Скачать/Жүктеу
1870-1899 жылдардағы АҚШ
1. АҚШ тың экономикалық даму ерекшеліктері
2. Ауыл шаруашылыгында капитализмнің дамуының «американдық» жолы
3. Жұмысшы табының жағдайы, социалистік партияның кұрылуы
4. АҚШ тың сыртқы саясаты
АҚШ XIX ғасырдың басында үндіс тайпаларын ығыстырып, көрші жерлёрді басып алып аймағын кеңейтті. Тынық мүхиттағы аралдарды басып алды. Трансконтинентальды аймақ жасалды. 1880 жылы Солтүстік Америка қарамағында 38 штат болды. Батыс Европа аймағынан үлкен болды. 1880 жылы АҚШ-та 50,2 млн. адам түрды. Оның түрғындары 80-жылдын басында 10 есе өсті. 1890 жылы 76,3 млн-ға өсті. АҚШ XX ғасырдың басында түрғындардың саны жағынан 4 орынға шықты. АҚШ-тың ауыл шаруашылық капитализмі тез қарқынмен дамыды. Жерді өндеймін деушілерге жер тегін таратылды. Фермерлік шаруашылық негіздеді, қүл иеленуші латифундиялар киратылды, орнына капитализмге ыңғайланған ауыл шаруашылығы жасалды. Әлі де қоныстанбай бос жатқан жерлерді теғін таратты. Халықтың әл-аукаты жоғарылады, ішкі рынок жасалды. Ішкі рынок кеңеюіне байланысты өнеркәсібі дамыды. Мүның бәрі елдегі капитализмнің дамуына әсер етті. XIX ғасырдың соңғы ширегінде металлургия үлкен карқынмен дамыды. Үлы көлдер ауданы бүкіл елдегі өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. Металлургияның дамуы көмір өнеркәсібіне түрткі болды. Аппалач тауында, Миссисипи өзенінің жағалауында көмір өнеркәсібі дамыды.ХІХ ғасырдың аяғында Аппалач бассейні 50 процент көмір өндірді. Ірі өнеркәсіптің басқа салалары пайда болды. Тамақ өнеркәсібі, тоқыма тағы басқа салалар пайда болды. Өнертапқыштық өмірге келді. АҚШ та 1870 жылдан бастап капитализмнің дамуына байланысты монополиялық бірлестіктер лайда болды. «Стандарт ойл» үлкен компаниясы күрылды. Ол мүнай өнімінің 90 процентін өзі өндірді. «Стандарт Ойлмен» кдтар 1890 жылы тоқыма тресті пайда болды. Қорғасын тресі, темекі т.б трестер лайда болды. Рокфеллер, Морган сияқгы миллиардерлер пайда болды. Болат корпорациясының бастығы Моргандар болды. Америкадағы капитализмнін күшті қарқынмен дамуының себебі: АҚПІ та капитализмнің дамуына кедергі жасайтын королдік жер иелену болған жоқ. үндістердің жерлері өте қүнарлы болды. Америкаға Еуропаның келіп қоныстанушылары өздерімен бірге тәжірибе алып келді. Темір-жол салу қолға алынды. Темір жол торабын теміржол компаниясының өзі билей бастады.
АҚШ-та екі партия өмір сүрді: реслубликалықжәне д е мо кр атиял ы қ. Осы екі партия түрлі әлеуметтік топтарды өз жағына тарту арқылы елді басқаруды қамтамасыз етті. Бүлар біртіндеп ірі финансистерге айнала бастады.
АҚШ ауыл шаруашылығы дамудың американдык жолымен жүрді. Ленин бүған сипаттама берді: «Помещиктік шаруашылық болмайды. Революция феодалдық поместьелерді конфискелейді және үсактап жіберді. Мүндай жағдайда шаруа басым болады. Ол егіншіліктің бірден бір агенті болып алады да біртіндеп капиталистік фермерге айналады. Негізгі көрініс патриархальдық шаруаның буржуазиялық фермерге айналуы.»
Америкада фермерлер әлеуметтік топқа айналды. Америкада фермерлердің қозғалысы күшейді. Себебі олар үкіметтің қаржы саясатына карсы болды. Бүл қозғалыска қатысушылар үкіметтің теміржол, салық, саясатына қарсы болды. Бүл қозғалыс фермерлердің қозғалысы болғандықган басылып қалды. Көп үзамай Гринбекер қозғалысы болды. Бүл да фермерлердің қозғалысы. 1861-1865 жылдарда азамат соғысы болған еді. Сол кездің өзінде Гринбекер суретімен 450 млн. доллар ақша шығарған. Соғыс аяқталды, кейін Гринбекер партиясы құрыдды. Қарыздарын Гринбекер АҚШамен төлегісі келді. Бүлар 1870 жылдан бастап: жүмыс күнін қыскдрту, еңбек бюросын үйымдастыру, жүмысшы статистикасын жасау, еңбек ақысын көбейту жолында күресті. 1870 жылы сайлауда бүл партия миллионан астам дауыс алды.
1870-1880 жылдары АҚШ жүмысшы саяси өмірінде жүмысшы қозғалысының қалыптаскан жылдары болды. 1886 жылы 1-мамырда көтеріліс болды. Чикаго қаласывда осы кезде Америка үкіметінің әскері арандату арқылы, полиция орталығына бомба тастады. Оған кдтысқандар Пирсонс, Фишер, Энгель, Шпиц деген азаматтар дарға асылды.
1876 жылы Америкада социалистік партия қүрылды. II сьезде 1869 жылы «Ръщары труда» деген орден қүрылды.
XIX ғ. аяғында АҚШ капиталистері Мексика мен Орталық Америкаға қызықты. Латын Америкасы елдеріне ықпал жасауға әрекет жасай бастады. 1889 жылы АҚШ үкіметі Вашингтонда 1 панамерикандық конференция өткізіп, Латын Америкасы елдерін өзіне тартқысы келді. Олар сенбеді, нәтижесіз қалды.
АҚШ Тынық мүхит бассейнІне ауыз сала бастады. АҚШ тың қарулы күштері 1866-67-71 жылдары Кореяға бірнеше рет нәтижесіз экспедиция үйымдастырды. Тек 1832 жылы ғана Кореяда Американ саудасы үшін порт ашылды.
1898 жылы АҚШ Испанияға соғыс үйымдастырып Пуэрто-Рико, Куба аралдарын тартып алды. Бүл Испан-Американ соғысы дүниені қайта бөлу жолындағы ең алғашқы соғыс болып табылады.
Қытайды бөлшектеу үшін АҚШ 1899 жылы «Ашық есік» саясатын үсынды. Бүның мәні барлық капиталистік елдерге Қытайға баруға үсыныс жасалды, сөйтіп Қытайды ықпал аймағына бөліп алғысы келдІ. Оған Үлыбритания, Германия, Ресей, Италия, Франция, Жапония елдері қатысуға тиісті болды. АҚШ тың бүл жердегі ойы мынау :өзінің экономикалық куатына сүйеніп, Қытай рыногынан бүл елдерді кейін ығыстьфып шығару, сөйтіп Тынық Мүхитты «Американ көліне» айналдыру.
АҚШ 1900-1914 жылдарда
1. АҚШ империализмінің дамуы.
2. Ішкі саясаты.
3. Сыртқы саясаты.
4. Жұмысшы және социалистік қозғалыс.
АҚШ XX ғасыр басында империализм сатысына аяқ басты. Ел ішінде капиталдың шоғырлануы, қаржы олигархиясының жасалуы өте күшті каркынмен өсті. АҚШ трестердің классикальтқ еліне айнала бастады. 1900 жылъі деректерге қарағанда АҚШ-та өндірістің өнімінің бір жылдық қүны 20 млрд. доллар болды. Бүл Германия мен Үлыбританиядан да 2 есе артық. Болат өндіруден Франция, Англия, Германияны қоса алғандағыдан артық өндірді. Қалған өндіріс салаларынан да I орынға орныкты. Бүл кездегі АҚШ тың өндірісіне тән нәрсе ол шоғырланумен бір орталықтану нәтижесінде ірі корпорациялар мен трестерді жеңіске жеткізді. Тек 1904 жыддың езінде-ақ миллион долларлық өнімі бар өндіріс орындары елдің 0,9 процентін қамтыды, оларда жүмысшылардың 25,6 проценті жүмьтс істеді. Трестер барлық өндірістің салаларында қүрыла бастады. 1901 жылы Морганньгң «Болат тресі » қүрылды. Оның капиталы 1 миллиард доллар болды. Ол болат шикізатының 50 проценттен артығын өндірді. Рокфеллердін «Стандарт Ойл» мүнай компаниясы мұнайдын 90 процентің өз қолында ұстады. 70 мың шақырым мұнай күбырлары болды (1900ж). Жүздеген теңіз кемелері болған. Ол басқа елдердің де кемелерін жаддады. Рокфеллерлер газ, электр өндірісін де өзіне қаратты. Банк саласында капиталдың шоғарлануы банкирлердің үстемдігін орнатты. Ол банкирлер Морган, Рокфеллер т.б. монополияның дамуы капитализмнің қайшылықтарын шығарды. Дағдарыстар көбейе бастады. АҚШ ірі трестер еліне айналғаннан кейін империализм дәуірінде паразитизм көріне бастады. Ірі трестер өздерінің сыртқы рыноктағы артықшылықгарын сактап қалу үшін техниканың прогресін тежеді. Рантье тобы калыптан тыс көбейді. Бұл сиякты экономиканың дамуы ішкі рьтнокты тарылта бастады. Осыған байланыстьг рынокта талас-тартыс басталған. Дүниені қайта бөлу мәселелері кұн тәртібінде тұрды. Олар өзінің идеологиясын АҚШ мәдиниетін тарату арқылы жургізгісі келді. Олар англосаксондық нәсілдің үстемдігін орнатқысы келді. Панама каналын қазуды қолға ала бастады. АҚШ Атлант, Тынық мұхитта өзінің үстемдігін жүргізгісі келді.
АҚШ тың ірі монополистері өздерінің байлығын еңбекшілердің еңбегі арқылы жасады. Өте ірі, өте бай топтар болды. АҚШ та жүмысшылардың «терін сығып алу» жүзеге асырыла бастады. 1913 жылы Тэйлор жүйесі енгізілді. Бүның мәні адамдардан мол өнім өндіріп алу болатын.
Американдық еңбек федерациясы негізінен алғанда жүмысшы аристократиясынан түрды. Олар жұмысшылардың жағдайын жақсарту туралы шара қабылдағысы келмеді. 1905-1912 жылдары аралығында жүмысшы қозғальгсында жанданулар басталды. И.Р.М. деген үйым қүрылды. Бүл үйымды құрғандар Юджин Дебс, Леон және Уильям Хэйвуд деген адамдар. Бүлар кейін екіге бөлінді. Уильям Хэйвуд бастаған үйым Чикаго үйымыЪотш бөлініп кетті. Леон ДетройтұйымыЬольт белініп кетті. Чикаго үйымы 1912 жылы 30 рет стачка жасады. Олардың талап етуімен Лоренс штатында еңбекақы көбейді. Оның мүшелері түрақты болмадьг, көбі маусым сайын, келіп-кетіп жүмыс істейтіндер болатын. 1917 жылы революциядан кейін бүлардың біраз мүшелері анархосиндикализм бағытымен кетті.
1901 жылы үкімет басына Теодор Рузвельт келді. Мүның алдында Мак Клнли еді, оны өлтірді. Тәртіп бойынша елді вице-президент Рузвельт баскдрды. Ол Америкада реакциялык саясатты жүргізген белсенді адам. Ол жүмысшылардың наразылығын бәсендету үшін уәделер бере бастады. Ірі монополиянъщ үстемдігіне қарсы шықгы. Джек Лондон және басқа жазушылар ірі монополияларды сынап жазды. 1905 жылдан бастап АҚШ та әлеуметтік қозғалыстың күшеюіне байланысты Рузвельт бір катар шаралар қолдана бастады. Трестердің «жаман жақтарын» жоюға шаралар кдбылдады. Трестерге сот процестерін жасады. Ақырында 1904 жылдьщ аяғында Теодор Рузвельт сайлауға түскенде Морган 150 мың доллар берді.
АҚШ үкіметі сыртқы саясат жүргізді. Дүниежүзілік ықпал жасағысы келді. Испания мен Португалия әлсіреп отыр еді. АҚШ жас империалистік мемлекет. Олар Испаниядан отарларын тартып алу саясатын үстады. Филиппин, Пуэрто-Рико аралдарын алды. Испанияға Филиппиннің қүнына 20 млн. доллар берді. Испания Кубадан біржолата қол үзгендігін мойындады. Келісім жасады. Американың протектораты орнады. Латын Америкасы елдеріне АҚШ өзінің ықпалын орната бастады. Монро доктринасын пайдаланды. Америка американдықтар үшін. Бүл саясат «жуан шоқпар» әдісімен жүзеге асырылды. «Доллар дипломатиясы» деген саясат арқылы Мексиканың шахталарының 72 процентін, мүнай өндіру ісінің 58 процентін АҚШ өз қолында үстады. Никарагуа, Коста-Рика т.б. елдер доллар дипломатиясының уысына түсті. АҚШ отарлау саясатын оңайлату үшін екі мүхитты қосатын канал қазуды ойластырды.
1901 жылы Панама республикасы жарияланды. Оны бірден Америка мойындады. Атлант мүхиты мен Тынық мұхит арасындағы қатынасты оңайлататын Панама каналын казуға кірісті.