Windows қолданушы графикалық интерфейсінің негізгі элементтері. Windows ортасының қазіргі кездегі компьютерлік технологиялары.


Скачать/Жүктеу

Windows операциялық жүйелеріне тән негізгі ерекшеліктер:

-  олардың негізгі кілттік идеясы программалардың компьютердің аппараттық бөліктерінен толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, яғни программалық үйлесімділік;

-  біртұтас қолайлы графикалық пайдаланушы интерфейсі;

-  көпесептілік;

-  желілік ортада жұмыс істеу мүмкіндігі;

-  әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу құралдарының әмбебап жүйесінің болуы.

Windows-та графика да әмбебап болып табылады, сондықтан нақтылы дисплей немесе принтер типімен үйлесілімділікті қамтамасыз ету мәселесі жойылады.

 Windows – объектілі-бағытталған жүйе. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі өзегі – мәліметтерді программалар басқармайды, керісінше мәліметтер программаларды басқарады. Windows жүйесінің тағы да бір маңызды мінездемесі – онда әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу технологиясының жүзеге асырылуы, олар:

-  мәліметтерді алмасу буфері арқылы беру (Clipboard);

-  DDE (Dynamic Data Exchange);

-  OLE (Object Linking and Embedding);

Алмасу буфері – мәліметтердің белгілі басқа программаларға немесе компьютер жадының басқа аумағына көшіру кезінде оларды уақытша сақтауға арнайы бөлінген жадтың динамикалық көлемі, яғни мәліметтерді уақытша сақтайтын аралық жад. Мұнда тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен қатар олардың қандай программалық қолданбаға жататыны да сақталады.

Мәліметтерді алмасу Windows программаларының ішінде, сондай-ақ программалар арасында да әмбебап жүйелік процедуралар арқылы жүзеге асады:

- алмасу буферіне копиялау/көшіру үшін Копиялау/Қию командалары қолданылады (немесе кез келген қолданбада ол үшін CTRL+INS және SHIFT+DEL батырмаларыныңкомбинацияларын басуға болады).

-  мәліметтерді алмасу буферінен қажетті орынға  қою үшін Кірістіру  командасын қолданады (немесе SHIFT+INS комбинациясын басу керек);

DDE технологиясы – бір қолданбадан оның орындалу үрдісі кезінде басқа дәл сол мезетте активті қолданбаға қатынасуға мүмкіндік жасайтын жүйелік процедуралардың жинағы.

OLE технологиясы – объектілерді байланыстыру және ендіру. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. Егер байлыныстағы объект өзгертілсе, құжаттағы оның бейнесі де өзгереді. Құжаттағы сілтемені пайдалану объект орналасқан негізгі программаны іске қосады. OLE технологиясы мәтін, графика, дыбыс және т.б. объектілермен жабдықталған құрамалы құжаттар  жасауға мүмкіндік береді.

Windows 3.1.  Бұл – кең таралған графикалық операциялық қоршам, кәдімгі MS DOS программасы сияқты іске қосылады. Windows 3.1 MS DOS негізінде жұмыс істейді, төменгі деңгейде бұл жүйенің ішкі функциялары мен поцедураларын қолданады. Windows 3.1. пайдаланушы интерфейсі графикалық негізін иерархиялы ұйымдастырылған терезелер мен басқа графикалық объектілердің жүйесі құрайды. Windows 3.1 пайдаланушы интерфейсі оперативті басқаруды белгілі бір графикалық бейнеленген элементті (батырма, тізім, т.с.с.) тышқанның көмегімен таңдау арқылы жүзеге асырады. Қолданылатын интерфейс элементтері стандартталған, сондықтан Windows негізінде жұмыс істейтін қолданбалы программалар интерфейсін меңгеру жеңіл.

Windows 95. Windows 95 – жоғарғы өнімді, көпесепті және көпағынды, 32-разрядты графикалық интерфейсті және кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе.

Windows 95 функционалдық мүмкіндіктері MS DOS және Windows 3.* жүйелерін сапасы жоғары деңгейде асып түседі, MS DOS -ты қажет етпейді.

Windows 95 операциялық жүйесінің негізгі артықшылықтары:

-  интегралданған ОЖ (компьютерді іске қосқан мезетте жүктелетін оның ядросы пайдаланушы графикалық интерфейсін активтендіреді және MS DOS операциялық жүйесімен толық үйлесімділікті қамтамасыз етеді);

-  ығыстырушы көпесепті (бір ғана қолданба барлық аппараттық ресурстарды алмау үшін ішкі жағдайларға байланысты басқаруды қолданбалар арасында реттеу);

-  көпағынды (біруақытта бірнеше 32-биттік қолданбалар ағындарымен операциялар жүргізу қасиеті);

-  Plug and Play («Қос та ойна») технологиясын қолданады, ол компьютермен жұмысты жеңілдетеді;

-  мультимедиа үшін жоғары тиімді платформа, құрамында лазерлік ойнағыш немесе CD-плейер бар, видеодискілер мен видеомагнитофондарды қолдайды, т.б.

-  Windows 95 операциялық жүйенің конфигурациясын, сондай-ақ оның негізінде қолданылатын программалар үшін біртұтас ақпараттық қор қолданады, ол – жүйелік реестр(Registry). Бұл мүмкіндік орнатылған программалық жабдықтардың баптауларын операциялық жүйе тұрғысынан басқару үрдісін орталықтандырып және қатаң реттеуді жүзеге асырады.

Windows 98. Windows 95 операциялық жүйесімен салыстырғанда Windows 98 компьютерге жаңа құрылғылар қоспай-ақ шапшаңырақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған. Ондай мүмкіндіктерге:

-   компьютердің сенімділігін арттыратын жаңа шеберлердің, қызметші программалар мен ресурстардың қолданылуы (жүйелік файлдарды тексеру шеберлері, дискіні тексеру автоматты жүзеге асады, архивтеу программаларының кеңейтілген мүмкіндіктері, т.с.с.)

-   Интернет шолушысы (Internet Explorer) біраз функцияларды Жұмыс үстелінен атқаруға мүмкіндік береді. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін Интернеттің интерактивті мазмұнына қолдана отырып Web-ті қолдануды неғұрлым өнімді етеді.

Windows 2000. Бұл операциялық жүйенің жаңа технологиялық шешімдерінің негізгілері:

-  мәліметтерді Kerberos құралдарымен қорғау. Kerberos – Массачусетс технологиялық институтында жасалған мәліметтерді қорғалмаған желілер арқылы берудің аутентификация хаттамасы.  Kerberos транзитивті сенімділік қатынастарды қамтамасыз етеді;

-  ашық кілттер инфрақұрылымына (PKI) негізделген қорғау құралдарымен жабдықталған. Kerberos сияқты ол да транзакцияның екі қатынасушысына да, шынымен серіктес сол ма, жоқ па екендігін тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ транзакцияны шифрлеуге болады;

-  кіші офистік пайдаланушылар үшін біраз қосымша құралдар береді (сұраныс бойынша қосылу интерфейсі бар маршруттауыш, т. с.с.);

-  қашықтан қатынаудың кірістірілген құралдары бар;

-  мәліметтерді сақтауды басқарудың жаңа функциялары бар;

операциялық ортаны үлестірілген әкімшілікті басқару мүмкіндіктері бар.

Кез келген интерфейстің негізгі мақсаты – пайдаланушы үшін компьютерді неғұрлым мүмкіндікті, түсінікті жасау. Windows графикалық операциялық жүйелері IBM PC платформалы компьютерлерде жұмыс істеуге арналған. Оның негізгі  басқару құралдары – манипулятор “тышқан” және пернетақта.

Windows жүктелгенде  экранға оның алғашқы беті  - Жұмыс үстелі шығады. Ж ұ м ы с   ү с т е л і - әр түрлі Windows объектілері және басқару  элементтері орналасатын жүйелік объект (графикалық орта). Ол монитор экранын жауып тұрады. Жұмыс үстелінде пайда болатын объектілер жүйенің  баптауларымен  анықталады, алайда әрқашанда негізгі объектілер және басқару элементтері  бар болады. Windows объектілері  жұмыс үстелінде өздерінің  графикалық  кескіндері арқылы беріледі, оларды  пиктограммалар    немесе  жарлықтар  деп атайды.

Пиктограмма – объектінің арнайы кішігірім графикалық  түрдегі  шағын  суреті,  таңбаша  түріндегі  кескіні. Жарлық – объектілерді жылдам іске қосу үшін қолданылатын  сілтеме  рөлін атқаратын пиктограмма. Оның белгілемесінде  ақ түсті оралмалы жебелік  бағыттауыш болады.

Windows объектілері екіге жіктеледі:

1)  негізгі  объектілер – олар  программалар, құжаттар, қаптамалар;

2)  арнайы объектілер – басқару тақтасы, т. б.

Программа (Windows-та қолданба ұғымы қолданылады) – есеп шығаруға, сондай – ақ берілген мәселені шешуге, құжаттар жасауға арналған объектілер.

Құжат – қолданбалы программа көмегімен өңделетін  объект, Windows жүйесінде  құжатта мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттар болады.

Қаптама ( каталог) – құжаттарды,  программаларды, сол сияқты басқа қаптамаларды сақтайтын контейнер. Жұмыс үстеліндегі  негізгі  объектілерге  Мой компьютер, Корзина, Мои документы т. с. с. жатады.

Негізгі  басқару элементіне  — м ә с е л е л е р   т а қ т а с ы  жатады. Мәселелер тақтасы үш қызмет  атқарады, олар:

1) онда П у с к  негізгі батырмасы орналасады, ол кез келген  программаларды  және құжаттарды  жылдам  іске  қосуға,  файлдарды  іздеуге, анықтамаға  қатынауға және т. б. мүмкіндіктерді береді;

2) кез келген   программа, құжат,  қаптама ашылғанда мәселелер  тақтасында сәйкес батырма пайда болады. Қажетті батырмаға  басу сәйкес объектіні  активтендіреді, бірінен біріне жылдам көшуді жүзеге  асырады;

3)  сондай-ақ, мәселелер тақтасында әр түрлі  индикаторларды  (уақыт, тіл, дата, т. с. с.) бақылап отыруға болады.

Интерфейстің  ең негізгі  элементі – терезеТерезе – белгілі бір объектіге (программа, құжат, қаптама) графикалық бөлінген  экранның  белгілі бір бөлігі. Терезелерді негізгі екі түрге  жіктеуге  болады:

1)  ерікті терезелер;

2)  бекітілген  терезелер.

Ерікті терезелер – қолданбалар терезелері,  олардың  көпшілігі тағы да ішкі терезелерді (мысалы, құжаттар терезелерін)  қамтуы мүмкін. Еркін терезелердің  бірнеше  көрсетім типтері  болады:

-  пиктограмма түрінде;

-  қалыпты түрде  (экранның белгілі бір бөлігін алады);

-  толықэкранды түр (бүкіл экран бетін алады).

Бекітілген терезелер - өлшемдерін, кейде орнын да өзгертпейтін терезелер. Бекітілген  терезелерге – диалог, хабарлама, қасиеттер беттері терезелері жатады.

Диалог терезелері – компьютердің пайдаланушымен әрекеттесуін  жеңілдететін  арнайы терезелер. Пайдаланушыға арналған ақпараттарды бейнелейді және одан жауап  күтеді, ол үшін арнайы басқару элементтері қолданылады.

Хабарлама терезелері – диалог терезелерінің арнайы түрі, жүйеге кірістіріліп  орналасады    және программалармен  беріледі (ескерту, анықтамалық ақпарат берутерезелері, т. с. с.).

Қасиеттер беттері – бұл бірнеше қыстырмалы  диалог терезелері, бір диалог терезесінде көптеген опцияларды беруге мүмкіндік туғызады. әрбір  бетке өту сәйкес қыстырманы  түрту арқылы жүзеге асырылады.

Диалог терезелерінде  кездесетін  негізгі стандартты басқару элементтері:

1)  статикалық мәтін – пайдаланушымен өзгертілмейтін мәтін жолы;

2)  редакциялау терезесі – мәтін енгізуге және редакциялауға  мүмкіндік  беретін өріс;

3)  батырма – командаларды шақыру, орындау үшін  қолданылатын  элементтер;

4)  таңдау батырмалары – топтарға біріктірілген элементтер, олардың  тек қана біреуі таңдалуы мүмкін;

5)  ауыстырып қосқыштар – қосылған /қосылмаған (опциялар жалаушалары)  жағдайларында  болуы мүмкін  батырмалар. Олардың кез келген санын қосуға  болады;

6)   тізім терезесі – құрамындағы бір немесе бірнеше пунктерді тышқанмен таңдауға  мүмкіндік беретін тізім.

7)   аралас терезе – редакциялау терезесімен біріккен  тізім. Тізім  батырмасына түрту немесе редакциялау терезесінде теру арқылы қажетті  параметр мәнін орнатуға мүмкіндік береді;

8)    сызықтық  реттегіш – диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;

9)    инкрементті реттегіш – түрту арқылы өсу немесе кему бағытында диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;

10)  сызықтық индикатор – экранда түстік жолақты толтыру  арқылы орындалудағы үрдістің күйін бейнелейді.

Стандартты  терезелердің  негізгі элементтері. Мұндай негізгі элементтерге  келесілер жатады:

-    терезе тақырыбы;

-    меню жолы;

-    инструменттер (аспаптар) тақтасы;

-    терезе шекарасы;

-    шиырма сызғыштар;

-     жұмыс аумағы;

-    жүйелік меню батырмасы;

-    басқару батырмалары (үлкейту, жималау, жабу);

-    қалып-күй жолы.

Олардың атқаратын қызметтерімен танысуды тәжірибелік сабақтар құзырына қалдырамыз.

Интерфейстің  келесі негізгі элементі –  меню және меню жүйесі.

Меню – пайдаланушы таңдап алуға ұсынылатын  және экран бетіне шығарылатын,  осы сәтте  орындала  алатын іс — әрекеттер тізімі. Олар — команда атаулары,  жауап нұсқалары, т. б. Windows меню жүйесін  келесі меню түрлері  құрайды:

-    горизанталь меню (объектілер стандартты терезелерінің меню жолында орналасатын меню бөлімдерінің  тізімінен тұрады);

-    вертикаль (суырмалы) меню (белгілі бір қасиеттеріне  байланысты топтастырылған іс-әрекеттер тізімі, меню пунктін  таңдағанда шығады);

-    контексті меню (белгіленген ағымдағы объектінің  командалар  жиынынан тұратын меню, тышқанның оң жақ  батырмасын  басқанда ашылады);

-    жүйелік немесе терезелік меню (Windows жүйесінің стандартты терезелері арқылы  орындалатын терезе көлемін өзгертіп, оны үлкейтіп-кішірейтетін  негізгі іс — әрекеттердің тізімі, ол тақырып жолының  сол   жақ  шетінде  орналасады );

-     Бас меню (Пуск  батырмасында орналасқан, ол программалар мен  файлдарды жылдам іске қосу, іздеу, анықтама алу, т.б. командалардан тұрады).

Меню командаларының кейбір ерекше  белгілері:

4- команданы таңдағанда ішкі меню ашылатынын көрсетеді;

 ¼ - команданы таңдағанда  диалог терезесі шығатынын көрсетеді;

ü-   ауыстырып қосқышты орнату белгісі;

h-  тізімнен таңдауды орнату белгісі.

Windows қоршамында басқару. Басқаруды екі құрылғының  көмегімен  - манипулятор  “тышқан” және  пернетақта орындайды. Көптеген  іс-әрекеттер , әсіресе маман емес пайдаланушылармен манипулятор “тышқан” арқылы орындалады. Тышқан арнайы төсем бетімен жылжығанда экран бетінде активті басқару элементі – тышқан нұсқағышы   қозғалады. Тышқан нұсқағышы әртүрлі  режімде  түрін өзгертуі мүмкін (кесте 3).

Кесте 3 – Тышқан нұсқағышының әртүрлі режімдердегі түрлері

Режім Түрі
1Мәтіндік

 

2) Графикалық

       a) стандартты

b)орындайтыноперацияларына қарай

 I (меңзер деп аталады, мәтін енгізерде болады)

 

ä                          (жебелік нұсқағыш)

, +,  6, т.б

 

Тышқанның негізгі басқару тәсілдеріне  төмендегі қимылдар жатады:

-  тышқан  батырмасын  бір рет шерту;

-  тышқан батырмасын екі рет қатарынан шерту;

-  оң жақ батырманы басу;

-  тасымалдау  (drag and drop  — жылжытып әкеліп тастау);

-  тышқанды созу (drag) ;

-  тұрып қалу (нұсқау).

Тышқан жұмысы және пернетақтамен жетік танысуды және меңгеруді тәжірибелік  сабақтар құзырына  жүктейік.

Windows  қоршамында  файлдық құрылыммен  операциялар. Мұндай операцияларға  төмендегідей қимылдар жатады:

 - файлдық жүйеде навигация;

-  программаларды іске қосу және құжаттарды ашу;

-  файлдар және қаптамалар  даярлау;

-  файлдар мен қаптамаларды көшірмелеу;

-  файлдар  мен қаптамалардың орнын ауыстыру;

-  файлдар мен қаптамаларды жою;

-  файлдар мен қаптамалардың  атауын өзгерту;

-  жарлықтар құру.

Windows қоршамында файлдармен  операцияларды  Бағыттауыш  программаның көмегімен  жүргізген дұрыс.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы