Скачать/Жүктеу
Өнер алды қызыл тiл.
Тiл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Шебердiң қолы ортақ,
Шешеннiң тiлi ортақ.
Шебер көптiң апасы,
Шешен көптiң опасы.
Тiл буынсыз, ой түпсiз.
Сүйреңдеген қызыл тiл,
Сұйгенiңнен айырар;
Я жауында қайырар.
Шешеннiң тiлi –
Шебердiң бiзi.
Тiземнен сүрiндiрсең, сүрiндiр,
Тiлiмнен сүрiндiрме.
Алашағым кетсе де,
Айташағым кетпесiн.
Ат жүйрiгi айырады,
Тiл жүйрiгi қайырады.
Тiл қылыштан өткiр.
Зекетсiздiң малы арам,
Тiлсiздiң дауы арам.
Мақтаған жеткiзер,
Шаққан өлтiрер.
Бал тамған тiлден,
У тамар.
Сүңгiнiң жарасы бiтер,
Тiл жарасы бiтпес.
Басқа пәле тiлден.
Тiл – тиексiз.
Тiл ердi қабырға салады,
Нарды қазанға салады.
Ат жүйрiгi асқа,
Тiл жүйрiгi басқа.
Бас кеспек болса да,
Тiл кеспек жоқ.
Қызыл тiл жанның маяты,
Аброй – ердiң қуаты.
Орақ ауыз, от тiлдi.
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тiлден жұғады.
Ашынған тiлдi болар,
Ашыққан ұры болар.
Ашуың келсе қолың тарт,
Айтпас жерде тiлiң тарт.
Тiл жүйрiк емес,
Шын жүйрiк.
Пiл көтермегендi
Тiл көтередi.
Адам көңлiнен азады,
Тiлiнен жазады.
Аузы құлып сандықты,
Тiс ашпаса, тiл ашар.
Түйiн-түйiн сырыңды,
Түбiнде келiп шын ашар.
Аш құлақтан, тиыш құлақ.
—-
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
Су атасы – бұлақ.
Жақсы байқап сөлер.
Жаман шайқап сөйлер.
Жыланның тiлi айыр,
Жылан мiнездi адамның сөзi айыр.
Алтын тiстi ауыздан,
Аса, жаман сөз шығар;
Жаннан безген жауыздан,
Жазығы жоқ көз шығар.
Аңдамай сөйлеген,
Ауырмай өледi.
Аяғы жаман төрдi былғар,
Аузы жаман елдi былғар.
Көп сөйлеген, көптен айрылар.
Көп сөз – боқ сөз,
Аз сөз – алтын.
Суды шым тоқтатар,
Сөздi шын тоқтатар.
Ақпа құлаққа атқан сөз,
Ақып кетедi.
Құйма құлақ айтқан сөздi
Құйып алады.
Өтiрiкшiнiң шын сөзi зая.
Қатты айтсаң қарындасыңа жақпасың,
Ақырын айтсаң ақың кетедi.
Бiреудiң сөзi әдемi,
Бiреудiң көзi әдемi.
Көрдiм деген көп сөз,
Көрмедiм деген бiр сөз.
Шешеннiң сөзi мерген,
Шебердiң көзi мерген.
Ине көзiнен сынады,
Шешен сөзiнен сынады.
Қаһарлы сөз – қамал бұзар.
Олақтың сөзi –
Орынсыз жамау тәрiздi.
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтедi,
Таяқ еттен өтедi.
Бiр тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын.
Бiр жақсы сөз бiтiрер,
Мың көңiлдiң жарасын.
Көз жетпеген жерге сөз жетедi.
Адам сөзiнен жазады,
Сиыр мүйзiнен жазады.
Көз жеткiзер,
Көз жеткiзбегендi,
Сөз жеткiзер.
Аяқтыға жол бермеген,
Ауыздыға сөз бермеген.
Шалдың сөзi – бал.
Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны,
Шындық айырар.
Ұлы сөзде – ұят жоқ.
Сөз шынды табар.
Көп сөйлеген я жолдасынан,
Я құрдасынан айрылады.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Жаным десе жан семiредi.
Ауыз дарбаза, сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал.
Iрiген ауыздан,
Шiрiгiн сөз шығады.
Қолымен қосаяқ соққан,
Аузымен орақ орады.
Көңiл көзiн сөз ашар;
Сөйлемесе кiр басар.
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
«Сiз» — «бiз» деген жылы сөз
Тiрлiктiң қанибетi.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Сөздiң басы қатты болса,
Аяғы тәттi болады.
Тоқсан ауыз сөздiң,
Тобықтай түйiнi бар.
Сөйлей бiлмес жаманның,
Сөзi өтпес бiр пышақ;
Сөз бiлетiн адамның,
Әр сөзiне бiр тұсақ.
Сөйле бiлмес жамандар,
Сөздi өзiне келтiрер;
Көше бiлмес жамандар,
Көшсе көлiк өлтiрер.
Адам аласынан,
Сөз аласы жаман,
От шаласынан,
Сөз шаласы жаман.
Аузына әлi жетпегеннiң,
Қолында масқарасы бар.
Аузынан сөзi түскеннiң,
Қолынан бөзi түсер.
Жүйелi сөз – жүйесiн табар,
Жуйесiз сөз – иесiн табар.
Сөз жүйесiн тапса,
Мал иесiн табар.
Жүзден бiреу шешен,
Мыңнан бiреу көсем.
Көп сөз көмiр,
Аз сөз – алтын.
Бұралқы сөз – күлуге жақсы,
Бұралқы ат мiнуге жақсы.
Тiлдiң майын тамызып,
Сөздiң балын ағызып.
Қас шешендер сөз айтар.
Отыз тiстен шыққан сөз,
Отыз ру елге таралар.
Айтпаса жүректен кетедi,
Тартпаса бiлекктен кетедi.
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өлер.
Сөзiң тәттi болсын,
Ашуың қатты болсын.
Қышыған жерден қол кетпес,
Қышытқы жерден сөз кетпес.
Құрастырып айтса құлдiкi жөн,
Бiрiктiрiп айтса бидiкi жөн.
Сөзiңдi бiреу сөйлесе,
Аузың қышып бара ма?!
Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.
Сөз қуған бәлеге жолығар,
Шаруа қуған қазынаға жолығар.
Өзi шынашақтай,
Сөзi келiсаптай.
Сөздiң басы бiр пышақ,
Аяғы бiр құшақ.
Сөз сөзден туады.
Сөйлемесе қайдан туады.
Қиыстырып қаласаң отын жанар,
Қиыстырып айтсаң халық нанар.
Айтсаң сөзiңе жет,
Мiнгес те үйiңе жет.
Түгел сөздiң түбi бiр,
Түп атасы – Майқы би.
Ауруда шаншу жаман,
Сөзде қаңқу жаман.
Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құр қасық ауыз жыртар.
Көз көргенше,
Ауыз бақыр сөйлеп қал.
Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер.
Сөз бейнет болар
Бөз көйлек болар.
Сөзiңдi айт ұққанға,
Айтып-айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.
Орынсыз сөз — өзiңе тиер:
Өлi тiрiнiң азығы,
Бiр сөз мың сөздiң қазығы.
Құлақтан кiрген суық сөз
Көнiлiңе барып мұз болар.
Көңiлде жатқан кiрiңдi,
Оттай ыстық сөз шаяр.
Сөз салысқан дауға ортақ,
Ат салысқан жауға ортақ.
Көп сөйлесең тақылдақ дер,
Сөйлемесең ақымақ дер.
Көптiң аузы зеңбiрек.
Кесiрлi ауыздан
Кесепатты сөз.
Тiлiңмен жүгiрме,
Бiлiммен жүгiр.
Бiлiмдiден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Өтiрiк сөз, өрге баспас.
——-
Өлең сөздiң патшасы…
Өлең алтын, сөз күмiс.
Бiлгенге жыр,
Бiлмегенге «дыр».
Жiгiтке өлең де өнер,
Өнер де өнер.
Әншейiнде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
Қыз халықтың гүлi,
Өлең сауықтың гүлi.
Сөздiң көркi мақал,
Жүздiң көркi сақал.
Мақал сөздiң атасы
Уәде ердiң опасы.
Салалап тарап сақалды,
Кәрiлер айтар мақалды.
Түйеге мiнген қазақ
Төрт ауыз өлең бiледi.
——-
Ақыл жастан шығар,
Асыл тастан шығар.
Ақылды мақтанса,
Iстi тындырар.
Ақымақ мақтанса,
Аяғын сындырар.
Ашу арындайды,
Ақыл артынан аяндайды.
Ашу келсе – ақыл кетер.
Ашудан ақыл көп болса.
Ашу не етер.
Ақыл жас ұланнан,
Жүйрiк тай-құнаннан.
Кешiрерсiн – кешерсiң,
Жетiлерсiң – жетерсiң.
Ашу пышақ,
Ақыл таяқ.
Өз ақылым – ақыл-ақ,
Кiсi ақылы – шоқырақ.
Ақыл арымас, алтын шiрiмес.
Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
Сарман тауда салқын жоқ,
Саналы ерде ұйқы жоқ.
Ақылы жоқ адамға
Адырайған көз бiтер.
Дуасы жоқ ауызға,
Сылдыраған сөз бiтер.
Ақылы жоқ жаманға,
Ауыл малы бұралқы.
Ақымаққа айтқан сөз,
Ағып жатқан сумен тең,
Ақылдыға айтқан сөз –
Долға ұстаған тумен тең.
Уайым түбi теңiз,
Батасын да кетесiң.
Тәуекел түбi қайық,
Мiнесiн де өтесiң.
Арзымасқа ақылынды тауыспа.
Бiр күн қарны ашқаннан,
Қырық күн ақыл сұрама.
Қопалы жерге қонбаңыз,
Өрт шықса үй кетер,
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл болса күй кетер.
Ақылсыз бас аяққа тыным
бермейдi,
Ақымақ айғыр саяққа тыным
бермейдi.
Ақыл жастан,
Қына тастан.
Ақылдының алдымен жүр,
Ақмақтың артымен жүр.
Ашулы артынан өкiнер.
Ата-ананың ақылы –
Сайрап жатқан жолмен тең,
Ақылдының ақылы –
Сарқылмайтын көлмен тең.
Ақылы аздың, азабы көп.
Құлақ естiгендi көз көрер.
Аяқ – азамат,
Қол – мүлiк.
Бас – сандыј,
Тiл – кiлт.
Алтын шыққан жердi белден қаз.
Сабыр түбi сары алтын,
Сарғайған жетер мұратқа,
Асыққан қалар ұятқа.
Өткен iске өкiнбе,
Жетпестi қума.
Ақылды басшың болса,
Адаспассың.
Сыртын көрiп,
Iшiнен түңiлме,
Қарасын көрiп,
Күшiнен түңiлме.
Ақмақ жауынды күнi суға түсер.
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
Ақмақтың ақылы,
Түстен кейiн кiредi;
Ырысы қайтқанның итi
Ұры кеткен соң үредi.
Жақсы кiсiнiң ашуы,
Торғын орамал кепкенше.
Құлақ есiтпес,
Естiсе кешiкпес.
Ақылды ердiң iшiнде –
Алтын ерлi ат жатар;
Ақылды әйел iшiнде –
Алтын бесiктi ұл жатар.
Өз ақылын шамалаған қор болмас.
Ой түбiнде алтын бар,
Ойлай берсең табарсың,
Қанша ұзақ болғанмен,
Жүре берсең барарсың.
Ақылды өтiрiк шаршатады.
Ақылды адам батпан-ақ,
Ақылсыз адам сасқалақ.
Кең жерде тар отырсаң,
Тар жерде кең отырарсың.
Ақыл тозбайтын тон,
Бiлiм таусылмайтын кен.
Жуанды жонып же.
Ақылдының сөзi қысқа,
Айта қалса – нұсқа.
Ақмақ бастан ақыл шықпас
Ақыл шықса да мақұл шықпас.
Ақ Едiлдiң өзi болмасақ та,
Бұлағымыз.
Ақылды бастың өзi болмасақ та,
Құлағымыз.
Ақылдының алды –
Ағып жатқан дария;
Сараң адамның алды –
Қу-тақыр, шөл-жазира.
Отты үрлеген жағады,
Шындықты iздеген табады.
———
Көп ойлаған табар,
Көп үрлеген жағар.
Өгiздi оқалақ аздырар,
Естiнi ой аздырар.
Әркiмнiң бiр ойы бар.
Қорасында мың қойы бар.
Арық көңiл – жарық.
Омыртқаңмен ойлас,
Қабырғаңмен кеңес.
Шойын қара,
Шойын қараның ойын қара.
Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Көңiл жүйрiк пе,
Көк дөнен жүйрiк пе.
Ойшы ой ойлағанша
Тентек iсiн бiтiрер.
Адам ойға тоймас,
Бөрi қойға тоймас.
Ойсыз ұлдан,
Мыйсыз құл.
Әркiм өз ойынан хабар берер.
Асықпаған арбамен қоянға жетер.
Дуананың ойында да бiр нәрсе бар.
Ойнаса да, ойындағысын айтады.
Көзден кетсе, көңiлден кетедi.
Көңлiм келсе көлдеймiн,
Көңлiм келмесе шөлдеймiн.
Дәме бар да, дәрмен жоқ.
Ой ойласаң тең ойла,
Тең ойласаң, кең ойла.
Арымақ, семiрмек көңiлден.
Бойындай бой табылғанмен
Ойындай ой табылмас.
Бұл дүниенiң құсасы,
Ол дүниеге кетпейдi.