Скачать/Жүктеу
Экранда программалау ортасының негізгі үш компаненті бейнеленеді, олар: меню жолы-экранның жоғарғы жағы; терезе аумағы – экранның ортасы; статусжолы (программаның атқарып жатқан жұмысын көрсететін жол – статус деп аталады) – экранның төменгі жағы.
|
Меню жолы – менюдің барлық командаларын орындауға мүмкіндік береді. Негізгі жүйелік меню жолын F10 фунционалдық клавишы арқылы іске қосуға болады. Осы негізгі жүйелік менюдің нұсқаулары:
File - фаил нүсқауларыEdit — Редакциялау нұсқаулары
Search — Іздеу нұсқауларыRun — Программаны іске қосу
Compiler — КопиляцияDebug — Программаның орындалуын түзеу
Tools — ҚұралдарOptions — Операциялар
Window — ТерезелерHelp — Анықтамалар жүйесі
Экранның төменгі жағында функционалдық клавишалар арқылы орындалатын іс- әрекеттерді көрсететін ескерту жолы орналасқан.
|
Негізгі менюдің керекті нұсқауын таңдау үшін курсоды басқару клавишалары ( ←, ↑, →, ↓) немесе тышқан арқылы жылжыту, ал нұсқаудың орындалуы үшін Enter клавишасын басу керек.Егер де меню нұсқауларының жазылуы (…) символдарымен аяқталса, онда бұл нұсқаудың таңдалуы диалогтық терезенің шақыруына әкеледі. Егер де нұсқаудың жазылуы (► ) символымен аяқталса, онда төмен деңгейдегі келесі меню ашылады. Ал нұсқаудың жазылуында (…) немесе (► ) символдары пайдаланбаса, онда осы нұсқауға сәйкес бір әрекет орындалады.Ал орындалып жатқан әрекетті тоқтату үшін Ctrl+Break клавишаларын бір мезгілде басу керек.Турбо Паскаль программалау ортасында көрініп, орындап отырғаныңыздың бәрі де терезе аумағында орындалады десек те болады. Терезе деп – жылжытуға, мөлшерін өзгертуге, жабуға, ашуға болатын экранның жұмыс атқару аумағын атайды. Бұл орта көптеген терезелерді ашып жұмыс атқаруға мүмкіндік береді, бірақ әр мезгілде тек қана бір тереземен жұмыс істеуге болады – оны ағымдық деп атаймыз. Терезелердің бірнеше түрлері болады да олардың көпшілігі келесі элементтерден тұрады:жабу батырмасы;скролинг жолы;масштаб батырмасы;терезе нөмірі;терезенің мөлшерін өзгертетін бұрыш.Бұл элементтердің терезеде орналасуын 2-суреттен көруге болады. Ағымдық терезенің нышандары: қас сызықпен қоршалған, әрқашанда жабу батырмасы, масштаб батырмасы және терезенің мөлшерін өзгертетін бұрышы бар болады.