
Скачать/Жүктеу

Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі — жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін көрсетеді. «Жағдайға байланысты, кездейсоқ» саясат — саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. «Қосымша» сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен «қосымша» айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер — саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.

Скачать/Жүктеу
