барлығы үлкен өзгерістерге ұшырады. Соғыстан жеңілген соң саяси және экономикалық саладағы дағдарыстар Жапонияда қайта реформалар жасауды талап етті. Негізгі роль оккупациялап отырған, батыс құндылықтарын үгіттей отырып жапондықтардың тарихи және рухани дамуына да назар аударған АҚШ үлесіне тиді. Ал жапондық халық АҚШ енгізген реформаларды сабырлы қарсы алды. Ол реформалар елдің саяси−құқықтық базасына айналды.
Реформалардың орындалуына, жеделдетілген модернизация мен демократизацияға АҚШ кепілдік беріп отырған саяси тұрақтылық қажет болды. Конституциямен кепілденген демократиялық принциптер экномикалық және қоғамдық өмірде белсенділікті арттырды және қабілеттердің көрінуіне мүмкіндік берді. Экономиканың дамуына әсер еткен халықаралық қатынастарды шешу ретінде Жапонияның соғыстан бас тартуы болды.
Осылайша Батыс Европа елдерінде социал−демократиялық үлгіде дамыған демократия жетістіктері Жапонияның 50-ші жылдардағы саяси дамуының негізіне айналып, маңызды реформалардың нәтижесі болды. саяи демократияландыруды іске асыру үшін билік басындағылар саяси күштің жұмысшылар, шаруалар, пацифистер, либералдар, социалистер, консерваторлар сияқты радикалды өзгерістерге дайын болған таптарын кеңінен қолданды. Барлық қызығушы жақтардың күшімен өкілдік және парламенттік жүйелер құрылды. Реформалар жүргізгені арқасында Жапония батыс елдерімен жақындасты. Барлық салада жаңашаландыру қарқынды жүрді.
«Ёсида доктринасы». Жапонияның 50-ші жылдардағы өмірінің негізінде мағынасы экономикалық терминдермен анықталатын «Ёсида доктринасы» жатыр. Бұл дегеніміз Есида доктринасы АҚШ қоластында бола отырып, жапон экономикасын дамытуға бағытталған бағдарлама немесе экономикалық ұлттандыру саясаты. Вашингтон университетіндегі белгілі американ жапонтанушысы Кенет Пайлдың айтуынша, осы доктрина 1993 жылы осы мектептің соңғы түлегі ретінде Киити Миядзаваның пермьерлігінің аяқталғанына дейін қызмет атқарды. Доктринаның жалпы мағынасы бойынша қырғи қабақ соғыс жылдары Жапония бар жүкті АҚШ−қа артып қойып, АҚШ пен КСРО арасындағы «қос жүйеге» назар аудармай тек экономикалық реформалармен айналысты. Бұл үшін олар конституцияның тоғызыншы бабын пайдаланған еді.
Осындай көзқарас Жапонияның коммунизмге қарсы салымдарын жоққа шығарады. Жапония Кореядағы соғыста 13 млрд доллар табыс тапты, ал Вьетнамдағы соғыста азырақ, бірақ айтарлықтай. Соғысқа деген ұлес тек экономикалық емес саяси да мінезде болды. стратегиялық мақсаттар мен антикоммунизм байқалды. КСРО мен ҚХР−дағы ұстамдылық АҚШ−пен ортақ әскери потенциал болғандықтан болды.
Басқа сөзбен айтқанда, «Есида доктринасы» Жапония үшін экономикалық, саяси, әскери жақтардың барлығынан классикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырды. Соңғысы тек АҚШ тарапынан жүргізілетін қорғаныс қана емес, Жапонияның өзінің қарулы күштері, оны жапондықтар жай ғана қорғаныс күштері деп таап қойды, оған қоса елдегі американ қаруланған әскери күштер базасы. Осындай классикалық күйде «Есида доктринасы» жетпісінші жылдардың басына дейін белсенді болды.
Жетпісінші жылдардың басында Жапония сыртқы саясатына өзгертулер енгізген үш оқиға болды. Біріншіден, АҚШ−тың Вьетнамдағы жеңілуі; екіншіден, Жапония ІҰӨ жөнінен капиталистік елдер арасынан екінші орынға шықты; үшіншіден, кеңес американ қатынастарында түсініспеушіліктер басталды. Есида доктринасының қауіпсіздік тармағы ұлттық қызығушылықтардан тұратын классикалық доктринаға айналып кетті. Ол үш компоненттен тұрды: ішкі әлеуметтік, әскери және сыртқысаяси. Жапондық нұсқада олар былайша аталды: қоғамдық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік және Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық.
Кеңестік жапонтанушы Д.В.Петров осы доктринаны доктрина деп санаса, өзге ғалымдар оны доктрина емес, ұлттық қызығушылықтардан туындап отырған стратегиялық мақсат деп қарастырған. Яғни, бұны доктринаның сыртқы саясат бөлігінің бір компоненті деп санауға болады. Бірақ кей жағдайда оның теоретикалық толықтығынан оны доктрина деп санайтындығы да осыдан. Ол жалпы үш бөліктен тұрады: әлемдегі нарықтық демократиялардың тұрақтылығына әрекеттесу; капитализм мен социализм арасында стратегиялық балансты қамтамасыз ету; Солтүстік пен Оңтүстік арасында, әсіресе Азияда, тұрақты экономикалық және саяси қатынастар орнату.
Шындығында, Азия үшін қосымша концепция құрастырылды. Ол «Фукуда доктринасы» деп аталды, 1976-1978 жылдардағы премьердің есімімен. Ол өзінің доктриналық сөздерінде былай деген: Жапония ешқашан әскери держава болмайды, Жапония АСЕАН мүшелерімен құрылымдық әскери емес қатынастар орнатады, Жапония АСЕАН мүшелері мен Үндіқытай елдері арасындағы әрекеттестікке ықпалшы болады. Осы арада Жапонияның барлық осындай жоспарларының ішінен Жапония бастысынан басқасына қол жеткізді деуге болады, яғни Жапония ақыры Ұлы саяси держава бола алмады.
«1955 ж саяси жүйесін» қалыптастыру. Саяси институттар мен саяси партиялар. Оккупация аяқталаған соң Жапонияда саяси күштердің қайта құрылғаны белгілі. Саяси күштер басқарушы консерваторлар мен оппозиция қолында болды, соңғысы солшыл пиғылда еді. Олардың арасындағы қатынастар конфронтациялық мінезде болды. Консервативтік лагерь біршама әркелкі еді. Алайда консолидациялық тенденциялар айқын байқалды. Осында консервативтік қоғам екі лидер жанында шоғырланды. Олар Есида Сигэру мен Хатояма Итиро. Екі тұлға да сол кезде билікте болған Либералдық партиямен байланысты болды. Өз кезегінде Есида оны Хатоямадан мұрагерлік жолмен алған болатын. 1945 жылы оны Хатояма соғысқа дейінгі кезеңде болған Сэйюкай партиясының негізінде құрған. Келесі жылғы парламент сайлауында Либералды партия бірінші орын алды, бірақ американдықтардың оккупациялауынан бұл үрдіс созылып, тек уақыт мәселесі болып қалды.
Оппозиция арасында белсенділері Социалистік партия мен Коммунистік партиялар болды. социалистік партия екіге бөлінді. Оңшыл және солшыл бағытты ұстанған екі ағым уақыт өте келе екі жеке партияларға айналуды көздеді. Компартияда керісінше, қаталдау тәртіп болған соң бірлік ұзаққа дейін сақталды. Бірақ саяси көзқарастардың әркелкілігінен коммунистер арасында да түсініспеушіліктер байқалды. Кейіннен ол Коминформ сынына ұшырағаннан кейін партия бөлінуі басталды. Солшыл күштер белсенділігі консерваторларға бәсекелестік тудырды. Әсіресе 1952 жыл ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығымен сипатталды. Мамыр айындағы көтеріліс билік басындағылар үшін американдықтардың көмегінсіз шешетін мәселе болды. Осы қозғалыс Есида билігін қатты алаңдатты. Сол себепті басшылық жағдайды тұрақтандыру үшін жүйені қаталдандыру шараларын қолданды. Мемлекеттің қарулы және қорғаныс күштері алғашында елдегі толқулар мен көтерілістерді басу үшін құрылған жасақтар еді.
1954 жылдың аяғында саяси басшы алмасуы болды. Мемлекет басына Хатояма Итиро келді. Қараша айында консервативтік күштердің бірігуінен Жапонияның жаңа Дмеократиялық партиясы пайда болды. Оның басшысы Хатояма Итиро болды. Хатояма лагерінде американдықтар репрессияға ұшыратқан консерваторлар жиналды. Олардың қатарында Киси Нобусукэ, Сигэмицу Мамору, Исибаси Тандзан және Исии Мицудзиро секілді қайраткерлер болды. Елде Хатояма мен Есида басқару кезеңдерін көп салыстырады. Бірақ Хатояма саясатқа туғанынан бейім болған деген пікірлер де айтылады. Өйткені оның әкесі де Жапонияның белсенді саяси қайраткері болған. Яғни ол мықты саяси мектептен өткен десе де болады.
Либералдық−демократиялық партияның (1955) Хатояма үкіметі. Хатояманың саяси мектептен өтуі оның қызметінде көп көмектесті. Оны тек өз жақтастары ғана емес, оппозиция өкілдері де құрметтейтін. Социалистік партия өкілдері ағымдағы саяси жүйеге емес, тек тұлғаның өзіне ғана құрметпен қарайтынын айтқан. Каваками Дзетаро деген белгілі социалист қайраткер өз ғұмырында тек екі саясаткерді жақтайтынын айтқан, олар Хатояма мен Катаяма екен. 1955 жыл оккупациядан кейінгі Жапонияның саяси өмірінде өте бір ерекше жыл болды. Қараша айында екі үлкен партия Либералды партия мен Демократиялық партия күштері қосылып Либералды−Демократиялық партия құрылды. Келесі жылы партияның кезектен тыс жиналысында сайлауда партия төрағасы болып Хатояма Итиро сайланды. Екі партияның бірігуінің өзіндік себептері бар еді. Мемлекетке Жапонияны АҚШ−пен тең дәрежедегі мемлекетке айналдыратын, елдің экономикалық жағдайын көтеруге ықпалдасатын және ел ішіндегі жұмысшылар мен солшыл күштер қайшылығын жоятын күш керек болды. Екі партияның бірігуі саяси құрылымның құрылуының аяқталуын білдірді. Өз назарына кіші партиялар мен топтарды аударған екі саяси орталық құрылды.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын іздеу мен оның ішкі саяси жағдайға әсері. Сан−Франциско бейбіт келісіміне қол қойғаны арқасында Жапония халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. Бірақ бұл келісімнің сепараттық қатынасы және АҚШ тарапынан қауіпсіздік Жапоиняны өзге мемлекеттермен қатынастарда тежеді, әсіресе жақын көршілестерімен. Оккупация жылдарында қалыптасқан жағдайдан Жапония АҚШ тарапына тәуелділікке ұшырап қалды. Жапонияның барлық дерлік мәселелері АҚШ арқылы шешілетін болды. 1952-1954 жылдарда АҚШ пен Жапония арасындағы тең емес құқықты әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі келісім екі жақтың күштер балансын анықтап берді. Әрине АҚШ диктатор рөлінде болды. Жапония тек атқарушы рөлді атқарды. Есида доктринасы алғашында осы мәселеден шыққан еді. 1952 жылы АҚШ президенттігіне Д.Эйзенхауэр келіп, ол бірден халықаралық қатынастарға көңіл бөле бастады. Ол халықаралық қатынастарда АҚШ позициясын конфронтациялық және консолидациялық тұрғылардан алғанда елдің стратегиялық ұстанымдарын күшейту керек деді. Осы кезеңде Азиялық аймақта ықпал етуде Қытай Халық Республикасы тарапынан үлкен қауіп туды. Қиыр Шығыс аймағында АҚШ өз ықпалын жоғалтып алмас үшін барлық шараларға баруға дайын болды. Осы кезде Жапонияның әріптес ретінде рөлі байқалатын кез келді.
Жапонияның АҚШ әріптесі ретінде көрінуі алдымен американдықтардың жапондықтарға Тынық мұхитындағы аралдарын қайтарып берулерінен басталды. Алғаш болып 1953 жылы Амамиосима аралы қайтарылды. Жетпісінші жылдары бірақ аяқталған Жапонияның өзіне Рюкю (Окинава) архипелагында билік жүргізуге әкімшілік құқықтарды қайтару процесі басталды. Сыртқы саясатта жапон−американ қатынастарында келісімдер болғанымен ол келісімнің өзі емес, Жапоиняның егемендігі мәселесі оппозиция тарапынан көп сынға алына бастады. Осындай наразылықтар нәтижесінде АҚШ елу үшінші жылы Жапонияны НАТО блогінің ішіне қосып, біршама компромисске барды. Және де шектелген юрисдикциялық құқықтар арқылы Жапондықтар елдегі АҚШ әскерлерінің санын өздері бақылап отыруға мүмкіндік алды. Осылайша жапон−американ қатынастарындағы ұнамсыз жағдай тоқтатылды.
Жапонияның Американың одақтасы болуы одан үлкен ағаға деген адалдығын талап етті. Осындай маңызды акттің бірі оның АҚШ−қа ұсынысы ретінде Тайваньмен келісім жасасуы болды. жапония үшін Қытаймен ашық конфронтацияға бару біршама қиын болды. Қытаймен Жапонияны тарихи ұқсастықтары ғана емес, діни рухани тарапы да байланыстыратын еді. Сонымен қатар, Жапония Қытаймен сауда байланыстарын да дамытқысы келді. Бірақ АҚШпен одақтас болудың құны осындай еді.
1960-шы жылдардағы әлеуметтік өзгерістер. Жапонияның осы жылдардағы экономикалық табыстары ел тарихында елеулі орын алады. Өйткені, оның жетістіктері ол кездері тек Жапонияға ғана емес, бүкіл әлемге байқалды. Тіпті Жапонияның экономикасындағы ғажайып деген сияқты терминдер де айтылып жатты. Шынында да, Жаонияның әлеуметтік жағдайында үлкен секіріс байқалды. ЖҰӨ 6.5 есеге, ал өндірістік өнімдер көлемі 10 есеге дейін өсті. Франция, Канада, Италия, Англия және Германияны капиталистік елдер арасында өндірістік өнімдер көлемінен басып озып, әлемде екінші орынға шықты. Сол кездегі Жапония экономикасының дамуының басты бір себебі елдегі өндірістік салаға көп көңіл бөлінуі және капитал мен инвестицияның дамуы. Елуінші жылдардың екінші жартысынан ақ елде өндірістік салаға аса назар аударыла бастады. Жапон техникасы қарқынды даму жолына түсті. Робот, конструкторлық техника және технология, машина жасау, ауыр өнеркәсіп жедел түрде дамып, ел экономикасының көтерілуіне көп үлесін қосты. Сонымен қатар қара металлургия, мұнай өңдеу, текстиль, жеңіл және тамақ, кеме жасау, химия өнеркәсіптері де қарқынды дамыды.
Қарқынды экономикалық даму арқасында Жапония техникалық өнімдерді өндіру және ауыр өнеркәсіп саласында алдыңғы орынға шықты. Жапондық техника өнімдеріне сұраныс артты, соның ішінде машина жасау саласында. Нәтижесінде, Жапонияның өндіріс саласы он жыл ішінде мүлдем басқа сфераға аусып кетті. Жапония ауыр өнеркәсіп саласында өте көп шығаратын болды, елдің тауарларының барлығы техника мен технологияға негізделді, әсіресе жаңа заманғы. Алпысыншы жылдардың соңына қарай Жапонияның өөндірістік өнімдері әлемдегі алдыңғы орындарға шықты, ал бірнеше жылда Европа мемлекеттерін ғана емес, АҚШты да басып озды. Ал онжылдықтың соңына қарай Жапония ауыр өнеркәсіп, кеме жасау, кино және фотоаппараттарын өндіруден әлемде бірінші орынға, ал темір балқыту, электр жабдықтары, электронды техника, автомобиль, тігін машиналарын жасаудан АҚШ, Англия, Германиядан кейінгі екінші орынға шықты. Экспорт мөлшері он есеге дейін өсті, ал Жапония енді әлемдегі бірнеше тауар түрлерінен мықты өндірушіге айналды. Әлеуметтік жағдай да сәйкесінше жақсарып, жұмыссыздық көлемі азайды. Жапония халқы АҚШ тарапынан тәуелділіктен құтылу үшін өз экономикасын көтеруге тырысты. Және де олар өз мақсаттарына жетті десе де болады.
Әлеуметтік жағдайда урбандалу қатты байқалды. Және де жалға жұмыс істеушілер саны да көбейді. Қала халқының саны өсіп, статистикада да өзгерістер байқалды. Тек 1964 жылы ауытқы болды деп айтуға болады. Инфляция болып ең қажетті деген тауарларға да баға тым көтеріліп кетті. Оқу бағасы да қымбаттады, нәтижесінде студенттер осы мәселе бойынша наразылықтарын білдірді. Келер жылы қайтадан барлығы түзеліп, 1965-1973 жылға дейін жалғасқан «Идзанаги төңкерісі» болды. Бірақ алпысыншы жылдар жапондықтар үшін өтпелі кезең секілді болды. ел экономикасында көптеген жағдайлар болып, халық көп жағдайды басынан өткерді.
Саяси күштердің құрылымындағы өзгерістер. Икэда кабинетінің құрылуы. Сайлаудағы ЛДП жеңісі. Экономиканың қарқынды түрде дамуы және «қауіпсіздік келісіміне» байланысты жапон−американ қатынастарының оппозицияға ұнамауы, Жапонияның саяси өміріндегі елеулі оқиғалар болды. Жаңа онжылдық алпысыншы жылы билік басына Икэда Хаятоның келуімен басталды. Қарапайым пошташы отбасынан шыққан Икэда өзге саясаткерлер сияқты Токио университетін емес, Киото университетін бітірген. 1925 жылы ол қаржы министрлігіне түсіп, 1929 жылы ол Уцуномия қаласының салық басқармасының директоры орнына орналасады. Перл Харбор талқандалып жатқан күні ол қаржы министрлігінің салық бөлімінің бастығы атанады да, ал соғыстан кейін 1947 жылы ол қаржы министрі Исибаси Таидзанның орынбасары болып тағайындалады. Исибаси Икэда қызметінің өрлеуіне көп көмегін тигізген. Икэданың жолы болды. 1949 жылы өзінің үшінші кабинетін жинап жатып, Есида өз округынан сайланған Икэданы байқап қалып, оны қаржы министрі етіп тағайындайды. Осы салада Икэда біраз қиындықтарға тап болды. Ол атаққа ие болмаған Доджа деп аталатын бюджеттік реформаларға арналған бағдарламаны іске асыруға мәжбүр болды. Икэда өз жұмысын тыңғылықты атқаруға тырысты, бірақ қатаң шаралардың әсерінен елде қиын жағдай туындады. Дәстүрлі экономиканың өкілі Икэда үшін бұл жағдай сабақ алатын мектеп ретінде болды.
Икэданың билік басына келуімен мемлекеттік билік экономика саласын жақсартуға жұмсалды. Елдегі «қауіпсіздік келісіміне» байланысты наразылықты және консерваторларға деген көзқарасты қалпына келтіру үшін Икэдаға халық алдында сөз сөйлеу керек болды. осы үшін Икэда «екі еселендіру» деп аталатын ұтымды жоспар қолданды. Ол өйткені қоғамның барлық таптарын, ірі байларды, шаруаларды, жұмысшыларды, орта тапты қанағаттандыратын және барлығына ұнайтын жоспар болды. сайлауда ЛДП жеңіске жетті, бірақ оның жеңіске жетуі соңына дейін күмәнді болды, өйткені «қауіпсіздік келісіміне» байланысты наразылықтар мен оппозициялық топтардың халық ішінде жүргізген үгіт насихаты ЛДП жеңісін жоққа шығарғандай болып еді. Осы сайлауда жеңіске жету партия үшін өте қажет болды, өйткені осы жолы оппозицияның жеңіп кетуі әбден мүмкін еді. Сондықтан осы сайлау халық жады мен ел тарихында есте қалды. Негізі жеңіс бір Икэданың күшімен емес, жұмыла жұмыс істеген консерваттардың арқасында да. Сонымен бірге оппозиция мүшелері де сол жылы бірнеше көзқарастар ұстанып, бөлініп кеткені бар еді. Кешегі одақтастар қарсыластарға айналып кетті.
Саяси сахнаға центристік партиялардың шығуы. Алпысыншы жылдары елде оппозициялық күштер мен басқарушы күштер арасында елдегі саяси жағдай жөнінде келіспеушіліктер белең алды. Иделогиялық мәнде басқарушы Либералды Демократиялық партия либералдар мен ұлтшылдардың әркелкі күштерінен құралды. Үкімет тәжірибе жүзіне мемлекеттің абыройын көтеру және халық санасында патриоттық сезімдерді жоғарылату сияқты тәртіптерді енгізуге тырысты. Мемлекеттің құрылған күнін тойлайтын болып шешілді және Мэйдзи исиннің жүз жылдығы да атап өтілді. Партия ішінде бұрынғыдай «бейбіт» конституцияны қайта қарауды ұсынушылар жоғары атақты болды. алайда қоғам бұл мәселеге басқаша қарады. Сондықтан тікелей және демократиялық жолмен билікке келген саяси элита осындай үндеулерді жауып қана қоймай, өз тараптарынан бейбіт мақсаттарын паш етуге мәжбүр болып тұрды. Осы мәселеде ядролық мәселеге қатысты жапон консерваторларын атап өтуге болады. Алпысыншы жылдардың басында ядроға қарсы өозғалыстар көптеп болып жатқан кезең еді. Икэда басшылығы екіжақты саясат жүргізіп жатты. Бір жағынан АҚШпен арасындағы одақтастық жағдайынан онымен жақты қатынастар орнатуға тырысып бақты, екінші жағынан ядролық қаруға қарсы халық наразылығын көріп, бебіт бағыт ұстанатынын айтып сендіргісі келді. Сондықтан да Жапония басшылығы бірнеше рет Мәскеу мен Вашингтон басшылықтарына ядролық сынақтарды тоқтатуын өтінетін хабарламалар жасады.
Оппозициялық лагерь идеологиялық түрде бөлінді. Оның түрлі салалары солшыл және оңшыл бағыттарды ұстанды. Олардың ішінара араздықтары тіпті коммунистер мен ЛДП арасындағы қатынастардан да бетер шиеленісіп кетті. Тіпті Окинава және Огасавара аралдарын қайтару туралы мәселені талқылауға оппозициялық партиялар жиналғанда да олар бір келісімге келе алмады. Демократиялық социалистер біртіндеп консерваторлар жағына өте бастады. Жоспарларының ұқсастықтарына қарамастан социалистік және коммунистік партиялар қатынастары достық қатынастарға жатпайтын. Бір жағынан бұл саяси бәсекелестік те болуы мүмкін. Өйткені олар бір саяси жоспар жасап жатқан еді.
1960−шы жылдардағы саяси жағдай елде өте қызу болды. Жапонияның коммунистік партиясы қатарынан Сига Есио мен Судзуки Итидзо шығарылып тасталды. Өйткені олар ядролық қаруларға байланысты келісімді ратификациялауға жақтастардың қатарында болатын. Алпыс төртінші жылдың шілде айында елде басқа партияларға қатарлас «Жапония даусы» атты жаңа партия құрылды. Алғашында оны КПСС қолдап жүрген болатын. Кейіннен бұл партияның шамасына қарап, оған ары қарай көмек көрсетуден бас тартты. Алпысыншы жылдардың аяғына қарай Жапония Коммунистік Партиясы антикеңестік бағытты ұстандырғысы келген Қытай коммунистерімен де арақатынасы суып кетті. Қытай басшысы Мао Цзэдун мен Миямото Кэндзи арасында ресми түрде айырылысу рәсімі өткен соң, Жапония компартиясы бірден тәуелсізденіп, Мәскеу мен Пекинді сынға ала бастады. Комэйто, социалистік және коммунистік партиялар аса жақын болмағанымен, көп жұмыстарда бірлік нышандарын байқатты. Америкалықтардың елге енуі және ядролық қарудан бас тарту туралы жоспарлардың орындалуын олар мемлекеттен бірдей талап етті. Вьетнамдағы соғыс Жапониядағы соғыстан кейінгі рух пацифизмді өрбітті. Социалистік партия «қауіпсіздік келісімінен» бас тартып, Жапонияның мәңгілікке қарусыз бейтарап мемлекет болып жариялануын талап етті. Социалистер бұл тұрғыда олардың идеялары Жапонияның заңында сыртқы саясатқа байланысты көрсетілген деп түсіндірді. Олар елдің сыртқы саясатын тек дипломатиялық жолдармен шешу керек деді және осы бағдарламаларды өз партияларының жоспарлық құжаттарына енгізді. Бірақ барлық оппозициялық партиялар қаруланбаған қауіпсіздік саясатын қолдамады. Олардың қатарында Жапонияның коммунистік партиясы болды. Осы орайда демократиялық социализм партиясының да орнысерекше болды. Олардың айтуынша, Жапония халықаралық қатынастарда өз орнын күшейту үшін Батыста да, Шығыста да өз күштерін балансты түрде қолдану керек. Бұл жағынан олардың көзқарастары өзге оппозициялық партиялардың көзқарастарымен мүлдем сәйкес келмеді. Демократиялық социализс партиясы қауіпсіздік мәселесі жайында келесі бағыттарды ұсынған еді: қауіпсіздік шаралары дегеніміз ол қарулану емес, бұл жай ғана Жапонияға нақты бір жағдайларда қауіп төнгенде мемлекеттің жеке қорғаныс қызметінің болуы және оның жұмысы концепцияларын ұсынды. Сонымен қатар онжылдықта студенттер арасында да белсенділік байқалды. Вьетнамдағы соғыс, ұрпақтар түсініспеушілігі, қоғамдық өмірдегі өзгерістер және жаңа дәстүрлердің қалыптасуы халық арасында түрлі наразылықтарды туындатты.
Сато Эйсаку кабинеті. Жергілікті билік-әкімшілік жүйе. Жапонияның премьер−министрі Сато Эйсаку Ямагути префектурасының Табусе ауылында дүниеге келген. Отбасындағы үш ұлдың кішісі болған, әкесі Хидесуке Сато спиртті сусындарды өндіруші, ақын және шенеунік болған. Жалпы оның отбасында он бала болған екен. Оның отбасындағы үш ұлының бірі, Ичиро адмирал болған да, қалған екеуі, Эйсаку мен Нобусуке саясатқа бет бұрып, екеуі де Жапонияның премьер−министрлері болған.
Табуседегі Куники бастауыш мектебін және Куматото орта мектебін тамамдаған соң Сато Токиолық император жоғарғы оқу орнына түсіп, неміс құқығын бойынша маманданады. 1924 жылы университетті заң саласындағы маман ретінде аяқтаған соң Сато қаржы министрлігіне жұмысқа тұрғысы келеді, бірақ темір жол министрлігіне орналасады. 1926 жылы Сато өз туысы Хироко Сатоға үйленеді және оларда екі бала туылады. Қызметте Сато жақсы көтерілді, ол бірнеше жоғарғы орындарда болды. солардың қатарында 1944-1946 жылдары Осаки темір жолдарының бюросы директоры, 1947-1948 жылдары тасымалдау жөніндегі вице−министр. 1948 жылы Сато көлік шаруаларын қойып, саясатпен айналыса бастайды. Демократ−либералдар партиясына мүше болады да, Ямагути префектурасындағы оның төрағасы болып сайланады. Қазан айында премьер Сигеру Йосида оны өз жұмысына шақырады. Йосида қанша тырысқанымен екінші соғыстан кейін де америкалық оккупациялық күштер Сатоның көтерілуін бақылауға алды. Өйткені, Сатоның ағасы Нобусуке әскери кезең офисіне жатқызылып, әскери қылмыстар жасаған деген күдікті болды. Алайда Нобусуке жапон некелік дәстүрлеріне сай өз тегін Кисиге ауыстырып, оның бауырлары саясатпен айналысуға мүмкіндік алды.
1949 жылы парламентке сайлауда Сато күштер қатынасын өз партиясының пайдасына шешті. Ол хатшы қызметін босатып, премьер Йосиданың жақын көмекшілерінің бірі болды. Алдымен 1951-1952 жылдары пошта және телекоммуникация министрі болып, одан кейін 1952-1953 жылдары құрылыс министрі, содан соң партияның бас хатшысы болып сайланды. 1954 жылы Сатоның қызметі қатты күйзеліске ұшырады. Оған және бірнеше саясаткерлерге кеме жасайтын компаниядан пара алды деген айып тағылған еді. Оған қарсы айыптар алып тасталғанымен, партия өте көп зардап шекті. 1957 жылға дейін Сато саясаттан аулақ жүрді. Кейіннен жаңаланған либерал−демократиялық партияның атқарушы комитетінің төрағасы болып сайланды. Ал президенті оның ағасы еді. 1958 жылы Нобусуке Киси Жапонияның премьері болды. Ал бауырын қаржы министрі етіп тағайындады. 1960 жылы премьер болып Сатоның сыныптасы Хиято Икеда сайланды. Ол Сатоға сыртқы сауда мен өндіріс министрі орнын ұсынды. 1962 жылы Сато кабинеттен шықты. Сөйтіп шетелге аттанды. Сато онда АҚШ, Франция және өзге батыс елдерінің басшыларымен кездесіп, тәжірибе жинап қайтты. 1963 жылы Икедамен арасындағы келіспеушіліктерге қарамастан, Сато оның кабинетіне оралды. Сөйтіп онда 1964 жылға дейін қалды. Кейіннен ол партия жетекшісі орнына өз кандидаттығын ұсынды, ал егер жеңетін болса тіпті пермьер дәрежесіне жету үшін. Икеда өз басшылығын сақтап қалғанымен, 1964 жылдың қазанында ол денсаулығына байланысты демалысқа кетуге мәжбүр болды. біраз уақыт ойланғаннан кейін Икеда Сатоны өз мұрагері ретінде жариялады. Сол жылдың қараша айында парламент оны премьер етіп сайлады.
Билікке келе салып, алғашқы күндері ақ Сато Жапонияның халықаралық аренадағы орнын күшейтуге күш жұмсайтынын, сонымен қатар соғыстан кейінгі пацифизмнің сақталатынын мәлімдеді. Рәсімдеу салтанатынан кейін ол былай деді: «Жапония секілді қаруланбаған және ядросыз мемлекеттер бейбітшілікті сақтауда үлкен орын алуы тиіс». Премьер ары қарай АҚШ−пен тығыз қатынастарды жалғастыратынына уәде берді және соғысқа қатысты Жапония конституциясын ұстанатындығын айтты. Күн санап өсіп келе жатқан Жапонияның әскери экономикасы тығырыққа тірелді. Сато Жапония алдағы уақытта ядролық қаруды қолданбайтын, дайындамайтын және мемлекетке енгізбейтін ел болады деген анық жоспарлар айтты. 1965 жылы ол бейбітшілік жөніндегі контрактқа қол қойып, жапония агрессиясының құрбаны болған Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қатынастарды қайта жаңғыртты. Екі жылдан кейін Сато Филиппин аралдарына, Австралияға, Жаңа Зеландияға, Оңтүстік Вьетнамға, Лаосқа, Таиландқа, Сингапурге, Малайзияға, Индонезияға және Бирмаға сапар шекті. Мұның барлығы Жапонияның сауда және мәдени қатынастарына оң өзгеріс енгізді. Вьетнам соғысы жылдарында Сато арақатынасшы болам деп, 1968 жылы Солтүстік Вьетнамда американдық бомбалауға келісе отырып көптеген жапондықтардың көңілін қалдырды.
АҚШ елімен тығыз байланыстың арқасында Сато Жапонияға Окинава және Огасавара аралдарының бейбіт жолмен қайтарылуына қол жеткізді. АҚШ бұл аралдарды екінші маңызды соғыс кезінде жаулап алған болатын. Бесжылдық келіссөздерден кейін 1972 жылы аралдарда қайтадан жапон егемендігі орнады. Сато КСРО және Қытаймен де қатынастарды жақсартуға тырысты, бірақ нәтижесіз. 1972 жылдың шілдесінде ол пермьер орнын партия ішіндегі араздықтар себебінен тастап кетеді. 1974 жылы Сато Жапонияны антимилитаризм бағытына бет бұрғызғаны үшін Шон Макрбайдпен бірге Нобель сыйлығына ие болады. Норвегиялық Нобель сыйлығының өкілі Осе Лионес осы жөнінде былай деп кетеді: «соғыстан кейінгі Жапонияда ұлтшылдық саясатының жандануының алдын алып, халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін айтып, арбитрсіз түсініспеушіліктерді шешуге тырыса отырып, бейбітшіліктің орнауына Сато алғашқы үлес қосты». Сонымен қатар Лионес әлемдік державалар арасынан Жапонияның ядролық қаруды сынауы Сатоның басшылығымен орнатылған тәртіп деп атап кетті. Сыйлықты алып жатып Сато АҚШ пен Кеңестер Одағын ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Ол сонымен қатар атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану жайлы халықаралық келісім жасасуды ұсынды. Дегенмен Сатоның Нобель сыйлығын иемденуін кейбір жерлерде жылы қарсы алмады. Бірақ жапондықтарды олардың мемлекетінің антимилитаристік деп танылғаны қатты қуантты. Кейбіреулерде Сатоның пацифизмдігі сұрақ тудырды. Өйткені жапондықтар Сатоның Вьетнамды бомбалауға келісім бергенін, Қытайдың БҰҰ−ға күруіне қарсы болғанын және Пекинмен қатынастарды жақсартпағанын ұмытпаған еді. 1975 жылдың 19 мамырында мейрамханада ас ішіп отырғанда Сатоның миына қан құйылды, ал екі аптадан кейін ол қайтыс болып кетті. Жалпы Сатоның басқарған кезеңін барлық жапондықтар жылы қарсы алмағанымен, ол өз елі үшін көп жақсылық жасауға тырысты. Сол үшін де оның есімі Жапония тарихында сақталып қалды.
ЛДП және елдегі басқа саяси партиялардың дамуы. Комэйто (Таза саясат партиясы) 1964 жыл. Соғыстан кейінгі жылдары Жапония тарихында билікке таласқан бірнеше партиялар байқалады. Олардың барлығы мемлекетті өздері қарастырған тұстарынан жандандырғысы келді. Оның ішінде экономиканы жақсарту, американдық бақылауға көзқарас, қауіпсіздік мәселелері маңызға ие болды. осы партиялардың арасынан ЛДП көшбасшы деуге болады. Өйткені бұл саяси партия бірнеше жылдар бойы жеңіс тізгінін ұстап жүрді. Сонымен қатар Демократиялық партия, Комэйто, Либералды партия, Коммунистік партия, Социал−демократилық партияларды атап кетуге болады.
Либерал−демократиялық партия 1955 жылдың 15 қарашасында либералды және демократиялық партиялардың қосылуынан құрылған. Құрылған уақытынан бастап, жиырмасыншы ғасырдың соғына дейін бұл партия елде бірпартиялық режим орнатты. ЛДП өзін халықтың өмір жағдайын тұрақтандырушы, демократия идеалында құрылған «халықтық партия» деп жариялады. Экономиканың дамуы, соның арқасында халық жағдайының жақсаруы партияға халық тарапынан үнемі жеңіске жетуге көмектесуіне ықпал етіп отырды. Дегенмен уақыт өте келе жиырмасыншы ғасырдың аяғында әртүрлі себептерге байланысты ЛДП өз монополиясын жоғалтып алды.
Социал−демократиялық партия 1945 жылы құрылған. Партия негізін жұмысшылар, шаруалар, балықшылар, орта және кіші кәсіпкерлер және зиялылар тобынан тұрды. Партияның негізгі тірегі профодақтар болып табылады. Партия мүшелеріне тән қасиет оның мүшелерінің көзқарастарының әртүрлілігі. Сондықтан шешім қабылдау үшін компромисске келу маңызды болып табылады.
Коммунистік партия 1922 жылы жасырын түрде құрылып, 1945 жылға дейін заңсыз түрде жұмыс істеген. Заңды түрде тіркелген соң оның қатарындағылар бірден көбейеді. Халық арасындағы атағы секскенінші жылдарға қарай ғана көтеріледі. Дегенмен ол алғашында Жапонияның сыртқы саясатта мәселелерін шешуге белсенді атсалысады. Тіпті бір кездері оппозициялық партиялармен бірігіп, ортақ мүдделерді де ұсынады. Коммунистік партия өз мақсаттарын марксизм−ленинизм принциптеріне негіздемейді.
1964 жылы «Сока Гоккай» діни ұйымы немесе сектасы негізінде «Комэйто» саяси партиясы құрылды. Оны «Таза саясат партиясы» немесе «Таза билік партиясы» деп атайды. Партия негізінде дін маңызды орын алады. Партия мүшелері өздерін жан жақты дамытып, әртүрлі салаларда қызмет атқаратынын айтып өткен. Яғни, олардың айтуынша буддизмнен өзге діндегілер діннен бөлек саясатты да ұштастырып жүре алмайды дегенге саяды. Негізі партия өз жұмысын ұзақ уақыт жасамады. Тек оның тарихта жатталып қалғаны дінмен байланысы болғаны үшін. Құрылғанынан алты жылдан соң партия бөлініп, секта түрінде қызметін жалғастырады. Дегенмен бұрынғы жағдайын қалпына келтіре алмайды. А лкейіннен ол тек ғасыр соңында қайтадан құрылады.
Ғылыми−техникалық революция. Ғылыми-техникалық революция Жапонияда қатты байқалды. Жиырмасыншы ғасырда Жапония АҚШ, Германия сияқты мемлекеттермен бәсекеге түсті. ҒТР жылдарында Жапонияның жоғарғы дәрежеге жетуін мынадай факторлар арқылы байқауға болады. Алдымен территориялық факторға тоқталсам. Бұл тұрғыдан алғанда Жапония ұтымды жағдайда емес. Мемлекеттің аумағы кіші, жырақта орналасқан арал, сонымен қатар пайдалы қазбаларға да бай емес. Таулы аймақ болғандықтан жер сілкіністері мен тайфундар көп болып тұрады. Дегенмен осылардың арқасында Жапония өзге елдерден шикізатты алып, оны түрлі мақсаттарда ұтымды пайдалануға мәжбүр етті. Келесі өзге елдермен су арқылы байланыс орнататындықтан Жапония бақа елдермен көп қатынаста болды. Елдегі пайдалы қазбалардың жоқтығы Жапонияны өзгелерден металл өнімдерін сатып алып, ауыр өнеркәсіпті дамытуға ықпал жасады. Соның арқасында Жапония техника және технология, конструкторлық бұйымдарды жетілдірді. Және де Жапонияда ғылым өте жақсы дамыған. Халықтың өзі ғылымға, жаңалықтар ашуға, өзгерістер енгізуге бейім. Осыдан байқайтынымыз жапондықтардың географиялық жағдайы олардың ҒТР жылдарында жоғарғы жетістіктерге жетуіне септігін тигізді. ҒТР жылдарында Жапония сапалы техника және технология тауарларын өндіретін Батыс Европа мемлекеттері, соның ішінде Германиямен бәсекеге түсетін дәрежеге жетті. Бұл құбылысқа кейбір мамандар «экономикалық ғажайып» деген де сипаттама береді. Ал менің ойымша, бұл ғажайып емес, жапондықтар табиғатынан ғылым мен зерттеуге бейім халық деп ойлаймын. Ал ҒТР жылдарында олардың техникалық жабдықтандырудан басқа салаларға табиғи қорлары жетпейдіндігі анық байқалды. Сол себепті, Жапония осындай жетістіктерге жете алды. Жалпы бұл Жапонияның өзіне де, өзге мемлекеттерге де пайдалы құбылыс болған сияқты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- История Японии, А.Е. Жуков, 2 том, Москва
- История Японии. XX век: В. Э. Молодяков, Э. В. Молодякова, С. Б. Маркарьян — Санкт-Петербург,2009
- Япония в Азиатско-Тихоокеанском регионе / Japan in the Asia-Pacific Region: — Санкт-Петербург,2009
- Макаров А.А. Политическая власть в Японии - М.: Наука, 1988
- История Японии 1945-1975 гг. — М.: Наука, 1978
6. История стран Азии и Африки в новейшее время, 2 часть - М.:1979
7. Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б., Сырицын И.М. История Японии - М.: Высшая школа, 1988
Пайдаланылған әдебиеттердің ғаламтордағы электронды нұсқалары қолданылды.
Әбдезова Айгүл МО 11