Скачать/Жүктеу
1945 жылы Кеңес үкіметі және Америка әскерлері Кореяны Жапон армиясынан азат етті. 38-ші параллельдің оңтүстігінде АҚШ әскерлері орналасты, солтүстікте – Қызыл армия орналасты. Сонымен Корея жартыаралы екі бөлікке бөлінді. Солтүстікте билік басына коммунистер келді, оңтүстікте АҚШ-тың көмегіне сүйенген әскери адамдар келді. Жартыаралда солтүстігінде Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы және оңтүстікте Корея Республикасы деп аталатын екі мемлекет құрылды. Мемлекетті қару күшімен болса да біріктіруге Солтүстік Корея басшылары армандады.
1950 жылы Солтүстік Корея жетекшісі Ким Ир Сен Мәскеуде болып, Кеңес Одағының қолдауымен қайтты. Оңтүстік Кореяның «Әскери азат ету» жоспарын Қытай жетекшісі Мао Дзэ Дунмен мақұлданды. 1950 жылы 25 маусымда Солтүстік Корея армиясы оңтүстікке жылжыды. 3 күннен кейін олар оңтүстіктің астанасы- Сеулды алды. Қыркүйектің ортасына қарай бүкіл Жартыарал солтүстіктің қолына өтті. Бірақ 7-ші шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Оңтүстік Кореяға көмекке Халықаралық әскерді жіберуге дауыс берді.
Қыркүйек айында БҰҰ-ның әскерлері (негізінен Америка әскерлері) Оңтүстіктерге көмекке келді. Енді оқиғалар кері жаққа қарай тез дамыды. Американдықтар Сеулды алды, 38-ші параллельден өтіп, КХДР-ға басып кірді. Солтүстік Корея апатты жағдайда болды, кенеттен бұл іске Қытай араласты. Қытай Жетекшілері АҚШ-қа соғыс жарияламай, Солтүстік Кореяға әскерін көмекке жіберді. Қытайда олрды ресми «халық еріктілері» деп атады. Қазан айында Қытайдың миллионға жуық әскери Ялуцзян өзені шекарасын өтіп, американдықтармен шайқасқа түсті. Майдан 38-параллельде теңестірілді.
Соғыс тағы үш жылға созылды. 1950 жылғы американдық шабуылы кезінде Солтүстік Кореяға көмекке КСРО бірнеше авиациялық дивизияларды жіберген болатын. Американдықтар қытайлықтардан техникасы бойынша басым еді, 1953 жылы 27 шілдеде соғыс уақытша бітіммен аяқталды.