Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі.


Скачать/Жүктеу

Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Сәкен Сейфуллин – Қазақ әдебиеті төрінде үлкен орын алатын қоғам қайраткері
Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны
Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері жайлы
Туған жерім – Сарыарқа
ІІ. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі
2.1 Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы
Тұжырым
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сәкен Сейфуллин
1894-1938
Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой сезім, істері нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті.
Мұхтар Әуезов
20 ғасырдағы қазақтың жаңа әдебиеті негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды.
Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.
Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн, жаңа форма, асқақ идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті.

Негізгі бөлім
І. Сәкен Сейфуллин – Қазақ әдебиеті төрінде үлкен орын алатын қоғам қайраткері
1.1 Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы.
Табиғатынан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен.
Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет-қимылы, міңез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтадай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді ,,Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен, деп Нілді зоводына жіберед. Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зовод мектебінде оқиды. Кеше ата ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кеше кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған завод, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіпереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағышыңырауға түсіп, көздеріғана жылтырап, шаршап шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зере есті бала жүрегіне ыза, намыс,кек болып байланады. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.

1.2Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері жайлы
«Аққудың айырылуы» поэмасында ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған.
Бас аяғы жұп жұмыр ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясында назар аудару керек. Алдымен Арқадағы құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Лирикалық кейіпкер анда санда демалысқа осында келер еді. Қызғыш, тауқұдырет, шағала, сұқсыр,қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанымен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды.
Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болады. Қос аққудың махаббат мейрамы басталады. Ақын бұл құбылыстыкөз алдыңызға дәл келтірердей жанды, тірі, динамикалыкартина жасайды. Сұлулық, гармония, табиғаттың тамаша жаратылысы айдын көл, оның бетіндегі шашақты толқындар, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатымен балқыған қос аққу мұнын бәрі әсерлі, образды бейнеленеді.
Қамыс арасында тығылып тұрып, сұршамерген бір аққуды атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді.
Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр. Кезінде көп даудамай тудырған «Қызыл ат» поэмасында ақын өзі бұрыннан да әр» сәтімен қолданған, аллегориялық әдіспен Қазақстандағы коллективтендіру кезінде кеткен үлкен қателіктерді, солардың кесапатынан туған трагедиялық қиындықтарды, ащы шындықтарды жасырмай айтады.
Ақын мен Қызыл аттың айтысына құрылған бұл туындыны қазақ поэзиясындағы ең уытты әлеуметтік сатира деуге болады. Саяси сауаттары төмен белсенділер әшкерлене сыналады, кей жерлерде аштық кеселінен адам шығындары болғанын патриот ақын жасырмай айтады. «Қызыл ат» поэмасында Сәкен Сейфуллин өмірдің трагедиялық қайшылықтарын ашық айтып, дәл бейнелеп, болашақ бағдарларды көрсетуге мүмкіндік беретін, әр түрлі көркемдік формаларды, шарттылық тәсілдерді пайдаланды.
1.2 Туған жерім – Сарыарқа
Сәкеннің жан жақты білім алуы, азаматтық әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, Омбы мұғалімдер семинариясындаоқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақ алды адымын Нілді зоводында қалжын өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. Айқап журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырмажастағы семинаристСәкен Сейфулиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады.
Өзі секілді семинария бітірген сол тұстағы қазақтың жас оқығандары сияқты Сәкен де еңбек жолын Сілеті Бұғылы деген жерде ауыл мұғалімі болудан бастайды. Қазақ даласының астан кестенің шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіңдірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкен өмірінде оқытып, қазақ тұрмысынан әр түрлі өлеңдер жазып жүрген, тіпті әлі балалық арылмаған жас ақын ақпан революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін, Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолың да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік билік иелерін тізгіңдеу, кедей кепшік, жұмысшы жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады. 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылды.
Басқа да революционерлермен бірге Сәкен қол, аяғы шынжырланып Колчак түрмесінде отырады, аш жалаңаш, қорлық, зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тамұқ тақсіретінен ер жүрек ақын 1919 жылы наурыз айынды Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Мыңдаған шақырым жаяу жалпы, арып ашып жүріп, ол ақыры Түркістан өтіп, Әулиеата атырабында Кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады.
1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда, Сәкен Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, жер, су комиссиясының төрағасы, ал Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланады. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады. «Еңбекші қазақ» газетінің «Әдебиет майданы» журналының редакторы болған С. Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрды. 1925, 1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындар да басқыншылық қызметтерде бола жүріп, жоғары оқу орындарда ұстаздық етті. Кең құлашты қоғам қайраткері, адал, шыншыл ақын С.Сейфуллиннің даңқы алысқа тарады.
«Тар жол, тайғақ кешу» романы. Жанрлық ерекшеліктері.
Қазақ әдебиетіндегі ерекше туындылардың қатарында Сәкен Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы да аталады. Алғашқы тараулары 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған бұл шығарма тұңғыш рет 1927 жылы жеке кітап болып басылды. 1936 жылы роман екінші рет баспаға әзірленгенде, автор оны елеулі өндеуден өткізген. Осы нұсқа бірнеше рет қайта басылды. Туынды орыс тілінде аударылды. Жазушы шығармаға арнап жазған «Беташар» деген алғы сөзде «Мақсұт 1916 жылдары болған тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген, оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды» дейді.
Шынында автор осы алға қойған жазушылық міндетін түгел орындап шыққанын көреміз.
ІІ. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі
2.1 Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы
Сәкен Сейфуллин поэтикасында символ дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образ бар. Олар асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сырсандық, толқын. Осылардың ішінде сұлулық, тазалық идеалы ретінде алынатын бейне аққу. Бұл образ «Көкшетау» поэмасында, «жемістер»повесінде кең суреттеледі.
Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар.
Шығарма Омбы семинариясын бітіріп, 1916 жылы Ақмола уезіне келіп, Бұғылы еліндегі ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған жас Сәкен Сейфулиннің оқу басталғанға дейін жалпы Россияда өтіп жатқан санақ жұмысына қалай орналасқанын баяндаудан басталады.
Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралықроман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді.

Қорытынды
Менің Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі атты курстық жұмысымның мазмұнын қорытып түйін жасайтын болсам, келесі ойды айтуға болады. Жалпы, курстық жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып табылады. Себебі, қазіргі заманда Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерін жастарға дәріптеу және олардың құнды еңбектері жайлы мәлімет алу — әр адамның міндеті.
Мұхтар Әуезов атамыз: Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой сезім, істері нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті. – деп үндегендей, Сәкен сейфуллин шын мәнінде де ұрпаққа үлкен мұра қалдырды.
Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет-қимылы, міңез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтадай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді ,,Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен, деп Нілді зоводына жіберед. Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зовод мектебінде оқиды. Кеше ата ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кеше кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған завод, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіпереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағышыңырауға түсіп, көздеріғана жылтырап, шаршап шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зере есті бала жүрегіне ыза, намыс,кек болып байланады. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады.
Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар.
Шығарма Омбы семинариясын бітіріп, 1916 жылы Ақмола уезіне келіп, Бұғылы еліндегі ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған жас Сәкен Сейфулиннің оқу басталғанға дейін жалпы Россияда өтіп жатқан санақ жұмысына қалай орналасқанын баяндаудан басталады.
Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралықроман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том 1967 жыл
2. С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962
3. Смалов Е. Ақын және революция, 1964
4. Қ.Мумалиев, Стиль және өнер ерекшелігі,1996
5. З.Ахметов, Казахское телосложение, 1965
6. М.Қаратаев Мировозрение и мастерство,1960
7. Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия, 1998
8. Т.Кәкішев, Октябрь өркені, 1956
9. Х.Әдібаев, Уақыт және суреткер, 196
10. Сәкен Сейфуллин Шығармалар, алты томдар, 1966
11. Сәкен Сейфуллин, тар жол тайғақ кешу романы, 1977
12. Қазақ әдебиетінің тарихы Үшінші том, 1979
13. С.Қирабаев, Қазақ әдебиеті,1989
14. Қазақ әдебиеті, оқулық 9 класс
15. Қазақ әдебиеті, оқулық 6 класс мектеп баспасы , алматы
16. Қазақ әдебиеті, оқулық 7 класс
17. Қ. Жұмалиев, Стиль өнер ерекшелігі, Алматы
18. Б.Наурызбаев, Дәуір суреткері, Алматы
19. Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия, 1998
20. Т.Кәкішев, Октябрь өркені, 1956
21. С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962
22. Смалов Е. Ақын және революция, 1964
23. Қ.Мумалиев, Стиль және өнер ерекшелігі,1996
24. З.Ахметов, Казахское телосложение, 1965
25. М.Қаратаев Мировозрение и мастерство,1960
26. Ә.Қоныратбаев, Шеберік сырлары, Бишкек
27. Т.Нұртазин, Әр жылдар ойлары
28. Қазақ әдебиеті, Оныншы сыныпқа арналған оқулық
29. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том 1967 жыл
30. С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962
31. Смалов Е. Ақын және революция, 1964
32. Қ.Мумалиев, Стиль және өнер ерекшелігі,1996
33. З.Ахметов, Казахское телосложение, 1965
34. М.қаратаев Мировозрение и мастерство,1960
35. Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия, 1998
36. Т.Кәкішев, Октябрь өркені, 1956
37. Х.Әдібаев, Уақыт және суреткер, 196
38. Сәкен Сейфуллин Шығармалар, алты томдар, 1966
39. Қазақстан тарихы, Оқулық, алматы
40. Қазақ әдебиеті, сегізінші сынып оқушыларына арналған оқулық, Бишкек
41. Сәкен Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу романы, Алматы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы