Скачать/Жүктеу
Саясаттағы ислам — ислам барлық болмыс пен фәни, адам өмі- ріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі.
Ислами ұғымда бұл дін — абсолютті құдірет иесі Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманаға жіберілген дін. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы «сәлиме», «силм» етістігі. Бұл сөздер сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсыну, сенімділік дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен татулықты, жүгіну мен тепе-теңдікті, әсілі, тұтастай өмір сүру салтын білдіреді. Ислам — Құран Кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарларга жіберілген иләһи (тәңірлік, құдайы) діндердің ортақ аты.
Құран Кәрім аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалага, оның елшісі Мүхаммедке (с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуга міндетті. Мұсылмандардың істерін реттеуші басшы еркін сайлау арқылы қызметке келеді. Ислам құқығында «бигат» деп аталатын дауыс беру азаматтардың ерікті түрде ризашылық білдіруімен болады. Қоқан-лоқымен, яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басшының міндеті — аяттарда көрсетілген қағидалар негізінде және кеңесе отырып елді басқару. Кеңесе отырып басқару исламдагы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады. Ислам діні — барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дін.