Сервистік бағдарламалық қамсыздандыру.


Скачать/Жүктеу

Жүйелік программалық жасақтаманың тағы да бір түрі – сервистік программалық құралдар. Сервистік программалық құралдар бір жағынан ОЖ құрамына кірмейді, екінші жағынан компьютерді басқарудың қызметші функцияларын жүзеге асыруға арналған.

Сервистік программалық құралдар – ОЖ функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша құралдар. Мұндай құралдарға келесілер жатады:

-  қызметші программалар;

-  мәліметтерді архивтеу құралдары;

-  антивирустық программалар;

Қызметші программалар магниттік дискілермен әртүрлі сервистік қызмет түрлерін атқаруға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет түрлері:

-  дискілерді пішімдеу;

-  дискілерді дефрагментациялау (үзіндісіздендіру);

-  дискіні қателікке тексеру;

-  дискілерді тазарту;

Дискіні (иілгіш, қатқыл, т.с.с.) пішімдеу. Бұл диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу процедурасы. Ол көбінесе дискіні бірінші рет пайдалану алдында қолданылады. Дискіні пішімдеу оған осыған дейін жазылған мәліметтердің бәрін жояды. Дискіні пішімдеу ОЖ-нің арнайы стандартты программасы көмегімен жүзеге асады, оны сәйкес дискінің контекстік менюінен іске қосуға болады.

Дискілерді дефрагментациялау. Файлдық жүйелер (мысалы FAT 16, FAT 32) файлдарды дискілерде сақтағанда оның бөліктерінің (кластерлерінің) арасында бос орындар қалдыруы мүмкін, яғни файл араларында бос орын бар әртүрлі көршілес емес бөліктерге орналасуы мүмкін. Мұндай файлдарға қатынау уақыты, көршілес бөліктерде тізбектеп орналасқан файлдарға қарағанда көбірек болады. Сонымен қатар дискілік жады үнемсіз қолданылады. Сондықтан дискілерді периодты түрде дефрагментациялап отыру қажет.Дефрагментациялау (үзіндісіздендіру) – файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын ұзақ процедура. Сөйтіп дискінің шапшаңдығы арттырылады. Стандартты дефрагментациялау қызметші программасын Бас менюдегі Программы  Стандартные  Служебные  Дефрагментация диска  командалар тізбегі арқылы іске қосуға болады.

Дискіні қателікке тексеру. Дискіні пайдалану барысында онымен жұмыс істеуде болған жаңылысулардан туған қателіктер пайда болуы мүмкін. Олардың кейбірін дискіні пішімдемей жөндеуге болады, ол үшін стандартты дискіні тексеру қызметші программасы қолданылады. Бұл программаны да Бас Менюден іске қосуға болады (Пуск  Программы  Стандартные  Служебные  Проверка диска).  Ол файлдық жүйенің тұтастығын және диск бетін тексереді. Бұл программа көмегімен жөнделмейтін қателерді арнайы утилиттердің көмегімен (мысалы, Norton Doctorжөндеуді жүзеге асырады.

Дискіні тазалау. Дискіні тазалау – дискілік кеңістікті әртүрлі қажетсіз файлдардан босату. Қажетсіз файлдарға: уақытша, резервтік, қолданылмайтын және файл – көшірмелер жатады. Дискіні тазалау Windows жүйесінде арнайы утилиттердің (Norton Utilites құрамылдағы) көмегімен жүзеге асырылады. Бұл утилиттерді Бас меню арқылы іске қосуға болады. Пайдаланушы утилит қызметінің соңында пайда болған тізімдегі файлдары не архивтеуіне, не басқа орынға жіберуіне, не жоюына болады.

Мәліметтерді архивтеу құралдары. Ақпараттарды сақтау да, тасымалдау да ақпараттық үрдіс мүшелеріне арзанға түспейді. Ал көптеген ақпараттарға (мәліметтерге) тән қасиет – олардың артықтығы. Сондықтан мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдына ала қысу, сығу үрдісін орындау, яғни архивтеу керек. Бұл операцияны орындайтын программалық құралдарды архивтеуші программа деп атайды. Сығылатын мәліметтердің қандай объектілерде орналасқанына байланысты:

-  файлдарды архивтеу (тығыздау);

-  қаптамаларды архивтеу (тығыздау);

-  дискілерді тығыздау

операцияларын анықтайды. Файлдарды архивтеуді оларды байланыс арнасы арқылы жіберерде және көлемі аз (мысалы, иілгіш диск) сыртқы тасуышта сақтау алдында қолданады. Қаптамаларды архивтеуді мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтау үшін көшірмелер жасауда қолданады. Дискілерді тығыздауды олардың жұмысшы аумағын арттыру үшін (көбінесе көлемі аз дискілер үшін) қолданады.

Мәліметтерді архивтеу программалық құралдары. Мәліметтерді архивтеудің (тығыздау) негізгі пішімдеріне  .zip,  .arj,  .rar  жатады. Архивтерді құру және оларға қызмет көрсету үшін қолданылатын программалық құралдарды  төмендегі кестеден (кесте 5)  көруге болады. Көптеген қазіргі замандағы архивтер құру және оларға қызмет көрсетудің программалық құралдары кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктерге ие. Сондықтан осы мағынада оларды архив диспетчерлері деп атайды.

Архив диспетчерлерінің негізгі функцияларына келесілер жатады:

- файлдарды архивтен алу;

- жаңа архивтер құру;

- файлдарды бар архивке жалғау;

- өздігінен ашылатын архивтер құру;

- кішігірім көлемді тасуыштарда үлестірілген архивтер құру;

- архив құрылымының тұтастығын тестілеу;

- бұзылған архивтерді толығымен немесе бөліктеп қалпына келтіру;

- архивтерді қарау мен рұқсатсыз түрлендіруден қорғау.

Кесте 2 – Архивтеу программалық құралдары

Операциялық жүйе

Архивтеу

пішімі

Архивтеу

Құралы

Архивтен шығару құралы

MS DOS

.zip

.rar

.arj

PKZIP.EXE

RAR.EXE

PKUNZIP.EXE

UNRAR.EXE

ARJ.EXE

Windows

.ZIP

.RAR

.ARJ

WINZIP

WINRAR

WINARJ

Сонымен қатар архив диспетчері жұмысының қолайлылығын арттыратын қосымша сервистік функциялары бар, олар:

- әртүрлі пішімді файлдарды архивтен ашпай қарау;

- архив ішінде файлдар мен қаптамаларды іздеу;

- архивтегі программаларды алдын – ала ашпай орнату;

- архивті компьютерлік вирусқа ашпай тексеру;

- архивтік ақпараттарды криптографиялық қорғау;

- электрондық пошта хабарларын декодтау;

- орындалатын  .EXE  және  .DLL  файлдарды «айқын» тығыздау;

- көптомды өздігінен ашылатын архивтер құру;

- ақпаратты тығыздау коэффициентін таңдау және баптау.

Антивирустық программалар. Вирус – көлемі үлкен емес программалық кодтар тізбегі, келесі негізгі қасиеттерге ие:

1) өзін-өзі көшірмелейді және оларды басқа файлдар мен программаларға ендіреді;

2) белгілі бір уақытқа дейін өмір сүруі және таралуы жасырын;

3) атқаратын қимылдары рұқсатсыз;

4) оның қызмет жасауының қауіпті теріс әсерлерінің болуы.

Вирустар жіктеулері. Қазіргі уақытқа дейін вирустардың ондаған мыңдық түрлері анықталған, олардың 40-50 белсенділері бар. Вирустар түрлері:

-  жүктейтін вирустар (тасуыштардың жүктейтін аймақтарына ендіріледі);

-  файлдық вирустар (орындалатын файлдарға, библиотекалық модульдерге, жүктелетін драйверлерге ендіріледі);

-  макровирустар (мәтіндік және электрондық кесте редакторлары құжаттарына ендіріледі);

-  желілік вирустар (желіге ендіріледі).

Вирус көздері:

-  модем арқылы;

-  желілік карта арқылы;

-  тасуыштар арқылы.

Антивирустық құралдар. Антивирустық программалардың көмегімен вирусты анықтап қана коймай, одан жедел құтылуға және ақпаратты қалпына келтіруге болады. Қазіргі уақытта кең таралған және тиімді антивирустық программалар: Касперский антивирусы – AntiViral Toolkit Pro  (AVP); McAfee Virus Scan; Panda Antivirus; Trend Micro PC – Cillin; F – Secure Anti-Virus; Sophos Anti-Virus; Norton AntiVirus.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы