Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Сәкен Сейфуллин – Қазақ әдебиеті төрінде үлкен орын алатын қоғам қайраткері
Сәкен Сейфуллиннің қысқаша өмірбаяны
Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері жайлы
Туған жерім – Сарыарқа
ІІ. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі
2.1 Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы
Тұжырым
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сәкен Сейфуллин
1894-1938
Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой сезім, істері нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті.
Мұхтар Әуезов
20 ғасырдағы қазақтың жаңа әдебиеті негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды.
Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті тақырыптарын қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады.
Ұлттық әдебиетке төңкерістік мазмұн, жаңа форма, асқақ идея әкелген жазушы туындылары халқымыздың рухани қазынасын қорландыра түсті.
Читать полностью »