Скачать/Жүктеу
Ғасыр басында көтерілген мәселе бүгінгі таңда да осы маңыздылығын жойған жоқ. Уфа губерниясынан сайланған қазақ С. Жантөре көп мәселеде қазақ жерінен келген депутаттармен пікірлес, бір көзқарастарда болды. Оларға Қазақстандағы аграрлық мәселеде қазақ емес депутаттар арасынан бұған Ш. Сыртланов, Т. Седельников, В. Недоносков, Н. Бородин т.б. белсенді қолдау көрсетті. Бұлардың соңғы екеуі казактар қауымының өкілдері еді.
Аграрлық жағдайға байланысты қалам тартқан Т. Седельниковтың көзқарасына арнайы тоқталып өтуді жөн көрдік. Т. Седельников өлкедегі аграрлық жағдай жөнінде мейлінше мақсатты да дәйекті пікір білдіруге тырысты. Бұған өзінің жазғанындай, жеті жыл бойы Қазақстандағы аграрлық мәселе жағдайларымен жан-жақты және мұқият таныс болуы мүмкіндік берді. Ол осы еңбегінде белгілі аграршы А. Кауфманның көзқарастары мен тұжырымдарын сынға алды.Т. Седельников Қазақстандағы жер иелену мен жер пайдаланудың заңды нормаларын тәртінке келтіруді басты мәселе етіп қойды, бұл ретте ол объективті табиғи-тарихи жағдайлар әсерімен қалыптасқан нормаларға сүйенді. Т. Седельников Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде және өзінің бұл көзқарасын кейін өз кітабында жинақтап баяндады. Қазақ халқының империяның мемлекеттік және әкімшілік органдарындағы мүддесінің толық бүрмалануын атап көрсете отырып, Т. Седельников былай деп жазды: «Бүл жүйенің ең басты кемшілігі, дә^іірек айтсақ, түбегей^і қателігі — қазақ жерінің нағыз иесі мен билігін жургізушісі жекелеген ауылдар, болыстар немесе уездер емес, мемлекеттің сенімі бойынша түтастай алғандағы бүкіл қазақ халқы болып табылатындығы жөніндегі талассыз фактіні толық бүрмалануы, ал бұл жүйенің ең басты әділетсіздігі -шынында да жері өте көп адамдардан үлесін тартып ала отырып, бұл жүйенің жер жетпейтін немесе тиісті үлесі мүлде жоқ адамдардың ауыр да, қиын жағдайын сорақы түрде бұрмалауында» [1, 45 c.]
Қоныс аудару саясатындағы тағы бір жәйт — Ресей империясындағы мүсыдмандырға барынша қысымшылық көрсетілуі болды. Бұл жайында Ш. Сыртланов : «… Түркістан өлкесінде мұсылмандарға жылжымайтын мүлікті сатып алуға тыйым салынған, ал онда қызметші мұсылмандар өте көп -олардың бір де бірі өзіне үй немесе жер сатып ала алмайды» деп көрсетеді.
I Мемлекеттік Дума таратылғаннан кейін, оның кембір мүшелері мәжілістерде қаралған мәселелер бойынша өздерінің пікірін білдіретін мақалалар жинағын шығарды. Ол жинақта басқа да депутаттардың көзқарастарын байқауға болады. Мысалы , Г. Гейден (халық бостандығы партиясынан) ^жерге құқық — бұл қайыршылықты теңестіру» — деп жазса, ал А. А. Кауфман империядағы орыс емес халықтарды жерге орналастыру туралы өз пікірін былайша білдіреді: «Бұратана халақтардың жер аумақтары қаншалықты кең байтақ болса да, бәрінен бұрын солардың өздеріне тиесілі хәм әзірге толық қанағаттанғанша, жерге орналастыру аяқталмайынша олардың бос жерлеріне үлесі аз шаруалардыкөшіруге жол беру мүмкін емес»
Аграрлық мәселелерді талқылауда аграрлық заң жобасын әзірлеу жөніндегі комиссия құрамында өткір пікірталастар болды. Комиссияның ұлттық құрамы туралы мәні жағынан маңызды мәселе келтіргенде Ш. Сыртланов комиссияға басқалармен бірге қазақ халқының өкілдерін сайлауды талап етті. Түбі бір түрк этносының бір тармағы башқүрт халқының адал перзентінің кейіыгі тағдыры бізге беймәлім.
I Мемлекеттік Дума қүрылысы жағынан батыс парламенттеріне тән белгілері мен қағидаларына ие болды. Дума қабырғасында құрылған фракциялар мен топтар үстанған саяси бағдарламалары бойынша ұлт, халық мүдде-мақсаттарын білдірді [2].
I Дума кезеңінде бастамасы қаланған мұсылман фракциясы ұлт зиялыларын біріктіріп, Дума шеңберінде өзекті мәселелерді ұштайды.
II Мемлекеттік Думаға сайлау додасы Қазақстанда 1907 сылдың қаңтар, ақпан айларына келді. Сайлау I Думаға айланү заңдарымен, яғни 1905 жылдың 6 тамыз бен 11 селтоқсандағы заңдар негізінде өтті. Сайлау мересіне жеткен соң, кадеттердің үстемдігі йқындалды. Ақмола облысынан II Думада социал-демократ А.К. Виноградов және алғашқы Дума мүшесі И.П. Лаптев, Семейден Н.Я. Коншин мен Т. Нароконев, Торғай облысынан А.Қ. Бірімжанов және социал-демократтар партиясынан И.О. Голованов, Орал облысынан партиялығы жоқ Ф.А. Еремин, И.И. Космодамианскии және заңгер, конституциялық- демократиялық партия мүшесі Б. Б. Қаратаев, Сырдария облысынан социал-демократ И.А. Колендзян мен партиялығы жоқ Т. Алдабергенов өкілдік етті.
II Думадағы қазақ жеріндегі тілге тиек болған жер, жергілікті басқару, діни бостандық, ағартушылық, «сот төрелігі» мәселелері бойынша ел қалаулылары сынды да өткір пікірлерін ұсына алды.
Құрамдық жағынан патша еркіне сай келмеген II Думаның таратылуына социал-демократтар фракциясына құрастырылған жаласы желеу болды.
III «патшалық» Думаның өмірі 1907 жылдың 1 қарашасынан басталды. Жаңа сайлау заңы бойынша сайлану құқығынан айрылған Қазақстан, Орал казактарынан басқа, Ресейдің саяси, экономикалық өмірінде белді орнын жоғалтпады. Қазақстан Дума қызметіне фракциялар арқылы байланыста болды.
III Дума кейінірек IV Дума шақырылымдары құрамдық сипатымен-ақ саяси көзқарастары патша үкіметі саясатымен бір сарындағы депутаттардың басымдығымен белгіленді [3, 32 c.]
III- IV Дума патша саясатын жүзеге асырушы құрал ретінде іс атқарды. Үкімет Дума демеуімен аграрлық реформаны жүзеге асыруға, қоныстандыру қажеттіліктері үшін миллиондаған субсидияларға қол жеткізді, төніп келе жатқан бірінші дүниежүзілік соғыс қамына қаражат алды.
«1917 жылдың қазанында Уақытша үкімет қарулы көтеріліс салдарынан тағы да мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жаңа жүйесін құру жөнінде мәселені көтерді. Бұл мәселенің шешіміне 1917 жылдың 25- 26 қазанында Петроградта жиналған II Бүкілресей Кеңестер съезі алды. Бүл орган әрекетінің заңдылығы күмән туғызады».
Бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ даласын да айналып өтпей, ыстық лебі шарпып өтті. Бүл кезеңді «колониальные окраины Россииской империи, в том числе Казахстан, были втянуты в эту мировую бойню в качестве поставщиков различного сырья и материалов, а с 1916 года как поставщика рабочей силы (коренного населения) для тыловых работ, компенсируя тем отток из метрополии части рабочих, прмзванных в действующую армию» деп белгілеуге болады [4, 65 c.].
Үкіметтің Негізгі заңның 87 бабын пайдаланып, жүргізген саясатына кейіген солшыл депутаттардың бірі: «Кто у нас законодатель? Кто? Законодательное учреждение или правительство? Ответ ясен сам собой: правительство — вот настоящий законодательный орган. Правительство все вермишельное представляет разрешать вам, ваш портфель полон тысяч мелких, ничтожных, никчемных законопроектов, а все значительное, все важное оно само разрешает в чрезвычайном порядке» деп, оңшыл жаққа пікірін білдіреді.
Дума қабырғасында ел мұқтаждығы мәселелерін көтерген, мұсылман фракциясының мүшесі Ә. Н. Бөкейханов, «Қазақ» газетін ұлтты діни-рухани бірлікке шақырудың ұйытқысына айналдырады.
Осылайша, әлеуметтік, саяси топтардың күрес алаңына «барометріне»2 айналған Дума 1917 жылдың сәуірінде өз кызметін тоқтатады. Сөйтіп ұлттық тарихымыздың сөресінде өз орнын тапқан Мемлекеттік Дума кезеңі ел зиялыларының шыңдалу мектебіне айналып, өкілдік, заң шығарушы органдарымыздың үрдістерін жалғастырушы, өзінің шынайы болмысына жету жолындағы бір буыны ретінде көрінді [5].
Қазақстан конституциялық-демократиялық партиясы бағдарламасынан байқалғанындай жалпыұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. Тарихта орындалып келгендей қазақ конституциялық-демократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. ол алғашқы саяси ұйым-отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты.
Шаруа таңдаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Үкімет тарапынан болған қуғын-сүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социал-^демократтардың қатарының да аздығы өз әсерін тигізді. Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында констуциялық-демократиялық партия белсенді қызмет жасады. Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56-сайлаушыны таңдау керек болды. Оның 47-і орыны Қостанай уезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз уездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай уйезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа уйездерде көпшілік сайланушылардың қүрамы қатардағы шаруалардан тұрды [6, 11 c.].
Социял-демократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. 1906 жылы 30-сәуірде Қостанай уйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді. Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талап-тілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау,өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадеттер жер-жерлерде шаруалрадың назарларын өздеріне аударуға тырысып бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтары арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса бастады. Әрі ол діни сипат алды. 1905- 1906 жылдары мұсылмандарды бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургке 15-23-қаңтар аралығында 2-ші бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей имперясының мұсылмандарын жалпымемлекеттік мүддеге орай, сондай-ақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекетік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында.
«Конституциялық-демократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған үсынысы қуаттаған қаулы қабылдады». Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордың ролінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дүрыс деп тапқан болатын. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде аграрлық мәселе маңызды орын алды. Оның нақты шешімін таппауы Ресейдегі халықтардың үнемі наразылығын тудырып отырды. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы және 1917 жылғы Ақпан және қазан төңкерістерінің басты себептерінің бірі де аграрлық мәселеге тіреледі.Бұл ретте Мемлекеттік Думаның да Қазақстандағы аграрлық-шаруа мәселесімен айналысқанын айта кетуіміз керек. Депутат қазақтар және көзқарасы жағынан жақын жиылған аграршы-депутаттардың Думадағы бұл мәселеге байланысты қызметі тереңірек зерттеуді қажет етеді. Мысалы, 2-ші Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде депутат Б. Қаратай қордаланған мәселені тікесінен қояды. Қазақстан отар ел ретінде XIX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Ресей империясың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірімен тығыз байланысты болды. Әкімшілік-аумақтық ереже, 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар Қазақстанның отар ел ретіндегі метрополиядағы ролін нығайта түсуге бағытталды. Империяның саяси үстемдігі нәтижесінде бүгінгі Қазақстан алып отырған сол кездегі барлық аумақтарда жерді иелену мен жерді пайдалануды реттеудің қажеттігі мейлінше айқын да өткір қойылды. 1886-1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелері жөніндегі реформалар бойынша Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы жойылып, оның орнына орталығы Омбы қаласы болып табылатын Дала генерал-губернаторлығы құрылды [7].
Реформа барысындағы жер-құқықтық нормалар ең алдымен отарлаушы халықты артықшылыққа ие ететін құқтар беру арқылы қазақтар шеттегі қолдануға жарамсыз, шұрайсыз жерлерге ығыстыру бағыты ұсталды. 1867-1868 жылдардағы реформа жер қазына меншігі деп жариялап, қазақтарға жерді пайдалану құқығын ғана берді. Мұның өзі оларды бұл жерлерден шеттеуге заңды негіз жасады. «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша ереженің» 210- бабында айтылғандай, қазақ көшпенділері иеленіп отырған жерлер мемлекеттік деп танылады және олардың қоғамдық пайдалануына уақытша берілетін болады. Жетісу және Сырдария облыстары үшін де осындай құқұқтық нормалар жасалды. Жер дауларын шешу, көші-қон, шабындық орнын анықтау және т. б. мәселелерді кезінде генерал-губернатордың жеке өзі бақылап, билігін айтып отырды. Осы уақытта Ресейдің орталық аудандарындағы шаруалар арасында құнарлы қазақ жерлері және оны игеру қоныс аудару қажеттігі туралы кеңінен өрістеген үгіт-насихат жұмысы нәтижесінде көптеген шаруа отбасылары, тұтас қауымдар өз бетімен көшіп келіп, Қазақстанды қоныстана бастады. Шаруалардың орталық губерниялардан Қазақстанға жаппай қоныс аударуы өлкеге көшіп келушілердің заңды мәртебесін айқындау себептерінің бірі болды. 1868 жылы Жетісу генерал-губернаторы Г.А. Колпаковский алғаш рет қазақ халқын жермен қамтамасыз етудің нормативтерін сақтай отырып, көшіп келушілер мәртебесін заңдастыруға тырысты. «Жетісудағы көшіп келген шаруалар туралы «Уақытша ереже» жасалып, ол 1883 жылға дейін қолданылып келді. Қазақстанның барлық аумағы бойынша өз бетімен көшіп келушілердің толассыз тасқыны патша үкіметіне қысқа мерзімде оларға жер бекітіп берудің тәртібін айқындауға мүмкіндік берді. Сөйтіп 1889 жылы «Селолық қонысшылар мен мещандардың бұрын қоныстанған қауымдар адамдарына белгіленген қазыналық жерлерге қосып алу тәртібімен ерікті қоныс аударуы туралы» ереже бекітілді. Ереже бойынша: «қоныс аударуға тілек білдірген адамдарды орналастыру үшін Мемлекеттік мүлік министрлігіне Еуропалық Ресейдегі, Тоболь және Том губернияларындағы, сондай-ақ Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы қазыналық жерлерден ауыл шаруашылық жағдайына қарай оның иеленушілеріне нұқсан келтірмейтіндей және бос болуы мүмкін деп танылатын ерекше учаскелер құруға құқық берілді». Сөйтіп, үкімет ресми түрде оларға қазақ халқының жерін басып алуға мүмкіндік берді, Өйткені бұл кезде қазақтардың жерді иеленуге емес, оны пайдалануға ғана құқығы болды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Аврех А.Я. «Распад третьеиюньской системы», М., 1985. 260 с.
- Аврех А.Я. П. А. Столыпин и судьбы реформ в России М., 1991. 285 с.
- Аврех А.Я. «Столыпин Третья дума» М., 1968. 520 с.
- Аврех А.Я. «Царизм и третьеиюньская система (1907- 1914 гг.)» М., 1966. 181 с.
- Аврех А.Я. «Царизм и IV Дума (1912-1914)» М., 1981 г. 293 с.
- Аврех А. Я. «Царизм накануне свержения (XX в)» М. 1989г. 251 с.
- Зиманов С.3. «Казахский отдел Народного комиссариата по делам национальностей РСФСР». А., 1975. 221 с.
- Кожахметов Г.3. «Государственная Дума и вопросы социалыю-политического и правового развития Казахстана». А., 1991.
- Озғанбай Ө. «Рух күрескері». Астана, 1999. 128 б.
Хасенов С.Б.
А.Байтурсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университеті
Азаматтық құқық және
іс жүргізу кафедрасының доценті. з.ғ.к